1
-тақырып бойынша əдебиеттер
Абдулина О.А. Общепедагогическая подготовка учителя в
системе высшего педагогического образования.— М., 1991.
Акажанова А.Т. К вопросу о некоторых психологических
аспектах субъективной стороны преступления //Материалы
МНК, 10 лет независимости Казахстана: итоги и перспективы
развития.— Алматы, 2001.— С. 405—409.
Выготский Л.Я. Вопросы детской психологии.— СПб.: Союз, 1997.
Дубрович А.Б. Воспитателю о психологии и психогигиене
общения.— М., 1987.
Змановская Е.В. Девиантология (Психология отклоняющегося
поведения).— М., 2004.
Джаманбалаева Ш.Е. Социология девиантного поведения.—
Алматы: КазГУ, 1999.
Казымбетова Д.К. Девиантное поведение молодежи как
объект социологического исследования: автореф. ... канд.социол.
наук. Алматы, 1999.
Керимов Л.К. Қиын балалар болады неге ? / Алматы: Қазақ
елі.— 10 қараша, 2004.
Колесникова Г.И., Котова А.Б., Петрулевич А.И. Девиантное
поведение.— Ростов-на Дону, 2007.
Менделевич В.Д. Психология девиантного поведения.— Санкт-
Петербург, 2005.
Рогов Е.И. Личность учителя: теория и практика.— Астана,
2005.
Сластенин В.А. Профессиональная готовность учителя к вос-
питательной работе: содержание, структура, функции.— М., 1982.
Шиянов Е.Н., Буланова Е.Г. О сущности формирования Моти-
вационно-ценностного отношения к педагогической деятельности
и устойчивых профессиональных намерений у студентов вуза.—
М., 1982.
14
2-тақырып
Жасөспірімдердің отбасы мен мектептегі
педагогикалық жəне əлеуметтік жолдан ауытқуының
теориялық-əдістемелік негіздері
Ғылыми бірлестікте девиантты мінез — құлықтың пайда
болу себептері туралы пікірлестік жоқ. ХХ ғасырдың басында
девиацияның себептері туралы биологиялық жəне психологиялық
тұжырымдар кең тарады. Италияндық дəрігер Ч. Ломброзо
адамның асоциалды мінез-құлқы мен биологиялық ерекшелік-
терінің арасында тікелей байланыс бар деп есептеген. Ол атап
көрсеткен «туа біткен қылмыскер» типі астыңғы жақ сүйегі
шығыңқы, бір жерінің ауырғанына сезімталдығы төмен жəне т.б.
азып бара жатқан индивидті көрсетеді. Американдық психолог
У.Х. Шелтон адамның дене бітімі оның мінез-құлқын анықтайды
деп есептеген. Оңалту орталығында
200 ұл балаға жүргізілген
зерттеуге сүйеніп, Шелтон девиацияға атлеттік дене бітімі бар
адамдар анағұрлым бейім деген қорытынды жасайды. Кейіннен
психологиялық тұжырымды қолдаушылар девиацияны психика-
лық ерекшеліктермен
(психиканың тұрақсыздығымен, эмоционал-
ды ерікті саланың дамымауымен
) байланыстырды.
Заманауи ғылыми жетістіктер негізінде экономикалық жəне
тарихи-мəдени қарым-қатынастардан да, жеке тұлғалық талап-
тардан да, жеке тұлғаның девиацияға бейімделу деңгейіне септігін
тигізетін факторларды табуға болатындығы даусыз деп есептеуге
болады. Бұл тұрғыда əлеуметтік мəдени өмір құбылыстары туралы
айту заңды. Мысалы, белгілі бір ұлттық немесе этникалық
мəдениеттерде мінез-құлықтың мұрагерлік үлгілері дəстүрлер мен
əдет-ғұрыптар арқылы берілуі мүмкін. Қылмыскердің отбасында
тəрбиеленген балалар өз ата-аналарының немесе таныс ересек
адамдардың мінез-құлық үлгілеріне сөзсіз еліктейді. Ішімдік ішу,
шылым шегу, агрессивті мінез-құлық «ержеткендік» жəне «ер
жүректілік» эталондарымен байланысты болады. Кейде маскүнем-
дік «ұлттық қасіретпен» байланыстырылады.
Əлеуметтік нормалар стихиялы түрде
(мысалы, дəстүр түрінде)
де, мақсатты түрде де
(заңдар, ережелер, бұйрықтар) қалыптасады.
15
Мінез-құлық нормаларын бағалауда мынандай тəсілдер бөліп
көрсетіледі: əлеуметтік, этномəдени, жас ерекшеліктеріне қатысты,
психологиялық, психиатриялық, гендерлік, кəсіби
(В.Д.Менделе-
вич
). Кəмелетке толмағандар «Девиантология» пəнінің нысанына
айналғандықтан, бізді əлеуметтік, психологиялық, гендерлік жəне
жас ерекшеліктік аспектілері қызықтырады. Əлеуметтік тəсіл
бейімделудің сыртқы формаларына бағытталған жəне жеке тұлға
мінез-құлқының қоғамдық қаупі мен қауіпсіздігі туралы түсінік-
терге негізделеді. Алайда бұл жерде индивидуалды-тұлғалық
қасиеттер жəне «Мен — концепция» ескерілмейді. Психологиялық
тəсіл девиантты мінез-құлықты девиантқа өз мүмкіншіліктерін
(талаптарын) жүзеге асыруға кедергі жасайтын тұлғаның психо-
логиялық жиынтықтарымен, оның өзін-өзі бұзуымен жəне ішкі
қақтығыстарымен бірге қарастырылады. Жас ерекшелік тəсілі
мінез-құлықтың жас ерекшеліктерінің шаблондары мен нормала-
рына сəйкес келмеуіне негізделеді. Бұлар сандық
(гротексті)
ауытқулар, артта қалушылық
(ретардация) жəне сапалық инвер-
сиялар болуы мүмкін. Гендерлі тəсіл дəстүрлі жыныстық сте-
реотиптер мен ер адамдар мен əйелдердің мінез-құлық стильдері
туралы түсініктерге негізделеді. Осы аталған түрдің девиациясына
сексуалды қалаулар мен бағыттың өзгеруі жатады.
Қазіргі психологияда девиантты мінез-құлық пен соған лайық
заң бұзушылықтардың бастауын əлеуметтік мəдени жəне
педагогикалық қараусыз қалушылықтан іздеу қалыптасқан. Бұл
əлеуметтік топқа əртүрлі ұғымдар қолданылады: «тəрбиелеуге
қиын», «дағдарысты», «педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған»,
«дезадаптивті», «қалыпты жағдайы бұзылған», «асоциалды»,
«делинквентті» жəне т.б.
Ауытқыған мінез-құлық табиғаты əртүрлі. Мінез-құлықтағы
бұзылулар тұлғаның ерекшеліктерімен тығыз байланыста қарасты-
рылады. Абрумова А.Г., Жезлова Л.Я. девиантты мінез-құлық
түрлерінің, əлеуметтік психологиялық тəсілге негізделген, тұжы-
рымын ұсынады. Олар балалар мен жасөспірімдердегі девиантты
мінез-құлықтың негізгі төрт түрін бөліп көрсетеді:
1. Тəртіпке қарсы мінез-құлық;
2. Антиəлеуметтік
(қоғамға қарсы);
3. Делинквентті
(құқыққа қайшы келетін);
4. Аутоагрессивті мінез-құлық.
16
Девиантты мінез-құлықтың тəртіпке қарсы түріне оқу-тəрбие-
леу мекемелерінде қалыптасқан режим мен тəртіпті бұзу жатады,
мысалы: сабақтан күнделікті қалу, оқу тапсырмаларын орын-
даудан бас тарту жəне т.б.
Антиəлеуметтік мінез-құлыққа мінез-құлықтың көпшілік ма-
құлдаған өнегелі нормаларын мойындамау мен орындамауға
байланысты қылықтарды, оқу мен еңбек əрекеттерінен бас
тартуды, кезбелікті, ерте жастан жыныстық қатынасқа түсуді, сек-
суалды ұстамсыздықты, ішімдік ішу, нашақорлық, улы заттарды
қолдануды жатқызуға болады.
«Делинквентті мінез-құлық» ұғымы кəмелетке толмағандар
құқықты бұзу əрекеттерін жасаған кезде ғана қолданылады. Бұған
— біреудің мүлкін қорқытып тартып алу, көліктерді ұрлау сынды
заң бұзушы əрекеттер жатады. Бұндай жағдайда емдеу мен оңалту
мақсатында дер кезінде диагностика жасау, сонымен қатар мінез-
құлықтың бұзылуының ең ауыр формалары мен баланың жеке
тұлғалық дезадаптациясының алдын алу қажет. Оларға əртүрлі
этиологияның көптеген психикалық күйлері, есалаңдықтың жəне
мінез акцентуациясының кейбір формалары, тұлғаның психогенді
шартты патомінездік жауаптары жатады.
Мінез-құлықтың патологиялық емес формаларына микро-
əлеуметтік қараусыз қалу жəне бас тартудың, қарсы шығудың,
имитацияның ситуативтік мінездік реакциялары, құрдастарымен
топтасу, эмансипация, үйден қашу, құмарлық, компенсация жəне
гиперкомпенсация, сексуалды құштарлық, жас кезінен жезөк-
шелікке салыну жəне т.б. жатады. Тəрбиелеудің қолайлы жағ-
дайларында жасөспірімдердің жоғарыда көрсетілген ерекшелік-
терін лайық əлеуметтік жағымды əрекеттің көмегімен жоюға
болады. Əлеуметтік қолайсыз жағдайларда бұл ерекшеліктер
зиянды ықпалды өршітіп, негативті бағыт алады.
Психологияда «қиын» бала туралы бірыңғай түсінік, оның
мінез-құлқына диагностика жасау мен түзетуге жəне тұлғалық
дамытуға қатысты бірыңғай тəсіл жоқ. «Қиын жасөспірім»
ұғымының өзі кең тараған əлеуметтік стереотип формасына ие
болған. Ең алдымен «қиын» ұғымы мен «тəрбиелеуге қиын»
ұғымының ара жігін ашу қажет. Тəрбиелеуге қиындыққа тəр-
биелеу əрекетіне қарсылық көрсету жатады. Тəрбиелеуге қар-
сылық көрсету əртүрлі себептерден туындайды, соның ішінде
17
ақыл-ой жəне физикалық дамудың ауытқулары, педагогикалық
қателіктер, қандай да бір əлеуметтік рөлге əлеуметтік бейімделу
қиыншылығы, мінез ерекшеліктері, темперамент жəне басқа да
тұлғалық ерекшеліктер мен асоциалды мінездің ауытқуы тəр-
биелеуге қарсылық көрсетудің себептері бола алады. Тəрбиелеу
əрекетіне қарсылық білдіру тек əлеуметтік қараусыз қалумен,
жасөспірімнің мінез-құлқы мен санасындағы ауытқуларға байла-
нысты ғана емес екендігі белгілі. Ол педагогикалық қателіктердің,
оқыту мен тəрбиелеу үрдісінде жеке тұлғалық əдіспен жұмыс істей
алмаудың салдарынан туындауы мүмкін. Мəселен, аса дарынды
оқушы өзінің өз бетінше ойлау қабілетімен, үйреншікті шешім-
дермен, жекелеген құбылыстарды түсіндірумен келіспеушілігімен,
дауласуға, қарсы шығуға бейімділігімен педагогқа қиындықтар
тудыруы мүмкін. Оқу үрдісінде туындаған дау-жанжал педагогпен
өзара қарым-қатынасқа өтіп, тəрбиелеуде қиындық тудырады.
«Қиын» стереотипінде қоғамға қауіпті белгілі мінез-құлықтар бар
жəне ол балалардың өздері де, ересектер де жете түсінетін толық
анықталған типтік жəне əлеуметтік қасиеттер жиынтығын
қамтиды.
«Қиынның» мінезіндегі ерекшеліктер:
1. Өз нормалары, түсініктері, жаргондары, жалған аттары мен
беделді адамдары бар белгілі бір көшелік субмəдениетке, яғни
белгілі бір топқа ену. Бұл топ оның референттік тобын алмасты-
рады жəне оның əлеуметтену үрдісін бағыттайды;
2. Мектеп, отбасы тарапынан жүргізілетін тəрбиелеу жұмыста-
рына белсенді қарсылық білдіру, əлеуметтік құндылықтарды
қабылдамау. Ол тек нашар оқып қана қоймайды, бұны мақтан
тұтады; ішімдікті ішіп қана, темекіні шегіп, балағат сөздер айтып
қана қоймайды, ол бұны мақтан етіп, батырсынады;
3. Өзіндік сананың қалыптасу үрдісі қиындайды. Ол өзінің
мінез-құлқын, іс əрекетін өзі шынайы сын тұрғысынан бағалай
алмайды немесе өзін формальды емес тобының ұстанымы тұр-
ғысынан бағалайды немесе психологиялық қорғаныстың əртүрлі
амалдарын қолданады.
Тəрбиелеуге қиын жасөспірімде, көзбояушылықтағы секілді,
балалық шақтың психологиялық жəне педагогикалық, медицина-
лық жəне биологиялық, əлеуметтік мəселелері бір-бірімен ұшта-
сып жатады.
18
Қазіргі заманғы ресейлік əлеуметтануда Я.И.Гилинскийдің
ұстанымы айрықша қызықты, ғалымның пікірінше, девиацияның
бастау көзі — қоғамда əлеуметтік теңсіздіктің, əртүрлі əлеуметтік
топтардың өз мұқтаждықтарын қанағаттандыру мүмкіншіліктері
арасындағы айырмашылық деңгейінің өте үлкен болуы. Жеке
тұлғалық мінез-құлық деңгейіндегі девиацияның ең жалпы себебі
— жеке тұлғаның объективті қасиеттерінің, соның ішінде оның
талаптарының, қабілеттерінің, сонымен қатар əлеуметтену үрді-
сінде қалыптасқан қасиеттердің қоғамдық қарым-қатынастар
жүйесіндегі алатын позиция талаптарымен сəйкессіздігінің нəти-
жесі ретінде «əлеуметтік тəртіпке келтірілмегендік» болып табы-
лады.
Əлеуметтану ғылымында жеке тұлғаның əлеуметтену тетіктері
мен салаларының ара жігі ажыратып көрсетіледі. Əлеуметтену
тетігі — бұл адамның əлеуметтік ақпаратты қабылдайтын жəне
меңгеретін тəсілдері. Психологтардың пікірінше, олардың қата-
рына сендіру, бейімделу, көндіру, еліктеу, басқару, үйрету жəне
т.б.жатқызу қажет.
Əлеуметтену салалары — бұл əлеуметтік тəжірибені игеруге
ықпал ететін əлеуметтік институттар. Олар макроорта
(əлеуметтік
қарым — қатынастар жүйесі
) жəне микроорта (отбасы, мектеп,
жақын тұрмыстық, достық жəне басқа қоршаған орта шеңберіндегі
қарым-қатынас
) болып екіге бөлінеді.
Əлеуметтену үрдіс ретінде əртүрлі əлеуметтік институттармен
жүзеге асырылады. Əлеуметтану институттары — арнайы
құрылған немесе қалыптасқан мекемелер мен органдар жүйесі.
Олардың мақсаттары мен міндеттері — білім беру жəне тəрбиелеу
жолымен жеке тұлғаны дамыту болып табылады.
Əлеуметтану институтының алғашқысы жəне бастысы —
отбасы. Жеке тұлғаның өнегелі қалыптасуында отбасының ықпалы
ерекше. Адамды сезіну сезімталдығы, эмоционалды зеректік,
сезгіштік жəне өзге адамның жан дүниесін түсініп, жанашырлық
көрсету — осының барлығы отбасында, балалардың туыстарымен
өзара қарым-қатынасында қалыптасады.
Құқықтық сана негіздері, жеке тұлғаның санасы балалық шақ,
мектепте оқу кезінде қалыптаса бастайды. Құқықтық əлеуметте-
нудің маңызды агенттері отбасы мен мектеп болып табылады.
Балалар мен жас өспірімдерде құқықтық сананың қалыптасуының
19
негізгі психологиялық тетігі адам болып қалыптасу
(персони-
фикация
) болып табылады. Бала үшін өнегелі құқықтық құнды-
лықтар ата-анасының бойынан табылады. Атап айтқанда, олардан
əртүрлі жағдаяттарда өзін-өзі қалай ұстау керек екендігін біледі,
олардың əлеуметтік мінез-құлық үлгілеріне еліктеп, қайталайды.
Алайда мінез-құлықтардың, өнегелі құқықтық нұсқаулардың
үлгілерін меңгеру деңгейі мен тереңдігі нақты адамдарға
(ата-
анаға
) — белгілі құндылықтарды бойына сіңірген адамдарға деген
баланың қарым-қатынасы деңгейіне тəуелді. Ата-анасына деген,
кейін ұстаздарына деген жағымды эмоционалды қарым-қатынас
жағдайында бала қарым-қатынас үрдісінің нақты мазмұнын
меңгерумен ғана шектелмейді, сонымен қатар олардың заттарға,
құбылыстарға жəне т.б. деген қарым-қатынастарын да ұғынады.
Негізгі өнегелі құқықтық санаттар жақсылық пен жамандық,
əділеттілік туралы түсініктер осылай қалыптасады.
Мектептегі құқықтық əлеуметтену екі бағытта жүзеге асады.
Біріншіден, бұл арнайы сабақтардағы тікелей құқықтық əлеумет-
тену, бұндай сабақтарда оқушыларға мемлекеттік құрылым,
құқықтың қоғам өміріндегі орны мен қызметтері туралы айты-
лады, азаматтардың құқықтары мен міндеттері жəне т.б. туралы
түсіндіріледі. Екіншіден, құқықтық əлеуметтенуге оқушылардың
құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесулері септігін
тигізеді. Осы аталған кездесулерде оқушыларға құқықтық нор-
маларды бұзбау қажеттілігі түсіндіріледі жəне соттық тергеу
əрекеттерінің мысалдарына сүйеніп, заң бұзушылықтың салдары
таныстырылады. Біздің елімізде тікелей құқықтық əлеуметтендіру
мектеппен ғана шектелмейді. Бұндай жұмыстар еліміздің барлық
жоғары оқу орындарында жалғастырылып, студенттер құқық
негіздері жəне заң психологиясы жəне т.б. сияқты пəндерді оқиды.
Қиын жасөспірімнің жеке тұлға ретінде қалыптасуының ма-
ңызды факторы отбасындағы жағымсыз жағдайлар болып табы-
лады. Ата-аналар жасөспірімдермен қарым-қатынасты жиі ауыр-
сынып, кей кезде «дұрыс» тəрбиелеуге кіріседі, түсініктемелер
талап етеді, дауыс көтереді, қорқытады. Бұндай ата-аналардың
балалармен қарым-қатынасы кездейсоқ, ауық-ауық орын алтын
əрекет сипатында болады. И.С. Конның айтуынша, жас өспі-
рімдердің мінез-құлықтарының əлеуметтік немесе психологиялық
аспектілерінің барлығы өмірдің қазіргі немесе өткен кезеңіндегі
20
олардың отбасылық жағдайларымен тығыз байланысты болады.
Əке мен ананың бала тəрбиелеу əдістеріндегі ымырасыздығы
жасөспірімге не жақсы, не жаман, нақты жағдайда кімдікі дұрыс,
ата-ананың қайсысына сену қажет, кімді тыңдау керек екендігін
дұрыс ұғынуға кедергі жасайды.
Ата-анаға деген абырой мен сый-құрметті жазғырумен немесе
жанашырлық сезімге шақырумен қалыптастыра алмайды. Бедел
байыпты, парасатты, адал жолмен жүзеге асқан қарым-қатынас
нəтижесінде бірте-бірте өседі. Жасөспірімдер ата-анасының
сөздері мен іс-əрекеттерін олардың кəсіби дəрежелері мен білім
деңгейлерімен салыстыруға бейім. Жасөспірімдік кезеңде ата-
аналардан ерекше психологиялық түйсік пен педагогикалық
мəдениет талап етіледі. Бұл ата-анаға жасөспірімдермен өзара
қарым-қатынас сипатын дер кезінде өзгертіп, жасөспірімдерге
өмірлік тəжірибесі мен өзінің біліктілігінің арқасында олардың
өздері дұрыс шеше алатын мəселелерге қатысты іс-əрекеттеріне
еркіндік беру қажет.
Ата-аналар мен жасөспірімдердің арасындағы қарым-қатынас
сипаты олардың қарым-қатынасының өмірлік болашағына қатты
əсер етеді. Үлкендер балалардың орнына бірдеңені жиі жасай
салуға тырысады не бəрін жасай салады немесе олардың іс-
əрекетін, əр қадамын қадағалап, кірісіп отырады. Бұндай жағдайда
жасөспірімде таңдау болмайды, оларға өз бетінше шешім қабыл-
даудың қажеті жоқ болады. Осыдан өмірде кездесетін əр алуан
жағдайлармен бетпе-бет келгенде дəрменсіздік, тұрақсыздық
пайда болады. Жасөспірімнің мінез-құлқын анықтайтын негізгі
мотив, өз ісінің дұрыстығын дəлелдеуді қалау бұндай тыйымдар
атмосферасында жүзеге аспай қалады. Осының кесірінен өзара
қарым-қатынас босаңсып, тіпті нашарлап кетуі мүмкін. Ата-аналар
жасөспірімдердің өздерінің пікірін елемеуін, олардың нұсқауына
қарсы əрекет етуін, олардың бақылауына қарсылық көрсетуін
байқайды.
Психологиялық шиеленісушілік атмосферасы, отбасында
кикілжіңдердің жиі болуы балаға қатты əсер етеді жəне жиі бірден
теріс əсер етеді. Бұндай күйде балалар ықпалға тез көнеді, өйткені
олар ішкі күйзелісінен арылуға тырысады. Отбасындағы сəтсіз
жағдайлар əртүрлі болады — ұрыстар мен өзара түсініспеу-
шіліктер, жасөспірімге деген ата-ана мейірімінің жетіспеушілігі.
21
Өмірдің əртүрлі кезеңінде осы факторлардың əрқайсысы келең-
сіздік тудыруы мүмкін, бірақ олардың ықпалы əртүрлі болады.
2-тақырып бойынша сұрақтар
1. Мінез-құлықтағы ауытқуды түсіндіретін шетелдік тұжырымдар.
2. «Қиын» жəне «тəрбиелеуге қиын» ұғымдары нені білдіреді?
3. Мінез-құлықтың ауытқуына қатысты ресейлік ғалымдардың
ұстанымдары.
2
-тақырып бойынша əдебиеттер
Арзуманян С.Д. Микросреда и отклонения социального пове-
дения детей и подростков.— Ереван, 1980.
Акажанова А.Т. Теоретико-психологические аспекты формиро-
вания девиантного поведения несовершеннолетних //Тезисы 3-ей
межд.конф.— Алматы, 2005.— С. 199—202.
Байярд Р.Т. Дж. Ваш беспокойный подросток.— М., 1991.
Бернс Р. Развитие Я - концепции и воспитание.— М.,1986.
Бютнер К. Жить с агрессивными детьми.— М., 1991.
Змановская Е.В. Девиантология (Психология отклоняющегося
поведения).— М., 2004.
Исаев Д.Н.,Каган В.Е. Аутистические синдромы у детей и
подростков: механизмы расстройства поведения //Патологи-
ческие нарушения поведения подростков.— Л.,1973.
Джаманбалаева Ш.Е. Социология девиантного поведения.—
Алматы: КазГУ, 1999.
Казымбетова Д.К. Девиантное поведение молодежи как объ-
ект социологического исследования: автореф. ... канд.социол.
наук. Алматы, 1999.
Колесникова Г.И., Котова А.Б., Петрулевич А.И. Девиантное
поведение. Ростов-на Дону, 2007.
Кле М. Психология подростка: психосексуальное развитие.—
М., 1991.
Кэмпбелл Р. Как справиться с гневом ребенка.— СПб.: Питер,
2002.
Леонгард К. Акцентуированные личности.— Киев, 1989.
22
Паренс Г. Агрессия наших детей.— М., 1997.
Фигдор Г. Дети разведенных родителей: между травмой и
надеждой.— М., 1995.
Фрейд З. Детская сексуальность и психоанализ детских
неврозов.— СПб, 1997.
23
3 -тақырып
Жасөспірімдердің əлеуметсізденуіндегі формальды емес
криминогенді топтардың орны
Психологияда «топтық динамика» деген ұғым бар. Топтық
динамика — белгілі бір жағдайда нақты индивидуумдардың
арасындағы өзара əсері арқасында олардың əрқайсысының шиеле-
ністі бəсеңдететін немесе оларды толық қанағаттылыққа əкелетін
үрдіс.
Қауіпті немесе формальды емес, жасөспірімдер мен бозбалалар
топтарының құрылу тетігі мəселелердің екі тобын қамтиды:
1. Жасөспірім
(бозбала) əлеуметтенудің дəстүрлі топтарынан
қалайша бас тартады? жəне
2. Олар неліктен əлеуметтікке қарсы
бағытталған қауіпті топтарға бірігеді? Өзін-өзі таныту, өзін-өзі
анықтау, өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі бағалау қажеттіліктерін
қанағаттандыру мүмкіндіктеріне байланысты жастар
3 топқа
бөлінеді: 1-топта мүмкіндік бар;
2-топтың мүмкіншіліктері шек-
теулі;
3-топта бұл мүмкіншіліктер мүлдем жоқ. Жастардың
арасында алғашқы бөлінулер пайда болады, олар «қабілеттілер
жəне қабілетсіздер», «жақсылар жəне жамандар», «тəртіптілер
жəне тəртіп бұзушылар» болып бөлінеді. Қабілетсіздер, оқу
үлгерімі нашарлар жəне тəртіп бұзушылар, осындай атақ алған соң
(стегматизация) оны ақтауға тырысады.
Бұл күрделі де қатыгез əлемде жасөспірімдер қорғаусыз. Ол
қорғанысты қайдан іздейді? Отбасынан ба? Ата-ана үшін ол
кішкентай бала емес. Мектептен бе? Ол онда кімге керек?
Милициядан ба? Күлкілі…
Үлкендер тарапынан көңіл бөлудің жетіспеушілігі жасөспірімді
кұрдастарынан құрылған топ іздеуге итермелеген жалғыз себеп
емес. Маңызды мотивтердің бірі — формальды емес қарым-
қатынасқа, эмоционалды мəнді қарым-қатынасқа ұмтылыс. Бұндай
эмоционалды қарым-қатынастың ақырғы мақсаты бос уақытын
өткізу ғана емес, жасөспірімнің өзіне құрдастарынан қарым-
қатынас туралы ақпарат алу, яғни өзінің жеке тұлғалық мəртебесін
анықтау, нəтижесінде өзін-өзі жүзеге асыру болып табылады.
Жасөспірімнің құрдастарымен терең эмоционалды қарым-қа-
24
тынасқа қол жеткізу қиындықтарына қарамастан, олармен форма-
льды емес топтарда қарым-қатынас жасау мынандай мұқтаж-
дықтарды қанағаттандыруға мүмкіндік береді:
1. Қауіпсіздікке мұқтаждықты
(қорғанысты);
2. Жүйкелік психикалық шиеленістерді шешу;
3. Түсіну, жанын түсіну, жанашырлық;
4. Достық
(өзін ешкімге қажет емес деп сезіну);
5. Тəуелсіздік, өзімен-өзі болу, үлкендерге тəуелді болмау;
6. Өзімен тең құрдастары тарапынан жағымды баға мен сый-
құрмет
(жеке тұлғалық мəртебеге ие болу);
7. Өзін-өзі бекіту, көпшілікке танымал болу, көпшіліктің
мойындауына ие болу
(əлеуметтік мəртебеге ие болу);
8. Жаңа ақпарат алу;
9. Эмоционалды жайлылыққа қол жеткізу.
Ұжымда аутсайдерлер пайда болады. Аутсайдерлік — жасөспі-
рімдерді бір-біріне тартып, жақындастырады. Бұл қоғамға қарсы
бағытталған формальды емес топтардың қалыптасуына септігін
тигізетін əлеуметтік-психологиялық шынайылық, ал мұқтаж-
дылықты қанағаттандыру мен мүдделерді жүзеге асыру мүмкін-
шілігінің шектеулігі қарсы шығудың жəне объективті шы-
найылықта өзін-өзі тұрақтандырудың құқыққа қарсы тəсілдерін
таңдауға субъективті даярлықтың алмасуын жеделдетеді, басқаша
айтқанда, аутсайдерлік — əлеуметтік тығырыққа тірелген жəне
одан шығуға талпынған адамның күйі. Бұл қақтығыстың үш
түрінің туындауына себепкер болады: жасөспірім мен мұғалімнің,
тəрбиешінің, жетекшінің арасындағы, жасөспірім мен сынып
ұжымы, топ, бірлестік арасындағы, жас өспірім мен отбасы
арасындағы қақтығыстар. Егер қақтығыстар дер кезінде шешімін
таппаса, жасөспірімдер негізгі əлеуметтік институттарынан
ығыстырылып шығарылады. Бұл жастың психологиялық ерек-
шелігі жасөспірім жалғыздықта бола алмайтындығымен жəне ол
өзіне тең топ іздеуімен сипатталады. Жəне ондай топты өзі сияқты
күйге тап болған балалардың арасынан табады. Өзін-өзі таныту
үшін олар бірігеді. Осылайша сабақтан қашатын, қауіпті жа-
сөспірімдер топтары
(наразылық: «мен бəрібір ештеңе түсін-
беймін»
), қаңғыбастар топтары (отбасының сенбеушілігі мен
түсінбеушілігіне қарсы: «тек қана ұрсады жəне ұрады, ештеңені
25
түсінгілері келмейді»
), еңбек пен сабақтан бос топтар (кəсіби емес,
жалақысы аз жұмыс
) құрылады.
Іс-əрекеттің негізгі түрлерінде сəтсіздікке ұшырау
(оқуда,
мамандықты меңгеруде
) өз күшіне сенімділіктің орнына өз-өзін
төмен бағалауды, өзінің маңыздылық сезімінің орнына зиян
келтірушілік пен қажетсіздік сезімін тудырады. Жəне бұл
жасөспірімнің тұрақты көңіл-күйіне айналып, оның өмірде
əрдайым сəтсіздікке ұшырауына əкеледі. Топқа енудің басты
мотиві — жалғыздықта қалудан қорқу, түсінуге, теңқұқыққа,
беделге қатысты мұқтаждық
(«онда мен өзімді алғаш рет тең
сездім, онда мені қажет етеді»
).
Формальды емес топтарда өзін-өзі танытудың басқа да тəсіл-
дері қолданылады. Зерттеушілер оларды
4 топқа топтастырады:
1. Негізгі əлеуметтік міндеттерді орындамау;
2. Қоғамда қабылданған мінез-құлық қалыптарды орындамау;
3. Моральға қайшы келетін мінез-құлық;
4. Құқықты бұзу.
Өзін-өзі танытудың формасын əр топ өзінің топ құрамына,
көшбасшысына, ортаның қылмыс жасау жəне қылмыстық дəстүр-
лерінің деңгейіне байланысты таңдайды. Бастапқыда формальды
емес топтардың асоциалды мақсаты болмауы мүмкін. Көп
жағдайда олардың «өмірінің» патологиялық мақсаттары олармен
күрестің патологиялық формаларына жауап реакциясы болып
табылады. Əр блоктың əртүрлі əлеуметтік мəдени орталар мен
аймақтарда, нақты əлеуметтік жəне этникалық топтарда көпе-
көрінеу ерекшеліктері бар.
Көптеген зерттеушілер қауіпті топтардың құрылуын маргина-
лизация үрдісімен жəне оның теріс əсерлерімен байланыстырады.
Маргиналдылық топтардың қалыптасуының себебі емес, тек
аутсайдерлікке қарқынды ену ғана. Қолы бос жасөспірімдер
тобына тəн өзін қоршаған ортаға қарсы қою олардың наразылық
сипатты мінез-құлықтарының ерекшеліктері қатарында көрінеді.
Бұған, бірінші кезекте, киімдеріндегі ерекшеліктер, жаргондар
(жастарға тəн сөйлеу тілі) секілді олардың тəуелсіздігі мен
үлкендерге қарсылығының белгілері
(символдары) жатады. Жа-
сөспірімдер қолданатын терминдер, көбінесе дөрекі, шартты жəне
сөздерге олардың үйреншікті мағынасына қарама-қайшы мағына
26
беріледі, қылмыскер лексикондарынан алынған сөздер жиі
кездеседі. Бұндай сөздердің барлығы «өздерінікін» «өзгелерден»
айырып тану қызметін атқарады, сонымен қатар топтық ынтымақ-
тастықты нығайтады. Алайда үлкендер əлемі мен жас өспірімдер
əлемінің арасындағы айырмашылықтар тек осы сыртқы атри-
буттармен ғана шектелмейді.
В.В.Лунев атап көрсеткендей, «жасөспірімдердің қылмыстық
топтары «мектебінен» тура немесе жанама жолмен жүздеген,
мыңдаған, тіпті миллиондаған жасөспірімдер өтеді. Жасөспірім
кезінде жинақтаған зорлық, пайдакүнемдік жəне анархиялық мінез
құлық тəжірибесі көптеген адамдарда ұзақ жылдар бойы сақталса,
кейбіреулерде өмір бойы сақталады. Балалық шақ пен ересектікте
қалыптасқан бұл ауыр жүктен арылу əрқашанда барлық адам үшін
қиын».
Тұлғаның ең жағымды əлеуметтенуінде жасөспірімдік өмір-
баянның жағымсыз салмағы санада сақталып, кейінгі мінез-құлық
жағдаяттарында адамға ауыртпалығын түсіреді. Бұған ауыр қыл-
мыстардың мотивациясына қылмыстық-психологиялық талдау
дəлел бола алады. Сонымен қатар көптеген адамдардың теріс
қылықтары да айғақ болады. Көп жағдайда адамның қол жеткізген
мəртебесіне, оның рөлдік мінез-құлқына сəйкес келмейтін үлкен
адамдардың іс-əрекетіндегі ауытқушылықтардың бастау көзін
олардың балалық шағы мен ересектік кезеңінен іздеу қажет.
Барлық тарих, əсіресе жақын шетелдердің тарихы адамның
мұқтаждығы мен мотивациясына сай келмеген, санаға тікелей əсер
ету əрекеттерінің ықпалы аз болатындығын дəлелдейді. Балалық
шақ пен ересектік кезеңінде қалыптасқан мұқтаждықтар мен
əдеттер ылғалды əрі құнарлы жерге себілген дəн секілді, адам
санасына оңай, тез сіңеді.
Бүгінгі таңда жасөспірімдердің қауіпті топтарының көбейіп
етек алуына байланысты бұл топтарда қалыптасқан құндылықтар
мен үлкендер əлемінің өнегелі құқықтық құндылықтары арасында
нақты айырмашылық пайда болған, бұл төмендегі себептермен
айқындалатын міндеттермен түсіндіріледі. Біріншіден, белгілі бір
жағымсыз əлеуметтік жағдайларда жас-өспірімдердің қауіпті
топтарында ішімдік ішу, нашақорлық, токсикомания, жезөкшелік,
қылмыстық секілді заң бұзушы құбылыстар пайда болып, таралуы
мүмкін. Екіншіден, жас ерекшелігіне қатысты жатырқаушылық
27
əлеуметтік бақылаудың əлсіреуімен, өсіп келе жатқан ұрпақтың
əлеуметтену үрдісінің маңызды қызметінің бұзылуымен —
үлкендердің əлеуметтік тəжірибесін меңгеру мен беру жүйесінің
бұзылуы салдарынан ұрпақтар арасындағы мирасқорлықтың
əлсіреуімен қатар жүреді. Мейірімділік, өзара сенімділік, ынты-
мақтастық пен өзара көмек беруге əрдайым дайын болу, адалдық,
парасаттылық, еңбек сүйгіштік, əлеуметтік жауапкершілік, əділет-
тілік, заңға деген құрмет жəне басқа да көптеген өнегелі құқықтық
құндылықтар мұраға берілмейді. Оларды өнегелі құқықтық
əлеуметтену, тəрбиелеу үрдісінде, осындай қасиеттері бар, олар-
дың құндылығын жете түсінетін жəне бұл қасиеттерді жасөспі-
рімдерге дарытуға тырысатын үлкендермен қарым-қатынас үрді-
сінде меңгеру қажет. Егер жасөспірімдер тек өз құрдастарымен
ғана араласатын болса, егер олар үшін өздерінің топтары ғана
референтті болып табылатын болса, олар мəдени дəстүрлерден
бастау алатын жəне бірін-бірі құрметтеуге, мінез-құлықтың
өнегелі құқықтық бастауларына негізделіп қалыптасқан мінез-
құлық түрлерін игере алмайды.
Жағымсыз əлеуметтік жағдайларда жасөспірімдер тобы біртін-
деп асоциалды топтарға, кейіннен қоғамға қарсы топтарға айналуы
мүмкін.
Топтың жағымсыз дамуының бірінші кезеңінде балалардың бір-
бірімен байланысы терең емес, кездейсоқ, əлсіз топтар, барлығы
мойындаған көшбасшысы жоқ болады. Бұндай топтардың мүше-
лері — «қиын» жасөспірімдер. Оларға оқуға деген теріс көзқарас,
тəртіпсіздік, ауық-ауық көрініс табатын девиантты мінез-құлық
(шылым шегу, құмарлық ойындары, ішімдік ішу, нашақорлық,
ұсақ ұрлықтар,қаңғыру
) тəн.
Екінші кезеңде егер топ сақталатын болса, ол тұрақтанады,
адам саны азаяды, онда басшы пайда болады. Оқуға деген теріс
көзқарас педагогке, үздік оқушыларға, тұтас мектепке деген
дұшпандық қарым-қатынасқа дейін өседі. Бұндай топтардың
мүшелері бейморальдық іс-əрекеттерді ғана жасап қоймай, заң
бұзушылықтарға дейін барады — ұрлықтар, бұзақылық жасау.
Деформацияның үшінші кезеңінде топ өзінің асоциалды мінез-
құлықтарын ақтаушы, өздерінің қалыптастырған топтық норма-
ларымен өмір сүреді. Топтың басшысы болып, көбіне жазасын
өтеп келген адам тағайындалады. Мектеппен, КТУ мен байланыс
28
мүлдем үзіліп, девиантты мінез-құлық қылмыскерлікке айналады
(ұрлық, тонау, бұзақылық, автокөліктерді ұрлау жəне т.б.). Осы-
лайша топ криминогенді топқа айналады.
Криминогенді топтардың өз мүшелеріне ықпал ету тетігі
төмендегі түрде жүзеге асады: басымдық көрсету, кейін ерте не
кеш уақыт өткізудің: мақсатсыз уақытты бос өткізу, маскүнемдік,
ішімдік, есірткі сатып алуға ақша табу мақсатында ұрлық жасау,
тонау, əдепсіз мінез-құлықты əйелдермен қарыматынас жасау, бір-
бірімен төбелесу, зорлау формалары ғана қалады. Бұның барлығы
тұлғаның азғындауына сөзсіз əкеледі. Егер жасөспірім бұндай
топта ұзақ уақыт қалатын болса, құқықты əлеуметтендірудің кем-
шіліктерінің жағымсыз салдары қайтымсыз, түзетуге болмайтын
күйге жетеді.
3-тақырып бойынша сұрақтар
Достарыңызбен бөлісу: |