Aбaй aтындaғы Қaзaқ ұлттық педaгогикaлық универcитеті



Pdf көрінісі
бет44/83
Дата12.04.2022
өлшемі1,77 Mb.
#30688
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   83
 
 
Сурет 3 - Қиял-ғажайып ертегілер дискурсының синхронды  
және диахронды сипаты 
 
Ертегі  дискурсын  синхрония  мен  диахрония  тұрғысынан  қарастыру 
уақыт  шеңберіндегі  ертегі  сюжетінің  дамуын,  элементарлық  сюжеттер  мен 
олардың жоспарларын, ертегі дискурсының кеңістіктік дамуындағы олардың 
түйісетін  нүктелерін  айқындауға  мүмкіндік  береді.  Бұл,  өз  кезегінде  белгілі 
бір  сценарийдің  таңдалуын  анықтайтын  кейіпкерлердің  мақсаттары  мен 
уәждерін  түсінуге  жол  ашады.  Үстіңгі  құрылымының  элементарлық 
сюжеттері  мен  терең  құрылымының  жоспарларын  диахрония  тұрғысынан 
қарастыру  арқылы  ертегі  кейіпкерлердің  параллель  ғаламдарының  қалай 
дамитынын  анықтауға  болады.  Ал,  осы  феномендерді  синхронды  тұрғыдан 
зерттегенде  –  прецеденттік  слоттар  (сандар  мен  атаулар)  және  мәдени 
сценарийлер айқындалады.   
«Параллель  ғаламдар»  термині  тікелей  мүмкін  бола  алатын  ғалам 
түсінігімен  байланысты  болып  келеді.  Элементарлық  сюжеттер  мен 
жоспарларды  диахрония  кеңістігіне  орнату  арқылы  олардың  бір-біріне 
параллель  дамуын  аңғаруға  болады.  Бұл  дегеніміз,  бір  жағынан  қарағанда 
қабылдау  модусы  мен  интерпретациялаушы  бір  бірімен  параллель  жүріп 
жатады.  Ал,  басқа  бір  қырынан  алғанда,  элементарлық  сюжеттер  мен 
жоспарлар  ертегі  дискурсының  кеңістігін  жасау  арқылы  мүмкін  болатын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет