Ақай Мерей А. Байтұрсынов-әдістемеші ғалым



бет7/8
Дата03.12.2023
өлшемі66,1 Kb.
#133333
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
311топ Ақай Мерей1

ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми еңбектері сол кездегі қабырғасы жаңа қаланып келе жатқан казақ бастауыш мектептерінің жаңа сай талаптарына жазылған оқулықгары мен оқу құралдары дөрежесіне көтерілген.
Жоғарыда айтылған пікірлер А.Байтұрсыновтың қазақ бастауыш мектебінде оқытуды ұйымдастыруға қатысты өзіңдік ой-пікірімен ғылыми негіздегі пайымдаулары бар ірі тұлғалардың бірі болғанына толық негіз бола алады. А.Байтұрсыновтың оқу-әдістемелік бай мұрасының үлгілерін бүгінгі бастауыш мектептің негізін қалаудағы ғылыми қағидалар ретінде қабылдауымыз жөн.
Сонымен зерттеу проблемасына байланысты қол жеткізілген нәтижелер мынандай қортындылар жасауға негіз болды:

  1. А.Байтұрсыновты қазақ бастауыш мектебінің ірге тасын қалаушы ғалым-педагог деп танып, оның бастауыш мектеп жайлы мұраларының бүгінгі уақытқа дейін ғылыми-педагогика саласында зерттелмегенін, олардың әсіресе, бүгінгі таңдағы бастауыш мектеп педагогикасы мен оның тарихы жайлы кейбір көкейкесті мөселелерінің бірі екендігін дөлелдеуге көмегін тигізеді.

  2. А.Байтұрсыновтың бастауыш мектеп жайлы педагогикалық мұраларын зерттеу барысында, қазақ бастауыш мектебіндегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың жүйесін (оқудың ана тілінде болуы, қазақгың ұлттық жазу графикасын жасау, бастауыш мектептегі жоспарлы оқу, оқу бағдарламалары, оқу кітаптар мен оқулықгар жазу) құрушы ғалым, оның бастауыш мектеп педагогикасы ғылымысаласында өшпес із калдырғанын, еңбектерінің тәрбиелік жақгарының жоғары екенін дәлелдейді.

  3. Ғалым-педагогтың бастауыш мекгеп педагогикасы ғылымы саласында құнды идеялары өскелең ұрпақ пен жастар тәрбиесін жүзеге асыруда көпшілік ғалым-педагогтардың қолдауына ие болып қолданыс табатыны сөзсіз.

XX ғасырдың бас кезіндегі оқудың ана тілінде болуы жайлы ғалымның ұстанған жаңа педагогикалық оқу жүйесі, жалпы қазақ бастауыш мектептеріндегі оқудың ана тілінде ұйымдастырудың ғылыми-педагогикалық ой-пікірдің қалыптасуының тарихи-педагогикалық алғы шарттары, жасалған қайнар көзі, бұлақ-бастауы деп бағалаймыз. Бұл қазақ бастауыш мектебіндегі оқу-тәрбиені баланың туған тілінде ұйымдастыру жөніндегі ғылыми-педагогикалық ой-пікірдің, өзінің қалыптасуы мен дамуы жолында бастауыш мектеп педагогикасы ғылымының кұрамды бөлігі ретінде, сондай-ақ , бастауыш мектепте тәрбие мен білім беру саласында түбегейлі өзгерістер енгізу, ұлттық мөдениетті әлемдік деңгейге көтеру барысында халықаралық қозғалыс бағытында дамығандығын айқындайды.
5) А.Байтұрсыновтың бастауыш мектеп жайлы педагогикалық мұраларында бүгінгі және келешек қазақ бастауыш мектебі үшін пайдалануға боларлықтай ғылыми-педагогикалық ой-пікір, идеяларды көрсетуге болады:

  • бастауыш мектепте оқу баланың туған тілінде болуын ескеру;

  • бастауыш мектепте берілетін білім мен тәрбие ұлттық негізге бағытталуын ескеру;

  • оқулықтардағы оқу материалдарында халықтық педагогика элементтерінің қамтылуын ескеру;

  • бастауыш мектептегі оқу барысын ұйымдастыруда пәнаралық байланысты жүзеге асыру, оны басшылыққа алу;

  • бастауыш мектеп оқулықгарын жазуда, бала жанына жақын, тартымды жағын негізге алу;

  • оқуды өмірмен, қоршаған орта, тұрмыспен жанастыру;

  • оқуды ұйымдастыру баулу негізде болып, жалаң оқудан төжірибеге емес, тәжірибеден оқуға бағытталуды басшылыққа алу, және т.б.

6) Бастауыш мектептегі оқу-тәрбие барысын ұйымдастырушы, оның жүзеге асуына негізгі ұйтқы болушы - ұстаз. Сондықтан да ғалымның педагогикалық мұраларындағы бастауыш мектеп мұғалімдері жайлы ой-пікірлерін басшылыққа ала отырып, қазақ бастауыш мектептерінің талабы мен сұранысын қанағаттандыруда ғалымның қағидаларын жүзеге асыру, бүгінгі күннің де көкейткесті мәселесін шешу болып табылады;

  1. Ғалым-педагог Қазақстандағы бастауыш мектеп педагогикасы ғылымдарының дамып жетілуіне үлкен үлес қосты. Оның казақ бастауыш мектептеріндегі оқу процесінде оқушыларды жан-жақты дамыту мен тәрбиелеудегі басшылыққа алған ұстанымдар жүйесін қазіргі кезеңдегі бастауыш мектеп тәжірибесіне пайдалану;

  2. А.Байтұрсыновтың бастауыш мектеп жайлы мұраларындағы – оқуды өмірмен, еңбекпен байланыстыру туралы ой-пікір, тәжірибелерді, комплекстік бағдарламалардағы пәнаралық идеяларын терең зерттеу, сондай-ақ, бастауыш мектеп мұғалімдерінің кәсіби мамандығын жетілдіруде ғалымның педагогикалық мұраларын кеңінен пайдалану.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет