А. Соловьева, Б. Ибраимова


Сүйектердің микроскопия лық құрылысы



Pdf көрінісі
бет112/250
Дата23.10.2023
өлшемі3,37 Mb.
#120642
түріОқулық
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   250
Сүйектердің микроскопия лық құрылысы. 
Сүйек тер бір неше жасуша 
типінен тұрады. Олардың негізгісі – 
остеоциттер
. Бұлар – өсінділері бар 
домалақ немесе сопақша жасушалар. Сонымен қатар сүйек ұлпасында 
жас, қалыптаспаған жасушалар – 
остеобластар­
болады. Олар сүйектің 
өсуінде және зақымданған соң қалпына келуінде маңыз ды рөл атқарады. 
Сүйек жасу шаларының үшінші типі – 
остео­­кластар
. Бұл сүйектер осы 
жерде сүйек түзілмей тұрып, шеміршек ұлпасын жояды. Адам ұрығында 
алдымен ше міршекті қаңқа қа лыптасады. Жүк тіліктің екін ші жартысын-
да нағыз сүйек қаң қасы қалыптаса бастайды. Ағзаның толық сүйектенуі 
дене өсуі тоқтаған кезде 20–25 жаста жүзеге асады. Кейінірек сүйек 
заттарының баяу жаңаруы жүреді. 
Сүйек ұлпасының жасуша аралық заттары қатты болады. Осыған 
байланысты сүйек жасушаларын қоректік заттармен және оттекпен 
қамтамасыз ету үшін арнайы жүйе – 
остеон­
қалыптасады (71-сурет). Ол 
1
2
3
4
5
7
8
6
70-сурет. 
Сүйектің құрылысы:
1 – сүйек ұлпасының жасушалары (үлкейт.); 
2 – сүйектің кемік майы (үлкейт.); 3 – 
сүйектің кемік заты; 4 – сүйектің сары 
кемігі; 5–6 – қан тамырлары; 7 – тығыз заты;
8 – сүйекқап
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Кни а
е
ста ена
иск
чите н
б аз ате н х
е
х
с
асн
иказа
инист а
б аз ани
и
науки
ес уб ики
Казахстан
т
17 
а
2019 
а
217


135
бір-бірінің үстіне қойылған, саңылауы 
бар 
пластинкалардан 
құрастырылған 
цилиндр сияқты. цилиндрдің ортасын-
да капиллярлар мен жүйкелер бар өзек 
(канал) болады. Сүйектің тірі жасуша-
лары (остеоциттер немесе остеоблас-
тар) цилиндр пластинкаларының ара-
сына орналасқан. Олардың өсінділері 
цилиндр 
қабырғасының 
саңылауына 
енеді де, басқа остеонда болатын көрші 
жасушалардың өсінділерімен бірігеді. 
Тұтас көрші остеондар бір-біріне бұрыш 
жасап орналасқан, ал олардың арасында 
коллаген болады. Бұл – шеміршек заты. 
Байланысудың осындай түрі остеондар-
ды өзара бекітуге ғана емес, сонымен 
қатар сүйекте тармақталған тор түзетін 
қан тамырларының бірігуіне мүмкіндік 
береді. Мұндай жүйе сүйек ұлпасының 
жасушаларын тіршілік үшін қажет зат-
тармен және беріктікпен қамтамасыз 
етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет