Abai Kazakh national pedagogical university хабаршы «Арнайы педагогика» сериясы, Серия «Специальная педагогика»


THEORETICAL ANALYSIS RELATED TO THE DEVELOPMENT OF COHERENT WRITTEN



Pdf көрінісі
бет69/158
Дата14.09.2023
өлшемі3,17 Mb.
#107909
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   158
THEORETICAL ANALYSIS RELATED TO THE DEVELOPMENT OF COHERENT WRITTEN 
SPEECH IN PRIMARY CHILDREN WITH HEARING IMPAIRMENT
(AN EXAMPLE OF WRITING STATEMENTS

 
Abstract 
The article deals with the theoretical analysis of the problem of development of written coherent speech 
of primary school children with hearing impairment (on the example of writing an exposition). Currently, an 
urgent problem is the activation and re-socialization of people with disabilities. The development of the 
written language of primary school students with hearing impairments in this category allows them to freely 
communicate with the world around them, freely transmit a systematic game, revealing their capabilities. In 
this regard, the article analyzes theoretical questions on the development of written coherent speech.
Keywords: 
written speech, child with hearing impairment, speech development, presentation. 
Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесінде оқыту үрдісін тың жаңалықтарға негізделген жаңа 
мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр. Соның бірі – қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуға 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Арнайы педагогика» сериясы №1(64),2021 ж. 
66 
қабілетті, өзіндік пікірін ауызша және жазба түрде тиянақты, анық, жүйелі жеткізе алатын жеке 
тұлғаны қалыптастыру.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында 
«арнайы бастауыш мектептің бағдарламасы баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, жеке қабілетін 
ашуға және дамытуға бағытталып, оның қарапайым тілдік қарым-қатынас тәжірибесін, шығарма-
шылықпен өзін-өзі көрсетуін қалыптастыру қажеттігі» көрсетілді [1].
Арнайы бастауыш сынып оқушыларына тілдік құралдарды өз тәжірибесінде пайдалана білудің 
ғылым-әдістемелік жолдарын көрсетіп, ойын жүйелі түрде дұрыс айта және жаза алатындай етіп 
үйрету – бүгінгі заман талабы. Мұның себебі, біріншіден, тіл – адам мәдениетінің, интеллектісі мен 
жан-жақтылығының көрсеткіші болса, екіншіден, өз ойын байланыстырып айту және жазу есту 
қабілеті зақымдалған баланың басқа адамдармен еркін қарым-қатынас жасауына мүмкіндік береді. 
Басқалармен қарым-қатынастың тартымды, сәтті болуы адамның өзінің ойын қаншалықты еркін,
тиянақты, жүйелі түрде жеткізуіне байланысты. Есту қабілеті зақымдалған бастауыш сынып оқушы-
лары жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйренуарқылы тілдің мағыналық, құрылымдық ерекшелігін 
тануға, көркемдік бейнелілігін ұғынуға, сөздік қорының кеңеюіне мүмкіндік алады.
Жазбаша байланыстырып сөйлеу әрекетінде есту қабілеті зақымдалған бала сөйлемнің мәніне, 
мағынасына көңіл аудара отырып, ойлау әрекеті мен пайымдауы арқылы санасынан өткізеді де, өз 
ойын байланыстырып, жүйелі жазудың нәтижесінде жазбаша тілдік қатынасты жүзеге асырады.
Баланың мектепке келгенге дейінгі өзі игерген ауызша сөйлеуімен салыстырғанда, тілдік 
қатынастың күрделі түрі жазбаша сөйлеуге үйрету белгілі бір жасанды дағды негізінде қалыптасады. 
Сондықтан да бұл жұмыс дефектолог пен оқушы тарапынан көп көңіл бөлуді қажет етеді.
А.Байтұрсыновтың жазуға үйрету әдісі жайлы «...сөйлегенде сөздің жүйесін, қисынын келтіріп 
сөйлеу қандай қажет болса, жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жазу сондай керек.... Сөздің жүйе-
сін, қисынын келтіріп жаза білуге: қай сөз қандай орында өзгеріп, қалайша бір-бірімен қиындасып, 
жалғасатын дағдысын білу керек», – дей отырып, сөйлеудің жазба түрінің күрделі екеніне көңіл 
бөліп, жазуға үйретуге ерекше мән берілуі тиіс екендігін айтады . 
Есту қабілеті зақымдалған оқушының жазбаша байланыстырып сөйлеуін меңгеруі шындықты 
танумен тығыз байланысты. Адамның дүниені тану жолы екі деңгейде, теориялық және эмперика-
лық білім көздері болады. Теориялық таным барысында кез келген құбылыс ақыл-ой арқылы 
ұғынып түсіндірілсе, эмперикалық таным түйсіну, қабылдау, көріп сезу, елестетуге құрылады. Осы-
мен байланысты мәтіннің ақпараттық мазмұнында да теориялық және эмперикалық таным іздері 
болады. Теориялық таным бастауыш сынып балаларына мәтін жайлы ұғымды саналы түрде қалып-
тастыруға, сол арқылы олардың теориялық ойлауын дамытуға негіз болады.
Жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретуде оқушыларға сөз бен сөз тіркесін білу жеткіліксіз. 
Олай дейтініміз, есту қабілеті зақымдалған оқушының өз ойын байланыстырып жазу әрекеті жеке 
сөз бен сөйлемдерден тұрмайды, ол бір-бірімен логикалық және грамматикалық байланысқа түскен 
сөйлемдер бірлігі болып табылатын тұтас мәтіннен тұрады.
Соңғы кездері әдістемелік еңбектерде мәтін тек оқу және оқыту материалы ретінде ғана емес, 
сөйлеу кезінде ойды басқаға жеткізу құралы тұрғысынан қарастырылуда. Сөйлеушінің айтатын ойы 
мәтінге мазмұндама құру арқылы жүзеге асырылатыны жөніндегі ой-пікірлер, зерттеулер
Ф.Ш. Оразбаеваның, С.Р. Рахметованың, Ә.Е. Жұмабаеваның, Т.Әбдікәрімнің, Н.Ж. Құрманованың, 
А.С. Қыдыршаевтың, Б.Қалимұқашеваның, Б.Қабатайдың, Н.Сламбекованың, Н.Тойбазарованың 
т.с.с. көптеген ғылыми-әдістемелік еңбектерінде қарастырылған. 
Дегенмен, есту қабілеті зақымдалған бастауыш сынып жасындағы балалардың жазбаша байла-
ныстырып сөйлеуге үйретуге байланысты шешімін таппаған мәселелер де жоқ емес. 
Есту қабілеті зақымдалған бастауыш сынып оқушыларының жазба жұмыстарын тексеру бары-
сында бірқатар олқылықтар бар екені байқалды. Мысалы:
1) оқушылардың көпшілігі өз ойын байланыстырып жүйелі жаза алмайтындығы; 
2) бағдарлама, оқулық, оқу құралдарындағы оқушыны жазбаша байланыстырып сөйлеу әрекетін 
меңгертуге байланысты берілетін материалдар көлемінің теориялық жағынан да, тәжірибелік 
жағынан да жеткіліксіздігі; 
3) оқушының мәтін құру кезінде тақырып пен мазмұнының байланысын ұғына алмайтындығы; 
4) мәтіндегі негізгі ойды анықтай алмайтындығы; 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет