Abai Kazakh national pedagogical university хабаршы «Арнайы педагогика» сериясы, Серия «Специальная педагогика»



Pdf көрінісі
бет66/158
Дата14.09.2023
өлшемі3,17 Mb.
#107909
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   158
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Арнайы педагогика» сериясы №1(64),2021 ж. 
62 
Мектепке дейінгі жастағы балаларда мынадай қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптас-
тыруымыз қажет:
- сандар туралы ұғым; 
- заттардың пішіні; 
- уақыт ұғымдары; 
- өлшемдік ұғымдар; 
- кеңістікті бағдарлау секілді түсінктерін қалыптастырып, қызығушылықтарын арттыру қажет. 
Қарапайым математикалық көріністер балаларда ерте қалыптасады, себебі күнделікті өмірде айтатын 
сөздеріміздің кейбірі математикалық ұғымдармен түсіндіріледі, мысалы: шеңбер, шар, шаршы, 
бұрыш, түзу, қисық және т.б. 4 жастағы мектепке дейінгі балаларда кейбір қарапайым математика-
лық түсініктері сөздік қорында бар, оны жалпылау және жүйелеу қажет болады. Математикалық 
қабілеттерді дамыту ұғымы есту қабілеті бұзылған баланың жеке басын қалыптастыру үшін қажетті 
кеңістік, пішіні, өлшемі, уақыты, саны, қасиеттері мен қатынастары туралы өзара байланысты және 
өзара шарттас түсініктерді қамтиды. 
Л.Б. Баряева, Н.Г. Морозова, Н.Ф. Кузьмина-Сыромятникова, Н.И. Непомнящая, М.Н. Перова 
есту қабілеті бұзылған мектеп жасына дейінгі балаларда сандық түсініктер мен арифметикалық есеп-
терді шешудің бірнеше қиындықтары бар екенін атап өткен. Оларға мыналарды жатқызуға болады: 
- 5 санына дейінгі сандар аралығындағы кері санаудың қалыптаспауы; 
- қорытынды шыққан санды атай алмауы; 
- жиынтықтар арасындағы бір-біріне сәйкес орнатудағы үлкен қиындықтардың болуы; 
- жиындармен жұмыс істеу қабілетінің болмауы; 
- көбінесе тапсырманың мәнін түсінбеуі; 
- шыққан санды атап жауап бермейді немесе кез келген санды атайды; 
- заттардың санын дұрыс есептемейді. [3] 
Ал И.А. Никольскаяның зерттеулеріне сүйенсек есту қабілеті зақымдалған балаларда сандық 
есептеулердің қалыптасуының салыстырмалы түрде төмен деңгейін көрсетеді. А.И. Никольскаяның 
зерттеулері бойынша есту қабілеті зақымдалған балаларда қарапайым математикалық түсініктерді 
қалыптастыру барысында кездесетін қиындықтар: 
- тура және кері санаудың қиындығы; 
- есептеудің сапалық ерекшеліктеріне және олардың кеңістіктік орналасуына айтарлықтай 
тәуелділігі; 
- сан туралы жалпыланған түсініктердің қалыптаспауы; 
- заттарды қайта есептеу ережелерін меңгерудегі қиындықтар, "шартсыз" есептеу; 
- қосу және азайту әрекеттерін орындаудағы қиындықтар; 
- бар білімді жаңа жағдайларға көшірудің болмауы. 
Жоғарыда атап өткендей математикалық түсініктерін қалыптастыру барысындағы қиындықтар-
ды жеңу қарапайым математикалық дағдыларды қалыптастыру үшін ғана емес, сонымен бірге әр 
баланың әлеуметтік дамуы үшін де қажет. Көптеген зерттеу жұмыстарында (Л.Б. Баряева,
Н.Г. Морозова, Н.Ф. Кузьмина-Сыромятникова, Н.И. Непомнящая, М.Н. Перова) математикалық 
дағдыларды игеру кезінде психикалық белсенділіктің әлсіз жақтарына түзетуші әсер етеді, дамуында 
ауытқушылығы бар балалардың танымдық процестерінде де сапалы өзгерістер байқалады. Қара-
пайым математикалық дағдыларды қалыптастыру сабақтарында арнайы түзету-педагогикалық 
жұмысты ұйымдастыру танымдық іс-әрекеттің өзіндік дамуын, әр баланың жеке ерекшеліктері мен 
жағымды мүмкіндіктерін ескеруді қамтиды. Бұл өмірлік тәжірибені жинақтауға, қоршаған ортадағы 
шындықта бағдарлау үшін маңызды сандық дағдыларын дамытуға ықпал етеді. [7] 
Есту қабілеті зақымдалған балаларды математикағаоқыту әдіснамасының қиындықтары мына-
дай көптеген ғалымдар мен мамандардың жұмысында айтылған: А.А. Бударный, А.С. Границкая, 
А.А. Кирсанов, П.И. Пидкасистый, Е.С. Рабунский, И.Э. Унт және т.б. Ал математика пәнін 
оқытудағы ерекшеліктер жайлы Г.В. Дорофеев, В.М. Монахов, М.И. Морау, С.Е. Цареваның 
жұмыстарынан көруге болады.
Математикалық білім - баланың интеллектуалды дамуының құралы, сонымен қатар оның 
танымдық және шығармашылық қабілеттерінің дамуына әсер етеді. Балаларда математиканы оқыту 
барысында әлеуметтік мотивацияның психикалық функциялары мен процестері қалыптасады, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет