Aбaй aтындaғы Қaзaқ ұлттық педaгогикaлық универcитеті


Екінші бөлім бойынша тұжырым



Pdf көрінісі
бет52/83
Дата12.04.2022
өлшемі1,77 Mb.
#30688
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   83
Екінші бөлім бойынша тұжырым 
Үстіңгі  құрылымдар  деңгейінде  барлық  қиял-ғажайып  ертегілер 
құрылымы  бойынша  бірдей  болып  келеді,  өйткені  ертегі  кейіпкерлер 
қызметінің реттілігімен айқындалады. Әрбір кейіпкердің өз мақсаты болады, 
оның  негізінде  ертегі  баяндаудың  элементарлық  сюжеттері  ажыратылып 
көрсетіледі.  Қиял-ғажайып  ертегінің  белгілі  бір  мәдениетке  тиесілі  екенін 
анықтайтын 
ұлттық 
ерекшеліктер 
ертегі 
дискурсының 
терең 
құрылымдарында  кодталады.  Аталған  құрылымдар  фреймдер  мен 
сценарийлердің  өзара  әрекеттестігі  нәтижесінде  пайда  болып,  өз  кезегінде, 
олар әрқашанда белгілі бір мақсатқа жетуге үшін бағытталады. Нәтижесінде 
терең құрылымдардың жоспарлары іріктеліп сипатталады. 
Ертегі  дискурсының  фреймдік  талдауға  алынуы  тек  белгілі  бір 
мақсаттар  мен  уәждерді  айқындауға  ғана  емес,  сондай-ақ  жеке  тұлғаның 
өзіндік  мәдени  ортасында  әрі  қарайғы  мінез-құлқын  анықтауға  септігін 
тигізетін  негізгі  лингвомәдени  маркерлерді  атап  көрсетуге  мүмкіндік 
туғызады.  Халық  қиял-ғажайып  ертегісінің  терең  құрылым  деңгейі 
келешекте  балаларға  өзінің  белгілі  бір  мәдениетке  қатыстылығын  ұғынуға 
көмек беретін кодталған ақпараттан тұрады.   
Ертегінің  терең  құрылымдар  жоспарлары  мен  үстіңгі  құрылымдардың 
элементарлық  сюжеттері  кеңістік  пен  уақыт  шеңберінде  дамиды:  ертегі 
кейіпкерлерінің  мүмкін  болатын  ғаламдарын  жасаушы  синхрония  мен 
диахрония  болып  саналады.  Басты  кейіпкерлердің  негізгі  мақсаттары 
бойынша ғаламдық желілер айқындалып, олар ертегі кейіпкерлерінің дамуын 
суреттеп  көрсетуге  мүмкіндік  береді.  Өйткені  элементарлық  сюжеттер  мен 
жоспарлар  дискурстың  топологиялық  кеңістігінде  ұштасып  түйісіп,  бір-
бірімен  алмасып  дамып  отырады.  Сюжеттер  мен  жоспарлар  өзара  
әрекеттестігінің  негізінде  ертегі  категориясы  орын  алады.  Ол  бір  жағынан, 
ертегі  дискурсының  шеңберінде  кейіпкерлердің  «таңғажайып»  араласып 
кетуіне  әсер  етсе,  екінші  бір  жағынан,  мәтіннің  ерекше  ритмикалық 
ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді.   
Халық қиял-ғажайып ертегілер тілі белгілі бір мәдениетке тән  келетін 
аялық  білімдер  кодталатын  орны,  қоймасы  болып  табылады.  Тіл  ақиқат 
шындықты құрылымдап, ақиқат дүниені де, ақиқат шындықтан тыс дүниені 
де  айқындап  көрсетеді.  Сол  себепті  де  үстіңгі  және  терең  құрылымдардан 
тұратын  халық  қиял-ғажайып  ертегілерінің  дискурсы  –  өмірлік  қиын 
сұрақтар  қойып,  оған  фреймдер,  сценарийлер  мен  жоспарлар  жиынтығы 
ретінде  жауап  ұсынатын  мүмкін  болатын  ғалам.  Бұл  өз  кезегінде  баланың  
ой-өрісі  дамуына  үлкен  әсерін  тигізеді.  Фольклорлық  мұра  арқылы  балалар 


 
86 
 
негізгі өмірлік сценарийлермен танысып, тәжірибе жинақтайды.  Сондықтан 
да  ертегіде  кейіпкерлер  барлық  жағынан  не  жағымды  болады  немесе  тым 
жағымсыз, зұлым болып келеді. Бірақ бұған қарамастан, ертегі кешірімділік 
пен  мейірімділікке  толы  дүние,  ол  адамның  сенімін  жоғалтпайды  – 
жамандықтың жақсылыққа айналуына жол береді. 
Ертегіні  баяндау  -  бұл  өз  заңдарымен  қалыптасатын  ерекше  балама 
ғалам.  Алайда,  ол  ақиқат  болмыспен  де  тығыз  байланыста  болып  келеді. 
Қалыптасқан көзқарас бойынша, балалар ертегі дискурсымен танысу арқылы 
ең  маңызды  деп  танылатын  сценарийлерді  құрылымдап  үйренеді.  Олар,  өз 
кезегінде,  күнделікті  өмір  сүру  үшін  қажетті  білімдер  қатарына 
жатқызылады.  Жас  оқырмандар  ертегі  кейіпкерлерімен  танысқаннан  кейін 
қиял,  фантазия  әлемін  елестете  бастайды.  Олар  ойын  барысында  ертегі 
кейіпкерлерін  сомдап,  өздерін  түрлі-түрлі    рөлдерде  байқап  көреді.  Басқа 
біреудің  кейпінде  бола  алу  қабілеті  баланың  дискурсивтік  тұлғасын 
ұлғайтып, өмірлік тәжірибені байытады.  
Халық  қиял-ғажайып  ертегілерінің  терең  құрылымдарында  кодталған 
ақпарат мәдени құндылықтар әлеміне жол ашады. Ойын барысында балалар 
өз  ұлтының  салт-дәстүрлері  мен  әдеп-ғұрыптарына  бейімделе  бастайды. 
Олар  өздері  аңғармастан,  интуитивтік  түрде  терең  құрылымдардың  бірегей 
тілін меңгеріп, одан кейін оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
87 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет