82
10-тақырып
Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқын психологиялық
жəне педагогикалық түзету
Жеке тұлғаның ауытқушы мінез-құлқын əртүрлі əлеуметтік
институттар реттейді. Қоғамдық əсер ету — құқықтық санкциялар,
медициналық араласу, педагогикалық ықпал, əлеуметтік қолдау
жəне психологиялық көмек сипатында болуы мүмкін. Мінез-
құлықтық бұзылулардың күрделі сипаты, олардың алдын алу мен
жою əлеуметтік ықпалдардың жақсы ұйымдастырылған жүйесін
талап етеді. Психологиялық көмек — қарастырылып отырған
жүйенің деңгейлерінің бірі ретінде байланыстырушы рөлін
атқарады жəне айқын гуманистік бағытымен ерекшеленеді. Бұл
факт психологиялық жұмыстың құпиялық, еріктілік жəне жеке
мүдделілік, адамның өз өміріне жауапкершілігін өзіне алуы, өзара
сенімділік, қолдау, жеке тұлға мен индивидуалдылықты құрметтеу
секілді принциптерінде көрініс табады.
Психологиялық көмек негізгі екі бағытта жүзеге асырылады:
психологиялық превенция
(ескерту, профилактика) жəне психоло-
гиялық интервенция
(қиындықты жеңу, түзету, реабилитация).
Ереже бойынша, психо-диагностика жұмыстың дербес бағыты
емес жəне психологиялық көмектің мақсаты болмауы тиіс. Бұл
əрекеттің көмекші түрі, маңызды, бірақ міндетті емес, бұл аралық
практикалық міндеттерді шешеді.
Ауытқушы мінез-құлық профилактикасы көбінесе кəмелетке
толмағандарды мысалға алу арқылы қарастырылады. Əлемдік
денсаулық ұйымы профилактиканың үш түрін ұсынады: бастапқы,
екінші жəне үшінші профилактика. Бастапқы профилактика белгілі
бір құбылыс тудыратын жағымсыз факторларды жоюға, сонымен
қатар бұл факторлардың əсеріне жеке тұлғаның төзімділігін
арттыруға бағытталады. Бастапқы профилактиканы жасөспірімдер
арасында кеңінен қолдануға болады. Екінші профилактиканың
міндеті — жүйке-психикалық ауытқуларды ерте анықтау жəне
оңалту, сонымен қатар "қауіпті топпен" жұмыс. Үшінші
профилактика мінез-құлықтың ауытқуларын тудыратын жүйкелік-
психикалық бұзылулар секілді арнайы міндеттерді шешеді.
83
Сонымен бірге, үшінші профилактика девиантты мінез-құлықты
тұлғалардың қылмысты қайталауының алдын алуға бағытталуы
мүмкін.
Психопрофилактикалық жұмыс барлық үш деңгейдегі іс-
шаралар кешеніне кіре алады. Психопрофилактикалық жұмыстың
бірнеше формалары бар:
əлеуметтік ортаны
(отбасы, əлеуметтік топ, нақты тұлға)
ұйымдастыруға: салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша
жасалатын əлеуметтік жарнама, БАҚ, жастардың субмəдениетімен
жұмыс;
мəлімет беру
(дəрістер, əңгімелесулер, арнайы əдебиеттерді,
видео жəне телефильмдерді тарату
);
əлеуметтік тұрғыдан маңызды дағдыларды белсенді əлеумет-
тік үйрету;
Аталмыш үлгі көбінесе топтық тренингтер формасында жүзеге
асады. Қазіргі кезде төмендегідей формалар кең тараған:
1. Резистенттілік
(əлеуметтік жағымсыз əсерге тұрақтылық)
тренингі. Тренинг барысында девиантты мінез-құлыққа нұсқаулар
өзгереді, жарнамалық стратегияларды тани білу дағдыларын
қалыптастыру, құрдастар қысым көрсеткен кезде "жоқ" деп айту
қабілетін дамыту, ата-аналар мен басқа үлкендердің
(мысалы,
ішімдік ішетіндердің
) ықтимал жағымсыз əсері туралы ақпарат
беріледі.
2. Ассертивтілік тренингі, немесе аффективті — құндылыққа
үйрету тренингі. Ол девиантты мінез-құлық эмоционалды ауыт-
қушылықтармен тікелей байланысты деген түсінікке негізделеді.
Аталмыш мəселенің алдын алу үшін жасөспірімдер эмоцияларды
тани білуге, оларды қолайлы түрде көрсетуге жəне түңілуді (стрес)
жеңе білуге үйретіледі.
3. Өмірлік дағдыларды қалыптастыру тренингі. Өмірлік
дағдылар дегеніміз — тұлғаның ең маңызды əлеуметтік іскер-
ліктері. Ең алдымен, бұл қарым-қатынас жасау, достық байла-
ныстарды сақтау жəне тұлғааралық қарым-қатынастардағы қақты-
ғыстарды шешу іскерлігі, сонымен қатар бұл өзіне жауапкершілік
алу, алдына мақсат қою, өз ұстанымы мен мүддесін қорғау қабі-
леті:
девиантты мінез-құлыққа альтернативті əрекет ұйымдастыру
(таным, өзін-өзі сынау, қарым-қатынас, махаббат, шығармашылық,
əрекетшілдік
);
84
салауатты өмір салтын ұйымдастыру
(дұрыс тамақтану, таза
ас, жүйелі физикалық жұмыс көлемі, еңбек жəне демалыс режимін
сақтау, табиғатпен қарым-қатынас, нысапсыздықтан аулақ болу
)
жəне т.б.;
жеке тұлғалық ресурстарды белсендендіру
(спортпен шұғыл-
дану, шығармашылықпен айналысу, топтық тренингтерге қатысу,
арттерапия
) жəне т.б.;
девиантты мінез-құлықтың жағымсыз салдарын азайту
(мəлі-
мет беру, топтық пікірталас, тренингтік жаттығулар, рөлдік
ойындар, əлеуметтік тиімді мінез-құлықты үлгілеу, психоте-
рапевтік əдістемелер
) жəне т.б.
Қолданылған əдістерге байланысты, психопрофилактикалық
жұмыс тренингтер, білім беру бағдарламалары
(мектептік арнайы
курс
), психологиялық кеңес беру, дағдарыстық көмек (сенім
телефоны
) формасында, сонымен қатар шекаралық күйлер мен
жүйкелік психикалық ауытқулардың психотерапиясы формасында
жүзеге асыруға болады.
Девиантты мінез-құлықтың ерекшелігіне сəйкес психопрофи-
лактикалық жұмыстың мынандай принциптерін ажыратуға
болады:
кешенділік
(əлеуметтік кеңістіктің, отбасының жəне тұлғаның
əртүрлі деңгейлеріне əсерді ұйымдастыру
);
ақпараттың жағымдылығы;
жағымсыз салдарды азайту;
бағыттылық
(жас ерекшелігі, жыныстық жəне əлеуметтік
сипаттамаларды ескеру
);
көпшілікке арнаушылық
(жұмыстың топтық формасының ба-
сымдылығы
);
болашаққа ұмтылыс
(мінез-құлық салдары, жағымды құнды-
лықтар мен мақсаттарды белсендендіру, девиантты емес мінез-
құлықтың болашағын жоспарлау
).
Мемлекеттік саясаттың нормативті құжаттары мен тұжырым-
дамалық қағидаларында жалпы жəне арнайы профилактика
ұғымдарын бөліп қарастырады. Жалпы профилактика
(грек тілінен
аударғанда — "сақтап қалу, ескерту"
) отбасының физикалық жəне
əлеуметтік тұрғыдан дені сау балалар тəрбиелеу қызметтерін
толық орындауға қажетті əлеуметтік-экономикалық, əлеуметтік-
85
мəдени жəне əлеуметтік-педагогикалық қолайлы жағдайлар
жасауға бағытталған; жалпыға білім беретін оқу мекемелерінің
барлық түрлерінің тəрбиелік қызметтерін жүзеге асыруға,
оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттерін толыққанды
дамытуды, сабақтан тыс уақытта қоғамға пайдалы іс-əрекеттермен
айналысуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жиынтығы
ретінде қарастырылады.
Арнайы профилактика "қауіпті топ" балаларына, девиантты
жасөспірімдерге, кəмелетке толмаған заң бұзушыларға бағыттал-
ған түзету-реабилитациялық шараларды қамтиды. Ол психоло-
гиялық-педагогикалық қолдау мен жасөспірімдерге əлеуметтік
құқықтық көмектің əртүрлі іс-шаралары, оларды ата-аналардың
көңіл қоймауынан, қатыгездіктен, зорлық-зомбылықтан жəне
асоциалды ортаның теріс əсерінен қорғау болып табылады.
Түзету-профилактикалық жұмыс — мектептің, отбасының, бос
уақытты өткізетін ортаның жəне формальды емес топтардың,
əлеуметтік институттар мен қоғамдық ұйымдардың бір-бірімен
етене байланысында жүзеге асады.
Осылайша профилактикалық жəне түзету-педагогикалық əрекет
девиантты мінез-құлқы бар жасөспірімдерді анықтау, даму мен
мінез-құлықтағы ауытқулардың себептері мен жағдайларына
диагностикаға бағытталған əлеуметтік-педагогикалық үдерістің
құрамды бөлігі болып табылады.
Ауруды жою жəне алдын алу үшін оның бастау көздері мен түп
тамырын жою қажет. Ауытқыған мінез-құлықты жеңу немесе
алдын алу үшін, ең алдымен, əлеуметтік ортаның теріс ықпалын
зарарсыздандыру, əлеуметтік факторлардың теріс əсерін шектеу
(жағдайы нашар отбасы, асоциалды топ, құқыққа қарсы тұл-
ғааралық қарым-қатынас
).
Сонымен бірге ғылыми зерттеулер жəне педагогикалық
тəжірибе ата-ана құқынан айыру, асоциалды топтарды тарату,
жасөспірімдерді интернатты типті мекемелерге немесе девиантты
жасөспірімдерге арналған арнайы оқу-тəрбиелік мекемелерге
жіберу сияқты терең батыл шаралар қолдану үнемі тиімді емес.
Олар үнемі қажетті нəтиже бермейді, мəселені жоймайды,
керісінше, оны тереңдете түседі немесе қандай да бір уақытқа
тоқтатады, оның дамуын бəсеңдетеді. Сондықтан девиантты мінез-
құлықты жасөспірімдермен түзету — педагогикалық жұмыс
86
ұйымдастыру жəне олардың ауытқушы мінез-құлықтарының се-
бептерін ескерту барысында тұлғаның дамуына орта фактор-
ларының ықпал күшін, топтағы құрдастарымен тұлғааралық
қарым-қатынасының референтті маңызын ескеру қажет.
Ауытқушы мінез-құлықтың алдын алу мен жеңуде ата-
аналарға, отбасылық микроклиматқа, тəрбиелеу потенциалына,
отбасылық ішкі қарым-қатынасқа психологиялық жəне педаго-
гикалық əсер етудің əртүрлі жолдары мен тəсілдері бар. Бұл
ықпалдар тура, тікелей сипатта, сонымен қатар жанама сипатта
болуы мүмкін.
Жасөспірімдер мен ата-аналардың қарым-қатынастарын
жəне отбасылық қарым-қатынастарын түзету
Əр отбасында индивидуалдық ерекшеліктер бар жəне сыртқы
араласу оларға əртүрлі əсер тигізетін болғандықтан, педагог əсер
етудің тура жолын да, жанама жолын да қолданғаны жөн. Екі
жағдайда да, біріншіден, отбасыға ішкіотбасылық атмосфераны
бағалау, отбасылық қарым-қатынаста орын алған жағдайға талдау
жасау; екіншіден, орын алған өзара қарым-қатынасты өзгерту
ниетін тудыру, отбасындағы қарым-қатынасты өзгерту жолдары
мен тəсілдерін көрсету; үшіншіден, отбасы мүшелерімен біріге
отырып, жағымды, қоғамдық маңызды отбасылық қарым-
қатынастың болашақ бағыт-бағдарын анықтау секілді бірнеше
міндеттер шешіледі. Отбасы түріне байланысты, жұмыстың əр-
түрлі формалары мен əдістері қолданылады, мектеп пен қоғамның
ата-аналарға кешенді ықпалы жүзеге асырылады.
Отбасылық қарым-қатынастары мазмұнсыз, тиянақсыз сипатты,
салыстырмалы тұрғыда жалпы жəне өнегелі мəдени деңгейі төмен,
педагогикалық тұрғыда шамасыз отбасыларының əдетте тəрбие
мəселелерінде біліктіліктері аз болады. Бұндай отбасылары түзету
мақсатында жалпыға міндетті педагогикалық оқудың жалпы
жүйесіне кіреді. Бұндай отбасылары үшін мектеп педагогтері,
мектеп психологтары жүргізетін педагогикалық кеңес беру
формасын қолданған жөн. Бұл жағдайда өздерінің білімсіздіктерін
мұғалімдер дұрыс түсінбейді жəне оны өздеріне жəне балаларына
қарсы қолданады деген ата-аналардың сенімсіздіктері мен наным-
сенімдерін жою қажет. Кеңес беру кезінде ата-аналарға тек
балаларды тəрбиелеуде кездестіретін қиындықтарды ғана əңгі-
мелеу мүмкіндігі берілмейді, сонымен қатар, жағдаятқа бірге
87
талдау жасауға, кеңес алуға, нақты ұсыныстар алуға, мəселенің
əртүрлі шешімдерін талқылауға мүмкіндік беріледі.
Педагогикалық кеңес — педагогикалық тұрғыдан қараусыз
қалған жасөспірімдердің отбасылармен жүргізілетін жұмыстың
қызықты жəне тиімді формасы. Алайда бұндай ата-аналарды
мектептегі қоғамдық жұмыстарға белсенді қатыстыру қажет.
Отбасының екінші түрі — педагогикалық енжарлар: объективті
себептерге байланысты балаларға тура тəрбиелік əсер етуде енжар
отбасылар. Бірақ отбасының өнегелі микроклиматы, қарым-
қатынас стилі жəне қарым-қатынас сипаты — жасөспірімдерге
белсенді ықпал ету факторлары болып табылады. Осыған байла-
нысты, бұл отбасыларымен жұмыс барысында олардың тəрбиелі
ықпал жүйесіне талдау жасаумен бірге, отбасындағы қарым-
қатынас сипатын өзгерту жəне түзету қажет.
Объективті себептерге
(жұмысбастылық, ата-аналардың жиі
болмауы жəне т.б
) қарай педагогикалық тұрғыдан енжар отба-
сыларымен мектептің көмегімен мəселелерді сындарлы (конструк-
тивті) шешу мүмкін болады. Субъективті себептерге байланысты
педагогикалық тұрғыдан енжар, балалармен қақтығыстық қаты-
настағы жəне оларды тəрбиелеумен айналыспайтын отбасыла-
рымен тек мектеп қана емес, басқа да əлеуметтік институттар
жұмыс істеуі қажет. Отбасының бұндай түрлері отбасылық қарым-
қатынастың антипедагогикалық түріне жақын, бірақ олардан
жүйелі антипедагогикалық ықпалдың болмауымен айрықша-
ланады. Бұл отбасыларында қарым-қатынас стилінің айрықша
қасиеті ата-аналармен балалардың арасындағы өзара қарым-
қатынастың үзілуі болып табылады. Қарым-қатынас деструктивті
сипатта болады, оның бағыттылығы, құндылық бағыттары
жағымсыз жаққа ауысқан. Əрине, мəселені шешудің ең оңай жəне
тез жолы — жағымсыз қарым-қатынастың бастау көздерін жою,
жасөспірім мен отбасы арасындағы өзара байланысты тоқтату,
яғни ана мен əкені ата-аналық құқықтан айыру. Бірақ бұл қадам
дұрыс па, ол жас өспірімнің жанына жара салмай ма?
Отбасылық қарым-қатынасты түзету мəселесін отбасылардың
антипедагогикалық түрімен шешу өте қиын. Бұл отбасылар өзінің
алдамшы жақсы жағдайы жəне жалған белсенділігімен өзінің
антипедагогикалық болмысын жасырады. Сондықтан да бұндай
отбасылары қайта бағыт-бағдар беру жұмыстарын ғана емес,
88
сонымен қатар отбасылық қарым-қатынас жағдайларын өзгертуді
қажет етеді. Педагогикалық кеңестер мен ұсыныстарға қатысты
теріс пікір, көбінесе оларды жоққа шығару немесе қабылдамау
мектеп пен тұтас ата-аналар қоғамының күш салуын талап етеді.
Бұл отбасыларындағы қарым-қатынас пен өзара əрекеттестікке
əсер етудің негізгі жолын мектеп, педагогикалық ұжым жүзеге
асырады, бұл іс-шарада олар ата-аналар комитетіне жəне мек-
тептің қамқорлық кеңесіне арқа сүйейді, дербес жəне топтық
жұмыс формаларын қолданады.
Қамқорлық кеңесі, сыныптардың ата-аналар комитеттері жағ-
дайы нашар əр отбасымен мақсатты түрде жұмыс жүргізуі қажет;
белсенді ата-аналар — педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған
жасөспірімдердің ата-аналарын мектептің қоғамдық пайдалы
жұмыстарына тартуға байланысты еңбекті көп керек ететін жеке-
дара жұмыстар жүргізеді; балалармен бірлесіп, іс-шаралар
ұйымдастырып, өткізу қажет. Бұл оларға өз балаларын іс жүзінде
көруге, оларды сыныптастарымен салыстыруға, əр баланың
ықтимал мүмкіндіктерін көруге, бала ең жақсы жəне көнгіш болуы
үшін қандай шара қолдану қажеттігін ойлануға мүмкіндік береді.
Ата-аналардың бұл санатымен тиімді жұмыс формаларының
бірі балалар мен жасөспірімдерді отбасында тəрбиелеу мəселелері
бойынша пікірталастар, диалог-конференциялар үйымдастыру бо-
лып табылады.
Девиантты мінез-құлықты кəмелетке толмағандардың отбасын-
дағы қарым-қатынасты түзету нəтижесі бүкіл отбасына тура жəне
жанама əсер етудің үндесуіне байланысты болады.
10-тақырып бойынша сұрақтар
1. Кəмелетке толмағандар арасында профилактикалық жұмыс-
тың негізгі деңгейлері.
2. Балалармен жəне жасөспірімдермен жүргізілетін психопро-
филактикалық жұмыстың принциптері.
3. Отбасылық өзара қарым-қатынастарды түзету.
10
-тақырып бойынша қолданылатын əдебиеттер
Абеуова И.А., Дусманбетов Г.А., Махаманова М.Н., Шерьяз-
данова Х.Т. Психологическая служба в вузе.— Алматы, 2004.
89
Акажанова А.Т. Учебно-методический комплекс по спецкурсу
«Психолого-педагогическая коррекция девиантного поведения
несовершеннолетних».— Алматы, 2005.
Алиева М.А., Гришанович Т.В., Лобанова Л.Б., Травникова Н.Г.,
Трошихина Е.Г. Тренинг развития жизненных целей. Программа
психологического содействия социальной адаптации.— СПб., 2001.
Бадмаев С.А. Психологическая коррекция отклоняющегося
поведения школьника.— М.,1999.
Вачков И.В. Основы технологии группового тренинга.— М.,
1999.
Дусманбетов Г.А., Шерьязданова Х.Т. Тренинг-программа
«Саморазвитие личности подростков». — Алматы, 2004.
Көмекбаева Л.К. Білім беру ұйымдарындағы психологиялық
қызметті ұйымдастыру / Мектеп психологтары мен мұғалімдер-
ге арналған əдістемелік нұсқау.— Алматы: Қайнар, 2003.
Кэдьюсон Х.К., Шефер Ч. Практикум по игровой психоте-
рапии.— СПб.: Питер, 2000.
Малкина-Пых И.Г. Кризисы подросткового возраста (Спра-
вочник практического психолога).— М., 2004.
Садвакасова З.М., Зиябекова Б.Т., Мадалиева З.Б. Тренинг в
подготовке специалистов в вузе.— Ч. I, II.— Алматы, 2007.
Хухлаева О.В. Основы психологического консультирования и
психологической коррекции.— М., 2001.
90
11-тақырып
Психологиялық-педагогикалық түзету іс-шараларының
ұйымдастыру негіздері
Жалпы білім беру мектебінің мұғалімі оқу-тəрбиелеу үдерісінде
жəне түзету-педагогикалық іс-шарасында ең басты тұлға болып
табылады. Ол айрықша педагогикалық ықыласты қажет ететін
оқушылармен түзету-педагогикалық үдерісін ұйымдастырады,
нақты мазмұнын анықтайды жəне жүзеге асырады. Ол оқушылар
мен ата-аналардың арасында байланыс орнатады, қарым-қаты-
насты түзетеді, балалар мен жасөспірімдердің дамуы мен мінез-
құлқындағы кемшіліктердің алдын алуға жəне жеңуге бағытталған
нақты əдістер мен амалдарды іріктейді жəне қолданады.
Алайда, ғылыми зерттеулер мен мектептердегі педагогикалық
тəжірибе көрсеткендей, кез келген мұғалім түзетуші педаго-
гикалық ықпалдардың толық əдіс-тəсілдерін қолдана алмайды.
40-
тан
70%-ға дейін мұғалімдер дамуы мен мінез-құлқында ауытқу-
шылық бар балалардың əртүрлі санаттарымен тəрбиелеу жəне
түзету жұмыстарын ұйымдастыруда қиыншылықтарға кездеседі.
Олар баламен сенімді қарым-қатынас орната алмайды. Оларға
тəрбиелеу жағдайын басқару қиын, баланың мінез-құлқының
бұзылуына қатысты шешімді олар тым баяу қабылдайды. Олар
тəрбиелеу міндеттерін шешуде айрықша амалдарды таба білмейді.
Дамуы мен мінез-құлқында ауытқушылық бар жасөспірімдермен
түзету жұмысын ұйымдастыру жəне жүргізу — олар үшін өте
қиын.
Мұғалімнің кəсіби — педагогикалық əрекеті көпаспектілігімен
жəне көпфункционалдылығымен ерекшеленеді. Мұғалім оқушы-
ларды оқыту мен тəрбиелеу нəтижелерінің оқушыларды даярлау
жүйесінің білім беру стандартында, мемлекеттік бағдарламаларда
жəне басқа да нормативтік құжаттарда анықталған талаптарына
сəйкестігін қамтамасыз ететін мемлекеттік қызметкер жəне жеке
тұлғаны қалыптастыру мен жан-жақты дамыту міндеттерін орын-
дайтын əлеуметтік қызметкер, өсіп келе жатқан ұрпақ тəрбиешісі
болып табылады. Мұғалім балалардың əртүрлі санаттарымен
(ауытқыған мінез-құлық, психикалық дамудың кешігуі, тəрбие-
91
леуге қиын жəне педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған
) жұмыс
істеу барысында дефектолог, педагог-реабилитолог, əлеуметтік
педагог қызметтерін атқарады.
Педагогикалық қызметтің тағы да бір маңызды аспектісі бар.
Бұның мəні педагогикалық əрекет метаəрекет екендігінде
(Ю.Н.Кулюткин), яғни басқа əрекетті ұйымдастыратын əрекет —
оқушылардың оқу əрекеті екендігінде болып табылады. Мұға-
лімнің əрекеті оқушының əрекетіне икемделінеді.
Осылайша, кəсіби-педагогикалық əрекет формасы бойынша
мектепте оқу-тəрбие үдерісінің мəні мен мазмұнын жəне ондағы
баланың жеке тұлғасын өзгертуге бағытталған, басқа түрге
өзгертуші əрекет болып табылады. Ол мəні мен мазмұны бойынша
коммуникативтік, жанама жəне тікелей қарым-қатынасты қамтыса,
құрылымы бойынша құндылыққа бағытталған, педагогигалық
құндылықтар жүйесін қалыптастыруға бағытталған қатынасты,
оларды оқушылардың санасына жеткізуді қамтиды.
Осы тұрғыдан алып қарастырғанда, мұғалімнің түзету-
педагогикалық əрекеті бірыңғай педагогикалық үдерістің құрамды
бөлігі болып табылады, ал мұғалім — оның белсенді қатысушысы.
Сондықтан, оқу-тəрбие үдерісі барысында баланың дамуы мен
мінез-құлқындағы ауытқушылықтың алдын алу жəне жеңу
міндеттерін жүзеге асыру үшін мұғалім тəрбиелеуші педаго-
гикалық үдерістің қатысушысы ғана болып қоймай, оны жүзеге
асыруға педагогикалық, физикалық жəне интеллектуалды, адам-
гершілік, ең бастысы — кəсіби тұрғыдан дайын болуы қажет.
Мұғалім-тəрбиешінің дамуында айқын ауытқушылығы жоқ
балалармен, педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған жасөспірім-
дермен, "қауіпті топ" балаларымен кəсіби-педагогикалық əрекеті
Қазақстан Республикасындағы "Білім беру" туралы заңдық
құжаттарда, сонымен қатар "Кəмелетке толмағандарға қатысты
қылмыстық əділ сотты жүзеге асыру ережелері"
("Қазақстандағы
ювеналды юстиция" жобасы
) түріндегі ұсыныстарда анықталған.
Жоғары кəсіби білімнің мемлекеттік білім беру стандарттары
шеңберінде, оқу бітіруші кəсіптік педагогикалық əрекетке дайын
болуы тиіс. Ол білім беру үдерісінің субъектісі ретінде адам, оның
жас жəне индивидуалдық ерекшеліктері, дамудың əлеуметтік
факторлары туралы білімдер жүйесін меңгеруі қажет; балалар мен
жасөспірімдердің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері,
92
олардың ағзасының дамуы, функционалдық бұзылулар мен
балалық шақтың əртүрлі кезеңінде оларды түзету туралы түсінігі
болуы қажет; денсаулыққа жəне əлеуметтік ортаның жағымсыз
ықпалынан қорғауға зиян келтіретін əдеттердің алдын алу жəне
түзету туралы хабардар болуы керек. Əр түлек оқушыларға
əлеуметтік көмек жəне қолдау көрсете білуі, əртүрлі əлеуметтік
мəдени жағдайларда білім беру үдерісін ұйымдастыруға дайын
болуы қажет.
Бір сөзбен айтқанда, жалпы білім беретін мектептің əр мұғалімі
қарапайым оқушылармен кəсіби — педагогикалық əрекетке дайын
болумен қатар, дамуы мен мінез-құлқында ауытқушылығы бар
балалармен де түзету-педагогикалық жұмыс жүргізуге дайын
болуы керек. Педагогикалық əрекетке дайындық интегралды үлгі
ретінде де, мұғалімнің жеке тұлғасының ерекше жай-күйі ретінде
де көрініс табады, бұл оның бірнеше компоненттерінің өзара əсері
кезінде көрінеді: мотивациялық — құндылықтық, танымдық, опе-
рациялық — тəжірибелік, эмоционалды — еріктік жəне реф-
лекстік.
Мінез-құлықты түзету ауытқушы мінез-құлықты тұлғаға пси-
хологиялық ықпал етудің ең адекватты жəне тиімді формаларының
бірі болып мақұлданған. Ол тікелей мінез-құлықты өзгертуге
бағытталған жəне айқын тəжірибелік сипатта болады. Оның басқа
да құндылықтарының ішінен мүмкіндіктердің кең спектрін, əдістің
көрнекті нəтижелерін, қысқа мерзімділікті атауға болады. Бихе-
виоризмнің пайда болғанынан бері жəне бүгінгі таңға дейін
тұлғаның мінез-құлқы көбінесе сыртқы əрекеттермен байланысты-
рылады, ал мінез-құлықтық əдіс рефлекс шарттарымен байла-
ныстырылады. Онда қазіргі мінез-құлық психологиясы бақыла-
натын мінез-құлық шеңберінен шығады. Қазіргі таңда ол
классикалық мінез-құлық теориясы, необихевиоризм, танымдық
əдіс, əлеуметтік ілім теориясы, нейропсихология, копинг-теория
секілді бірнеше бағыттың синтезі болып табылады. Бұған қоса
мінез-құлық психологиясы психологиялық ғылымның басқа сала-
ларында, мəселен, психологиялық талдаудан алынған мəліметтерді
кеңінен қолданады.
Психологиялық білімдерді енгізу заңды түрде «мінез-құлық»
ұғымының тереңдеуіне əкелді. Бүгінгі таңда мінез-құлық құры-
лымында өзара байланысты бірнеше деңгейлер бөлінеді: мінез-
93
құлыққа түрткі болатын мотивация; мінез-құлықпен бірге жүретін
эмоционалды үдерістер; мінез-құлықтың өзін өзі түзетуі; ақпарат-
ты танымдық тұрғыдан өңдеу; сырттай бақыланатын көріністер
мен мінез-құлықтар.
Осы жүйелердегі ауытқулар тұлғаның ауытқушы мінез-құл-
қының себептері болады жəне психологиялық ықпалдың бағытын
анықтайды. Ауытқушы мінез-құлықтың негізгі мынандай жүйелері
белгілі:
1. Девиантты мотивация — бұл құндылықтар, қажеттіліктер,
наным
−сенімдер, жеке тұлғалық ой-пікірлер — белгілі бір адам
үшін маңызды болып табылатындар мен оны нормативке қайшы
белсенділікке итермелейтіндердің барлығы. Девиантты мінез-
құлық мотивациясы агрессивті жəне өзін-өзі бұзу ниеттері, дұш-
пандық нұсқаулар жəне пайдакүнемдік, өз қарабасын ойлау
мотивтері формасында көрініс табады.
2. Эмоционалды мəселелер жəне өзін-өзі реттеудің олармен
тығыз байланысты қиындықтары. Девиантты мінез-құлықтың пай-
да болуында дабыл басты рөл ойнайды. Эмоционалды мəселелер
релаксация (босаңсу) мен тұтас алғанда өзін-өзі реттеу қиындық-
тарын тудырады.
3. Жағымсыз-девиантты əлеуметтік тəжірибе — бұл дезадап-
тивті мінез-құлықтық стереотиптер
(əдеттер, дағдылар), когнитив-
тік бұрмалау мен жетіспеушілік, əлеуметтік жағдайлармен
бекітілетін, тұлғаның девианттылығын құрайтын, индивид тəжі-
рибесінде жағымды дағдылардың
(мінез-құлықтық тапшылық)
жоқтығы.
Тұлғаның ауытқушы мінез-құлқын психологиялық түзетудің
басты мақсатын атап көрсетілген бағыттар бойынша мінез-
құлықтың жағымды өзгеруіне қол жеткізу деп анықтауға болады.
Жеке тұлғаның ауытқушы мінез-құлқының интеграциясы
əлеуметтік-психологиялық ықпалдың тағы бір бағыты болып
табылады. Психологиялық интервенция — бұл жағымды өзге-
рістерге түрткі болу үшін жеке тұлғалық кеңістікке психоло-
гиялық тұрғыдан араласу. Жеке тұлғаның девиантты мінез-құлық
интервенциясының мақсаты — оның мінез-құлқындағы əлеуметтік
бейімделуге кедергі жасайтын формаларды бəсеңдету немесе
жою болып табылады.
94
Тұтас алғанда психологиялық интервенцияның ерекше өзге-
шелігі тұлға тарапынан мінезін өзгертуге деген ниет, оның
психологпен бірлесе жұмыс істеуге даярлығы болып табылады.
Кəмелетке толмағандардың мінез-құлқындағы ауытқушылықтар
кезінде инициатива мен келісім баланың заңды өкілдері тарапынан
болуы қажет.
Тұлғаның ауытқыған мінез-құлықтармен жұмыс істеудің негізгі
қиындығы, əдетте, əлеуметтік-психологиялық көмектің бірінші
кезеңдерінде адам, өзінің мінез-құлқының айқын жағымсыз
салдарына қарамастан, өзгерістерге қарсы шығатындығында
болып табылады. Бұндай жағдайларда девиация келтіретін
зиянның дəрежесі немесе тұлғаның əлеуметтік дезадаптация
деңгейі араласу үшін негіз бола алады. Мəселен, есірткіге тəуелді
адамның көмек сұрауына көбінесе денсаулығындағы маңызды
мəселе немесе "əлеуметтік түпке" жетуі себеп болады. Есірткі
қолданумен бірге туындайтын аурулар түрі жақсы танымал:
гепатит, ВИЧ-инфекция, психикалық ауытқулар. Өз кезегінде,
əлеуметтік құлдырау қылмыстық əрекеттерде, еңбекке жарам-
дықты жоғалтуда, жалғыздану, баспанасы мен отбасынан айры-
луда анық көрінеді.
Осылайша, девиантті мінез-құлық кезіндегі психологиялық
араласудың басты міндеттерін төмендегідей тұжырымдауға бо-
лады:
а
) əлеуметтік бейімделуге немесе сауығуға мотивацияны қа-
лыптастыру;
ə
) тұлғалық өзгерістерге ынталандыру;
б
) ауытқушы мінез-құлықтың нақты формаларын түзету;
в
) тұлғалық өзгерістер немесе сауығу үшін əлеуметтік-психо-
логиялық қолайлы жағдайлар жасау.
Психологиялық интервенцияның
(араласудың) негізгі əдістері
психотерапия, психологиялық кеңес беру, психологиялық тренинг,
терапевтік немесе саногендік орта қалыптастыру.
Тұлғамен психологиялық жұмыстың ең кең тараған формасы
психотерапиямен бірге үйлесті жүргізілетін кеңес беру болып
табылады. Олардың арасына шекара қою қиын. "Кеңес беру" тер-
минін дені сау адамдармен жұмыс барысында қолданған дұры-
сырақ.
95
Тұлғаның бірыңғай теориясы болмағанда əртүрлі тұжырымдар
мен кеңес берудің
(психотерапия) əртүрлі формалары бар. Үш
басты бағыт жақсы дамыды жəне мойындалды: психоанали-
тикалық, танымдық-мінез құлықтық, гуманитарлық.
Интервенция мақсаттарына байланысты психотерапия үш түрге
бөлінеді:
1. Қолдаушы психотерапия — бар қорғаныш күштерін қол-
дауды жəне мінез-құлықтың тиімдірек тəсілдерін жасауды қам-
тамасыз етеді;
2. Қайта оқыту психотерапиясы — мінез-құлықты өзгертуге
тырысу;
3. Тұлғалық-реконструктивті — интрапсихикалық қақтығыстар-
ды жете түсіну арқылы ішкі тұлғалық өзгерістерге бағытталады.
Психотерапия əртүрлі формада жүзеге асырылады, мысалы,
топтық, отбасылық немесе индивидуалдық немесе қысқа мерзімді,
нұсқаулық немесе нұсқаулық емес мəселелерді шешуге немесе
жеке тұлғалық өзгерістерге бағытталған. Бұған қоса негізгі
психотерапевтік əдістердің көптеген өзгерістері бар. Мысалы,
Б.Д.Карвасарскийдің редакциялық басқаруымен құрастырылған
Психотерапевтік энциклопедияда жүзге жуық психотерапевтік
əдістемелер сипаттамаланады, олардың шын саны бұдан да көп.
Көптеген авторлар маманның жеке тұлғасының негізгі маңыз-
дылығын атай келе, психотерапияның əр алуан түрлерінің тиім-
ділігі шамамен бірдей екендігін атап көрсетеді.
Ауытқушы мінез-құлықтың түрлеріне қатысты əлеумет-
тік-психологиялық араласудың жалпы стратегиялары.
Делинквентті мінез-құлық. Құқыққа қайшы жəне қоғамға
қарсы мінез-құлық жағдайында əлеуметтік-психологиялық ықпал-
дың негізгі стратегиясы қоғамдық жазалау жағдайын ұйымдастыру
(əсіресе түрмелер мен еңбекпен түзету колонияларында) болып
табылады. Делинквентті мінез-құлық кезінде психологиялық-
əлеуметтік жұмыстың басты формалары кеңес беру, психотерапия,
соттық-психологиялық сараптама
(əсіресе кəмелетке толмаған-
дарға қатысты
), саногенді орта қалыптастыру болып табылады.
Психикалық ауытқушылығы бар делинквентті тұлғаларға арналған
психиатриялық емханалардағы мамандандырылған бөлімдер салы-
стырмалы тұрғыда жаңа форма болып табылады. Аталмыш меке-
96
мелерде тұлғаның əлеуметтік-психологиялық реабилитациясы мə-
селесіне баса назар аударылады.
Бас бостандығынан айыру орындары жағдайларында психоте-
рапия — пенитенциарлық психотерапия — интервенцияның нашар
жетілдірілген формасы болғанымен, маңызды болып табылады.
Ауытқушы мінез-құлық кезінде психологиялық ықпалдың
тиімділігі іс-шаралардың кешенінің тиімділігіне байланысты
болады: ұйымдастырушы
(мысалы, мекемелерде тəртіп жəне
адамгершілік атмосферасын орнату
), экономикалық, педаго-
гикалық, медициналық, əлеуметтік шаралар
(мысалы, қамаудан
босатылғаннан кейінгі əлеуметтік оңалту
).
Саногенді ортаны немесе терапевтік "алқаптарды" қалып-
тастыру əдісін жүзеге асыруға қиын, бірақ максималды тиімді
болып табылады. Аталмыш əдістің негізгі мақсаты əдеттенген,
арандатушы ортадан адамды аластату болып табылады, өз кезе-
гінде, бұл адамның өмір салтын өзгерту мен тұлғалық өзгерістерге
септігін тигізеді. Ортаны ұйымдастырудың бұндай формаларына
ауытқушы мінез-құлықты жасөспірімдерге арналған еңбек
коммуналарын жатқызуға болады. Бұндай "əлеуметтік шағын
аралдарда" өмір бірнеше себептерге бағынады. Негізгі ережелер —
өмірде өзін-өзі қамтамасыз ету, өзара көмек, басшы мен тағайын-
далған органға бағыну, ішкі өмір нормалары мен тəртіпті қатаң
сақтау, дəстүрлерді орындау.
Əлеуметтік ықпалдың делинквентті мінез-құлық үшін ең
барабар тəсілдер қоғамдық жазалау жəне əртүрлі түрлендірудегі
(модификациясындағы) мінез-құлықтық терапия болып табылады.
Аддиктивті мінез-құлық. Аутодеструктивті мінез-құлыққа ара-
ласу ерекшелігі аддикция түрі мен тəуелділік дəрежесіне байла-
нысты болады.
Əртүрлі елдердің тəжірибелерін бағалай отырып, тəуелді мінез-
құлықты тұлғаға əсер етудің ғаламдық əлеуметтік стратегияларын
үш топқа бөлуге болады: біріншіден, жазалау саясаты
(қоғамның
оның жекелеген мүшелерімен күресуі
); екіншіден, қауіпті азайту
(зиянды азайту) саясаты — прагматикалық əдіс; үшіншіден, қай-
тадан əлеуметтендіру саясаты
(əлеуметтік-психологиялық оңалту).
1. Жазалау саясатының болмысы қатал əдісте болып табылады.
Мысалы, есірткілерді қолдануға мемлекет тыйым салады, оларға
97
қатысты барлық іс-əрекет заңмен қудаланады. Осылайша, АҚШ-та
героин немесе кокаин сақтағаны үшін
5 жылдан 40 жылға дейін
абақтыға қамайды. Қытай мен Сингапурда осындай іс-əрекеттер
үшін өлім жазасына кеседі. Кейбір мемлекеттерде ішімдікке
тыйым салынып, "құрғақ заң" енгізуге дейін барады. Жазалаушы
шаралар енгізіп, мемлекет психобелсенді заттарды қолдану
деңгейін бақылауға тырысады. Алайда маскүнемдік пен
нашақорлық сақталып отыр, ал тұтынушылар, бір мəселеден басқа
— химиялық тəуелділіктен басқа, дағдылы түрде екінші мəселеге
— делинквенттілікке тап болады, себебі оларды қолдану қылмыс
болып табылады. Бұдан басқа, есірткілер қолдануды жалпыға
бірдей тыйым салу мафия үшін пайдалы — бұл оларға деген
қызығушылықты жəне заңсыз есірткі өнімдерінің бағасын арт-
тырады.
2. Зиянды азайтудың либералды саясаты аз тараған. Зиянды
азайту тұжырымы, есірткілер қолданылады жəне қолданылатын
болады, ал есірткі тұтынушылар — қоғам бұны мойындағысы
келмесе де, қоғам мүшелері болып табылады деген түсінікке
негізделеді. Бұл тұжырым бүкіл əлемде танымал болып келе
жатыр, ал Нидерланд пен Австралияда ресми түрде жүзеге асуда.
Зиянды азайту қозғалысының тарихы біздің дəуіріміздің
80-
жылдарының ортасында басталды жəне денеге инемен жіберілетін
есірткілерді қолданатын тұтынушылардың арасында СПИД
эпидемиясы дəуірінің басталуымен тығыз байланысты. Қоғамдық
денсаулық сақтау саласында ықпал етудің жаңа бағдарламасы
пайда болды — медициналық инелерді бір мəрте қолдану бағдар-
ламасы. Содан соң есірткілерді қолданудың қауіпсіз тəсілдерін
үйрету, оларды қолданудан туындайтын аурулар туралы мəлі-
меттер беру, презервативтер тарату жəне жыныстық қатынастың
қауіпсіз тəсілдерін үйрету секілді бағыттармен толықтырылды.
Осылайша, өз күштерімен жұмыс істейтін ұйымдардың басты
саяси мақсаты — қылмысты жою жəне есірткі қолдануды тұрақты
ережеге бағындыру.
3. Қайтадан əлеуметтендіру саясаты (əлеуметтік-психологиялық
реабилитация
) тəуелді мінез-құлық салдарынан бейімсізденген
жеке тұлғаның өмірлік қызметтерін қалпына келтіруді көздейді.
Реабилитациялық бағдарлама бірнеше деңгейдегі шараларды қам-
98
тиды: құқықтық қорғау жəне əлеуметтік қолдау
(əлеуметтік топқа
ену, заң тұрғысынан қорғау, жұмысқа орналастыру, тұрғын үй
мəселесін шешу
); психологиялық реабилитация (ремиссияға пси-
хологиялық қолдау, жеке тұлғалық ресурстарды кеңейту
); меди-
циналық көмек
(абстинентті синдромды жою, қылмыстың қайтала-
нуына қарсы терапия, соматикалық жəне жүйкелік-психикалық
бұзылымдарды емдеу
).
Барлық жағдайларда міндетті түрде психологиялық көмек көр-
сетіледі. Салыстырмалы түрде қауіпсіздеу формаларында
(шылым
шегу, құмар ойындар, тамаққа тəуелділік
) жəне тəуелділіктің
бастапқы кезеңінде кеңес берудің əр алуан түрлері мен психо-
терапия кеңінен қолданылады. Əсіресе, танымдық-мінез-құлықтық
индивидуалдық
(қысқа мерзімді) жəне жеке тұлғаға бағытталған
конструктивті топтық психотерапия тиімді екендігін дəлелдеді.
Олар қоғамдық топтар мен ұйымдардағы əрекеттерге ұқсас
(жасырын маскүнемдер, нашақорлар, діни ұйымдар).
Химиялық тəуелділік
(физикалық тəуелділік) кезіндегі көмек
ең қиын жəне ұзақ болып табылады. Бұндай жағдайда бастапқы
кезеңде медициналық араласудың басты рөлінде кешенді
реабилитация тиімді болып табылады.
Қазіргі таңда əлеуметтік-психологиялық реабилитация тəуелді
жасөспірімдерге көмек көрсетудің ең қолайлы формасы болып
мақұлданған. Отбасы əлеуметтік көмек алудың қажеттілігіне жас-
өспірімнің көзін жеткізу қажет.
Əлеуметтік-психологиялық тренинг
(ƏПТ). Тренингтік топ-
тың психологиялық ерекшеліктері.
Кең мағынасында ƏПТ топтық жұмыстың белсенді əдістеріне
негізделген психологиялық тəжірибені білдіреді. Бұл білім беру-
дің, қарым-қатынас, əрекет, тұлғалық даму мен түзету саласын-
дағы дағдылар мен іскерліктерді үйретудің арнайы формаларын
қолдану.
Жұмыстың мақсаттары əр алуан, бірақ бағыттары мен мазмұны
бойынша əртүрлі тренингтік топтарды біріктіретін, жалпы мақсат-
тарды бөлуге болады:
a) топқа қатысушылардың психологиялық мəселелерін зерттеу
жəне оларды шешуге көмек көрсету;
ə) субъектілік көңіл күйді жақсарту жəне психикалық сау-
лықты беріктендіру;
99
б) психологиялық заңдылықтарды, адамдармен үйлесімді
қарым-қатынас үшін тұлғааралық өзара əсердің тетіктері мен
тиімді тəсілдерін зерттеу;
в) ішкі жəне сыртқы мінез-құлықтық өзгерістерге негізделген
эмоционалдық ауытқулардың алдын алу немесе түзету үшін
қатысушылардың өзін-өзі жете түсінуі мен өзін-өзі бағалауын
дамыту;
г) тұлғалық даму үдерісіне, шығармашылық мүмкіндікті жүзе-
ге асыруға, тіршілік əрекетіне, бақыт пен табысты сезінуге кө-
мектесу.
Тренинг — бұл тұлғаны жетілдіруге арналған арнайы ұйым-
дастырылған оқыту формасы, тренинг кезінде төмендегі міндеттер
шешімін табады:
əлеуметтік-психологиялық білімдерді меңгеру;
өзін-өзі тану жəне т.б. қабілетті дамыту;
өзінің маңыздылығы, құндылығы туралы түсінігін дамыту,
жағымды Мен — концепциясын қалыптастыру.
Балалармен
(кəмелетке толмағандармен) өткізілетін ƏПТ
тобының міндеті — өзін-өзі көрсетуге, қабылдау мен өзін-өзі
түсінуге үйрену не үшін қажет екендігін түсінуге көмектесу.
Топтық тренингтің
(индивидуалды тренингпен салыстырған-
дағы
) артықшылықтары:
Достарыңызбен бөлісу: |