Abai Kazakh national pedagogical university хабаршы «Арнайы педагогика» сериясы, Серия «Специальная педагогика»



Pdf көрінісі
бет123/158
Дата14.09.2023
өлшемі3,17 Mb.
#107909
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   158
төмен деңгейі:
адамгершілік мотивацияның болмауы, құрдастарына жағымсыз қарым-қатынастың көрінісі, сезімдер 
мен эмоциялар көрінісінде импульсивтіліктің басым болуы, құрдастарымен өзара қарым-қатынаста 
агрессивтілік; адамгершілік нормалар мен ережелердің мағынасын ішінара түсіну, өзіне адамгер-
шілік міндеттерді қалыптастыра алмау, проблемалық жағдайлардан адамгершілік тұрғыда шығу 
жолын таба алмау; адамгершілік мінез-құлықтың әлсіздігі ерікті түрде көріну. 
Инклюзивті білім беруде бастауыш сынып оқушыларының эмпатияның 
орташа деңгейі
мына-
ларды көздейді: адамгершілік мотивацияның тұрақсыздығы, достарға оң көзқарас, бұл ретте шетте-
тілген, кейде басқаларға төзбеушілік қарым-қатынас; адамгершілік сезімдер мен эмоциялардың, 
вербалды агрессияның таңдаулы көріністері; адамгершілік нормалар мен ережелерді репродуктивті 
түсіну, өзіне адамгершілік міндеттерді қалыптастыра білу, қарапайым адамгершілік жағдайлардан 
адамгершілік тұрғыда қолайлы шыға білу; сыртқы ынталандыру мен бақылау арқылы адамгершілік 
мінез-құлықты реттеу, құрдастарына көмек көрсетуде бастаманың болмауы. 
Инклюзивті білім беруде бастауыш сынып оқушыларының эмпатияның 
жоғары деңгейі
мына-
ларды білдіреді: адамгершілік өзара қарым-қатынасқа уәждеудің тұрақтылығы, адамгершілік 
сезімдер мен эмоциялардың барабарлығы; адамгершілік нормаларды саналы түрде қабылдау, өзіне 


ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Специальная педагогика», №1(64), 2021 г. 
125 
адамгершілік міндеттерді қалыптастыра білу, күрделі жанжалды жағдайларда адамгершілік тұрғы-
дан қолайлы шешім табу қабілеті; адамгершілік қасиеттер мен сезімдер мінез-құлқында тұрақты, 
пәрменді көрініс көрсету, адамгершілік мінез-құлықты өзін-өзі реттеу; өз бастамасы бойынша 
құрдастарына көмек көрсету. 
Бір деңгейден жоғары деңгейге ауысу инклюзивті білім берудегі бастауыш сынып оқушылары-
ның адамгершілік қатынастарының әр компоненті үшін анықталған өлшемдерге сәйкес индикатор-
лардың өзгеруімен сипатталды. 
Біз инклюзивті білім берудегі бастауыш сынып оқушыларының эмпатия деңгейлерін моно-
хроматикалық сипаттамалардың мысалдарымен сипаттап беруге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет