2 АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ИДЕЯЛАРЫН БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ
2.1 Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларының тәлім-тәрбиелік мәні
Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу қүралы» 1912-1925 жылдар аралығында 7 рет қайта-қайта басылып, оқу-ағарту жүмысында біршама үзағырақ пайдаланылды. Жоғарыда айтылған Телжан Шонанұлының Ахмет Байтұрсынұлының әліппесі жайлы айтқан қүнды пікіріне қосыла отырып, өз тарапымыздан мынатолықтыруды енгізгіміз келеді. Үстіміздегі ғасырдың 1910 жылдарынан бастап қазақ қоғамында оқу-ағарту идеясының жандаыуына байланысты балалардың сауатын ашатын әліппе қүралдарын жасау қолға алына бастады. Уфа, Орынбор калаларының баспаханаларында бірқатар авторлардың М.Нүрбаев, М.Малдыбаев, З.Ерғалиев т.б. қазақша әліппелері жарық көрді, бірақ бұлардың көбі бірер басылымнан артық жарияланбай, кеңінен қолданыс таба алмады. Сондықтан да Т.Шонанұлының «Бұған дейін біздің өз әліппеміз болған емес» - деген пікірі ойымызды нақтылай түседі.
Ал біздің зерттеу объектімізге катысты тұрғысынан келгенде, алдымен оқулықтармен байланысты төмендегі мәселелерді айту қажет. А.Байтұрсынов бастауыш сынып үшін әліппелер жазған. 1912 жылы Оренбургта А.Байтұрсыновтың «Оқу қүралы», Қазақша «Әліп-биі» деген оқулығы шыққан.[6]
Әліппеде дыбыс пен әріпті оқыту дидактиканың жеңілден ауырға кағидасы бойынша жеке сөздерді оқытудан басталады да, кейін қысқа-қысқа мәтіндер алынған.
Ал жеке сөздер алынғанда, екі дыбыстан тұратын қысқа, жеңіл сөздерден басталып, ол бірте-бірте күрделендіріледі. Мысалы, ас, аса, асар, ал, ала, алас, қон, қонақ, доға, доғар, т.б.
Бұл қағида оқушының оқуды, жазуды, сөйлеуді тез үйренуім қамтамасыз ету, оқыту процесін женілдетуді іздеуден шыққан.
Ғалым балалар тілін дамыту жолында алдымен жеке сөздермен таныстыру қағидасын ұстаған. Бұл I кітапта өте қатты үсталған. Оны автор әріппен, дыбыспен байланысты ғана қолданып қоймай, кейін сөздермен таныстыруды, сөздік қорды байытуды тақырып бойынша жалғастырған.
А.Байтұрсынов I кітапта мына тақырыптарға байланысты сөздерді берген: 1) туған-туысқам іліктес, 2) киімдер, 3) ойын-ойыншықтар, 4) тамақтар-сусындар, 5) дене мүшелері, 6) үй мүліктері, 7) ыдыс-аяқ, 8) мал аттары, 9) малдан басқа төрт аяқтылар, 10) құстар, 11) бақа-шаян, 12) құрт-кұмырсқа, 13) жер бедері аттары, 14) жер жүзінің аттары, 15) сан.[7]
Бұл тақырыптардың бәрінде оған қатысты сөздер берілген. Бұл сөздердің бәрі бала өмірінде күнделік кездеседі, қолданылады. Сондықтан ғалым ол сөздердерді бала білуге тиісті деп санаған. Бірақ бұл сөздермен жұмыстың түрлері көрсетілмеген.
Әрі қарай А.Байтұрсынов бірден сюжетті мәтінге көшпей, баланы қызықтыратын жаңылтпаш, жұмбақтар және мақал-мәтелдер берген.
Бұлар да бала тілін дамытуға өте қажет материалдар. Оны оқушы оқитыны түсінікті. Ғалым бала тілін осындай қызғылықты материал арқылы дамытуды көздеген деп ойлаймыз. Міне, осыдан кейін ғана автор қысқа мәтіндер және өлеңдер шумағын берген. Осы арада көңіл бөлерлік нәрсе: әліппеде берілген «Өтірік өлеңдер». «Өтірік өлеңдерді» оқулықта беруде де ғалым оқушының қызығуын туғызуға-сүйенгенін дәлелдеудің қажеті жоқ. Ол өзінен-өзі көрініп тұр. Бұл ғалымның дидактиканың заңдарын терең біліп, оны оқулықта шебер қолданғанын білдіреді. Ал осы өлеңдер жаттауға жеңіл, айтуға қызғылықты, сондықтан бұлар тіл дамытуға өте қолайлы.
Бұл - жаңа құрал түрлі суреттермен берілген оқулық. Ахмет Байтұрсынұлының бұл оқулығы сол тұстағы жинақталған алдыңғы қатарлы тәжірибелерге сүйене отырып, озық әдістемелік теорияларға негізделіп, жасөспірімдердің психологиялық жас ерекшеліктерін, тіпті ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып жазылған еңбек. А.Байтұрсынүлы «Әліп-бидің» алғашқы бетінде мұғалімдерге арнау сөз ұсынады; «мұғалімдерден өтінеміз: Бұрынғы «Оқу құралы» мен бұл «Жаңа құрал» екеуінің қайсысы үйретуге жеңіл? Екінші сөзбен айтқанда, қайсысымен оқытқанда балалар оқу мен жазуды тез үйренеді? Осы жағынан тәжірибе түйілсе екен. 90%-і хат білмейтін жұртқа оқумен жазуды оңай үйрететін әліп-би кітабының артығы жоқ.
Келесі оқулығы «Әліп-би» (3-рет басылуы, 1928 ж.) деп аталады. Мұнда ғалым негізінен мәтіндерді қолданған. Бірақ алдымен оқулық түрлі ойындардан басталған. Ол ойындар дыбыс әдіс жолымен сөздерді турлендіру арқылы сөздер, сөйлемдер жасауға арналған. Мұнда бапаларды оқуға қызықтыру, назарын оқуға ұйымдастыру мақсаты көзделгені байқалады.
Әрі қарай ғалым екі сөзден тұратын сөйлеммен жаттығулар беріп, оларды түрлендіріп, тіпті жаңылтпашқа айналдыру сияқты тапсырмалар арқылы бала тілін дамытудың түрлі әдістерін колданған. Олар күрделене келе мәтіндерге айналған. Ол өте кіші мәтіннен басталып, кейін күрделене берілген.
А.Байтүрсынов әдістемесінде аз дыбыстан тұратын сөзден бастау, жаттығуды аз сөйлемнен, мәтінді өте шағын түрінен бастау, оларды біртіндеп қана кеңейту, күрделендіру тәсілі ерекше орын алады. Осының бәрі баланың тілін дамытады. Жеңілден бастап, ауырға қарай баспалдақтап көшуіне лайықты жасалған. Жеңілді тез үйренген баланың әрі карай құлшынуына бұл әдіс жағдай жасайды, үйренетініне сенімін арттырады.[8]
Ғалымның бала тілін дамытуда қолданылған өзіндік бір ерекшелігі -сөз ұқсастығын өте жиі пайдаланады. Мысалы, ол, олар, орлар, шаша, шаша, шашақ, керек, терек, тезек, елік, есік. Зор, Ораз, ора. Ора, зор, Ораз. Зор, ораз, оз. Аз, зор, Ораз, т.б.
Бұл арада ұқсас сөздер мен сөйлемдерді есте сақтау оңай екенін ғалым
оқулықта жақсы қолданғаны байқалады. Тіл дамытуда да, оқығанды есте сақтауда да қайталаудың орны маңызды екені белгілі. Автордың балалар меңгерген сөздерін ұмытпауын, есте сақтауын, оны жеке қолданыста, сөйлемде, жаттығуда, мәтінде қайталау арқылы жүзеге асыруға ұмтылғанын көруге болады. А.Байтұрсыновтың бастауыш мектепке арналған оқулықтарында тіл дамыту мәселесіне ерекше мән берілгені анық. Оны жеке зерттеулер арқылы арнайы қарауға толық болады. Біз бұл шолуда қысқа ғана сипаттап отырмыз.
Бұл «Әліб-бій» а//, р//, з /// таңбаларын танытудан басталады. Кітап бетінің төменгі тұсындағы сілтеме хат таныту жолы көрсетіліп, сабақ әдісі қоса беріледі. Барлық әріптерді өтіп болған соң, танымдық материалдар жазылған. Автор «Оқу құралының» алғашқы бетін балаларға арналған өлең жолдарынан бастайды.
Балалар! Бұл жол басы даналыққа
Келіңдер, түсіп, байқап қаралықта!
Бұл жолмен бара жатқан өзіндей көп,
Соларды көре тура қалалық па?
Даналық - өшпес жарық, кетпес байлық,
Жүріңдер іздеп тауып алалық та!
Осы жолдар арқылы Ахмет Байтұрсынұлы сауат ашуға шақырды. Ахмет Байтұрсынұлы әліппесінің құндылығы: ол әрбір әріптерді мысалдармен бекітіп отырады.
Сонымен қатар Ахмет Байтұрсынұлы әрбір такырыпқа дидактикалық қағидалар ұсынуда, әріптің соңында мынадай тұжырым жасайды: «Бұл үш әріфті балаларға үйрету үшін әуелі бөлек-бөлек бір-бір жапырақ қағазға үлкен етіп жазу. Сонан соң А-дан бастап әрбіреуін балаларға белек-бөлек көрсету. Балалар әрбіреуін жаңылмайтындай болып білген соң, алиф баға қаратып оқыту. Бормен жазатын үлкен тақтай болса, әрбіреуін бөлек-бөлек тақтайға жазып көрсетсе де болады». Бұл тұжырым арқылы Ахмет мүғалімге қалай оқыту қажет екендігін аңғартып отырады. Танымдық материалды іріктеп, жинақтап, жүйелеп беріп отыратындығы жоғарыда көрсетілді. Алдыңғы тақырыптарды бекіту үшін дидактикалық материалдар беріліп отырылады. Мәтіндегі әңгімелердің тақырыптары оқу-білімнің қажеттілігіне бағытталған. Мысалы: «Мен қалай оқуға бардым» атты әңгіменің мазмұны Әбіш деген баланың оқуға деген ынтасын оятқан досының тағдыры, сол арқылы автор балаларды оқуға, білім алуға шақырады. Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу құралы» жүйелі түрде жазылған оқулық- Ондағы берілген материалдар тілге жеңіл, оқушылардың танымдық қабілетін оятуға арналады.
Тәрбиеге байланысты әр түрлі тақырыпқа А.Байтұрсынұлы әңгімелер ұсынып отырған. «Жұмаш» атты әңгімесінде жарлы баланың аянышты тағдырын суреттей отырып, адамгершілік тәрбиесін алға қойды.[9]
А.Байтұрсынұлының «Тіл жұмсары» - сөйлеу, оқу, жазу тілін жұмыс-тәжірибесі арқылы танытатын әдістемелік құрал. Әдістемелік еңбек тармақшаға бөлінген.
Еңбекте ұсынылған тақырыптарға сәйкес жаттығулардың, бақылау жұмыстарының алуан түрін ұшырастырамыз. Олардың қай-қайсысының да әдістемелік иірімдері, бүгінгі істерімізге пайдаланар тәлімді тұстар мол. Ал кейбіреулерін санамалап көрсетсек, төмендегідей болады.
1) Тақырыптардың арасындағы өзара байланыс, сабақтастық әркез сақталып отыруы қажет.
2. Белгілі бір грамматикалық не пунктуациялық ұғымды меңгертуде әуелгі кезек тақырыпқа сай бір мәтін болуы керек-дейді, яғни теорияны меңгертуде мысалдар болуды айтады. Бұл жағдайды былай түсінуге болады, әуелі талдап-талдап барып, теориядан қорытынды беру, яғни ол дегеніңіз неден бастау керек дегенді ескертеді, ол бүгіндегі индуктивтік әдісті қолдану болып тұрғаны байқалады.
«Тіл жұмсарында» оқушыларды сөздің мағыналарын аңғарып дүрыс қолдана білуге баулитын тіл дамыту мақсатын көздейтін жаттығу үлгілері мол.
Ғалымның «Мектеп керектері» атты мақаласы мектептің айнасы мұғалімнің қандай болу керектігіне бағытталған. «Мектептің жаны -мұғалім. Мұғалім қандай болса һәм солай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі - білімді педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім» - дейді. Осы сияқты тақырып жағынан сабақтас мақалалар Ахмет Байтұрсынұлында өте көп. «Оқу жайы» атты мақаласында өз кезегіндегі мектептер ісін тиянақтай отырып, «сол тұстағы Қостанай уезіндегі сауаттылық мәселелерін жүз кісіден 6 еркек қазақша, әрбір мың кісіден 6 еркек орысша, ал әр үш жүз кісіден 1 әйел қазақша, төрт мың кісіден 1 әйел орысша хат таныды» деген дерек келтіреді. «Қазақша оқу әлі бір белгілі тәртіпке келіп жеткен жоқ, кемшілігі есепсіз көп. Қазақша оқу кітаптары жаңа ғана көбейіп келеді. Тәртіппен оқытарлық мұғалімдер аз, оқу бағдарламасы жоқ, белгілі оқу жолы жоқ, салған мектептер жоқ, мұғалімдерге арналған айлық жоқ, оқытудың қазақша оқуды аймаққа бірдей жеткілікті ететін жасалған өрнек жоқ дегі күйзеледі». Сөйтіп, Ахмет Байтұрсынов өзінің алдына жүйелі бағдарлама қойып, бұларды біртіндеп шешті. Ол алдымен қазақша сауат ашуды көздеп «Әліб-биін» жане «Оқу құралын» жазды, қазақ тілінің ғылыми грамматикасын меңгеру үшін «Тіл құралын» ұсынды, тілді дұрыс жұмсай білу тәртібін көздеп «Тіл жұмсарын», төртінші - сауат аштыру, тілді оқытудың әдістемелік жасауды міндетіне алып, «Баяншыны» жазды.
Қарап отырсақ, А.Байтұрсынұлының педагогика, методика, филология салаларында еңбегі зор. Осы жөнінде С.Мұқанов былай дейді: «Әр тілдің айдауында жүрген қазақ балаларына қазақ тілімен кітап жазған, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргесін қалаған алғашқы адам -Ахмет. Ахметтің бұл тарихи еңбегі бағаланбай калмақ емес. Бұны пролетариат та бағалайды». 1920 жылы «Баяншы» атты кітабы Қазанда жарық көрді. Еңбек - бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістемесінің ең тұңғыш үлгісі. «Баяншы» енбегі екі бөлімнен тұрады. 1-бөлім қазақ тіліндегі дыбыстар һәм олардың жазу белгілері, 2-бөлім дыбыспен жаттығу деп аталады. Еңбектің 1-бөлімінде А.Байтұрсынұлы қазақ тілінің дыбыстық құрамы туралы мағлұмат береді. Қазақ тілінде 24 түрлі дыбыс бар. Оның бесеуі дауысты, он жетісі дауыссыз, екеуі жарты дыбысты. Дауысты және дауыссыз дыбыстар деп екіге бөледі. Жуан жөне жіңішке дыбыстарға толық тоқталады.
Дыбыс пен жаттығу деген бөлімде дыбысты қалай оқыту қажет деген мәселе төңірегінде әдістемелік ой қозғайды. Дыбысты меңгеруге байланысты мұғалімдерге бірнеше ақыл-кеңес береді.
Ахмет Байтұрсынұлының бұл әдістемелік еңбектері мұғалімдерімізге, әсіресе бастауыш мектеп ұстаздарына таптырмайтын әдістемелік құрал десек артық айтқанымыз емес.
Ахмет Байтұрсынұлы «Қай әдіс жақсы» атты еңбегінде әр әдіс орнында жақсы, әдіс-қажеттіліктен шығатын нәрсе деген ойларды айта келіп, сауаттау әдісі /сауат ашу, сауаттандыру/ атауын тұңғыш рет ұсынады. «Егер де тілінің заңы, емлесінің немесе әрпінің жүйесі басқа болса, онда біріне жақсы болған сауаттау әдісі екіншісінде жақсы болады деп айта алмайды» - дейді.
Автордың зерттеуінде ана тілімізді еуропа тілдерінің, мәселен, ағылшын, француз, итальян, орыс, сондай-ақ, қытай, татар, азербайжан, қырғыз тілдері ерекшеліктерімен салыстыра зерделеу, түсіндіру, талдау бар.
Автор «Тіл жұмсар» атты еңбегінде тапсырмаларды орындатып, кейін бекіту сауалдары арқылы қорытынды түйіп отырады.
Тақырыпты меңгертуге алынған мысалдар, этнографиялық жырлар да балалар ұғымына таныс ауыз әдебиеті үлгілерінен не Әліп-биден алынған. Дыбыстардың жуан, жіңішкелеріне назар аудартып, кітаппен жұмыс жасау алынған. Тілдік ұғымдарды меңгертуге жаңылтпаш, мақал-мәтел, жұмбақтарды молынан пайдаланған. Грамматиканы оқытуда көрнекілік әдісін ұтымды қолданған. Тіл дамыту жұмыстарына да кең орын берілген.[10]
Оқушыны мәтінмен жұмыс жасай білуге дағдыландырады. Әдістемеде қолданылған амал-тәсілдердің, жаттығулардың алуандылығына қарап отырып, Ахмет Байтұрсынұлының «Тіл жұмсар» еңбегі ана тілін оқытуда, тілді дұрыс меңгеруде баға жетпес кұнды туынды дейміз. Ахмет Байтұрсынұлы қалыптастырған жаттығу үлгілері мен оқыту әдістері және әдістемелік еңбектер күні бүгінге дейін пайдалануда.
Бұл еңбектерде тіл дамыту мәселесі сөз болып отырады. Әрине, олар бұл мәселе туралы арнайы еңбектер емес. Бірақ олар қазақ тілін дамыту әдістемесінің алғашқы нұсқасы деуге болады.
Енді Әліб-би оқулығындағы мәтіндердің берілуіне нақтырақ тоқталып кету де артық етпейді. Қайта теориялық мәселелерді нақтылай түседі. Біздің жұмысымыздың да мақсаты оқулық мәтіндеріне шолу бере отырып талдау болып келеді. Сонымен әліппеде екі-үш сөйлемнен тұратын мәтіндер, хабарлама түрде берілген шағын мәтіндер және шағын көріністі беретін мазмұны бар мәтіндер беріледі. Хабарлама түрдегі мәтіндердің тақырыптары: «Ал, балалар, аққала салалық», «Ат бақыл», «Балық аулау», «Базар», «Атга да ақыл бар», т.б.
Бұл мәтіндердің сөйлемдері өте қарапайым. Сөйлем мазмұндары бір-біріне сәл-пәл жақын. Нақтысы, мәтіннің белгілі бір мазмұндық мағынасы сәл болса да бар. Бұл хабарлама түрінде берілген және ұйқас өлең жолдарымен келеді. Соның бірі «Біздікі» деген мәтінге тоқталсақ, сол кездегі отбасындағы бір тіршілікті айтудан жалпы халық өмірі көрінеді. Автордың сол уақыттың өмірі, тарихы мен күн көрісін әңгімелеуінен кешегі замандағы өмірді бүгінге дейін айқындап тұрғандығы байқалады. Өмір тіршілігі бүгінде көзбен көргендей сезіледі. Мәтіннен соң жаңылтпаш беріледі. Ал жаңылтпаш сол мәтін мазмұнынан алынып жасалынады.
70-беттегі «Күзет» мәтінінен соң да мақал берілген. Кез-келген мақал емес, ол да сол «Күзет» мәтінінің мазмұнымен сабақтасып тұр. Бұл бағыт бүгінгі оқулықтардың мазмұнымен ұштасуда. Бұл әдіс бүгіндс А.Байтұрсынұлынан жалғасқан бағыт екенін аңғартады. Оқулықтың 72 бетіндегі «Жүген жұмысы» деген мәтінде аттың жүгенінің жасалу жолы айтылған. Және ол мәтінде өз кезеңінің жаңа сөздері де кездесіп отырады. Олар: төс, көрік, деген сөздер. Әңгімеде сулық (сұулық) соқтыру үшін ұстаға барады да, ұстадан бұрын көрмеген заттарды керіп, одан сөз шығарып, оны мәтін ішіне кірістіріп, мәтін мазмұнымен қиюластырып, сөйлем құрастырылады. Сонда А.Байтұрсынұлының мәтінінде өз ортасындағы өмірде кездесетін заттардың бәрінен сез тудырып, мәтін кұрап, ол заттың өмірге қалай керектігін, кандай зат екендігін мәтін арқылы жеткізіп отырады. Сол мәтіндерді оқып, Байтұрсыновтың мәтін құрылысынан өмірді көріп, ойынды тоқып отыруға бағытталынады. 74, 75-беттегі «Сонар» мәтіні бойынша аңшы өмірі сол сияқты суреттеледі.
Міне, А.Байтұрсынов оқулығының 76-бетке дейінгі мәтіндерінде сол кезеңнің өмір тіршілігі, өмір сүрудің еңбек түрлерін қарапайым жай сөйлемдермен және ұйқас өлеңдермен кұрастырылып, балаларға өте түсінікті етіп беріліп отырылады. Мәтіндердегі сөздер жинағында (қай мәтін болса да) бір де бір өтілмеген әріптер кездеспейді. Барлық сөздер тек өтіліп кеткен әріптерден құралады. Әліппе жасаушыларға қойылған талапта атам заманнан келе жатқан қағиданы өте қатты ұстанған. Кей жерлерде, бас кезінде ауызекі сөйлеуде оқытушылар өтілмеген әріптері бар сөздерді кездестіріп жатса, ол ауызша тіл дамыту, тіл ширату бағытында жүргізіле береді. Ал әліп-бидін (әліппенің) ішіне берілген жеке сөздерде де, хабарлама түрде берілген мәтінде де, кәдімгі шағын түрде берілген мазмұнды мәтінде де бірде-бір өтілмеген әріптер кездеспейді. Бұл керемет, ғажайып іс.
Міне, бұл кезеңге дейінгі мәтіндердің мазмұндары бүкіл халықтың (сол кезеңнің) өмірінен құрастырылған мәтіндер болса, келесі бағытында, оқулықтың 76-бетінен бастап оқушылардың өмірінен мәтіндер құралған. Бұл тұста әріп пен дыбыстарды таныстыру кезеңі аякталған болатын, яғни біздің кезеңдегі білім мазмұнымен қарағанда, бұл жер әліппеден кейінгі кезең деп аталып жүрді.
Бұдан кейін барлық әріпті өтіп болған соң, апасына хат жазғызу мәтіні құралған, ол 10 сөйлемнен тұрады. Мәтін соңында екі жүмбақ беріледі. Бұдан мәтін мазмұнында оқушылар әріптерді танып бітіріп, сауаттанып, оқудың ізін үйреніп әрі хат жазуға жарағаны туралы айытпады.
Келесі, «Мектепке түскен күн» мәтіні бойынша баланың алғашқы мектепке келген күніндегі болған жайды жазады. Көлемі 8, 9 сейлемнен тұрады. Соңында 1) Ойнаңдар! Ойлаңдар! деген айдармен сөз есебі беріліп отырылады. Есеп мазмүнында: Бір қазақ, қалаға бара жатыр еді, жолда үш танысы қарсы соқты. Қанша адам қалаға барды.
Әрине, бұл да балаға таныс, өмірдегі бар тіршілік. Оның мазмұнын бала айта алады, айтып та береді, есепті оңай шығарып та береді. Бұл тұста есеп шығару т.б. материалдарын әліппе мазмұнына кіргізіліп отырылады, бұдан 15-20 жыл бұрын, Кеңес үкіметі кезінде де интеграциялык бағытпен оқулық құрастыру мақсаты койылып, сонымен біраз шұғылданған болатын. Міне, әліппені оқи отырып, бұл мәселенін соп кезде де, бүгінде де талапта бар болғанына көз жеткізілуде. Кіріктіріп оқулық жасаудың жолы А.Байтұрсынұлының уақытында-ақ қүрастырылды деп әбден айта аламыз. Себебі ол кезде жағдайдың өзі осыған тірелді. Бірақ ол кезде пәндерді интеграциялык (кіріктіру) бағытпен жасау міндетті түрде қойылған талаптан емес, кажеттіліктен туған мәселе. Сол ортадағы, емірдегі жағдайдың, қаржының жетіспеуінен, әйтпесе математиканы жеке пөн етіп оқытқанға не жетсін.
80-беттегі «Біздің тәртіп» мәтінін қалай құрған десеңізші! Мәтін мазмұнында әуелі бала өміріндегі еркіндікті, у-шуды, алыс-жұлысты әңгімелеп (бұл бала қимылында бар нәрсе) келеді де, балаларға жиын (жиналыс) аштыртады. Одан барып жиналыстан соң қаулы түрде келтіріп, тәртіп ережесін береді. Ол ереженің бағыты төмендегідей болып келеді:
Достарыңызбен бөлісу: |