Ақ Сарбаз Әлемі. indd



Pdf көрінісі
бет72/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   109
Байланысты:
Ақ Сарбаз Әлемі

ҚҰДАЙҒА ҒАШЫҚ БОЛУ
Бұл сезім қайдан шығады? Сапасы қандай? Меніңше бұл 
сезім барлық игіліктің бір Құдайдан тарайтынын, барлық 
сұлулық пен мейірімнің түп негізі Құдай екенін түсінгенде 
барып пайда болады. Барлығының түпкі табиғатын танып, 
соған ынтызар болу – махаббат атаулының ең биігі.
Құдай дегеніміз менің ұғымымда – барлық Ғарыштың өзін-
өзі таныған Түпкі Санасы. Ғарыш Санасы.
Ой кеңістікте өседі ғой. Және әрбір ой иесіне қайтып 
оралады. Ойдың иесі – Сана. Сананың сапасы ойдан көрінеді.
Егер Құдайды Ғарыш Санасы дейтін болсақ, материялды 
дүниелердегі әрбір тіршілік иесінің рухын Құдай Санасынан 
бөлініп шыққан ОЙ деп түсіну керек. Ой тектен-текке тумайды. 
Әрбір ойдың өз миссиясы бар. Жіберілген ой өз миссиясын 
орындағаннан кейін Иесіне қайтып оралады. Өсіп, толығып, 
байып оралады. Сана ой арқылы толығып, өсіп, кеңейе түседі. 
Біздің Рухымыз Құдай Санасының бір ұшқыны. Немесе, біздің 
рухымыз – Құдайдың ұрқы! Құдайдың Кеңістікке жіберген 
ой-жоспарының бір бөлігі. Біз Құдайды тану арқылы дұрыс 
сана қалыптастырып, Құдай Санасына барып қосылсақ, Оны 
толықтыра, кеңейте түсеміз. Ұқсастық заңы дегеніміз – осы.
1998жыл, қазан айы.


229
ҚАЗАҚ ҚАНДАЙ БОЛУЫ ШАРТ?
Қазірде қазақтың ақылды деген көптеген ұл-қыздары 
халқының шын қасиетін білмегендіктен түрлі діни секталарға 
кетіп жатыр.
Солардың бірі – кришнайттар.
Бхакти-иогамен шұғылданып, джапа медитациямен 
айналысып, маһа-мантраны айтқан адамдар Жоғарғы Әлемнен 
келген Нұрдың қуанышына бөленеді ғой.
Құранды мақамын шын келістіріп оқып, намазға ұйығанда 
да адам Биік Дүниелермен астасады.
Ал, домбыраның қасиетті шанағынан төгілген күй, құдыретті 
күйшінің оянған центрлері арқылы Жоғарғы Әлемнің ғажайып 
ырғақтарын дыбыс арқылы жеткізеді. Және жаттап алған бір 
түрлі мақам емес, мың құбылған Ғарыштың Даму мақамын 
естіртеді.
Мұндағы тебіреніс – барлық медитациядан артық!
Қарапайым қазақтың Құдайға берілген жүрегі күй арқылы 
тебіренеді,
Күй арқылы қуанады,
Күй арқылы жұбанады.
Өйткені күй – Ғарыштың Дыбысы, Құдайдың Үні.
Міне, біздің джапа-медитациямыз осындай!
Қазақ болып жүректі ояту үшін, радиодан күй тыңдап, бетон 
үйде отырудың нәтижесі аз.
Ең әуелі КӨШПЕНДІ болу керек.
Табиғатқа қайтып оралу керек.
Шексіз Дала төсінде ештеңеге байланбай емін-еркін көсіліп 
қозғалу керек.
Сөйлегенде жансыз терминмен емес, жанды табиғаттағы 
құбылыстарды мысалдап, теңеп сөйлеп үйрену керек.
Өнерді сатпау керек. Өнерді тегін сыйлау керек. Өйткені 
қазақтың шешендік өнері, ақындық өнері, күйшілік өнері, 
Рухани ізденіс


230
Ақ Сарбаз Әлемі
қолөнері, бақсылық өнері бәрі-бәрі Құдайдан тікелей беріліп 
тұрған Қасиетті Құбылыс.
Малды сүю керек. Малға төменгі сатыдағы бауыры секілді 
қарап, жанашырлықпен қамқорлау керек. Себебі біз төменге 
қалай қарасақ, Жоғарыдағылар да бізге солай қарайды.
Әуелі Құдайды,
Содан кейін Періштелерді,
Одан соң Аруақты
Одан соң ақсақалды сыйлау керек.
Олардың қалауын қалт етпей орындау керек.
Міне, қазақ болудың басты шарттары оңай емес.
Кімде-кімнің санасы бұны қабылдамайды – ол адамға бұндай 
тірлік азап болады. Кімде-кім осындай өмірді сүйеді – сол адам 
нағыз ҚАЗАҚ болады
1998жыл, қараша.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет