А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет84/227
Дата10.12.2023
өлшемі5,46 Mb.
#135669
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

 
Тыныс алу жүйесі: 
1 – мұрын қуысы (кеңсірік); 2 – жұтқыншақ; 
3 – көмей; 4 – көмекей; 5 – кеңірдек; 6 – оң 
жақ өкпе; 7 – бронхылар; 8 – сол жақ өкпе; 9 – 
қабыр ғааралық бұлшық еттер; 10 – кеңірдектің 
жартылай шеміршекті сақи насы; 11 – қабырға; 
12 – көкет


109
Өкпеден басқа аталған барлық мүшелер 
ауа­жолдары
деп аталады. Олар 
ауаны өкпеге жеткізу үшін және оны барынша қауіпсіз ету (жылыту 
не салқындату, шаң-тозаң мен микробтан тазарту) үшін қажет. Өкпеде 
оттектің қанға түсуі, қаннан көмірқышқыл газының шығарылуы жүзеге 
асырылады. 
өкпедегі газ алмасу. 
Ауа өкпеге бронхылар бойынша енеді. Бронхио-
лалар өкпе көпіршіктері – 
альвеолалар­
арқылы аяқталады (59-сурет). 
Әрбір альвеола қан капиллярлары торымен шырмалған. Оларда вена 
қаны көмірқышқыл газынан арылады. Ол оттекпен қанығып, артерия 
қанына айналады. 
Гемоглобин көмірқышқыл газын беріп, оттекті қосып алады. Газ ал-
масу альвеола қабырғасы және вена капиллярлары арқылы жүреді. Аль-
веолалар өкпе бетінің ауданын ұлғайтып, ұяшық тәрізді жасайды, ол 
ар қылы газ алмасу жүзеге асады. 
Қан оттекпен қаныққан соң өкпеде болған ауаның құрамы өзгереді. 
Атмосфера ауасын да (тыныс алғанда) 78,09% азот, 20,95% оттек, 0,03% 
көмірқышқыл газы және басқа газдар болады. Өкпе арқылы өткен кезде 
59-сурет.
 
Тыныс алу жолдары. 
Өкпе мен бронхылардың құрылысы:
1 – мұрын қуысы; 2 – көмей; 3 – көмекей; 4 – кеңірдек; 5 – оң және сол жақ өкпе; 6 – брон хылар; 
7 – бронхы тармақшалары мен альвеолалары; 8 – альвеоланың құрылысы; 9 – қан тамырлар; 
10 – аль вео лалар; 11 – жарып көрсетілген альвеолалар; 12 – альвеолалардың сыр тын дағы 
капиллярлар торы
6
5
1
3
9
11
8
7
12
10
2
4


110
(тыныс шығарғанда) ауа құрамында 16% оттек пен 4% көмірқышқыл 
газы болады. Ауа құрамындағы азот мөлшері өзгермейді (78,09%) (60-су-
рет).
Осылай қан өкпеде көмірқышқыл газын бөліп шығарады да, оттекке 
қанығады. Оттекке байытылған қан үлкен қан айналым шеңбері бойын-
ша барлық ұлпаға таралады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   227




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет