«A.Түркебаев атындағы мектеп-лицейі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Хаттама№2
07 қараша 2022ж. Саты ауылы «Айтжан Түркебаев атындағы орта мектеп-лицейі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 10Ә-сынып оқуышыларына сынып жиналысы болып өтті.
Барлығы: 6 Қатыспағаны -0
Қатысқаны:6
Күн тәртібінде: 1.І тоқсан қорытындысы Сынып жетекшісі: Сейітбекова Шолпан
2.Қауіпсіздік ережелерімен танысу. Сынып жетекшісі: Сейітбекова Шолпан
3. Сынып белсенділерінің тоқсандық есебі. Сынып белсенділері.
4. Сынып сағаты «Сабыр түбі - сары алтын». Сынып жетекшісі: Сейітбекова Шолпан
Күн тәртібінде бірінші мәселе бойынша І тоқсан қорытындысы айтылды.
Бір және екі пәннен 3 ке шыққан оқушыларға келесі тоқсанда сабаққа қатысып, белсенділік танытып, жақсы баға алу тапсырылды.
Тоқсан басында оқушы саны – 7/3 болған. Тоқсан соңында 6/6 оқушымен аяқтадық. 2022 жылдың 15 қыркүйегінен бастап Шаутен Аслан отбасылық жағдайына байланысты басқа мектепке ауысты.
Жалпы I тоқсан қорытындысы бойынша сыныптың оқу сапасы 50% құрады.
Күн тәртібінде екінші мәселе бойынша қауіпсіздік ережелерімен таныстырылды. Қауіпсіздік ережесін сақтау айтылды. Мектепке келе жатқанда арнайы өзінің жолымен жүру, асфальт жолдан өтетін кезде жан-жағына қарау, жүргіншілер жолымен жүру керек екені айтылды. Жол үстінде ойнамау керек екені, жер тайғақ кезде жолдан абайлап өту керек екені ескертілді. Бекітілген үлгідегі мектеп формасын кию және мектептегі тазалықты сақтау сияқты барлық ережелермен таныстырылды.
Күн тәртібінде екінші мәселе бойынша сынып белсенділері өзінің тоқсандық есебін берді. Сол бойынша кеткен кемшіліктердің келесіде қайталанбауы ескертілді.
Күн тәртібінде екінші мәселе бойынша оқушыларға «Сабыр түбі - сары алтын» тақырыбында оқушыларға мәлімет берілді. Тақырып бойынша видеоролик көрсетілді және тапсырмалар орындады. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, білгенімен бөлісті.