А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет85/227
Дата10.12.2023
өлшемі5,46 Mb.
#135669
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

Ұлпадағы газ алмасу.
Артерия қанында ұлпа жасушаларына 
қарағанда оттек көп. Диффузия заңы бойынша кез келген заттың моле-
кулалары үлкен концентрация аймағынан концентрациясы аз аймаққа 
ұмтылады. Яғни олардың бір келкі бөлінуі жүзеге асады. 
Капиллярлардың қабырғалары арқылы оттек жасу ша аралық немесе 
ұлпа сұйықтығына өтеді. Одан дене жасуша ларына түседі. Капиллярлар 
көп торлаған мүше лерде жасушааралық сұйықтық «делдал» болмайды 
да, оттек капиллярлардан тікелей дене жасушалары мембранасы ар қылы 
олардың цитоплазмасына өтеді. Ол жерде энергия алу үшін 
митохондрия-
ларда
қолданылады. 
Көмірқышқыл газы, керісінше, ұлпа жасушаларынан қанға неме-
се жасушааралық сұйықтыққа, содан кейін қанға өте ді. Осылай біздің 
денемізде артерия қаны вена қанына айна лады. 
Ұлпаларда қан оттекті береді де, көмірқышқыл газына қанығады. 
Вена қаны жүрекке, содан соң өкпе артериясы ар қылы кіші (өкпе) қан 
айналым шеңберіне түседі. Әрі қарай өк пе де көмірқышқыл газын беріп, 
оттекке қанығуы керек

Тыныс­алу,­кардиореспираторлық­жүйе,­ауа­жолдары,­альвеола-
лар,­митохондриялар.
60-сурет. 
Өкпедегі газ алмасу: 
1 – тыныс алғанда ауаның құрамы; 
2 – тыныс шығар ғанда ауаның құрамы
1
2
N
2
N
2


111
Білу және түсіну:
1. «Өкпедегі газ алмасу» және «ұлпадағы газ алмасу» дегенді қалай 
түсінесіңдер? 
2. Кардиореспираторлық жүйе дегеніміз не?
3. Тыныс алу және тыныс шығару кезіндегі газ мөлшерін атаңдар. 
қолданылуы:
1. Тыныс алу мүшелерінің қызметін сипаттаңдар. 
2. Газдардың мөлшері мен қан типтері арасындағы байланыс ты 
анықтаңдар. 
3. Қан айналым шеңберлерін салыстырыңдар. 
Талдау:
1. Ағзаға газдардың ену және шығу үдерістерін сызба түрінде бейнелеңдер. 
2. Тыныс алу және жүрек-қан тамырлары жүйелерінің өзара байланыс-
ты екенін мысалдар келтіріп дәлелдеңдер. 
Синтез:
1. Қандай органикалық заттар ыдыраған кезде тек көмір қышқыл газы 
мен су түзілетінін талқылаңдар. 
2. Олар қандай жүйелер мен мүшелер арқылы шығарылады? 
3. «Оттек атомының адам ағзасында саяхаттауы» деген тақы рыпқа эссе 
жазыңдар. 
Бағалау:
1. Оттектің тіршілікті қолдаудағы рөлін бағалаңдар. 
2. «Жасушаның қандай органоиды тыныс алу және асқорытудың соңғы 
кезеңдері бірігетін орын болып табылады?» Өз пікірлеріңді айтыңдар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   227




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет