А. Т. Ақажанова



Pdf көрінісі
бет6/9
Дата03.03.2017
өлшемі0,9 Mb.
#6404
1   2   3   4   5   6   7   8   9

 

1. Қылмыс  жəбірленушісі  туралы  ілімнің  психологиялық  құ-

қықтық негіздері. 

2. Виктимологиялық ғылымның қалыптасуы мен даму тарихы. 

3. Жəбірленушілердің классификациясы. 

 

8



-тақырып бойынша қолданылатын əдебиеттер 

    


Арзуманян  С.Д.  Микросреда  и  отклонения  социального  пове-

дения детей и подростков.— Ереван, 1980.   

Акажанова А.Т.  О некоторых психологических проблемах вик-

тимности  несовершеннолетних // Вестник  ун-та  «Кайнар».— 

Алматы, 2002. 

Акажанова А.Т. Некоторые психолого-педагогические аспекты 

виктимности  несовершеннолетних // Вестник  Казахского  на-

ционального медицинского университета.— Спецвыпуск, 2004. 

Криминологи о неформальных молодежных объединениях.— М., 

1990. 

Леонгард К. Акцентуированные личности.— Киев, 1989. 

Малкина-Пых  И.Г.  Кризисы  подросткового  возраста  (Спра-

вочник практического психолога).— М., 2004. 

Малкина-Пых  И.Г.  Экстремальные  ситуации  (Справочник 

практического психолога).— М., 2005. 

Фигдор  Г.  Дети  разведенных  родителей:  Между  травмой  и 

надеждой.— М., 1995. 

Шульга Т.И., Слот В., Спаниярд Х. Методика работы с детьми  

«группы риска».— М., 1998. 

Шиханцов  Г.Г.  Юридическая  психология.  Учебник  для  вузов.— 

М., 1998. 

Минская В.С. Опыт виктимологического изучения изнасилования. 

//Вопросы борьбы с преступностью. 1980. Выпуск 17.— С. 21—31. 

Романова  О.Л.  Сексуальное  насилие  над  детьми // Вестник 

психосоциальной  и  коррекционно-реабилитационной  работы. 

1998.—  № 1.— С. 22—29. 

Ривман  Д.В.  Виктимологические  факторы  и  профилактика 

преступлений.— Ленинград, 1975. 

 

 



72

Рыбальская  В.Я.  Виктимность  как  элемент  структуры  ме-

ханизма  преступлений  несовершеннолетних // Вопросы  борьбы  с 

преступностью. Выпуск 29, 1978.— С. 44. 

Франк Л.Ф. Виктимология и виктимность.— Душанбе, 1972. 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

73 



9-тақырып 

 

Жасөспірімдердің ауытқушы мінез-құлқының негізгі  

түрлерінің психологиялық сипаттамасы 

 

Адамзат тарихы агрессияның тұлға мен қоғам өмірінің бөлінбес 

бөлігі екендігін сенімді түрде дəлелдейді. Бұған қоса, агрессияның 

қуатты  тартатын  күші  жəне  жұғымталдық  қасиеті  бар:  көптеген 

адамдар  сөз  жүзінде  агрессияны  жоққа  шығарады,  ал  іс  жүзінде 

оны күнделікті өмірінде кеңінен көрсетеді. 

Латын тілінен аударғанда "агрессия" — "шабуыл" деген мағына 

береді.  Қазіргі  уақытта  "агрессия"  сөзі  аса  кең  мағынада  қолда-

нылады.  Аталмыш  құбылыс  жағымсыз  эмоциялармен 

(мысалы, 

ашумен

)  жəне  жағымсыз  мотивтермен  (мысалы,  зиян  келтіруге 



тырысу

), сонымен қатар жағымсыз нұсқаулармен (мысалы, нəсіл-

дік  қате  түсініктермен

)  жəне  бүлдіруші  əрекеттермен  байланыс-

тырылады.  

Психологияда агрессия  деп  өзгелерді өзіне  бағындыру немесе 

олардан  басым  болу  мақсатында  шынайы  іс-əрекетте  немесе 

қиялдауда көрініс табатын үрдісті 

(ұмтылысты) айтады. Аталмыш 

үрдіс əмбебап сипатта болады.  

Ал  "агрессия"  термині  тұтас  алғанда  бейтарап  мағынаға  ие. 

Шынында, агрессия өмірлік мүдделер мен тірі қалуға қызмет етіп, 

жағымды  мəнге  ие  болуы  да  мүмкін  немесе  өзінің  агрессивті 

құштарлығын  қанағаттандыруға  бағытталып,  жағымсыз  мəнге  ие 

болады.  

Агрессияның психикалық ақиқат ретінде нақты сипаттамалары 

бар:  бағыттылық,  көрініс  табу  формалары,  интенсивтілік.  Агрес-

сияның  мақсаты  жəбірленушіге 

(қастандық  агрессия)  жапа  шек-

тіру 


(зиян  келтіру)  жəне  басқа  мақсатқа  жету  тəсілі  (инструмен-

талды  агрессия

)  болуы  мүмкін.  Агрессия  сыртқы  нысандарға 

(адамдарға,  заттарға)  немесе  өзіне  (денеге,  тұлғаға)  бағытталуы 

мүмкін. Қоғам үшін басқа адамдарға бағытталған агрессия ерекше 

қауіпті  болып  табылады.  А.Бандура  жəне  Р.Уолтерс  бұндай 

агрессияны  асоциалды  деп  атайды  жəне  əлеуметтік-деструктивті 

сипатты іс-əрекеттермен байланыстырады.  

 

 

74



"Бұндай  қарым-қатынасты  қаламайтын,  басқа  тіршілік  иесін 

қорлауға  немесе  оған  зиян  келтіруге  бағытталған"  агрессивті 

мінез-құлық  формалары  айқын  əлеуметтік-жағымсыз  бағаға  ие 

болады 


(Бэрон  Р.,  Ричардсон  Д. "Агрессия").  Бұндай  агрессивті-

асоциалды  мінез-құлық  міндетті  түрде  зорлық-зомбылықты 

қамтиды — ауру  тудыратын  вербалды  немесе  физикалық  іс-

əрекеттер.  Қағида  бойынша,  ол  агрессордың  жағымсыз  эмоция-

лары  фонында 

(ашу, долылық, біреуді азаптауға, қорлауға құмар-

лық, байыпсыздық

), жəне өз кезегінде, жəбірленушінің жағымсыз 

əсерленушілігін  тудырады 

(қорқыныш,  қорлану).  Бұндай  мінез-

құлық  агрессивті  мотивтермен  көрінеді:  қирату,  жою,  пайдалану, 

кесірін  тигізу.  Когнитивтік  деңгейде  бұндай  мінез-құлықтың 

дұрыстығын  мақұлдайтын  нұсқаулардан  қолдау  табады 

(наным-


дар, мифтар, сенімдер

).  


Агрессивті  мінез-құлық  сипаты  көбінесе  адамның  жасына 

қатысты    ерекшеліктерімен  анықталады.  Əр  жас  кезеңі  дамудың 

спецификалық жағдайына ие жəне тұлғаға нақты талаптар қояды. 

Жасөспірімдік жаста агрессивті мінез-құлықтың спецификалық 

ерекшелігі  оның  үлкендердің  бедел-абыройының  төмендеуі 

фонында құрдастарының тобына тəуелділігі болып табылады. Бұл 

жаста  агрессивті  болу  "мықты  болып  көрінуді  немесе  мықты 

болуды"  білдіреді.  Кез  келген  жасөспірімдік  топтың  көшбасшы-

лары  қолдайтын,  өзіне  тəн  рəсімдері  мен  мифтары  бар.  Мысалы, 

топқа  мүшелікке  қабылдау  рəсімдері  кең  тараған 

(немесе  жаңа  

келгендерді сынау

). Топтың таң қаларлық "униформасы" да (тұтас 

алғанда  жасөспірімдердің  киім  үлгісі

)  рəсімді  сипатта  болады. 

Рəсімдер  белгілі  бір  топқа  жату  сезімін  күшейтеді  жəне 

жасөспірімдерде  қауіпсіздік  сезімін  тудырады,  ал  мифтер  оның 

өмірлік  əрекетінің  идеялық  негізіне  айналады.  Мифтер  топ 

ішіндегі  жəне  сыртқы  агрессиясын  ақтау  үшін  кең  қолданылады. 

Мəселен, "топ  мүшесі  еместерге"  қатысты  жасалған  кез  келген 

зорлық-зомбылық  мынандай  байымдаумен  ақталады: "олар 

сатқындар... біз өзіміздікілерді қорғауымыз керек..., біз басқаларды 

өзімізді  сыйлауға  мəжбүр  етуіміз  қажет".  Топтық  мифпен  "рух-

тандырылған" зорлық-зомбылықты жасөспірімдер өздерінің күшін 

бекіту,  батырлық  жəне  топқа  шын  берілгендік  ретінде  түсінеді. 

Сонымен  бірге  жекелеген  жағдайларда  агрессивті  мінез-құлық 



 

 

75 



бастаушылары  əртүрлі  себептермен  бұзылған  жəне  өзін-өзі  та-

нытуды агрессия көмегімен жүзеге асыруға тырысатын жекелеген 

жасөспірім — аутсайдерлер болуы мүмкін.  

Осылайша,  агрессивті  мінез-құлық  балалық  жəне  жасөспірімдік 

жас  үшін  əжептəуір  үйреншікті  құбылыс.  Оған  қоса,  тұлғаның 

əлеуметтену үдерісінде агрессивті мінез-құлық маңызды қызметтер 

атқарады. Қалыпта ол қорқыныштан арылтады, өз мүдделерін қор-

ғауға көмектеседі, сыртқы қауіптен қорғайды, бейімделуге септігін 

тигізеді.  Осыған  байланысты  агрессияның  екі  түрі  туралы  айтуға 

болады: зарарсыз-бейімдеуші жəне деструктивті-дезадаптивті.  

Агрессия мен делинквентті мінез-құлық өзара шарттас екендігі 

анық.  Шынында,  заң  бұзушылық  əрекеттер  көбінесе  агрессивті 

əрекеттермен  бірге  жүреді.  Бұл  пайдакүнемдік  мақсатта  жасалған 

қылмыс  болуы  мүмкін,  бұл  жағдайда  агрессия  инструменталды 

сипатта болады, басқаша айтқанда, қандай да бір мақсатқа жетуге 

септігін  тигізеді 

(тұрғын  үйді  алу  үшін  өлтіру,  тонау  барысында 

физикалық  зорлық  жасау,  ақша  тартып  алу  үшін  қорқыту

).  Басқа 

зорлық-зомбылық  қылмыстар  жағдайында  дұшпандылық  мінез-

құлық көрініс табады. Тұтас алғанда зорлық-зомбылық агрессивті 

мінез-құлықтың  ең  қауіпті  формасы  ретінде  заңдармен  тыйым 

салынған жəне мемлекеттік бақылауында болады.  

Тұлғаның  делинквентті  мінез-құлқы  мен  агрессияның  арасын-

дағы  өзара  байланыс  біркелкі  емес.  Заңдарды  бұзу  деңгейіне 

жеткен  агрессивті  мінез-құлық  еліктеудің  салдары  болуы  мүмкін. 

Еліктеудің  үлгілері  туысқандар,  құрдастар,  басқа  да  маңызды 

адамдар  бола  алады.  Агрессивті  мінез-құлыққа  еліктеуде  де-

линквентті  субмəдениет  ерекше  рөл  атқарады.  Асоциалды  топ, 

қарақшы топ, бостандықтан айыру орны — бұл барлық əлеуметтік 

институттар тұрақты агрессивті мінез-құлық қалыптастырады.  

Заң  бұзушылық  мінез-құлыққа  қатысты  əртүрлі  əдістер  мен 

ұғымдық  аппарат  қолданылады.  Психологиялық  əдебиетте,  көбі-

несе  оны  "делинквентті"  мінез-құлық  ретінде  түсіндіреді,  яғни 

"белгілі  қоғамда  жəне  белгілі  бір  уақытта  бекітілген  заңдардан 

ауытқушы  нақты  тұлғаның іс-əрекеттері, басқа  адамдардың  аман-

дығына немесе əлеуметтік тəртіпке қауіп төндіретін жəне шамадан 

асып  кетсе,  қылмыстық  тұрғыдан  жазаланатын  іс-əрекеттер".  Заң 

бұзушылық əрекет жасаған тұлға делинквентті тұлға 

(делинквент), 

ал іс-əрекеттер — деликтілер деп бағаланады.  

 

 



76

Криминалды  мінез-құлық — делинквентті  мінез-құлықтың 

бұрмаланған  формасы  болып  табылады.  Тұтас  алғанда  делин-

квентті  мінез-құлық  қоғам  ережелерінде 

(заңдарында)  айқын  кө-

рініс  тапқан,  мемлекеттік  өмірдің  қалыптасқан  нормаларына 

тікелей қарсы бағытталған.  

Арнайы  əдебиетте  осы  қарастырылып  отырған  термин  əртүрлі 

мағынада  қолданылады. "Делинквенттілік"  ұғымын  жасөспірімдік 

психиатрия  тəжірибесіне  енгізе  отырып,  А.Е.Личко  бұл  ұғыммен 

қылмыстық    жауапкершілік  жүктемейтін,  қоғамға  қарсы  ұсақ 

əрекеттерді  шектейді.  Бұл,  мысалы,  мектепте  сабақтардан  қалу, 

асоциалды топқа ену, ұсақ бұзақылықтар, тіл тигізу, азғантай ақша 

тартып  алу,  мотоциклдерді  ұрлау.  В.В.Ковалев  делинквенттілікті 

бұндай  байымдауға  қарсы  шықты.  Ғалым  делинквентті  мінез-

құлық  қылмыстық  əрекет  болып  табылатындығын  көрсетті. 

Шетелде  кең  тараған  термин,  көбінесе  кəмелетке  толмаған 

жасөспірімдер  жасайтын  қылмысты  білдіру  мағынасында  қолда-

нылады.  

Аса  күрделі  жəне  əртүрлі  "тұлғаның  ауытқушы  мінез-құлқы" 

санатының  ішінен  тəуелді  мінез-құлық  немесе  тəуелділік  деп 

аталатын  топ  бөлініп  шығады.  Тұлғаның  тəуелді  мінез-құлқы 

маңызды əлеуметтік мəселе болып табылады, өйткені ол жұмысқа 

жарамдылықты  жойып  алу,  айналасындағылармен  қақтығыстар, 

қылмыстар  жасау  секілді  жағымсыз  салдарға  əкеліп  соқтыруы 

мүмкін.  Бұған  қоса,  бұл  қалай  болғанда  да  кез  келген  отбасының 

басына келетін, девиацияның ең кең тараған түрі болып табылады.  

Көне  заманнан  бері  тəуелді  мінез-құлықтың  əртүрлі  форма-

ларын  зиянды  немесе  жағымсыз  əдеттерді  атаған,  бұндай  əдет-

терге: ішімдікке салыну, артық жеу, құмар ойындар жəне басқа да 

əуестіктер  жатқызылған.  Қазіргі  заманғы  медициналық  əдебиетте 

патологиялық əдеттер термині кеңінен қолданылады. "Тəуелділік" 

ұғымы  медицина  саласынан  енген,  қазіргі  таңда  салыстырмалы 

тұрғыда жаңа жəне  танымал болып табылады. 

Барлық адамдар ауа, су, тағам секілді өмірге маңызды объекті-

лерге "қарапайым" тəуелділікті сезінеді. Адамдардың көбінде ата-

анаға,  достарға,  жұбайларына  қатысты  жақсы  көрушілік  сезімі 

болады.  Кейде  тəуелділіктің  əдеттегі  қатынасын  бұзу  байқалады. 

Мысалы,  тұлғаның  аутикалық,  шизоидтық,  қоғамға  қарсы    бұзы-

луы басқа адамдарға жеткіліксіз үйірліктің салдарынан туындайды.  



 

 

77 



Шамадан  тыс  тəуелділікке  бейімділік,  керісінше,  мəселелік 

симбиотикалық қарым-қатынастар немесе тəуелді мінез-құлықтың 

пайда  болуына  əкеледі.  Осылайша,  тəуелді  мінез-құлық  тұлға 

тарапынан  бір  нəрсені  немесе  біреуді  теріс  пайдаланушылықпен 

жəне  оның  мұқтаждықтарының  бұзылуымен  тығыз  байланысты 

болып  табылады.  Арнайы  əдебиетте  қарастырылып  отырған 

ақиқаттың  тағы  бір  атауы  қолданылады — аддиктивті  мінез-

құлық,  ағылшын  тілінен  аударғанда  "бейімділік,  өлтіретін  əдет" 

деген мағына береді. 

Тəуелді 


(аддиктивті)  мінез-құлық  жеке  тұлғаның  девиантты 

мінез-құлық түрі ретінде, өз кезегінде, көбінесе аддикция нысаны 

бойынша  анықталатын  көптеген  түрлерге  бөлінеді.  Теориялық 

тұрғыдан 

(нақты  жағдайларда)  бұл  кез  келген  нысандар  немесе 

белсенділік формалары болуы мүмкін — химиялық зат, ақша, жұ-

мыс, ойындар, физикалық жаттығулар немесе жыныстық қатынас. 

Шынайы өмірде тəуелділіктің мынандай түрлері кең тараған:  

а) психоактивті заттар 

(заңды жəне заңсыз есірткі заттары);  

ə) ішімдік 

(көптеген сыныптамаларда бірінші топқа жатқызылады); 

б) тағам; 

в) ойындар; 

г) жыныстық қатынас; 

ғ) дін жəне діни ғибадаттар.  

Осы  аталған  нысандарға  байланысты  тəуелді  мінез-құлықтың 

төмендегі формалары анықталады: 

 химиялық  тəуелділік 

(шылым  шегу,  токсикомания,  есірткіге 

тəуелділік, дəрі-дəрмекке тəуелділік, ішімдікке тəуелділік

); 


 тамақтану  тəртібін  бұзу 

(артық  жеу,  ашығу,  тамақтан  бас 

тарту

); 


 гэмблинг — ойындарға тəуелділік 

(компьютерлік  тəуелділік, 

құмар ойындар

); 


 сексуалды аддикциялар 

(зоофилия, фетишизм, пигмалионизм, 

трансвестизм,  эксбиционизм,  вуайеризм,  некрофилия,  садомазо-

хизм 


(глоссарийді қараңыз); 

 діни  деструктивті  мінез-құлықтар 

(діни фанатизм, секталарға 

қатысу


). 

Адамдардың  өмірінің  өзгеруіне  байланысты  тəуелді  мінез-

құлықтың  жаңа  формалары  пайда  болады,  мысалы  бүгінгі  таңда 

 

 



78

компьютерлік  тəуелділік  өте  тез  тарап  бара  жатыр.  Бұған  қоса, 

кейбір  формалар    өзінің  девианттылығын  жоғалтады.  Мəселен, 

біздің  ойымызша,  гомосексуализмді  қазіргі  əлеуметтік  жағдайда 

девианттылыққа  жатқызуға  болмайды,  əрине,  ол  күмəнсіз 

маргиналды  мінез-құлық 

(норманың  шеткі  шекарасынан  орын 

алатын  жəне  əзірге  адамдар  қабылдамайтын  мінез-құлық

)  қата-

рында  қала  береді.  Тəуелді  мінез-құлыққа  шынайы  зиян 

келтірмейтін,  белсенділіктің  күнделікті  формаларын  жатқызудан 

аулақ болу қажет, мысалы кофе ішу немесе тəтті жеу əдетін.  

Сонымен,  тəуелді 

(

аддиктивті

)

  мінез-құлық — өзін-өзі  реттеу 

немесе  бейімдеу  мақсатында  бір  нəрсені  немесе  біреуді  теріс 

қолданумен  байланысты,  тұлғаның  ауытқушы  мінез-құлқының 

формаларының бірі.  

Өлім  тақырыбы  əрқайсымыздың  санамызда  орын  алады  жəне 

жас  өскен  сайын  өзекті  мəселеге  айналады.  Кейбір  адамдар  үшін 

ол  ерекше  маңызды  болып  табылады.  Бүгінгі  таңда  өз-өзіне  қол 

жұмсау  əрекеті  ғаламдық  қоғамдық  мəселе  болып  табылады. 

Бүкілəлемдік  денсаулық  сақтау  ұйымының  мəліметтері  бойынша, 

əлемде жыл сайын 

400—500 мыңға жуық адам өзін өзі өлтіреді, ал 

өзіне-өзі  қол  жұмсау  əрекеті  он  есе  көп.  Өзіне-өзі  қол  жұмсау 

еуропа елдерінде өлтіруден шамамен үш   есе көп.  

Өзіне-өзі қол жұмсау немесе суицид 

(латын тілінен аударғанда: 

"өзін  өлтіру"

) — əдейі  өз  өмірін  қию.  Өзінің  іс-əрекеттеріне  есеп 

бере алмайтын немесе оларды басқара алмайтын адамдар жасаған 

өлім, сонымен қатар субъектінің абайсыздығы нəтижесінде болған 

өлім өзіне-өзі қол жұмсауға жатпайды, қайғылы оқиғаға жатады.  

Біздің  заманымызда  өзіне-өзі  қол  жұмсау  əрекеттері  біркелкі 

патологиялық  əрекет  ретінде  қарастырылмайды.  Көптеген  жағ-

дайда бұл психикалық тұрғыдан қарапайым адамның мінез-құлқы. 

Бұған  қоса,  суицид  туралы  өзін  өзі  құрту — мінез-құлқының  ең 

шеткі нүктесі деген көзқарас қалыптасқан. 

Өзіне-өзі қол жұмсау мінез-құлқы — өзінің өмірін қию туралы 

түсініктермен  басқарылатын  саналы  іс-əрекеттер.  Қарастырылып 

отырған мінез-құлық құрылымын төмендегі топқа бөледі: 

а

) өзіне-өзі қол жұмсау əрекеті; 



б

)  өзіне-өзі  қол  жұмсау  көріністері  (ойлар,  ниеттер,  сезімдер, 

пікірлер, тұспалдар

). 


 

 

79 



Осылайша  өзіне-өзі  қол  жұмсау  мінез-құлқы  бір  мезгілде  ішкі 

жəне сыртқы деңгейде жүзеге асады.  

Өзіне-өзі  қол  жұмсау  ерекшеліктеріне  адам  жасы  елеулі  əсер 

етеді.  Мысалы,  бозбалалық  немесе  қартаюдың  басы  секілді 

дағдарыс  кезеңдері  өзіне-өзі  қол  жұмсауға  дайындықтың  жоғары 

екендігімен сипатталады.  

Жасөспірімдердің  арасында  өлтіруге  əрекет  жасау  балаларға 

қарағанда  жиірек  кездеседі,  олардың  кейбіреулері  ғана 

мақсаттарына  жетеді.  Аяқталған  суицидтердің  жиілігі  барлық 

өзіне-өзі  қол  жұмсау  əрекеттерінің 

1%-ынан  аспайды.  А.Е.Личко 

10%  жасөспірім  ғана  өзін-өзі    өлтіруді  шынымен  қалайды,  90% 

жасөспірім  үшін  бұл  көмекке  шақыру  ғана  екендігін  атап 

көрсеткен.  Б.Н.Алмазов 

14—18  жас  аралығындағы  өзін-өзі  əдейі 

жаралаған жасөспірімдерге зерттеу жүргізіп, олардың 

4 пайызында 

ғана  өзін-өзі  жаралау  кезінде  өзін-өзі  өлтіру  ойы  болғандығын 

айқындаған. Көптеген эксцесстер құрдастарымен ұрсысып қалған-

нан  кейін,  сонымен  қатар,  батырлық  немесе  "бауырласу"салты 

ретінде  жүзеге  асқан.  А.Е.Личко,  А.А.Александров,  

14—18  жас 

аралығындағы  жасөспірімдерге  зерттеу  жүргізе  отырып,  өзіне-өзі 

қол  жұмсау  іс  əрекетінің   

49%  қатты  аффектілі  реакция  кезінде 

болған  деген  қорытындыға  келген.  Сонымен  қатар  жасөспірімдер 

тобында  психикалық  бұзылулар  рөлі  артады,  мысалы,  депрессия. 

Депрессияның  "балалық"  белгілеріне  іші  пысу  жəне  шаршау 

сезімдері,  ұсақ-түйекке  баса  назар  аудару,  бүлікке  жəне  тіл 

алмауға  бейімділік,  ішімдік  пен  есірткіні  шамадан  тыс  қолдану 

жатқызылады. 

Тұтас  алғанда 

жасөспірімдердің  ата-аналарымен  жəне 

құрдастарымен  тұлғааралық  қарым-қатынастарының  олардың 

өзіне-өзі  қол  жұмсау  əрекетіне  маңызды  ықпалы  туралы  айтуға 

болады.  Л.Я.Жезлованың  пікірінше,  өтпелі  кезең  алдында 

"отбасылық"  мəселелер  басым  болса,  пубертаттық  кезеңде  жаста 

"сексуалды" жəне "махаббаттық" мəселелер басым болады.  

Өкінішке  орай,  аз  зерттелген  басқа  маңызды  фактор  жасөспі-

рімдік  субмəдениеттің  ықпалы.  Міне, "Иванушки  Интернешнл" 

поп-тобының көшбасшысының өзін-өзі өлтіруі туралы 

1999 жылы 

БАҚ  жариялаған  хабарламаға  жауап  ретінде  бірнеше    жасөспірім  

қыздар өз кумирін үлгі етіп, өз-өздеріне қол жұмсаған.  

 

 

80



14 жастан кейін өзіне-өзі қол жұмсау қыздар мен бозбалаларда 

шамамен  бірдей  болады.  Жас  кезде  өзін-өзі  өлтіру  көбінесе 

интимдік — жеке тұлғалық қатынастармен, мысалы, махаббаттағы 

сəтсіздікпен  байланысты  болады.  Сыртқы  жəне  ішкі  жағдайлар 

өзіне-өзі  қол  жұмсау  əрекетін  жеңілдетеді,  бірақ  оны  алдын  ала 

анықтамайды.  Суицидті  "асқындырушы"  болатын  шынайы 

себептері ішкі мотивтерге байланысты.  

Жағдайға  байланысты  өзін-өзі  өлтірудің  əртүрлі  мотивтері 

пайда болуы мүмкін: наразылық, кек, үндеу, назар, көмек, жазадан 

қашу, азап шегу, өзін-өзі жазалау, өмір сүруден бас тарту. 

Мысалы,  жасөспірімдердің  өзіне-өзі  қол  жұмсау  əрекеттерінде 

мынандай  ниеттенулер  бөлінеді.  Бұл  дистресс  сигналы  болуы 

мүмкін: "Маған  көңіл  аударыңыздар,  маған  көмек  қажет". 

Сонымен  қатар,  жасөспірімнің  басқаларға  манипуляция  жасауы, 

мысалы, қыз бала дəрі-дəрмекті үлкен көлемде ішіп, өз досын оған 

қайтып  оралуға  мəжбүр  етуге  тырысады.  Басқа  вариант — ата-

аналарына    айту  арқылы,  басқаларды  жазалауға  тырысу: "Сіздер 

мен өлгенде өкінесіздер". Қатты ұят жəне кінə сезімдерге реакция, 

жанға  жара  салатын  жағдайлармен  кездесуден  қашуға  тырысу;  

түрлі есірткілердің əсерлері — бұның бəрі себепкер факторлардың 

мысалы. 

Осылайша,  өзіне-өзі  қол  жұмсау  мінез-құлқы  өлуді  қалаудың 

дəрежесін дəл бағалауға негізделуі керек. 

 

9-тақырып бойынша сұрақтар 



 

1. Шетелдік  ғалымдардың  еңбектеріндегі  агрессия  мен  агрес-

сивтілік мəселелері. 

2. Тəуелді мінез

−құлықтың негізгі формалары. 

3. Өзіне-өзі қол жұмсау əрекетінің мотивтері мен себептері. 

 

9

-тақырып бойынша қолданылатын əдебиеттер 



 

Абеуова  И.А.,  Дусманбетов  Г.А.,  Махаманова  М.Н.,  Шерьяз-

данова Х.Т. Психологическая служба в вузе.— Алматы, 2004. 

Ақажанова  А.Т.,  Садырова  А.  Девиантты  мінез-құлықтың 

кейбір теориялық сипаттамалары // Ізденіс.— Алматы, 2007. 

 

 

81 



Акажанова  А.Т.  Психологическая  характеристика  основных 

видов  девиантного  поведения  несовершеннолетних // Высшая 

школа.— Алматы, 2009.  

Арзуманян  С.Д.  Микросреда  и  отклонения  социального  пове-

дения детей и подростков.— Ереван, 1980.  

Бегалиев  К.  Предупреждение  безнадзорности  и  правонаруше-

ний несовершеннолетних.— Алма-Ата: Казахстан, 1980. 

Джекебаев  У.С.  О  социально-психологических  аспектах  прес-

тупного поведения.— Алма-Ата: Наука, 1971. 

Ескендирова  А.  Психологические  особенности  проявления  аг-

рессии  у  подростков  в  зависимости  от  различных  факторов: 

автореф. …канд. психол. наук.— Алматы, 2003. 

Жадбаев С.Х. Правопорядок и поведение несовершеннолетних / 

Закон и подросток.— Алма-Ата, 1982.  

Мауленов  Г.С.  Основные  характеристики  преступности  в 

Республике Казахстан.— Алматы: Ғылым, 1999. 

Нарикбаев  М.С.  Подросток  и  закон.—  Алма-Ата:  Мектеп, 

1981.  

 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет