1. «Топтық динамика» ұғымы нені білдіреді?
2. Жасөспірімдердің жəне бозбалалардың формальды емес топ-
тарының қалыптасу тетігі.
3. Жасөспірімдердің аутсайдерлігі мен маргиналдығының са-
лыстырмалы сипаттамасы.
3
-тақырып бойынша қолданылатын əдебиеттер
Аргуманян С.Д. Микросреда и отклонения социального пове-
дения детей и подростков.— Ереван , 1980.
Акажанова А.Т. Роль неформальных и криминогенных групп в
десоциализации несовершеннолетних // Жантану.— Алматы,
2008.— №3 (3).— С.46—48.
Винникотт Д.В. Разговор с родителем.— М., 1995.
Джаманбалаева Ш.Е. Социология девиантного поведения.—
Алматы: КазГУ, 1999.
Дусманбетов Г.А., Шерьязданова Х.Т.Психология деструктив-
ных факторов процесса социализации старших подростков.—
Алматы, 2003.
Змановская Е.В. Девиантология.— М., 2004.
Казымбетова Д.К. Девиантное поведение молодежи как
объект социологического исследования: автореф. ... канд.социол.
наук. Алматы, 1999.
29
Кон И.С. Психология ранней юности.— М., 1989.
Криминологи о неформальных молодежных объединениях.— М.,
1990.
Ливехуд Б. Кризисы жизни — шанс жизни. Развитие человека
между детством и старостью.— Калуга, 1994.
Бегалиев К. Предупреждение безнадзорности и правонаруше-
ний несовершеннолетних.— Алма-Ата: Казахстан, 1980.
Джекебаев У.С. О социально-психологических аспектах пре-
ступного поведения.— Алма-Ата: Наука, 1971.
Жадбаев С.Х. Правопорядок и поведение несовершеннолетних /
Закон и подросток.— Алма-Ата, 1982. .
Малкина-Пых И.Г. Кризисы подросткового возраста (Спра-
вочник практического психолога).— М., 2004.
Менделевич В.Д. Психология девиантного поведения.— Санкт-
Петербург, 2005.
Прихожан А.М. Психология неудачника.— М., 2000.
Раттер Б. Помощь трудным детям.— М.,1995.
Шульга Т.И., Слот В., Спаниярд Х. Методика работы с детьми
«группы риска».— М.,1998.
Шиханцов Г.Г. Юридическая психология. Учебник для вузов.—
М., 1998.
30
4-тақырып
Ауытқыған мінез-құлық генезисіндегі əлеуметтік
пен биологиялықтың арақатынасы
Девиантты мінез-құлық себептерінің түсініктемесі осы əлеумет-
тік-психологиялық құбылыстың табиғатын түсінумен тығыз
байланысты. Адамның мінез-құлқында əртүрлі деңгейдегі компо-
ненттер, атап айтқанда, биологиялық, психологиялық жəне
əлеуметтік компоненттер үндесіп жататындығы белгілі. Осыған
сəйкес биологиялық детерминанттарға
(себептерге) басты жəне
біркелкі назар аударатын тұжырымдар; психологиялық фактор-
ларға баса назар аударатын тұжырымдар; жəне девиантты мінез-
құлықты тек əлеуметтік себептермен түсіндіретін əлеуметтік
тұжырымдар пайда болады.
Адамдардың мінез-құлқына қоғамдық үрдістер мен əлеуметтік
топтардың ықпалы, ең алдымен, əлеуметтік тəсіл аясында қарасты-
рылады. Бұл бағыттың ең танымал өкілдері: О.Конт, Г.Тард,
А.Кетле, Э.Дюркгейм, М.Вебер, Т. Парсонс, Р. Мертон.
Аномия теориясында Э. Дюркгейм əлеуметтік девиацияны
алғашқы болып толық түсіндірген. «Аномия» термині француз
тілінен аударғанда «заңның, ұйымдастырудың жоқтығы» деген
мағынаны білдіреді. Бұл ескі нормалар мен құндылықтар шынайы
қарым-қатынастарға сай келмеген, жаңалары əлі бекітілмеген
əлеуметтік бос кеңістіктің — əлеуметтік тəртіпсіздікті туғызу
күйін түсіндіреді. Бұл теорияны ол өзіне-өзі қол жұмсау болмысы
туралы классикалық зерттеуінде қолданады
(1897). Ғалымның
пікірінше, өзіне-өзі қол жұмсаудың саны тұлғаның ішкі қасиет-
теріне ғана байланысты емес, адамдарды басқаратын сыртқы
себептерге де байланысты. Э. Дюркгейм əлеуметтік ауытқулардың
объективті табиғатына еш күмəнданбағаны соншалықты, ол
қылмысты «əдетті жағдай» деп пайымдады. Оның пікірінше,
əдетті құбылыстың даусыз белгілері бар басқа ешқандай құбылыс
жоқ, «қылмыс қоғамның барлық түрінде кездеседі… қылмыс
деңгейі адамзаттың дамуымен азаймайды».
Осылайша Э. Дюркгейм əлеуметтік ауытқуларды қоғамның
нормативті-құндылықтарының шырқы бұзылуының салдары
31
ретінде қарастырады. Оның ойлары əртүрлі əлеуметтік топтар мен
əлеуметтік күштердің арасындағы қарама-қайшылықты девиантты
мінез-құлықтың басты себептері деп есептейтін зерттеушілердің
еңбектерінде жалғасын тапты, мысалы: жаңашылдық пен
кертатпалық новаторлық пен консервативтік.
Р. Мертон, Э.Дюркгеймнің ең көрнекті өкілдерінің бірі,
девиантты мінез-құлықты — мəдениетпен анықталатын ұмты-
лыстар мен оларды қанағаттандыру құралдарын беретін əлеуметтік
құрылымның арасындағы келіспеушіліктің нəтижесі ретінде
қарастырады. Мəселен, қазіргі американ мəдениетінде ауқаттылық
идеясы басым, бұл өз кезегінде сəттіліктің жоғары индивидуалды
маңызын анықтайды. Əлеуметтік нормалар арқылы мəдениет
мақсаттарды ғана анықтап қоймайды, сонымен қатар оларға же-
тудің заңды тəсілдерін де анықтайды. Сонымен, егер адам табанды
еңбек етсе, оның «американдық арманы», əйтеуір, бір орындалуы
тиіс.
Жетістікке жету үшін барлық адамда жағдайлар бірдей емес,
бірақ олар кездесетін кедергілерге бірнеше тəсілдің көмегімен
бейімделе алады. Бұндай бейімделу тəсілдерін Р.Мертон анықтап
көрсетті:
Конформизм
(əлеуметтік тұрғыдан мақұлданған мақсаттар
мен оларға қол жеткізу тəсілдерін толық қабылдау
);
Инновация
(мақсаттарды қабылдау, оларға жетудің заңды
тəсілдерінен бас тарту
);
Ритуализм
(берілген немесе үйреншікті тəсілдерді олқы
қайталап қолдану
);
Ретризм
(əлеуметтік нормаларды орындаудан пассивті бас
тарту, мəселен, нашақорлық
);
Бүлік
(белсенді бүлік — əлеуметтік нормаларды мойында-
мау
).
Əлеуметтік девиацияның басқа объективті факторлары ретінде
мына факторлар мақұлданған: əлеуметтік өзара қарым-қатынасқа
қатысушылар арасындағы айырмашылықтар мен көңіліненшықпау
(Т.Парсонс); игілікті бөлу мен адамдардың тұлғалық қасиеттерінің
арасындағы сəйкессіздік
(П.Сорокин); девиантты субмəдениет
нормалары мен оқытудың əсерлері
(Р.Клауорд, Л.Оулин). Соны-
мен, жас бала кезден бастап девиантты
(қылмыстық, қақтығыстық
32
немесе ретристік
) субмəдениеттің ықпалына түскен жеке тұлға
девиантты мінез-құлықтың осындай формаларын өмірде қолдануы
əбден мүмкін.
Қарастырылған объективті əлеуметтік факторлармен қоса,
девиантты мінез-құлықтың субъективті себептері болады. Стигма-
тизация теориясына сəйкес
(Э. Лемерт, Г. Беккер) девиация
қоғамның өзі
(дəлірек айтқанда, əлеуметтік топ) жеке тұлғаға нақ-
ты адамның əрекеті мен абстракты ережелердің
(бастапқы
девианттылық
) арақатынасын белгілеу жолымен сəйкес жарлықтар
телудің салдары болып табылады. Бірте-бірте девиантты рөлді
сақтауға мəжбүр ететін атақ-даңқ қалыптасады
(қосалқы де-
виация
).
И. Гофман стигманы үш түрге бөледі: физикалық стигма
(туа
біткен ауытқушылықтар жəне денедегі зақымдар
); еріктің кемші-
ліктері
(ішімдікке салыну, нашақорлық, жан күйзелістері); нəсілдік
стигмалар
(«қаралар»).
Қазіргі заманғы ресейлік зерттеуші Ю.А.Клейберг жасөспі-
рімдердің девианттылығын зерттей отырып, жеке тұлғаның
мəдени нормаларға қарым-қатынасы арқылы девиантты мінез-
құлықты айқындайды. Оның берген анықтамасы бойынша, «ауыт-
қыған мінез-құлық — бұл əлеуметтік нормалар мен күтулерді
соларға деген тұлғалық құндылықты қарым-қатынасын көрсету
арқылы өзгертудің арнайы тəсілі». Бұл үшін ерекше амалдар
қолданылады: сленг, символика, сəн, манера, қылық жəне т.б.
Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы алға қойылған мақсатқа
жетудің, өзін-өзі танытудың жəне бəсендік құралдары ретінде
көрініс табады.
Осылайша, социологиялық жəне соған жақын əлеуметтік-
психологиялық теориялар девиантты мінез-құлықты əлеуметтік
үрдістердің, қоғам мен нақты тұлғаның арасындағы өзара қарым-
қатынастардың нəтижесі ретінде қарастырады. Бір жағынан, біз
қоғамның өзінде мінез-құлықтың ауытқуын тудыратын себептер
бар екендігін көреміз, мысалы: əлеуметтік дезорганизация мен
əлеуметтік теңсіздік. Екінші жағынан, нақты адамның жеке
тұлғалық рөлін оның жеке тұлғасының əлеуметтену үрдісінде
түсінеміз.
Тұлғаның мінез-құлқына əсер ететін маңызды факторлардың
бірі — ішкі, биологиялық жағдайлар, яғни кез келген сыртқы
33
жағдайлармен бірлесіп əрекет ететін табиғи өріс. Биологиялық
алғышарттарға мыналар кіреді: мұралық-генетикалық ерекше-
ліктер, индивидтің туа біткен қасиеттері
(ана құрсағында даму
барысында игерген қасиеттер
), импринтинг (онтогенездің ерте
кезеңдеріндегі қабылдаған мəлімет
).
Биологиялық фактор жеке тұлға тұрмысының төмендегі сипат-
тамаларын реттейді:
1. Онтогенез үрдісінің индивидуалдық өзгешелігі
(соның ішін-
де, пісіп жетілу, қартаю темпі
);
2. Гендерлік
(жыныстық) айырмашылықтар;
3. Жас ерекшеліктері;
4. Дене бітімі;
5. Денсаулық жəне төзімділік;
6. Жүйке жүйесінің типологиялық қасиеттері мен күйі.
Девиантты мінез-құлық табиғаты мен себептерінің биология-
лық түсіндірмесінің көне тарихы бар. ХІХ ғасырда итальяндық
дəрігер-психиатр əрі криминалист Чезаре Ломброзо
(1836—1909)
биосоциологиялық теория ұсынды, бұл теорияда ғалым адамның
қылмыстық іс-əрекетін оның анатомиялық құрылымымен байла-
ныстырды. Басты назар аударылған объектілер: бас сүйегі, ми,
мұрын, құлақтар, шаштың түсі, татуировка, қолтаңба, терінің
сезімталдығы, қылмыскерлердің психикалық қасиеттері. Антро-
пометрикалық əдісті қолданып, зерттеуші «туа біткен қылмыскер
типтің»
37 мінездемесін бөліп көрсетті, соның ішінде, астыңғы
жақтың шығыңқылығы, пұшық мұрын, сақалдың аздығы, құлақ-
тың сырғалықтарының үлкендігі. Кейіннен Ч.Ломброзо теориясы
тарихқа ғылыми ой ретінде енгенімен, ғылыми тұрғыда жарамсыз
деп танылды.
Аталмыш бағыттың тағы бір көрнекті өкілдерінің бірі —
американдық дəрігер жəне психолог Уильям Шелдон
(1898—1984)
темперамент түрлері
(жəне мінез-құлық) арасындағы, сонымен
қатар, адамның соматикалық құрылымының түрлері арасындағы
байланыстарды анықтады. Ғалым дене бітімнің үш түрін бөліп
көрсеткен: эндоморфты, мезоморфты, эктоморфты. Дене бітімнің
бұл үш түрі темпераменттің: висцеротония, соматотония, церебро-
тония секілді үш түрімен байланысады. Олардың үйлесімділігі —
психотип. Мысалы, соматотонияға рахаттануға мұқтаждық,
белсенділік, үстемдікке жəне билікке ұмтылу, қатерге бас тігуге
34
бейімдік, агрессивтілік, сезімсіздік. Керісінше, церебротонияда
ұстамдылық, сезімталдық, социофобия, жалғыздыққа бейімділік
байқалады.
Чарльз Дарвин ұсынған табиғи іріктеу мен мұрагерлік заң-
дарына негізделген эволюциялық əдіс биологиялық теориялардың
ішінде ерекше орын алады. Эволюциялық əдісті жақтаушылар
адам мінез-құлқының əр түрлі аспектілерін мұрагерлік бағдарла-
малардың көрінісі ретінде қарастырса, аталмыш əдісті сынау-
шылар жануарлардың мінез-құлқына қатысты заңдарды адам
психологиясын зерттеуде қолдануды негізсіз, орынсыз деп есеп-
тейді.
Дарвин идеясын дамытатын, Конрад Лоренцтің
(1903—1989)
адам мінез-құлқының əртүрлі құбылыстарын түсіндіреді, мəселен,
агрессия, ең алдымен өмір сүру үшін күрестің туа біткен
инстинкті. «Агрессияның пайда болуы, көбінесе өлім инстинктінің
пайда болуымен теңдестіріледі, бұл да басқалары сияқты
инстинкт, табиғи жағдайларда басқа инстинкттер секілді өмір мен
түрді сақтауға септігін тигізеді».
Қазіргі таңда адам мінез-құлқындағы биологиялық детерми-
нанттарды зерттеу ғылымның бірнеше саласында белсенді түрде
жүзеге асады: биологияда, медицинада, криминологияда, физио-
логияда жəне əсіресе, генетикада.
ХІХ ғасырдың атақты ғалымдары Фрэнсис Гальтон
(1822—
1911) мен Грегор Менделдің (1822—1884) есімдері психогенетика
дамуының басталуымен байланысты.
1865 жылы олар психоге-
нетика немесе евгеника саласындағы алғашқы зерттеулерінің
нəтижелерін жариялады. Кейінгі жылдары Ф.Гальтон алғаш рет
егіздер жəне статистикалық əдістерді қолдана отырып, жеке
тұлғалық айырмашылықтарға жүйелі зерттеу жүргізді. Оның
еңбектері интеллект детерминанттарын зерттейтін ғылыми ізде-
ністерге бастама болды. Тұлғалық мінездемелер мен мінез-құлық-
тар аз деңгейде зерттелді.
Тағы да бір ескеретін зерттеулер əлемнің көптеген елдерінде
жүргізілген экстраверсия мен нейротизмді қарастыратын зерт-
теулер болып табылады. Мысалы, Америкада, Австралияда жəне
Еуропада
(1992) швед ғалымы Нэнси Петерсон қиғаш кескіндер
əдісімен он бес мың туысқандық жұпқа жүргізген зерттеуі мынан-
дай екі тұжырым жасауға мүмкіндік берді:
35
1) нейротизм мен экстраверсия қасиеттері онтогенез барысын-
дағы генетикалық шарттастықпен сипатталады;
2) жастың үлкеюімен мұра қылушылық көрсеткіштері төмен-
дейді
(əсіресе, нейротизм жағдайында).
ХХ ғасырдың
60-жылдарының ортасында У. Петерс генети-
калық зерттеулер нəтижесінде ер адамдарда У — хромосо-
маларының артық болуы олардың криминалы зорлық-зомбылыққа
бейімділігін анықтайды деген қорытындыға келген
(тұтқындардың
арасында бұндай ауытқушылық əдеттегіден
15 рет жиірек
кездеседі
). Тұтқындарды зерттей отырып, Г.Айзенк экстраверттер
интраверттерге қарағанда қылмыс жасауға бейімдірек, ал бұл, өз
кезегінде, генетикалық деңгейде анықталған деген қорытындыға
келеді. Сонымен қатар, кейбір кəмелетке толмаған заң бұзу-
шылардың бас миының маңдай бөліктерінің дамуындағы артта
қалушылық айқындалған, бұл құбылыс нейрофизиологиялық
бұзылуға, ақырында құқыққа қайшы келетін əрекеттерге əкеліп
соғады. Мінез-құлықтың қандай да бір нақты түріне жауап беретін
геннің анықталмағанына қарамастан, көптеген мамандар мұра-
герлік пен мінез-құлық арасындағы түзетуді мойындайды. Ауыт-
қыған мінез-құлықтың басқа да биологиялық детерминанттарының
ішінде гормондардың ықпалы да аталады
(атап айтқанда,
тестостерон
). Төрт мың соғыс ардагерлеріне зерттеу жасай оты-
рып, Даббс мен Моррис
(1990) тестостерон деңгейі мен қоғамға
қарсы мінез-құлыққа бейімділіктің арасында байланыс болады
деген қорытындыға келген.
Жүйке жүйесінің қасиеті адам темпераментінің — оның
психикалық өмірінің динамикалық құрылымын анықтайтындығы
белгілі. Сəбилердің бір жылғы өмірін зерттеген Нью-Йорктік
лонгитюдті зерттеулері өмірдің бірінші айында пренаталды жағ-
дайлар мен босану ерекшеліктері секілді факторлар басым рөл
атқарады деген қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Генетикалық
тұрғыдан берілген жеке тұлғалық динамикалық мінездемелер
(яғ-
ни темперамент
) саласында шамамен тоғыз айлық жастан бастап
көрінеді.
А.Торгерсеннің егіздер зерттеулерінің мəліметтері бойынша,
6
жаста қиын темперамент синдромының компоненттерінің бесеуі
жоғары генетикалық құрылымдарға ие болады: əлсіз реакция,
36
реакцияның жоғары интенсивтілігі, төмен ырғақтық. Бұл кезде
нашар бейімделушілік жалпы отбасылық ортамен анықталса,
жағымсыз көңіл-күй индивидуалды ортада қалыптасады.
Тұтас алғанда, заманауи білімдер тұқым қуалаушылық жолмен
ауытқушы мінез-құлықтың қандай да бір нақты формасы беріл-
мейді
(мəселен, қылмыскерлік), девианттылықтың қалыптасу
мүмкіншілігін арттыратын индивидуалды-типологиялық қасиеттер
беріледі, мəселен импульсивтілік немесе көшбасшы болуға ұмты-
лыс деп айтуға мүмкіндік береді.
Осылайша, ішкі биологиялық үрдістер ауытқушы мінез-құлық-
тың қалыптасуында белгілі бір рөл атқарады. Олар қоршаған
ортаның кез келген əсеріне қатысты біздің реакциямызды анық-
тайды. Ауытқушы мінез-құлықтың биологиялық негіздерін дəлел-
дейтін фактілердің барлығына қарамастан, олар белгілі бір əлеу-
меттік ортада ғана іске асады. Оған қоса, мысалы, жүйке жүйесінің
реактивтілігін немесе гормоналды төмендеуді анықтай отырып,
əлеуметтік жағдайлардың өздері ағзада биологиялық өзгерістер
туындатуы мүмкін.
Тұтас алғанда жеке тұлғаның ауытқушы мінез-құлқы əлеумет-
тік жəне биологиялық факторлардың өзара күрделі əсерлерінің
нəтижесі болып табылады. Əлеуметтік жəне биологиялық фактор-
лардың əрекеттері өз кезегінде тұлғаның қарым-қатынас жүйесі
арқылы өтеді.
4-тақырып бойынша сұрақтар
1. Тұлғаның ауытқушы мінез-құлқының детерминациясы деген
не?
2. Девиантты мінез-құлықтың əлеуметтік детерминанттарын
атаңыз.
3. Девиантты мінез-құлықтың биологиялық алғышарттарының
негізгі теориялары.
4
-тақырып бойынша əдебиеттер
Акажанова А.Т., Кулдашева Н. Жасөспірімдік кезеңдегі мінез-
құлық ауытқушылығының психогенетикалық негіздері // Ұлт
тағылымы.— Алматы, 2007.— № 1 (2).— С. 279—282.
37
Вайзер Г.А. Смысл жизни и возраст. //Психолого-педагоги-
ческие и философские аспекты проблемы смысла жизни.— М.,
1999.
Гамезо М.В., Герасимова В.С., Горелова Г.Т., Орлова Л.М.
Возрастная психология: Личность от молодости до старости.—
М., 1999.
Джекебаев У.С. О социально-психологических аспектах прес-
тупного поведения.— Алма-Ата: Наука, 1971.
Жадбаев С.Х. Правопорядок и поведение несовершеннолетних /
Закон и подросток.— Алма-Ата, 1982.
Змановская Е.В. Девиантология (Психология отклоняющегося
поведения).— М., 2004.
Исаев Д.Н.,Каган В.Е. Аутистические синдромы у детей и
подростков: механизмы расстройства поведения //Психологи-
ческие нарушения поведения у подростков.— Л.,1973.
Каган В.Е. Аутизм у детей.— Л.,1981.
Кле М. Психология подростка: психосексуальное развитие.—
М.,1991.
Лоренц К.Агрессия (так называемое зло).— М., 1994.
Личко А.Е. Типы акцентуации характера и психопатий у
подростков.— М., 1999.
Максименко С.Д. Генетическая психология.— Москва-Киев,
2000.
Менделевич В.Д. Психология девиантного поведения.— Санкт-
Петербург, 2005.
Мясищев В.Н. Личность и невроз.— Л.: ЛГУ, 1998.
Равич-Щербо, Марютина Т.М., Григоренко Е.Л. Психогене-
тика.— М., 1999.
Райх В. Характероанализ.— М., 1999.
38
5-тақырып
Жасөспірімдердің қылмыскерлігі жəне оның алдын
алу шараларының психологиялық жəне педагогикалық
негіздері
Мінез-құлықтың бұзылуы немесе əлеуметтік бейімделмеушілік
деп мінез-құлықтың əлеуметтік тұрғыдан мақұлданбаған форма-
ларының пайда болуын атайды. Бұл формалар соншалықты əр
алуан болғанымен, олар басқа жасөспірімдермен жəне үлкендер-
мен жаман қарым-қатынастармен сипатталады. Бұл төбелестер
мен ұрсысуларда, немесе, мəселен, агрессивтілікте, бағын-
баушылықта, бұзақылық əрекеттерде немесе өтірік айтуда көрініс
табады. Сонымен қатар, бұлардың қатарына мектептегі сабақтан
қашу, қаңғыру, өрт қою, бұзақылық жасау, ұрлық жасау жəне т.б.
секілді қоғамдық тəртіпке қарсы жəне құқыққа қарсы қылықтар
кіреді. Көбінесе қылмысты «қиын» жасөспірімдер жасайды.
«Қиын» жасөспірімдердің мінез-құлқындағы бəріне ортақ
негізгі кемшіліктер: адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастың
өнегелі нормаларына жағымсыз көзқарас
(дөрекілік, қыңырлық,
өтірік айту, қатыгездік, тəртіпсіздік жəне т.б.
), оқу жұмысындағы
жағымсыз қылықтар
(жалқаулық, көңіл қоймаушылық, интеллек-
туалды енжарлық, танымдық қызығушылықтың болмауы жəне
т.б.
), сонымен қатар екі түрдің жағымсыз қасиеттерінің бір мез-
гілде көрініс табуы.
«Қиын» жасөспірімдерге психологиялық жəне педагогикалық
түзету жұмыстары дер кезінде жүргізілмесе, олар тұрақты
асоциалды мінез-құлықпен жəне заң бұзушылыққа бейімділікпен
сипатталатын санатқа өтіп кетуі мүмкін. Заң бұзушы жасөспірім-
дердің типологиялары олардың асоциалды топтар мен мінез-
құлықтағы кемшіліктерінің құрылымындағы рөлдерін бөлуге
негізделіп құрылған:
1. Асоциалды топтарды ұйымдастырушылар, бойында тұрақты
асоциалды мінез-құлық жиынтығы бар ұятсыздар
(қатыгездік,
агрессивтілік, деспотизм, арамтамақтық, пайдакүнемдік, кез кел-
ген жолмен көшбасшылыққа ұмтылу жəне т.б.
);
39
2. Қарапайым, анайы мұқтаждықтардың
(тағамдық, жыныстық,
ішімдік, нашақорлық жəне т.б.
) үстемдігіне бағынушылар;
3. Бейморальдық жəне позитивті ниеттердің арасындағы қақты-
ғысты сезінетін тұрақсыздар. Олар өздерінің мінез — құлық-
тарының құқыққа қарсы екендігін жете түсінуге қабілетті, бірақ
өзімшілдікпен болған жағдайға тойтарыс бере білмеу қоғамға
қарсы қылықтарға баруға мəжбүрлейді;
4.Өздеріне тəн өнегелі сезімдер мен ұстанымдары жоқ жəне
толық конформисте жəне өзгенің қалауын орындаушылар ретінде
жүретін еріксіздер;
5.Үнемі реніш, фрустрация сезімінде болатын, өздерін тым
жоғары бағалайтын жəне əрдайым кекіреюшілік, менсінбеушілік,
айналасындағыларға агрессивтілік жəне т.б. көрсететін аффектив-
тілер;
Типологиялардың əртүрлі жоспарлығы мен көп болуы «қиын»
жасөспірімдерді қайта тəрбиелеудің жекелеген міндеттерін ше-
шумен жəне олардың құқық бұзушы іс-əрекеттеріне баға берудің
бірыңғай кешенді психологиялық өлшемдерінің болмауымен
байланысты. Сондықтан да заң бұзушы жасөспірімдердің жеке
тұлғасының жекелеген қасиеттерін анықтаудың тар прагма-
тикалық əдістерінен бас тартқан жөн.
Жасөспірімдерде отбасылық сəтсіздіктер мен мектептегі жолы
болмаушылық нəтижесінде жойылатын эмоционалды ыңғайлылық
орнын толтыруды қажет етеді, өйткені «ешқандай адам өз
жақындары мен өзі араласатын адамдардың оны үнемі ұнатпауы
мен оған деген жағымсыз көзқарасы кезінде қоғамда өмір сүре
алмайды. Бұл азап адам үшін өте ауыр». Жасөспірімдердің эмо-
ционалды қанағаттанбаушылығының орнын толтыру олардың
жолдастық топтарда өзін-өзі танытуымен жүзеге асады. Мектеп-
пен жəне отбасымен байланысты үзу олар үшін маңызды болып
табылады. Жасөспірімдер топ болып қылмыс жасау үшін
жиналмайды. Олар араласуға, достыққа ұмтылады, ал кездейсоқ
кездесулерді бірігіп көңіл көтеру үшін қолданады. Топта басқа-
рушы рөлге арсыз, қатыгез, жасы жағынан үлкен жас адам ие
болған кезден бастап, жасөспірімдер тобы жаман жолға бұрылады.
Бұл басқарушы жасөспірім болуы мүмкін, бірақ, көбінесе, жасы
үлкен, рухани тұрғыдан азған адам болады, ол нағыз еркектік
қасиеттер балағат сөздер қолданумен, ішімдік ішумен, егер ақша
40
болмаса, оны қылмыс жолымен табумен көрінеді деген жалған
пікірмен жасөспірімдердің санасын уландырады. Рухани азған
жасөспірімдердің криминогенді топта ұзақ уақытын өткізуі олар
үшін бұндай топ қоғамдық институттардың
(отбасы, мектеп) оң
əсерінен анағұрлым алшақ спецификалық ортаға айналуына
əкеледі. Бұндай топ жасөспірімдерге қарым-қатынас жасау мұқ-
таждығын қанағаттандыруға, кедергісіз ішімдік ішуіне, бұрма-
ланған құндылықтар мен мүдделер жүйесіне сай уақыт өткізуге,
əлеуметтікке қарсы əрекеттердің көмегімен өзін-өзі танытуға
мүмкіндік береді.
Көптеген жағдайда жасөспірімдер топтың əсерімен, оның
достарға қолдау көрсету, топта алатын орнын беріктендіру,
құрдастарының алдында «абыройын» арттыру секілді мотивтерге
қатысты «моральдарының» əсерімен қылмыстар жасайды.
Кəмелетке толмағандардың қылмыстық іс-əрекеті бірнеше
мотивтерге негізделеді. Олардың ішінде бірінші орында өзін-өзі
таныту, топта өз орнын табуға ұмтылыс мотивтері тұр. Олардың
қатарына қарама-қайшы формада көрініс табатын «өсу мотивтері»
жатады: бір жағынан, жасөспірім «Мен басқаларың сияқтымын»
деп топты сендіреді, екінші жағынан, «Мен — тұлғамын» деген
пікірді атап көрсетеді. А.И.Долгова осы мотивтің мазмұнын аша
отырып, мынандай пікір айтады: «Мен басқаларың сияқтымын»
ұстанымынан микроортаның дəстүрлерін, əдет-ғұрыптарын бел-
сенді түрде қолдау, жолдастарына еліктеу
(«олар қайда болса, мен
де сондамын», «олар не істесе, мен де соны істеймін»
), топтан
қалмауға тырысу, жолдастарының алдында беделін түсірмеуге
тырысу, қылмыстық əрекеттерді жиі жасау туындайды. «Мен
тұлғамын» ұстанымы басқалармен, «өзгелермен» өзара қарым-
қатынас жасағанда көрінеді, ал өзінің микроортасында аса
қажеттілік туындаған кезде ғана кездеседі. Бұл ұстаныммен негізі
ренішке, ескертулерге тез жауап беру, өзін ерекше көрсету,
сəнмен киіну немесе керісінше, киімдерге, шаш қою əдісіне
қатысты нормаларды бұзу секілді əрекеттерге байланысты».
Зорлық қылмыстардың, əсіресе бұзақылықтың, қарақшылық
шабуылдардың негізінде гиперкомпенсация секілді психоло-
гиялық тетік жатыр. Айтарлықтай деңгейде ол кəмелетке толмаған
қылмыскерлерге де тəн. А.Р.Ратинов жəне Г.Х.Ефремова атап көр-
сеткендей, бұл өзін толыққанды емес деген сезімнен арылу үшін
41
өзіне жəне басқаларға, қоғам тəртіптеріне қарсы келетін, заң
бұзушылық іс-əрекеттермен болса да, өзінің тұлға екендігін
дəлелдеу
(«Герострат комплексі»). Талқылауларда өзін-өзі
танытуға ұмтылыс, өз күшін, батылдығын, ержүректілігін, тəуекел
етуге бейімдігін өзгелерге көрсету жəне өзі сезіну қарастырылады.
Аталған үрдістер бейтарап терминдермен басқаша атау жəне
белгілеу
(«ұрладым» деудің орнына «алдым») арқылы істеген
əрекетті «семантикалық қорғауда» көрініс табады.
Кəмелетке толмағандардың заң бұзушылық əрекеттерінің
мотивтерінің төмендегі жіктелімі ұсынылады:
1. Биологиялық мотивтер, бұл мотивтер ағзаның физиоло-
гиялық тіршілік етуін қамтамасыз етеді
(жасөспірім өзін, ішім-
дікке салынған ата-анасын, інілері мен қарындастарын асырайды
):
тамақ, отын ұрлау жəне т.б.;
2. Инфантилді мотивтер: өзін-өзі асырау немесе олжа табу
мақсаттары болмайды, романтикалық жəне шытырман реңкті
гедонистикалық мақсаттар басым болады. Мысалы, топта бос
уақытты «қызықты» өткізу мақсатында дүңгіршекті тонау: ұрлан-
ған заттарды бағаламайды, тамақ пен ішімдіктің қалғандарын
басқаларға берулері мүмкін;
3. Референтті топқа еліктеу реакциясы шеңберінде өзін-өзі
таныту мотивтері, мұнда топтық заң бұзушылықтардың əртүрлі
варианттары байқалады;
4. Материалды қамтамасыздану мақсатындағы пайдакүнемдік
мотивтер;
5. Туысқандар мен жақындардың жеке қажеттіліктерін қанағат-
тандырушы жалпы адамзаттық мотивтер. Мысалы, өзі немесе інісі
үшін велосипед ұрлау, қарындасы үшін ойыншықтар ұрлау жəне
т.б.;
6. Агрессивті мотивтер. Бұндай мотивтер бұзақылыққа, ванда-
лизм актілеріне, кек алу, өлтіру жəне т.б. бағыты бойынша
дифференцивті жəне дифференцивті емес əрекеттерге əкеледі;
7. Қорқыныш мотиві екіжақты болуы мүмкін: а
) топтың мүше-
леріне немесе оның басшысына психологиялық тəуелді болу,
бағыну жəне ə
) күштеп бағындыру жəне қоқан-лоққы көрсету
арқылы бағындыру. Дəл осы жерде мотивтер күресі анық көрінеді,
субъект өз іс-əрекетінің заңға қайшы екендігін жете түсінеді,
алайда, өз əрекеттерін басқара алмайды.
42
Кəмелетке толмағандардың қылмыстық тобының ішімдікпен
ерекше байланысы көп салалы, тура жəне кері байланыс болып
табылады. Жасөспірімдердің ішімдіктік эксцестері — бұл өзін
«үлкендік» тұрақтандыру, бос уақытты өткізу, еркін қарым-қа-
тынас амалдары. Олар топтық сипатты болады. Жасөспірімдердің
ішімдікті жалғыз ішкендерін көру өте сирек кездеседі. Оларға
міндетті түрде көрермендер, аудитория, солардың алдында əрекет
ету аса қажет жəне бұл топтық ішімдік ішудің эксцессін құрайды.
Еңбекпен емдеу профилакторияларында емделушілердің ауру
тарихын зерттеу жасөспірім жастан бастап ішімдік ішуді
бастағандарда ішімдік ауруы ішімдікті ішуді кəмелетке толып
бастағандарға қарағанда
2—3 есе тез дамитындығын көрсетті.
Ішімдікке салыну кесірінен рухани азған жасөспірімдер асоциалды
жəне криминалды топтарға бірігіп, ұсақ ұрлықтарды жиі жасайды,
дүңгіршектерге, сауда палаткаларына, супермаркеттерге жүк тасу-
шы болып жұмысқа орналасады, қайыр сұрайды.
Жасөспірімдердің ішімдікке деген қатынасы жəне оны қолда-
нуға мотивациясы бойынша, жасөспірімдер төмендегі типологияға
бөлінеді:
«əуестікпен» ішімдік ішуді бастағандар;
өзін-өзі тұрақтандыру мақсатында ішімдік ішетіндер;
“лəззат алуды” жақсы көретіндер;
“алкогольдік эстеттер»;
батылдылар;
ішімдікке тəуелділер.
Ішімдікті үнемі қолданатын жасөспірімдер тобы «тобырға»
оңай айналады, олар өздерін тұрақтандыру тəсілі ретінде мастық-
пен істелетін заң бұзушылықтарды таңдап алады: бұзақылық, күш
көрсету, вандализм актілерін жасау, төбелестер, пышақтасу жəне
т.б. Ішімдікті қолдануда батырсынатын жасөспірімдер тобы ең
криминалды қауіп төндіреді. Бұл батырлықтың мəні — «бəрінен
көп ішуге» ұмтылу. Олар бос уақыттарын өрескел өткізеді.
Ішімдікке бұндай ұмтылыс пен түсінік
(«жарты литр ішемін, бірақ
мас болмаймын», «менің нормама ешкім жете алмайды»
)
əлеуметтік жəне физикалық тəуелділіктің ішімдікке физикалық
тəуелділікке бой ұруын жеделдетеді, жеке тұлғаның азғындауына
əкеледі. Алкогольдік аурудың бұл сатысында адам не болса соны
іші береді, кез келген адаммен, кез келген уақытта жəне кез келген
43
жерде іше береді жəне бұндай күйде адам ішімдік сатып алу үшін
қажетті олжа табу мақсатында кез келген қылмысты жасайды.
Соңғы уақытта криминалды жастар арасында ішімдікке деген
жаңа, қарама-қайшы ұстаным пайда болды — өзгеше құрғақ заң.
Бұл жасөспірімдердің ішінен физикалық тұрғыдан жақсы дамы-
ғандарын өздеріне оққағар, бағынбайтындарды жазалайтын
қолшоқпарлар, «салық» жинаушылар жəне т.б. етіп жұмысқа
алатын мафиялық құрылымдардың əсерінен пайда болды.
Жасөспірімдердің топтарының ішінде өзін есеңгірету мақса-
тында токсикоманияның алуан түрлерін қолданып, өзін-өзі улан-
дыратын, яғни өзін-өзі құртатын заң бұзушылар кең тараған.
Əдетте жасөспірімдер құрамында спирт бар қатты əсер ететін
заттарды — бояуларды, əртүрлі аэрозолдарды иіскейді; парфю-
мерия өнімдерін қолданады; наркотикалық заттардың əсеріне
жақын күй тудыратын дəрі-дəрмектерді көп көлемде жұтады;
веналарына əртүрлі қоспалар құяды; тұрмыстық химия заттарын,
өндірістік эмульсиялар мен бояғыштарды, өсімдіктен жасалған
əртүрлі заттарды қолданады;
Улағыш заттарды қолдану мотивтері ішімдікті қолдану мотив-
терімен сəйкес келеді. Ең кең тарағандары:
Құмарлықпен қолдану;
Батырлығын көрсету;
өзі сияқтылардың ортасында өзін-өзі танытуға ұмтылыс;
Топтық іс-əрекеттер
(«біреуге серік болу үшін»);
«лəззат» алуды қалау;
көңілін көтеруді қалау;
шынайы өмір мəселелерін ұмытып, галлюцинация əлеміне
енуді қалау;
асоциалды жəне криминалды əрекеттердің басқа түрін істеу
алдында психологиялық кедергіні жою
(топтық жыныстық қаты-
нас жасар алдында, қылмыс жасар алдында жəне т.б.
).
Маскүнемдер секілді, барлық токсикомандарға улы заттар са-
тып алу, сақтау жəне тұтыну үшін топтарға бірігу тəн. «Біреуге
серік болу» улы заттармен улану қорқынышын жеңіл жояды,
уландырудан пайда болған галлюцинация күйін кешу қызығырақ.
Бұл күйде жасөспірімдерге иланушылық, мінез-құлқының топтан
тəуелділігі тəн. Сондықтан да тəжірибелі көшбасшылардың қо-
лындағы токсикомандар əртүрлі ауыр қылмыстар жасаудың
44
құралы болып табылады. Улағыш заттар немесе олардың алмасты-
рушылары, медициналық дəрі-дəрмектер үшін токсикомандар кез
келген қылмыс түрін жасауға дайын. Улағыш заттарды қабылдау
токсикоманы өлімге алып келуі жиі кездеседі. Токсикомандар
тобын жасөспірімдердің өрескел қылмыстық топтарына жатқызуға
болады.
Нашақорлық — төтенше күрделі əлеуметтік жағымсыз құбы-
лыс. Бұл құбылыс есірткі заттарын дайындауды, сақтауды жəне
сатуды қамтиды. Бұл — халықаралық сипатқа ие болған, қыл-
мыстық сауданың ең табысты саласы. Бұл салада есірткі заттарын
тұтынушы ретінде де жəне қылмыстық кəсіптің субъектісі ретінде
де жасөспірімдер маңызды орын алады. Бұл салада жалғыз жұмыс
істемейді. Əдетте нашақорлар тобын жазалау мекемелерінде
жазасын өтеп келген үлкен немесе бозбала басқарады. Бұл топқа
мынандай белгілер тəн: айқын көрінетін құпиялық, бірлескендік,
топтағы рөлдердің нақты бөлінуі, өз заңдары мен мінез-құлық
ережелері, ақпарат алмасуда қолданылатын сигналдар. Есірткі
заттарын дайындаумен, сақтаумен жəне сатумен айналысатын
топты көбінесе нашақорлармен, яғни есірткі қолданатындармен
теңестіреді, бұл дұрыс емес. Есірткі заттарын таратуды баю тəсілі
ретінде таңдап алған топ мүшелері есірткі заттарын пайда-
ланбайды. Бұндай топ тек қана есірткілер даярлайды, сақтайды,
сатады, қордалар ұйымдастырып, басқа адамдарды есірткілер
қолдануға қызықтырып, нашақорлыққа еліктіреді. Бірақ нашақор-
лық міндетті түрде топтық қылмыстарға себепкер болады.
Ең танымал топтық қылмыстар:
1. Опиумдық мак, үнді, оңтүстік, маньчжурлық сора жəне басқа
да өсіруге тыйым салынған, құрамында есірткі заттар бар өсім-
діктерді заңсыз егу жəне өсіру;
2. Құпия нашақорлар тобы арқылы есірткі заттарын өсірілген
аймақтан елдің басқа аймақтарына тасымалдау;
3. Есірткілік əсері бар дəрі-дəрмектерді алу мақсатында жалған
рецепттер жасау;
4. Дəрілік мақсаттарға арналған рецепттер мен есірткілерді сату;
5. Есірткілерді қабылдайтын қордалар ұйымдастыру немесе
ұстау немесе осындай мақсаттарға ғимарат тауып беру;
6. Есірткінің əсері кезінде топтық қылмыс жасау немесе есірткі
сатып алуға қажетті қаражат табу үшін қылмыс жасау
(тонау,
ұрлау, қарақшылық шабуылдар жəне т.б.
);
45
7. Синтетикалық есірткілер, «винт» типті
(əдеттенуге жол бер-
мейтін
) есірткі дайындайтын құпия зертханалар ашу жəне есірткі
əсерінен туындайтын мастық күйге жету үшін тірі организмдерден
бөлінетін заттарды
(өрмекші тəрізділердің жекелеген түрлерін)
қолдану.
Есірткімен айналысатын топтардың арасында қылмыстық кəсіп
саласы үшін, сауда аймақтарын бөлісу үшін үнемі ашық жəне
жасырын соғыстар болады. Бұндай қақтығыстарда көптеген адам-
дар, баю ғана үшін өз өмірін қауіпке тігіп, осы соғысқа келісіп
келгендер қаза болады. Кəмелетке толмағандар бұл соғыста —
ұсақ тиындар ғана.
Алдын алу шаралары мен олардың классификациясы
Зерттеулер жасөспірімдердің қылмыскерлігі үлкендердің қыл-
мыскерлігіне қарағанда олармен күресу шараларына «сезімтал»
келеді. Ең алдымен, бұл жергілікті билік орындары жүзеге асы-
ратын
(əкімат) аймақтық деңгейде жүзеге асыратын жал-
пыəлеуметтік, экономикалық, ұйымдастыру шаралары. Алдын алу
жұмысын оқу орындарында жəне сол оқу орындарында қызмет
атқаратын адамдармен тікелей ұйымдастыру қажет. Бұл жұмыс
жалпы шаралармен қоса, жасөспірімдердің топтық жəне инди-
видуалды қылмыстарының алдын алу бойынша арнайы мақсатқа
бағытталған психологиялық, педагогикалық, арнайы кримино-
логиялық шараларды қамтуы қажет.
Жалпы шаралар жалпы оқу үдерісінің сапасын арттыруды, оны
ұйымдастыруды, əдістемелік деңгейін жетілдіруді қажет етеді. Бұл
— оқу жоспарын нақты орындау, сабақтарға орынсыз себептермен
келмей қалуларды ескерту, оқушылардың күнделікті сабақтан
кейінгі уақыт өткізулерін ұйымдастыру, мəдени іс-шаралар
ұйымдастырып өткізу жəне т.б. Сонымен қатар жалпы шараларға
тəрбиелік шаралар да енеді. Бұған тек «оқытудың тəрбиелік рөлін
жетілдіру» ғана емес, сонымен қатар педагогтердің оқушылармен
тұлғааралық қарым-қатынастарын адамгершілік тұрғысынан
дамыту да енеді.
Арнайы психологиялық жəне педагогикалық шаралар:
психодиагностикалық: оқуға түскен контингентті зерттеу
жəне қылмыс жасауға бейім тұлғаларды
(есепте тұрған, қиын жəне
педагогикалық қараусыз қалған, сонымен қатар, сотталғандар,
арнайы мектептер мен колониялардан келген оқушыларды
) анық-
46
тау, олардың мектептегі жəне мектептен тыс достық байла-
ныстарын анықтау;
психологиялық түзету: жұмыстың индивидуалды жəне ұжым-
дық формаларын қолданып, осы оқушылармен жүйелі түрде
құқықтық тəрбиелеу жұмыстарын жүргізу; олардың тұлғааралық
қарым-қатынастарын бақылау;
психопрофилактикалық: жайсыз отбасынан, сонымен қатар
оқу топтарынан «шеттетілген» жасөспірімдердің топтық заң
бұзушылықтарының ерте алдын алу шараларды кеңінен қолдану;
оқу орындарында жəне олардан тыс жерлерде де үнемі бақылау
жүргізу.
Аталған шаралардың нəтижелі болуы кəмелетке толмағандар-
дың қылмыстық əрекеттерінің алдын алумен айналысатын
мамандардың жоғары деңгейі мен психологиялық жəне педаго-
гикалық біліктілігіне, терең білімі мен профилактикалық жұмыс-
тың негізгі принциптерін ұстануына тығыз байланысты. Про-
филактикалық жұмысқа қатысушының əрқайсысы жасөспірімдер
қылмыстық əрекеттерінің ерекшеліктерін жəне олардың алдын алу
жұмыстарының ерекшеліктерін жақсы білуі керек.
Жасөспірімдердің қайталанбалы қылмыстарымен күресудің
негізгі, маңызды бағыттарының бірі арнайы оқу-тəрбиелеу меке-
мелерінен жəне еңбекпен тəрбиелеу колонияларынан келген
жасөспірімдердің əлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ету болып
табылады. Бұл күрделі мəселе, себебі бұндай мекемелерден
қайтып оралған жасөспірімдердің тең жартысы ата-ананың
қамқорлығынсыз қалған жетім балалар. Оларды ешкім күтпейді,
көбінің тұратын жер, жейтін тамағы жоқ. Жұмысқа орналасу мен
тұрғын үй мəселесін шешу өте қиын.
Достарыңызбен бөлісу: |