Ақай Мерей А. Байтұрсынов-әдістемеші ғалым



бет5/8
Дата03.12.2023
өлшемі66,1 Kb.
#133333
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
311топ Ақай Мерей1

Бұдан былай:
1. Бәріміз тату-тәтті болайық.
2. Біріміге біріміз көмектесейік.
3. Құр бетімізше шулай бермейік.
4. Әсіресе сабақ үстінде тыныш отырайық, - делінген. Бұның алдындағы мәтіннің кұрылуындағы мазмұн бала тәрбиесіне келіп-ақ тұр. Бүл мәтіннен хат танып қалған балалар өздерінің өмірін өздері оқып, мәз болып, олардың тәртіпке келері де анық. Мәтіннен кейін «Ойнаңдар! Ойлаңдар!» деген айдармен тағы да сөз есебі беріледі. Сөз есебінің мазмұнында: Қалада оқитын шәкірт мектебіне келе жатты, Біраз жүрген соң арбалы атты адамды қуып жетті. Қараса, сабақтастары. Қанша шәкірт қалаға барды? Бұл деген ақырындап есеп шығаруға, ойлануға тартып, әрі ол ойын түрінде берілгендіктен, баланы жалықтырмай, мазмұнын ұғынуға баулып отырады.
Міне, осы бағыттарда 82-бетте «Көмектестік», «Жалпы жиналыс», «Тазалық тәртібі» деген мәтіннен кейін «Құлақ қат» деген ереже ілінген. Бұның мазмұны «Тазалық- саулық» деген айдармен төмендегі ереже ретінде беріледі, ол:
1. Үй ауасын жиі жаңарту.
2. Шаңды су шүберекпен сурту.
3. Аяқты сырттан сүртіп кіру.
4. Үйде түкіргішке түкіру.
5. Шаңды шүберек пен борлы шүберекті үйде сілікбеу.
6. Киімді үйде қақпау.
7. Үйлерінен жуынып таза келу.
Бұдан соң Ойнаңдар! Ойлаңдар! - деген сөз есебі беріліп отырылады. Оның мазмүны: Төлептің төрт ұлы бар. Төрт ұлының адам басына бір апа, бір қарындасы бар. Төлептің барлық баласы нешеу болғаны? деп келген. Міне, оқулық бетінде тәртіп, тәрбие, тазалық ережесі, ойландыру есебі, табиғат бейнесі т.б. өмір тіршілігіне қажеттілердің бәрі қамтылып, оларға мәтін құрылып, оқулыққа беріліп отырылады.
Жас өспірімдері болсын, үлкендері болсын өздері окып, өздері біліп, өмірді түсінетіндіктерін ескеріп, оны оқулық арқылы беретініміз қашаннан келе жатқан қағида мен талап екені белгілі. Соған орай А.Байтұрсынов оқулық жасау барысында тәрбиеге де ете ұқыптылықпен қарағандығын байқатады.
Талдауды әрі қарай жалғастыру барысында мәтіндердің бәріне бірдей түсінік берудің қажеті жоқ. Себебі жалпы бағыт-бағдары белгіленді. Оқулықта тәрбие мәселесіне де ерекше мән беріліп отырылғандығына тоқталатын болсақ, келесі «Салақтықтық кесірі», «Қожалақ», «Дәрігер бізге не айтты?», «Оқу бөлмеміз» т.б. атауға болады. Соңғы мәтін мазмұнында оқу бөлмесінде не барын тегіс атай отырып, одан мәтін құрастырылады. Бұдан соң сөз есебі беріледі. 91-беттегі «Шаңға қылған шарамыз» деген мәтінде шаң-кірден құтылудың жолы, шөп-шалам, жеке жіптер т.б. есік алдына салып, балалар оған аяғын сүртіп кіретін болған екен. Бұл айланы тапқанға дейін болған уақиғаны мәтінге енгізіп жазады да, табылған айла арқылы балалардың тазалыққа икемделген істерінен көрсетеді. 92-беттен «Сағат», «Мектептегі мереке», «Менің міндетім», «Күз белгісі», «Күз», бұнда күз бейнесін суреттеме етіп, қарапайым сөзбен жазған. А.Байтұрсынұлының өзінің күз мезгіліне шығарған өлеңі берілген. Бұл өлең мазмұнына күздің өзгерісін, ондағы еңбек түрлерін түгел атай келіп, енді не істеу бағыты айтылады. Сонымен бірге Абайдың «Күз» өлеңі де беріліпті. Сондай-ақ «Мектепті қалай күтеміз» және «Жетім», «Қабырға газеті», «Түс көргенім», «Құлақ қаттар» мәтіндері бар. Бұнда оқушыға тәртіп заңын берген де, күн режимін «Саулық заңы» деп, оны баған түрде төмендегіше керсеткен:

Істеу

Істемеу

Түзу отыру, үстін таза ұстау, ас ішерде қол жуу, қайнаған су ішу, таза ауада болу

Бүгіліп отырмау, кірлеп жүрмеу, аузына қол салмау, қайнамаған су ішпеу, ауыр ауада көп болмау

«Саулық заңы» бүгінгі әліппелерде күн режимі ретінде суреттер арқылы беріледі. Режимді қандай етіп берсек те, А.Байтұрсынұлының әліппе мазмұнының жалғастығы бүгінгідей көрініп-ақ тұрады.


«Ұят-ай!», «Күн бақбамыз», «Бұл қай кезде болады?» деген мәтіндер өлең ұйқасымен беріледі. Мәтіндер жыл мезгілдеріне арналған. «Қыс қамы», «Күзем» (көргенімнен) «Шана істегенім» деген мәтін бүгінгі еңбек сабағына жатады. Себебі шананың материалдарын жинауды, оны орнықтыруды т.б. кәдімгі еңбек түрлерін мәтін етіп жазған да, балаларға үлгі етерлік бағыт берген.
Оқулықтың ең соңғы бетіне (113, 116-беті) «Қазақ әліб-биінен шығарылған әріптер» деген тақырьшпен бүгінгі әріп пен араб әрпінің түсініктерін жазған.
Сонымен А.Байтұрсыновтың Әліб-би оқулығының құрылысы және оған берілген мәтіндер мазмұны мен оның құрамының жасалу бағытында айтарымыз:
Бірінші, әріптер мен дыбыстарды таныстырудан басталады. Дыбыстарды таныстыру бағытында, дыбысқа лайықты суреттер салынған да, әріп пен дыбыстар қайталанып айтылып отырылады.
Екінші, өтілген дыбыстардың саны көбейген сайын дыбыстардан туатын сөздер саны да өрбіп отырады. Ол сездер кайта-кайта кайталанып келеді. Бір сөз бірнеше рет қайталанады. Оның себебі кайта-кайта оқылса, баланың есіне ерекше сақталынады деген үғым туады. Сейтіп, оқыту әдіс-тәсілдерінің ерекшеленген бір турі сараланып шығады.
Үшінші, сол ортаның өмірін, тіршілігін ашық көрсететін мәтіндер өте қарапайым тілмен құралып отырылады.
Төртінші, оқулық мәтіндеріне мазмұндық сурет берілмесе де, әріп пен дыбысты түсіндіру барысында жекеленген суреттер көрсетіліп келеді.
Бесінші, мәтіндер жаңылтташ, жұмбақ, мақал-мәтелдермен жалғасып, толығып отырылады. Бұл жағдай бүгінгі, кешегі әліппелерде де кездесіп, сабақтастығы мен жалғастығы болып жатады.
Алтыншы, Байтұрсынұлының Әліб-биінде етіліп отырылған әр жаңа әріп пен дыбыстан туған сөздер жиынтығында да (баған сөздерде), сол дыбысқа арналған жаңа мәтіндерде де бірде бір өтілмеген дыбыстары бар сөздер кездеспейтіндігіне кез жеткізіледі. Бұл - бүгінге дейін ұстанымнан шықпайтын қағида. Себебі баланы сөйлету, ойлату, тілдік қорын дамыту, тілін ширату керек деген талапта ғана ауызша сөйлеу барысында өтілмеген дыбыстар кездесіп жатады. Бұл жағдайда етілмеген әріптерде жұмысымыз жоқ, бірақ соның ішінде таныс дыбыстарға мән беріліп, сол бойынша жұмыстар жүргізіліп те жататынын теріске шығаруға болмайды.
Бір ескере кететін мәселе: Байтұрсынұлының әліб-биінде әріптердің жазба түрлеріне ерекшеленіп мән берілмеген, яғни әріп элементтеріне ерекшеленіп токталмаған. Бұл Әліб-биде жазу мәселесінде сіріңкенің шырпысымен, немесе таяқшалармен жазуды қолданғандығы байқалады. Жазба жұмысында кеспе буын және кеспе сөздер жиынтығы колданылады. Кеспе сөздер бұл Әліб-биде карташа деп айтылады. Кеспе әріп, кеспе сөз (карташа) жазу жұмысы бүгінде де қолданылуда. Ал әріп элементтерін талдап, оның жазбаша түрінің қағазға түсірілмегендігі байқалады. Ол сол кезеңнің құрал жабдығының тапшылығынан болуы да мүмкін. Бірақ жалпы, жазба жұмысы болмады деуге болмайды. Баспа түрінде, сіріңке шиімен жұмыс жүргені байқалады. Ал бүгінгі таңда әр әріптің элементтері жекеленіп көрсетіледі де, талданып отырылады. Әр әріп неше элементтен құралатыны айтылады, дәлелденеді.
Сауат ашатын әліп-бимен ана тілін үйрететін «Тіл құралын» жазу үшін оған қазақ тілі фонетикасы мен грамматикасын зерттеу қажет болды. Сөйтіп, ағартушылык қызмет оны ғалымдыққа жетектеді. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі мен оған қажет графика туралы алғашқы пікірлерін ол 1912 жылдан бастап «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті беттерінде жариялай бастайды. «Айқаптың» 1912 жылы 9-10 және одан кейінгі сандарында және «Қазақ»1913 жылғы 34-санында жене одан басқа сандарында «Жазу мәселесі» деген көлемді мақалалар жариялап, оларда казақ дыбыстарын білдірмейтін араб алфавитінің кейбір таңбаларьш казақ жазуына енгізбеу керектігін, түтас сәздің жіңішкелігін білдіру үшін дәйекші деп аталатын белгі қою кажеттілігін дәлелдейді. Осы кезден бастап қазақ лингвистикасының терминдері жасалып, калыптаса бастады. Бұлайша түзетілген алфавиттің сауат ашудың дыбыс жүйелі әдісіне сай келетін графика екендігін айтады. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тіліне икемдеген араб жазуын қазақ жұртшылығы, әсіресе, мұғалімдер қауымы талассыз қабылдады, себебі бұл қазақ тілінің табиғатына, яғни сингармонизм заңдылығына сүйеніп жасалған болатын. А.Байтұрсынұлы түзеткен жазу 1912 жылдардан бастап іс жүзінде колдана бастады, яғни осы жазумен кітаптар шықты, 1913 жылдардан бастап мұсылман медреселерінде де, казақ-орыс мектептерінде де осы жазу қолданылды. А.Байтұрсынұлы реформалаған араб жазуы 1924 жылы ресми түрде қабылданды. Бұл өз кезегінде қазақ халқының мәдени дүниесінде үлкен роль атқарған, қалың көпшілікті жаппай сауаттандыру ісіне, жазба әдебиетінің дамуына, баспа жұмысының жандануына игілікті қызмет еткен регрессивтік құбылыс болды. А.Байтұрсынұлының бұл тәжірибесін өзге түркі халықтары үлгі түтып, өз жазуларына өзгерістер енгізді. Ғалым ширек ғасырдай күш жүмсап, тер төккен бүл еңбегін, яғни реформаланған қазақ жазуы қазақ мәдени талаптарын әбден өтей алады - деген көзқарасын латын алфавитіне көшу жайында әңгіме басталғанда, 1926 жылғы Бакуде өткен Бүкілодақтық 1 түркологтар съезінде барынша дәлелдеп, латынға көшуге қарсы пікірде болды. Ахмет Байтұрсынұлының тарихтағы алатын орнына көптеген ғалымдар өз пікірлерін айтқан.
Сонымен, қорыта келе айтарымыз, Ахмет Байтұрсынұлы қалыптастырған жаттығу үлгілері мен оқыту әдістері кейінгі оқулықтар мен өдістемелік еңбектерде одан әрі тереңдетіліп, күні бүгінге дейін қолданылуда. Ғалым оқулықтарындағы оқушылардың сөздік қорын байытып, сөз мағыналарын дүрыс колдануға баулу бағытындағы үлгілер кейін басқа оқулықтар мен оқу бағдарламаларын жасау кезінде енегелік рөл атқарды.
Бастауыш сынып оқушыларына текст арқылы түрлі ғылым саласынан алғашқы білік, мағлүмат беру міндеті орыс әдіскерлерінің ғана емес, казақтың алғашқы ірі ағартушылары Ы.Алтынсариннің, А.Байтұрсынұлының еңбектерінен басталғаны қазір ешбір күмән келтірмейді. Әдістеме іпімінің осы қағидасы бүгінге дейІн жалғасып, ол бастауыш сыныптың оқулықтарында сақталып отыр.
Бүгінгі қазақ тілі оқулықтарындағы жаттығу жұмыстары А.Байтұрсынұлының «Тіл кұралындағы» ұсынылған жаттығулардың түрлерімен орайласа, сабақтаса өрілген. Әдіскер ғалым оқулықтарында әрбір тілдік тақырьш өтілгеннен кейін жаттығулар беріліп отырады. Ол жаттығуларда белгілі тақырыпқа орай баяндалған түсіндірмелер мен ережелерді, тілдік материалдарды жете білдіру және ол қағидаларды тіл практикасында қолдануға дағдыландыру мақсаты көзделеді. Олар сынау бағытындағы жаттығулармен бекітіледі. Егер жаттығуларға мазмұн тұрғысынан да, пәннің және оньщ әрбір тарауы мен тақырыбынын мақсаты мен міндеті тұрғысынан да әртүрлі талаптар қойылатынын ескерсек, А.Байтұрсынов жаттығуларды сол талаптарға байланысты құрған. Мәселен, әдіскер жаттығулардың мазмұны жағынан алғанда, тәрбиелік және жалпы білімдік мәнін ерекше ескерген. Әрбір тақырыптан кейін берілген жаттығулар сол тақырыптың мақсаты мен міндетіне сай құрастырылған. Жаттығуларды мазмұн жағынан да, мақсаты жағынан да бір сарында алмай түрлендіріп отырған. Бұл талаптар оқулықтын әрбір тарауы мен тақырыбында мүмкіндігінше ескерілген.
Әбіш Кекілбаев өзінің «Ұстаз ұлағаты» атты мақаласында «Ахмет Байтұрсынұлы ешкімге ұқсамайтын дара тұлға» - дейді.
Е.Д.Поливанов «Новая казак-киргизская орфография» атты зерттеу мақаласында былай дейді: «1924 ж. Қазақ-қырғыз қабылдаған графика еш түзетуді қажетсінбейтін және тарихи қалыптасуда қырғыз халқы мақтанышпен айтатын ұлттық еңбек деуге болады».
Сонында айтарымыз, А.Байтұрсынұлының Әліб-биі өз кезеңінде сауат ашу мәселесіне бірден бір табылмас құрал болғандығына көзіміз жетті. Сонымен бірге бұрынғы, кешегі, бүгінгі кезеңге дейін бұл оқулықтың бір-біріне сабактастығы мен жалғастығы жойылған жоқ. Бүкіл әліппе оқулықтарын жасаудың негізгі тірегі болғандығын ешкім де теріс деп айта алмайды.
А.Байтұрсынұлы Әліппе мәтіндерін өз ортасынан алады, оны өзі жазып, мәтін қүрайды. Бүгінде де әліппенің II кезеңінде кездеседі, бірақ кей тұстарда түп көзден (источник) алыну жағы басымырақ, ол заңды да.
1928 жылғы Әліб-биді араб жазуынан көшіріп, түсініктемесін жазып, әрі редакциясын басқарған Ұлықман Асыловқа да ризашылығымызды білдіреміз. Себебі араб әрпін бүгінгі әріппен келтіріп жазды, бұл оқулықты танып-біліп, оның бүкіл сөздерін ұғып жазуға, түсінуге, талдауға мүмкіндік туғызды.
Тағы да ескере айтарымш: әліппе мазмұнына есептің түр-түрлерінің жеңілдік бағытпен кіріктірілуі де сол уақыттағы талшылық деп айтуға болады. Ол кезде жеке-жеке пәндік оқулықтар жасау үшін де қаржы мүмкіндігінің жоқтығынан деп түсінуге болады. Соның бәрінін ретін Байтұрсынов бәрібір келтіріп, бір оқулық мазмұнына өте қажет дегендері кіргізді, мысалға, әріп таныту, окып сөйлету, жазып үйрету, есеп шығарту, табиғат көрінісін білгізу, өмір тіршілігін түсіну т.б. да мәселелер кіріктіріле жасалынды. Оны қазіргі кезде интеграциялық (кіріктіру) бағытга оқытылу деп жүр. Қазіргі 1-сыныптын «Ана тілі» мен «Қазақ тілі» оқулығының бір пән етіп жасалып жіберілуі бүгінгі таңда қиындық тудырып жүргенін (өзі I сынып) сезініп жүрген ешкім жоқ. Бұны немқұрайлықпен қаралуда дейміз немесе оның қиын екенін мұғалімдерден басқа ешкім түсінбейді. Сол оқулықтың оқылып жүргеніне 20 жыл етіп кетіпті. Ал бүгінгі ортада, дамыған заманда әр оқулықтың жеке-жеке пән болып жасалуының маңызы зор, сондықтан олардың пәндік қасиеттері жоғарылап, оқушылардын коғам талабына қарай жан-жақты білім алуына мүмкіндік туғызады. Соған орай бүгінде оқулықтардьщ құрастырылуы жеке-жеке пән ретінде ешқайда ауытқымай, өз дәрежесінде дүрыс ескеріліп отырылуға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет