313
Өз болмысымызды өзіміз мойындамай тұрып, өзгелерді қалай
мойындатпақпыз?!
Түпқазығымыз – Тәңірі!
Қазақ – Тәңірінің Перзенті!
Осыны ұмытпайықшы!!!
ҚАЗАҚ – ТӘҢІРІНІҢ ПЕРЗЕНТІ
Қалған халықтар өздерін Құдайдың құлы сияқты сезініп
жүргенде, өзін Тәңірінің ерке-шолжаң ұлындай көріп өмір
сүрген кім еді?
Ол – біздің бабаларымыз еді.
Құлдың қожасына өкпелегенін көріп пе едіңіз?
Адам тек
өзінің көңілі жақынына ғана өкпелей алады.
Құдайға көңілімен жақын халық кім еді?
Ол – тағы да біздің бабаларымыз еді!
Мысал көп. Соның бірі Ерденнің жалғыз баласы өлгенде
Ерден Құдайға өкпелеп: «менің баламды алып зарлатқан
Құдайдың малын мен де зарлатайын»
деп еліне бұйрық
шашыпты. Өзеннің бір жағына қой-ешкіні, бір жағына лақ-
қозысын айырып шулатып қояды. Шоқай көңіл айтуға Ерденнің
ауылына келсе ауыл малдың үнімен
азан-қазан боп жатыр
екен.
Шоқай кіріп келіп:
– Ей, Ерден! Басыңды көтер жерден!
Сенің балаң түгіл, әкең Сандыбай да өлген
Оны мына Шоқай көзімен көрген.
Құдай пұлсыз беріп, құнсыз алды –
Нең бар еді Құдайға берген?
Құдайға осынша назданатындай көзтанысы ма едің?
Әлде көңілдесі ме едің?! – деп батыра сөйлегенде Ерден:
– Осылай жұбататын адамды күтіп жатыр едім-ау! – деп
орнынан тұрып тәубесіне түскен екен...
«Күйінген Құдайын қарғайды» деген мақал бар. (бәлкім
тек бізде шығар?) «Қу Құдай», «шұнақ Құдай» деп Құдайды
Рухани ізденіс
314
Ақ Сарбаз Әлемі
жерден алып жерге салатын да қазақтың әйелі.
Бұл дұрыс
емес әрине. Бірақ осының өзі Сүйіктіңе өкпелегеннен ғой.
Өзіңді Құдайдың Перзенті сезіну – өзіңнің Құдайлық
болмысыңды сезіну деген сөз. (менің нағашыларым: «танысаң
– Адаймын, танымасаң – Құдаймын» деген сөзді дұрыс айтқан
негізі)
Біз өз болмысымызды өзіміз мойындаған кезде бізді Әлем
мойындайтын болады!
Достарыңызбен бөлісу: