1-кесте – Стресскесезімталдылық тестінің нәтижелері
№
Шкалалар
Деңгейлер
Төмен
Орташа
Жоғары
1
ЖЖС
13
24
3
2
БҚБ
1
19
10
3
ПАБ
4
17
9
4
СЖДТ
14
11
5
5
СЖКТ
3
16
11
Шкалалық баллдарды анықтаған соң, шка-
лалардың барлық деңгейі бар деп айта аламыз.
Стресскесезімталдылықтың деңгейлерін шкала-
лар бойынша қарастырайық:
ЖЖС (Орнаған жағдайларға жоғарғы сезім -
талдық). Бұл шкала бойынша түзету балабақ-
шасының мамандарының көп бөлігінің эмоцио-
налдық деңгейі бірқалыпты тұрақты және ор -
наған жағдайларды орташа деңгейдегі сезім-
талдылықпен қабылдайтыны анықталды.
БҚБ (Барлығын аса қиындатуға бейімділік).
Шкаладағы нәтижелерді салыстырмалы түрде
қарастырғанда, түзету балабақшасының маман-
дарының көп бөлігі орташа және жоғары
деңгейде барлығын аса қиындатуға бейім.
Бұл көрсеткіштер тікелей мамандардың
жұмыс ерекшеліктерімен байланысты. Себебі,
мамандардың айтуынша, дамуында ауытқушы-
лығы бар балалармен жұмыс барысында үнемі
баланың денсаулығына, балалардың бір-
бірімен қарым-қатынас жасауында орнайтын
жағдайларға байланысты қорқыныштар орнай-
ды. Соған орай, үнемі стресстік күйде жүрген
соң, барлығын аса қиындатуға бейімділік
қалыптасқан. ПАБ (Психосоматикалық ауру-
ларға бейім ділік). Түзету балабақшасының 9
маманында психосоматикалық ауруларға деген
жоғары бейімділігі анықталды. Мамандардың
көп бө лігі бас ауруы мен шектен тыс шашауды
жиі сезінетінін көрсетті.
СЖДТ (Стрессті жеңудің деструктивті тә -
сілдері). Бұл шкала бойынша түзету балабақ-
шасының мамандарының көп бөлігі стрессті
жеңуде деструктивті тәсілдерді таңдамайтыны
анықталды. Мамандардың кей бөлігі стрессті
шешуде агрессияны белгіледі. Бұл шектен тыс
шаршау мен қажудың салдары болуы мүмкін.
СЖКТ (Стрессті жеңудің конструктивті тә-
сілдері). Түзету балабақшасының мамандары-
ның көп бөлігі орташа және жоғары деңгейде
стрессті жеңудің конструктивті тәсілдерін таң-
дайтыны анықталды.
Түзету балабақшасының мамандарының кә-
сіби стресс шкаласын анықтау үшін Д. Фонтанның
«кәсіби стресс шкала» тесті өткізілді. Тест бой-
ынша алынған нәтижелер 2-кестеде көрсетілген.