Abai Kazakh national pedagogical university хабаршы «Арнайы педагогика» сериясы, Серия «Специальная педагогика»



Pdf көрінісі
бет45/158
Дата14.09.2023
өлшемі3,17 Mb.
#107909
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   158
1. Сан мен заттардың саны. 
Мақсаты:


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Арнайы педагогика» сериясы №1(64),2021 ж. 
40 
1) 5 шегінде санау дағдыларын тексеру; 
2) заттардың санын саусақтардың санымен сәйкестендіре алып, санау қабілеттерін дамыту; 
3) заттардың санын санмен атап көрсете алу; 
4) 5 ішіндегі заттардың санын санмен салыстыру. 
Керек құрал-жабдықтар:
1-ден 5-ке дейінгі сандары бар кеспе парақтар, белгілі бір заттар 
(матрешкалар, саңырауқұлақтар т.б.). 
Нұсқаулық. 
- 1-ден 5-ке дейін тура сана. 
- Сана, қолыңда қанша саусақ бар? 
- Қанша матрешканы көріп тұрсың, сана, қажетті санды қой немесе айт (3,5,4). 
Нәтижелерді бағалау. 
- 3 ұпай-бала тапсырмаларды өз бетінше орындайды, дұрыс санайды; 
- 2 ұпай-бала мұғалімнің көмегімен тапсырмаларды орындайды, кесте түрінде көмек 
қолданылады; 
– 1 ұпай-бала тапсырманы орындауға тырысты, бірақ мұғалімнің бірнеше рет көмек көрсет-
кеннен кейін тапсырманы орындады; 
- 0 ұпай-бала тапсырманы орындай алмады. 
2. «Көлемі». 
Мақсаты: 
1) Заттарды шамасы бойынша салыстыру біліктерін зерттеу; 
2) Екі затты салыстыра білу дағдыларын анықтау; 
3) Есептеу нүктесін сақтай отырып, ұзындығын, енін, биіктігін, қалыңдығын азаю және өсу 
ретімен орналастыру қабілеттерін дамыту. 
Қажетті құрал-жабдықтар:
Ұзындығы, ені бойынша бірдей түсті әртүрлі жолақтар, биіктігі 
бойынша әртүрлі пирамидалар. 
Нұсқаулық. 
- Жолақтарды ұзындығы бойынша орналастыр. Ең ұзын жолақты көрсет. Ең қысқа жолақты 
көрсет. Бұл жолақтың ұзындығы қандай? 
- Жолақтарды ені бойынша қой. Ең тар жолақты көрсет. Ең кең жолақты көрсет. Бұл жолақтың 
ені қандай? 
- Пирамидаларды биіктікте орналастыр. Ең биік пирамиданы көрсет. Ең төменгі пирамиданы 
көрсет. Бұл биіктігі қандай пирамида? 
- Екі жолақты шартты өлшеммен салыстыр. Қай жолақ ұзынырақ? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет