Ақ Сарбаз Әлемі. indd



Pdf көрінісі
бет99/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   109
Байланысты:
Ақ Сарбаз Әлемі

БІЗ КІМБІЗ?
Қазақ өзінің Тәңірі таңдаған халық екенін әлі сезіне алмай 
жүрген кезде, орыстар ғаламторда «Новые Люди – Шестая 
Раса» деген парақша ашып, Алтыншы Сатыны қарсылауға, 
және оған лайық болуға дайындалып жатты.
Қазақтар Әлем Кармасын көтеріп (не үшін екенін өздері де 
түсінбей) азап шегіп жүргенде біздің азабымызға себепкер 
халықтар Жаңа Дәуірдің қыр-сырын зерттеп, болашаққа аман 
өтуді жоспарлап жатты.
Қазақтар «Ақ Сарбаз» деген кітап бар екенін, оны өздерінің 
қандас Қазағы жазғанын естіп-білместен 28 жыл жүргенде, 
орыстар ғаламторға бұл кітаптың орыс тіліндегі аудио-
бейнежазбасын әлдеқашан жүктеп қойып еді.
Бұл аудио-бейнежазбада қос кітаптың барлық тараулары 
орыс тілінде баяндалады. Алайда бейнесюжет мәтінге сай 
еместігі бірден көзге ұрады.
«Қас екеніңді қабағыңнан танимын» демекші, диктор 
орысша мәтінді оқып отырғанда экранда қазақ тұрмысына 
мүлде кереғар, қала мен шет ел адамдарының суреттері 
көрсетіле бастайды. Қазақтың көне тұрмыс-салты, көшпенді 
өміріне байланысты суреттер қайда? деген ой келеді.
Демек, қазақтың амандығы мен салтының сақталуы тек 
қазаққа керек!
Басқа ұлттар қазақ болатын болса, тек амалы жоқтықтан, 
аман қалу үшін ғана қазақ болмақ!
Араб бізге атасынан қалған өз шоқпытын кигізуге құштар. 
Еврей бізді банкке қарыз ғып басымызды игізуге құштар. 
Европа бізге өз дәстүрін жарнамалап, сүйгізуге құштар.
Қазақты көшбасшы ғып мойындауға еш халық құштар емес.
Неге?
Өйткені біз өз болмысымызды өзіміз мойындай алмай жүрміз. 


313
Өз болмысымызды өзіміз мойындамай тұрып, өзгелерді қалай 
мойындатпақпыз?!
Түпқазығымыз – Тәңірі!
Қазақ – Тәңірінің Перзенті!
Осыны ұмытпайықшы!!!
ҚАЗАҚ – ТӘҢІРІНІҢ ПЕРЗЕНТІ
Қалған халықтар өздерін Құдайдың құлы сияқты сезініп 
жүргенде, өзін Тәңірінің ерке-шолжаң ұлындай көріп өмір 
сүрген кім еді?
Ол – біздің бабаларымыз еді.
Құлдың қожасына өкпелегенін көріп пе едіңіз? Адам тек 
өзінің көңілі жақынына ғана өкпелей алады.
Құдайға көңілімен жақын халық кім еді?
Ол – тағы да біздің бабаларымыз еді!
Мысал көп. Соның бірі Ерденнің жалғыз баласы өлгенде 
Ерден Құдайға өкпелеп: «менің баламды алып зарлатқан 
Құдайдың малын мен де зарлатайын» деп еліне бұйрық 
шашыпты. Өзеннің бір жағына қой-ешкіні, бір жағына лақ-
қозысын айырып шулатып қояды. Шоқай көңіл айтуға Ерденнің 
ауылына келсе ауыл малдың үнімен азан-қазан боп жатыр 
екен.
Шоқай кіріп келіп:
– Ей, Ерден! Басыңды көтер жерден!
Сенің балаң түгіл, әкең Сандыбай да өлген
Оны мына Шоқай көзімен көрген.
Құдай пұлсыз беріп, құнсыз алды –
Нең бар еді Құдайға берген?
Құдайға осынша назданатындай көзтанысы ма едің?
Әлде көңілдесі ме едің?! – деп батыра сөйлегенде Ерден:
– Осылай жұбататын адамды күтіп жатыр едім-ау! – деп 
орнынан тұрып тәубесіне түскен екен...
«Күйінген Құдайын қарғайды» деген мақал бар. (бәлкім 
тек бізде шығар?) «Қу Құдай», «шұнақ Құдай» деп Құдайды 
Рухани ізденіс


314
Ақ Сарбаз Әлемі
жерден алып жерге салатын да қазақтың әйелі. Бұл дұрыс 
емес әрине. Бірақ осының өзі Сүйіктіңе өкпелегеннен ғой.
Өзіңді Құдайдың Перзенті сезіну – өзіңнің Құдайлық 
болмысыңды сезіну деген сөз. (менің нағашыларым: «танысаң 
– Адаймын, танымасаң – Құдаймын» деген сөзді дұрыс айтқан 
негізі)
Біз өз болмысымызды өзіміз мойындаған кезде бізді Әлем 
мойындайтын болады!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет