1. Жердің топырақ жамылғысына әсер ететін кері факторлар.
Жердің функционалдық ерекшеліктері оның табиғи ресурстары ішіндегі рөлін белгіледі. Ол қоғам ауқаттылығының материалды негізі, өндіріс күштері мен адамдарды жылыстау кеңістік базисі, экономиялық дамудың барлық факторлары – еңбектік, матиалды-техникалық және табиғи өндіру процестерін ұдайы өсіру негізі болып саналады. Тарих В. Петтидің формуласы «еңбек затты байлық әкесі, ал жер – оның анасы» дұрыс екенін дәлелдеді.
Жер өндірістің құралы ретінде өзінің ерекше белгілері бар, әсіресе өндірістің жасанды құралдарымен салыстырғанда. Біріншіден, жер – табиғат өнімі немесе жаратылысы, сондықтан алғашқы жайында құны болмайды, үйткені адам оны жасауға еңбектенген жоқ. Өндірістің басқа құралдары еңбек арқасында пайда болған және құны болады.
Екіншіден, жасанды өндіріс құралы физикалық тозу барысында қайтадан өндіріле алады. Топырақ жамылғысы да қалпына келтірілетін табиғи ресурс болып саналады, бірақ табиғи жллмен қалпына келу үшін жүздеген жылдар керек етеді. Былайша айтқанда болжайтын болашақта бұзылған топырақ қабатымен көптеген массивтер интенсивті шаруашылық іс әрекетінен шығуы мүмкін. 2,5 см топырақ қабатын қалпына келтіру үшін 300-1000 жыл, ал қалыңдығы 18 см бар жыртылатын қабатқа 2-7 мың. жыл керек.
Жерді дұрыс пайдалану, оны экономиялық тұрғыдан тиімдеу және қорғау оның биологиялық потенциалы мен өнімін сүйемелдек қана қоймайды, сонмына қатар елеулі арттырады. Ауыл шаруашылық алқаптары динамикасына бір қатар процестер әсер етеді: ғылыми-техникалық прогресс, кенттену, қолайсыз табиғи факторлар, жаңа территорияларды игеру, аграрлық жерлердің құрылымын өзгерту және б. Өнеркәсіп, инфраструктура және қалалардың дамуы көп құнды жерлерді кәсіпорындар, гидроэлектростанциялар, тау-кен өндірісі объектері, көліктік коммуникациялар, тұрғын үйлер және с.с. салуға бөлінеді. Сонымен қатар, көптеген жерлердің су және жел эрозиясына душар болуы, аридизациялау, тұздану, жерлердің батпақтануы жер ресурстарын жоғалтуға және олардың құнарлығын төмендетуге әкеліп соғады.
Жер ситуациясының шиеленісуіне ауыл шаруашылық жұмыстарының интенсивті жүруі және жерге деген ауырпалықтардың күрт атруы дәее жол салады. Ауыл шаруашылығына қуатты машиналар, тыңайтқыштар және улы химикаттар ағыны артуда және агротехникада күрделенді деуге болады. Осыған орай жерге деген ауртпалықтар артты.
Көп елдерде ауыл шаруашылық жерлеріның көлемі қысқарып келеді. Мысалы, АҚШ-та алқаптар көлемі 1960 ж 540 млн га- дан, 1990 ж. 492 млн. га-ға дейін қысқарды, Жапонияда 7- ден 5,6 млн, Францияда 39-дан 35 млн, Германияда 14-тен 12 млн, Италияда 22- ден 20 млн. дейін. Осыған орай өндіріс, көлік, қалалардың артуына байланысты жермен орташа қамтасыз етілу деңгейі төмендейді. Қазіргі кезде адам басына орташа есеппен 0,28 га егістік келеді. Жекеленген елдерде: ТМД -0,81, АҚШ - 0,63, Қытай - 0,16, Германия - 0,15, Ұлы британия - 0,13, Жапония - 0,04 га адам басына шағылады.
Әлемде қосымша пайдалануға болатын жерлер де бар, бірақ сапасы төмен, себебі ауыл шаруашылығына жарамды жерлер игерілген және оларды арттыруға мүмкіншілік жоқ деуге болады.
Ауыл шаруашылық жерлерінің жетіспеуін оларды интенсивті пайдалану және өнімін арттыру арқылы толықтыруға болады. 1987 ж. астықты және бұршақты дақылдардың өнімі АҚШ-та 47 ц/га, дамыған европалық елдерде және Жапонияда 50-60, Шығыс Европа елдерінде 40-50, Қытайда -39, Аргентинада - 22, Бразилияда - 16, Индияда - 13, СССР-да - 18ц/га (Т.С. Хачатуров бойынша) болды.
Дамыған елдерде тыңайтқыштардың бар түрі, пестицидтер, гербицидтер және т.б. кеңінен қолданылады, былайша айтқанда ауыл шаруашылығы химиязацияланған. 1 га егістікке қолданылатын тыңайтқыштар көлемі Францияда 300 кг, Нидерландта 800 кг, Жапонияда шамамен 400 кг, Канада да – 56 кг. Көп жағдайларда тұтынушылар химиясыз өндірілген өнімдерді талап етеді, олардың сапасы жоғары деп санайды, бірақ олардың бағасы жоғарғы деңгейде болады.
Ауыл шаруаышылқ өндірісі бойынша бірінші орында АҚШ тұрады. Бұны қамтамасыз ететін елінің қолайлы табиғи жағдайлары, кең көлемдігі жазықтық жерлер, оңтүстікте субтропикаға көшетін қоңыржай климат, қолайлы ылғалдылық.
Топырақты өңдеу тәсілдерінің жақсартылуы, механизациялау еңбек өнімділігін арттырады.
Дами бастаған Африка, Азия және Оңтүстік Америкада елдерінде ауыл шаруышылығын жүргізу мәселесінде қиыншылықтар көп. Осы күнге дейін қарапайым егіншілік жүйелері қолданылады. Әрине бұл қоршаған ортаға зиян келтіреді. Ормандардағы топырақ қабаты жұқа болады, тропикалық нөсер жаңындардан топырақ шайылады, шөлдену процесі байқалады. Мал шаруашылығы да артта қалған, жайылымдар тапталған. Бұлардың бәрі ауыл шаруашылығын экстенсивті жүргізу белгілері. Ақырғы 100 жылда әлемде ауыл шаруашылық алқаптарының шамамен 27% айналымнан шықты, оның ішінде бірсыпырасы құнарсыздануына байланысты. Әрине, топырақ қалпына келетін табиғи ресурс, бірақ оның қалпына келу процесі өте баяу және үлкен қаражатты талап етеді.
Жер ресурстарының өнімділігі мен аумағына елеулі шектеулерді климаттық жағдайлар қояды. ТМД елдерінде ауыл шаруашылық алқаптарының 60% артығы орташа жылдық температурасы +5°С төмен аудандарда орналасқан, ал АҚШ-та тек 10%. Жылдық жауын шашын мөлшері 700 мм және одан жоғары болатын егістіктер ТМД елдерінде 1% алады, ал АҚШ- та - 60%.
Ауыл шаруашылығында қолайлы агрофонды жерлерді пайдалану экологиялық теңдестікке жетті деуге болады. Орташа есеппен ТМД елдерінде егістік жерлер барлық территорияның 10% алып жатады, ал ТМД, Украина, Молдованың европалық бөлігінің орталық аудандарында жыртылған жерлер мөлшері 50-80% тең. Шетелді Европада және АҚШ-та өңделетін топырақтар көлемі бар аумақтың 30-36%- дай шамада.
Бұндай жер ресурстарын пайдалану жағдайлары ауыл шаруашылық алқаптарын келешекте арттыруға мүмкіншілік жоқтығын дәлелдейді. Олай болса бұдан әрі ауыл шаруышылық өнімдерінің өсімі негізінен алқаптардың өзгермейтін көлемінен болады.
АӨК-нің ауыл шаруашылығын дамытудағы негізгі принципі болып барлық шараларды экологизациялау саналады. Осыған орай механизация, химизация, мелиорация және ауыл шаруашылығындағы ғылыми-техникалық прогресс дамуы керек.
Ауыл шаруашылығын, барлық АӨК- ді қайта бағдарлау керек, негізінен техногендіктен экологиялық бағытта. Ол үшін АӨК- не деген күрделі қаржылар саясатын, шаруашылық механизмін, баға жүйелерін, кешеннің салалы және технологиялық құрылымын қайта құру керек. Тек осы негізде АӨК-ді қалыптасқан ресурссиымды, табиғисиымды даму типінен ресурстарды үнемдеу, экологиялыққа қайта бағдарлауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |