Ақ Сарбаз Әлемі. indd



Pdf көрінісі
бет97/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   109
Байланысты:
Ақ Сарбаз Әлемі

ЖАҚСЫ СӨЗ
Жақсы мінез қалыптастыру үшін жақсы сөйлеуді үйренуіміз 
керек. Әңгіме өмір құбылыстары мен жеке адам туралы 
сөйлегенде оның жаман жақтарын емес, жақсы жақтарын 
көре білу мен айта білуде болып отыр.
Біреудің жақсы жағын айту дегеніміз жағымпаздық емес. 
Жағымпаз адам мақтауын қалай мақтаса, даттауын да солай 
келістіреді. Бұл жерде «Өсер ауыл баласы бірін-бірі батыр 
дер» принципін ұстану керек.
«Жақыныңды жаттай сыйла – жат жанынан түңілсін» дейді 
қазақ. Біз өзімізбен күнде кармалық байланыстағы адамдарды 
елемей, бөтеннің қаңсығына таңсық боп жатамыз. Риясыз 
сүйіспеншілік пен бауырмалдық арқылы әулет кармасынан 
жедел құтылып, ұлт кармасына шыға алатынымызды 
ескермейміз.
«Жақсы сөз – жарым ырыс» дегенде қазақ сөздің энергия 
екенін, ол қалай айтылса солай құйылатынын айтқан.
Сіз өз деніңіздің сау болғанын қаласаңыз жақсы сөйлеп 


303
әдеттеніңіз. Өйткені жақсы сөз – жақсы энергия. Ол айтушыға 
– денсаулық болып қайта оралады. «Алғыс түбі – ақ май, 
қарғыс түбі – қара қан»
Қит етсе қарғай жөнелетін әйелдер болады. Бұл туралы 
қазақ: «қатынға жолама – қарғысы жұғады, балаға жолама 
– бәлесі жұғады» дейді. Бұл жағымсыз карма жасаудан 
сақтандырғаны.
Бұрынғы кезде «көбейгір!», нан жауғыр!» деп ұрысатын 
әже-аталар болыпты. Әулие қазақ, ашу энергиясының өзін, 
ішінен жақсы сөзбен осылай шығара білген.
Түнек Күштерінің қазіргі қазақ қоғамына дендеп еніп, 
көңілін кірлеткені сонша, біз қазір кез-келген құбылысты 
жаманға жоруға, ненің де болсын әуелі жаман жағын көруге 
әбден үйреніп алдық.
Анасы баласына сабаққа барарда ақша беріп жатып:
– Ешкімге татырма, өзің бірдеңе алып же! Жұрттың баласына 
жем болма! – деп нығарлап ескертеді.
«Баламның кәмпитін, құртын бөлісіп жеп жүрген бала оның 
топ кармасындағы бережағы шығар?» деп ешкім ойламайды.
«Жаным десе – жан семіреді» деп бабаларымыз неге 
айтқан?
Жан деген біздің болмысымыз ғой!
Жақсы сөз арқылы, шынайы бағалау арқылы, сүйіспеншілік 
шұғыласы арқылы Жанымыз жарқырап, күшейіп, кеңейіп өсе 
түсетінін айтып отыр.
«Жақсының жақсылығын айт – нұры тасысын!» деген сөз 
хас жақсының қадірін білу, және оны онан сайын жақсы болуға 
итермелеу емес пе?
Жанның эволюциялық өсуін тежейтін не?
Өзгені сынап-мінеу, кемшілікке күлу, дарақы қылық
дөрекі сөз. Дүниедегі құбылыстар мен адамдар туралы жаман 
ойлаудан адамда осындай мінез қалыптасады.
Біреудің кемістігіне күлген адам сол кісінің жағымсыз 
кармасы мен жаман мінезін бойына тартып алады. Сол себепті 
қазақ: «Күлме досқа, келер басқа» дейді.
«Пәленшенің баласына көп күліп едім, өзімнің балам сондай 
болды» деп отырған адамды талай көрдік. Бұл туралы қазақ: 
Рухани ізденіс


304
Ақ Сарбаз Әлемі
«Біреудің бұқасына дегенің, өзіңнің бұзауыңа тап болады» 
дейді.
Құдайды мадақтау, Құдыретті Күштерге жүрегіңдегі ең 
әдемі сөздеріңді айтып, тілегін тілеу – адамға жақсы энергия 
болып құйылады.
Тәңірді, Құдыретті Күштерді мадақтау арқылы біз Ғарыштың 
жағымды энергиясын бойымызға тартып, сапалы мінез-құлық 
қалыптастыра аламыз.
Біздің пайдакүнемдігіміз бен сараңдығымыз сол, Құдайдан: 
«тек маған бер!» деп сұраймыз. Бойында Құдайлық қасиетті 
оятқан Биік Құдырет Иесі осы Жер бетіндегі бір қуыста, бізден 
он есе төмен жағдайда, ешкімнен ештеңе сұрамай тұрып 
жатуы мүмкін-ау деп ойламаймыз.
«Арымақ, семірмек – көңілден» дейді қазақ. Көңіл 
деген біздің Астрал денеміз. Жақсы, жаман ойлардың 
арқасында ниет өзгереді. Ақ ниетті де, қара ниетті де ОЙ 
қалыптастырады. «Жүзіқара» болу адамның астрал денесінде 
көбірек таңбаланып тұрады меніңше. Жан физикалық денеде 
жүргенде макияж арқылы өзінің шын болмысын жасыра 
алғанмен, астрал дүниесінде елден ештеңе жасыра алмайды.
Шын сұлулық – өзгелер туралы тек жақсылық ойлайтын
лебізі жақсы адамның бойынан табылады.
Ендеше (тым болмаса өз денсаулығымыз үшін):
ЕНДІГӘРІ ЕШКІМ ТУРАЛЫ ЕШҚАШАН ЖАМАН СӨЗ
АЙТПАЙМЫН!
БАРЛЫҚ ӘЛЕМГЕ ЖАҚСЫЛЫҚ БОЛСЫН!!! деп ойлап 
көрейікші


305


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет