Abai Kazakh national pedagogical university хабаршы «Арнайы педагогика» сериясы, Серия «Специальная педагогика»



Pdf көрінісі
бет41/158
Дата14.09.2023
өлшемі3,17 Mb.
#107909
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   158
 
 
 
 
 
УДК 376-056.263 
Л.А. Бутабаева 
1
, А.С. Аязбекова 

 
1
Phd, аға оқытушы, «Арнайы педагогика» бойынша кәсіби даярлау бөлімі, 
Педагогика және психология институты, 
butabaeva_laura@mail.ru 
2
7М01901-Дефектология мамандығының 2 курс магистранты 
«Арнайы педагогика» бойынша кәсіби даярлау бөлімі, Педагогика және психология институты, 
1,2
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 
Алматы қ., Қазақстан 
 
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАРДЫ МАТЕМАТИКАНЫ
ОҚУҒА ДАЙЫНДЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ 
 
Аңдатпа 
Бұл мақалада есту қабілеті зақымдалған балаларды математиканы оқуға дайындығын дамытудың 
жолдары қарастырылған. Қазіргі таңда білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер мектеп жасына 
дейінгі тәрбиеге ерекше мән беруді талап етіп отырғаны мәлім. Жыл сайын жаңа бағдарламалар 
шығып, неғұрлым тереңірек білім беруді, жаңа әдістердің болуы қажет екеніне көзіміз жетті. Бағдар-
лама талаптарына сай әртүрлі жас топтарында оқытудың мазмұны мен формалары, балалардың 
математикалық даму үрдісін көрсету, осыған орай өз жұмысын жоспарлай білу, болашақ біз секілді 
ұстаздар үшін ең маңызды мәселенің бірі болып табылады. Қарапайым математикалық түсініктерді 
қалыптастыру әдістемесі баланың қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру процесінің 
негізгі заңдылықтарын зерттейді, сонымен қатар, әдістеменің алға қойған мақсат-міндеттері айқын 
болуы шарт. Сонымен қатар біз қарапайым математикалық білімдерін, дағдыларын күнделікті өмірде, 
жұмыста, өнерде, спортта қандай сала болмасын барлық жерде жүретінін байқаймыз. Ендеше біздің 
балаларымызда ең алдымен қарапайым математикалық дағдыларын мықты дамыта білуіміз керек. 
Біздің болашағымыз өсіп келе жатқан жас жеткіншектер екенін білеміз және біздің балаларымыздың 
мүмкіндігі шектеулі екендігіне қарамай тиісінше білім беру біздің ұстаздық парызымыз деп білемін, 
себебі біздің балалардың қарапайым балалардан ешқандай айырмашылықтары болмау қажет. Барлық 
балалар білім алуға, бақытты өмір сүруге, жарқын болашақта өз жолын табуға құқығы бар. Матема-
тиканы балаларға үйретпестен бұрын оларға математикалық маңыздылықты түсіндіруіміз қажет, яғни 
математикалық дағдылардың күнделікті өмірде жиі қолданатындығын сөзбен және іспен дәлелдеп, 
балаға түсінікті болатындай әдістер қолданумыз қажет. Қарапайым математикалық дағдылар дегені-
мізге өзіміз білетіндей уақыт, кеңістіктік ұғымдар, өлшем, пішін, қарапайым заттарды салыстыру 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Арнайы педагогика» сериясы №1(64),2021 ж. 
38 
сонымен қатар балалар үшін ең қиын, ең қажетті дүние сан туралы білімдерін дамыту. Тиімді әдістерді 
пайдалана отырып, біз балалардың математикаға дайындығын тиімді дамытудың жолдарын қарас-
тыруымыз қажет екенін ескере отырып, бүгінгі мақаламды осы тақырыпта алдым. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет