Abai Kazakh national pedagogical university хабаршы «Арнайы педагогика» сериясы, Серия «Специальная педагогика»



Pdf көрінісі
бет70/158
Дата14.09.2023
өлшемі3,17 Mb.
#107909
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   158
ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Специальная педагогика», №1(64), 2021 г. 
67 
5) сөз таңдау қабілетінің төмендігі, бір сөзді ретсіз қайталай беруі; 
6) оқушының құрған мәтініндегі сөйлемдерінің бір-бірімен байланыспауы. 
Мұның себебі, бастауыш сыныпта балаларға «мәтін» жайлы бірқатар мағлұмат берілгенімен, 
оқушыға оны саналы түрде ұғындыру мәселесіне көп көңіл бөлінбегендіктен деп ойлаймыз, екінші-
ден, бастауыш мектепте баланы белгілі бір дәрежеде жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйрету дәс-
түрлі таза жазу, көркем жазу, көшіріп жазуға үйрету деңгейінен асып кете алмай келеді.Бірқатар кем-
шіліктерді ескере отырып, есту қабілеті зақымдалғаның баланың жазбаша сөйлеу тілін қалыптасты-
ру үшін мазмұндама жазу, бірқатар кемшіліктерді қысқартып, бір жүйеге алып келеді. Мазмұндама 
жазудың өзіндік түрлері мен ерекшелектері бар. 
1. Шағын комплектілі бастауыш мектепте мазмұндама алдын ала дайындалған әңгіме бойынша 
жаздырылады. Дайын мәтін бойынша мазмұндама жеңілден ауырға, белгіліден белгісізге, жақыннан 
алысқа көшу принципі бойынша жүргізіледі. Сондықтан бұл мазмұндама бастауыш сыныптарда 
былай жүргізіледі: 
Бұл әдіс 1-сыныпта көбірек қолданылады. Осы әдіспен сыныпта ұйымдастырылған мазмұнда-
маны мысалға келтірейік. 
Сурет бойынша жаздыратын мазмұндаманы жүргізу де дайын әңгіме бойынша өткізілетін маз-
мұндамаға соқпай кетпейді. Өйткені мұнда да мәтінді мұғалім алдын-ала дайындайды. Одан бір 
айырмашылығы-мәтінге қосымша сол оқиға желісін баяндайтын сурет болады. Сурет бойынша 
мазмұндама жазу оқушылардың ойын, тілін дамытумен бірге оларды суреттің мазмұнын түсінуге, 
суретте бейнелеген зат пен құбылыстарды бейнелі сөз өнерімен өрнектеуге үйретеді. Баланың 
эстетикалық талғамын күшейтіп, шығармашылық қиялын дамытады. 
2. Шағын комплектілі бастауыш мектепте сурет бойынша жазылатын мазмұндаманың мынадай 
түрлері бар: 
Белгілі бір оқиғаға арналған бір сурет бойынша жүргізілетін мазмұндама. 
Белгілі бір әңгіме мазмұнына арналған бірнеше сюжетті суреттер арқылы жаздырылатын 
мазмұндама. 
Суреттеер бойынша жаздыратын мазмұндамаларды бір сарынды емес, түрлендіріп өтуге мүмкін-
шілік мол. Атап айтқанда, сюжетті суреттер бойынша өткізілетін мазмұндама мәтіндегі сөйлемдер-
дің орнын ауыстырып беріп, оны сурет тәртібіне орай түзеттіріп немесе орны ауыстырылған сурет-
терді мәтін бойынша жүйеге келтіріп те мазмұндама жаздыруға болады. Мұндай жұмыстар оқушы-
ның ойлау қабілетін дамытып, шығармашылық икемін арттырады. 
Шағын комплектілі бастауыш мектепте сурет бойынша мазмұндаманы былай жүргізуге болады: 
Мұғалім кіріспе әңгімесінде балаларға шопанның ауыр еңбегі, көктем кезіндегі қойдың төлдеуі, 
оған балалардың қолғабысы т.б. туралы әңгімелейді. 
Тақырыбы жобалап қойылған сурет тақтаға ілінеді. Балаларға мұндағы оқиға желісіне зерделей, 
мұқият қарау тапсырылады. Балалар біршама уақыт ойланғаннан кейін мұғалім жалпы сыныпқа 
мынадай сұрақтар қойып, оған дұрыс берілген жауаптарды іріктейді. 
Қорыта айтатын болсақ, есту қабілеті зақымдалған балалардың жазбаша сөйлеу тілін дамыту 
арқылы біз балалардың ой-өрісін кеңейтеміз сонымен қатар, танымдық белсенділіктерін, ойын еркін 
жеткізуге, қарым-қатынасын дамыта аламыз. Есту қабілеті зақымдалған оқушылар қай пәнде болсын 
тапсырманы қабылдауына, жүйелі түрде орындап жеткізуі үшін жазбаша байланыстырып сөйлеу 
тілінің дамуының алатын орныны орасан зор. 
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Аутаева А.Н., Махметова А.А., Бутабаева Л.А. Сурдопедагогика негіздері: Оқу құралы 
Алматы: «АҚНҰР баспасы», 2018. – 197 б.
 
2.
 
Леонтьев А.А. Психолингвистические единицы и пораждение речевого высказывания. 
Москва: Наука, 1989. 
3.
 
Жұмабаева Ә. Мәтіннен берілетін негізгі белгілер // Қазақстан мектебі, 2008, №2, 35-38-б. 
4.
 
Базарбекова Р.Ж. Сурет мәтіні бойынша сипаттау мәтінін құрастыру тәсілдері // 
Бастауыш мектеп, 2007, №4. – 7-8-б. 
5.
 
Уәйісова Г.И., Әміров Р.С., Жұмабаева Ә.Е. Қазақ тілі. 2-сынып. – Алматы: Атамұра, 2002. 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Арнайы педагогика» сериясы №1(64),2021 ж. 
68 
6.
 
Әбдікәрім Т.М. «Әліппе» мен «Ана тілі» оқулықтарында мәтін түзудің ғылыми-әдістемелік 
негіздері. Пед. ғыл. докторы ... дисс.автореф. Алматы: Абай атындағы Қаз ҰПУ, 2007. 
7.
 
Базарбекова Р.Ж. Мәтінмен жұмыс істеу // Бастауыш мектеп. - 2001. - № 1-2. – 45-46-б. 
8.
 
Базарбекова Р.Ж. Сурет бойынша сипаттау мәтінін құрастыру тәсілдері // Бастауыш 
мектеп. - 2007. - № 4. – 7-9-б. 
9.
 
Базарбекова Р.Ж. Кіші жастағы балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің психо-
логиялық негіздері // Ұлт тағылымы. - 2008. - № 1. – 38-42. 
10.
 
Богданова Т.Г. Сурдопсихология. – М.: Академия, 2002. – 224 с. 
11.
 
Баряева Л.Б. Формирование элементарных математическихпредставлений у дошкольников 
(с проблемами в развитии): Учебно-методическое пособие. – СПб.: Изд-во РГПУ им. А.И. Герцена; 
Изд-во «СОЮЗ», 2010. – 479 с. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет