А. Соловьева, Б. Ибраимова


Жылу реттеудің механизмі – жылудың түзілуі



Pdf көрінісі
бет151/250
Дата23.10.2023
өлшемі3,37 Mb.
#120642
түріОқулық
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   250
Жылу реттеудің механизмі – жылудың түзілуі. 
Жылу реттеу 
үдерісіне теріден басқа да мүшелер қатысады. Жылу реттеу негізінен 
екі үдерістен тұрады: 1) физикалық – 
жылудың­берілуі
; 2) химиялық – 
жылудың­түзілуі
. Атап айтқанда, тері дененің температурасын тұрақты 
сақтау арқылы физикалық қызмет атқарады. Яғни теріде болатын 
барлық құрылымдар суық кезде жылудың қоршаған ортаға аз мөлшерде 
бөлінуін қамтамасыз етеді. Керісінше, ыстықта жылудың бөлінуін ба-
рынша арттырады. 
Жылудың өзі теріде түзілмейді. Жылуды түзетін басты мүшелерге 
қаңқа бұлшық еттері, бауыр, ішек жатады. Егер жылыну керек болса, 
қозғалу арқылы бұлшық еттерді жұмыс жасату керек. Бұл кезде бұлшық 
еттердің жиырылуынан көп мөлшерде энергия АТФ түрінде түзіледі. Ал 
қосымша өнім ретінде жылу бөлінеді. Сонымен бірге қоршаған ортаның 
температурасы төмендеген кезде жалпы зат алмасудың артуынан бауыр 
жасушаларында жылудың мөлшері көбірек бөлінеді. 
Температураға сезімталдық және жылуға бейімделушілік. 
Барлық 
адамдар үшін өмір сүру жағдайынан тыс, қолайлы температура +18–22
0
С 
болып табылады. Бірақ суық аймақта өмір сүретін адамдар суыққа, ал 
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Кни а
е
ста ена
иск
чите н
б аз ате н х
е
х
с
асн
иказа
инист а
б аз ани
и
науки
ес уб ики
Казахстан
т
17 
а
2019 
а
217


179
ыстық аймақта өмір сүретін адамдар ыстық ауа ра йына төзімді болады. 
Температураға сезімталдық белгілі бір бейімделгіштікпен жүреді және 
жылу реттеу механизмдері жақсарады. Жылу реттеуді дамытудың бір 
әдісі шынығу болып табылады.
Шынығу
– қоршаған ортаның кез келген қолайсыз жағдайына 
ағзаның төзімділігін дамыту. Біздің денеміз көп теген жаттығулар жа-
сау барысында осы тапсырмаларды оңай орындай алады. Сондықтан 
суықтың жиі қайта лануынан кейін ағза бейімделеді (99-сурет). 
Әрине, ағзаны шынықтыруға біртіндеп, сақтықпен кірісу керек. 
Шынықтыруды жылдың жылы мез гілінде бастаған жақсы. Бірақ мына-
дай қара пайым шара: 
контрасты­душ­қабылдау
мен 
суық­сумен­жуынуға
бо лады. ыстық және суық температураның әсері бірден ауысатын бол-
са, қан тамырлары жылдам тарылады және кеңейеді. Нәтижесінде қан 
тамырларының екінші қабатындағы бұлшық еттер анағұрлым жаттыққан 
және серпімді болады. Денені жаттықтыру тері капиллярлары мен қан 
тамырларын суыққа төзімді етеді және қар таюдан, әжім түсуден ұзақ 
уақытқа сақтайды. Сонымен бірге инсульт пен инфарктің болу қаупін 
төмендетеді.
Жылу­реттеу,­жылу­берілу,­жылу­түзілу,­контрасты­душ,­суық­
сумен­жуыну.
99-сурет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет