Ақай Мерей А. Байтұрсынов-әдістемеші ғалым



бет1/8
Дата03.12.2023
өлшемі66,1 Kb.
#133333
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университет
құрамындағы кәсіби білім беру колледжі



Ақай Мерей
А.Байтұрсынов-әдістемеші ғалым


Курстық Жұмыс  
0105083-“ Ағылшынша білімі бар бастауыш білім беру мұғалімі”
3-курс , күндізгі бөлім


Алматы – 2023


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті құрамындағы кәсіби білім беру колледжі
«Қорғауға жіберілді»
«___»_________________
Колледж директоры ______________
Карабаева А.К.


Курстық Жұмыс
Тақырыбы:  А.Байтұрсынов-әдістемеші ғалым
0105083-“ Ағылшынша білімі бар бастауыш білім беру мұғалімі”
Орындаған: 3 курс студенті Ақай Мерей
Курстық жұмыс жетекшісі: Бектұрғанова Ә.Н.


Алматы – 2023


Мазмұны

КІРІСПЕ_______________________________________________________________

3
















1

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ______________
ОЙ-ПІКІРЛЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ

6










1.1

Ахмет Байтұрсынұлының еңбектеріндегі оқыту әдістері мен тәсілдері______

6










1.2

Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы Ахмет Байтұрсынұлының ағартушылық идеялары_____________________________________________________________

11



















2

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ИДЕЯЛАРЫН БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ__________________

17




2.1

Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларының тәлім-тәрбиелік мәні____________

17




2.2

Ахмет Байтұрсынұлының бүгінгі білім беру мазмұнындағы өміршеңдігі______

21
















ҚОРЫТЫНДЫ___________________________________________________________

24




ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР_______________________________________

25












КІРІСПЕ

XX ғасырдың басындағы оқу-ағарту, ғылым жолындағы өте биік тұлға Ахмет Байтұрсынов болды. Ол алдымен, бастауыш сынып оқулықтарының авторы, екіншіден, алдыңғы қатарлы әдістемелі оқулық жазуда ғана қолданып коймай, қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша тұңғыш ғылыми еңбек жазған. А.Байтұрсынұлына дейін қазақ оқыту әдістемесінен ғылыми еңбек жазған ғалым болмаған. Сондықтан А.Байтұрсынұлы әдістеме заңдылықтарын оқулықтар жазуда іс жүзінде қолданған және әдістемені ғылыми тұрғыда зерттеген ғалым дейміз.


Өз уақытының аласапыран құбылыстарын бағалау, болашақ алыс ерістерді көруге келгенде Мұхтар Әуезов даналығына таң калмасқа болмайды. Алмағайып ағыстарға малтығып, қалың түманда адаспай, Ахмет Байтұрсынұлының тарихтағы орнына қатысты дәл бүгінгі күнмен үндес, орайлас пікір-тұжырымды 25-26 жастағы балғын ойшыл қалай тауып айтты екен деп таң қаласың. «Ақаң ашқан қазақ мектебі, Ақаң түлеген ана тілі, Ақаң салған әдебиеттегі елшілік ұраны, «Қырық мысал», «Маса» еңбегі, «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазак баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты біз үмытқанда да тарих ұмытпайтын істер болатын. Оны жұрттың бәрі де біледі. Мұның шындығына ешкім дауласпайды». Ахмет Байтұрсынұлының тарихтағы орны, оның әлеуметтік-қоғамдық істерін, дүниетанымдағы ерекшеліктерін, оны өз кезінде дұрыс көрсетіп, әділ бағасын айтқан С.Сейфуллин болатын. Ол; «Ахмет Байтұрсынұлы елуге толды» деген арнаулы мақала жазып, онда былай дейді: «А.Байтұрсынұлы қарапайым кісі емес, оқыған кісі. Оқығандардың арасынан шыққан өз заманында патша арам қулықты атарман-шабармандардың қорлығына, мазағына түскен халықтың намысын жыртып, дауысын шығарған кісі. Өзге оқығандар шен іздеп жүргенде қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан калың қазақтың ұлт намысын жыртып, арьш жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді». Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының академигі М.Қозыбаев былай дейді: «Ол күрескен кесапаттар - надандық, караңғылық, адами хайуандық, отаршылдық, үлттың азуы мен тозуы, онын бүратаналық болмысы, жараланған жан жарасы, күлшылық санасы, таланған жері, қансыраған тілі, шоқындыру саясатынан жансыздана бастаған діні, орыстандырыла бастаған діні, орыстандырыла бастаған ділі. Бір сөзбен айтқанда қазақ халқының болашақта болу, болмау альтернативасы».
Жоғарыда келтірілген ғалымдардың пікірі Ахмет Байтұрсынұлының жан-жақты эиииклопедист ғалым, жазушы, қоғам қайраткері, педагог, журналист болғандығын дәлелдейді.
Осы жоғарыда айтылғандар негізінде «Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық көзқарастары» -деп зерттеу жұмысымыздың тақырыбын белгіледік.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет