Ақай Мерей А. Байтұрсынов-әдістемеші ғалым


Ахмет Байтұрсынұлының бүгінгі білім беру мазмұнындағы өміршеңдігі



бет6/8
Дата03.12.2023
өлшемі66,1 Kb.
#133333
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
311топ Ақай Мерей1

2.2 Ахмет Байтұрсынұлының бүгінгі білім беру мазмұнындағы өміршеңдігі

А.Байтұрсынов психология ғылымы саласынан да өзіндік пікірлерімен дараланады. Мәселен, тек «Әдебиет танытқышының» өзінде ғана осы ғылымға қатысты толып жатқан ой – пікірлер мен салиқалы түйіндер баршылық.


Мұндағы «Көрнек өнері», «Сөз толғау», «Лұғат әуезділігі», «Жан жақтау», «Жан қоштау», «Көріктеу», «Ес ұғымы», «Іс ұғымы», «Зейіндеме» атаулар мен ұғым – түсініктерде, сондай – ақ оның жұмбақ, жаңылтпаш, айтыс, толғау, терме, тақпақ, жоқтау, жарапазан, бата, мақал т.б. әдебиеттану ғылымына қатысты пікірлерінде халықтың психологияның теориялық қисындары үшін іздесе таптырмайтын әдістемелік қазық боларлықтай түйіндер мол.
Ғалымның тіл мен сөйлеу психологиясы жайлы айтқандарды да аса мәнді. «Тілдің міндеті», - деп жазады ол, - ақылдың аңдауын аңдағанша, қиялдың меңзеуін меңзегенше, көңілдің түйін түйгенінше айтуға жарау... Сөз көңілге сипат жағының көркемдігімен, сөз мағына жағының күштілігімен жағады...Тіл дәлдігі деп ойлаған ұғымға сөз мағынасы сәйкес келуі айтылады... «Бұл психологиялық жағынан өте пәрменді тұжырым.
Өйткені қазақтың қазіргі кездегі ұлттық тәрбиесінің мықтап ақсап, тіпті батпаққа белшесінен батып жату себебінің бірі – осы халықты, әсіресе тәлімгер қауымның (мұғалім, ата – ана, құрбы – құрдас т.б.) ана тілін жоғарыда Ахаң айтқандай түлетіп, оның тәрбиелік ықпалын өз дәрежесінде пайдалана алмай жүргендігінде. Расында да, егер тәлімгер атаулының сөзсаптауы шорқақ, ойға саяз, тыңдауға әсерсіз болса, шәкірт тәрбиесінде берекесіздік туады, сөздің тәрбиелік қадір – қасиеті, құны төмендейді.
Олай болса, баланың сөз өнеріне жетілуінің, сөйлеу мәдениетінің арта түсуіне ерекше көңіл бөлу қажеттігі ылғи да естен шықпауы тиіс.
А.Байтұрсыновтың психология ғылымының төңірегінде ой қозғаған терең мәнді, салиқалы пікірлері «Әліппе – таңбалар жұмбағы» дейтін еңбегінде елеулі орын алған. Мұнда ол араб әрпінің латын таңбасынан әлдеқайда ұғынуға, тез жазып, миға тоқылуы жеңіл екендігін психологиялық тұрғыдан дәлелдеп береді.
Оның пікірінше, екі таңбаның қайсысымен басылған, я жазылған сөз оңай оқылады, бұларды қайсысымен жазылғанды тану жеңіл, қайсысы баспаға сыйымды, қолайлы, көркемдік (эстетикалық), көзге жайлылығы жағынан қайсысы артық дегендей психологиялық жайттарға тоқталады.
Ғалым латын, араб әріптерін оқуға қайсысының жеңіл, қолайлы екендігі жөнінде былай дейді : «Сауаты ашылған адам жазылған, я басылған сөзді әрпіне қарап оқымайды, бүтін тұрған суретін танып оқиды. Таныс адамды көргенде мынау пәленше, анау түгенше деген сияқты, әр сөзді тұрпатына қарап танып айтады. Неғұрлым сөз суреті көзге елеулірек болса соғұрлым жылдам танылып, шапшаң оқылмақшы... Немістің Мейман деген профессоры мынаны байқаған : басылған сөздердің ішінде не төмен, не жоғары сойдиып қатардан шығып тұрған әрпі бар сөздер немесе үстіне қойған қосымша белгісі бар әріп кіріскен сөздер тез танылып, шапшаң оқылады екен». Байтұрсынов араб әріптері бірі биік, бірі аласа, бірі ұзын, бірі қысқа келіп, екінші жағынан қосымша таңбалары (белгілері) сеп болып, сөз суретін көзге елеулі етіп, кісінің тез оқуына, әріп тануына қолайлы болады дейді.
А.Байтұрсынов адамда жазу дағдысының қалыптасу жолын да психологиялық тұрғыдан түсіндіреді. Ол сөзді оқығанда, не жазғанда кейін (дағдыланғаннан соң) кісі тұтасынан бейнелейді дейді. «Сауатты адам, - дейді автор, - жазғанда қол дағдысымен жазады. Жазылып отырғанда әр әріпті ойлап барып жазбаймыз, қолымыз дағдыланған күйімен өзі кетеді. Неғұрлым сауаты көбірек ашылған адам болса, неғұрлым жазуды көп жазатын болса, оның көз бақылауынан көрі қол дағдысы басым болмақ ... Оқыған уақытта адамның көзіне күш түсіп, етіне күш түспейді. Жазған уақытта көзіне күш түспей, етіне күш түседі».
А.Байтұрсыновтың осы түйіндері психологияда оқу, жазу дағдыларын қалыптастырудың заңдылықтарына негізделген. Мұны психологиядан аздап хабары бар адам, арнайы түсініктемісіз – ақ ұға алатыны хақ. Латынша жазуда қолға күш түсетіндігін А.Байтұрсынов орыс психологы П.П. Блонский зерттеулері арқылы түсіндіреді. Блонский жазғанда талу – талмауына ерекше көңіл аударған. Жазу кезінде қолдың талмайтындығы саусақтағы ұсақ бұлшық еттерге байланысты деп түсіндіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет