Aбaй aтындaғы Қaзaқ ұлттық педaгогикaлық универcитеті


  Қиял-ғажайып  ертегілер  құрылымының  (үстіңгі  және  терең)



Pdf көрінісі
бет40/83
Дата12.04.2022
өлшемі1,77 Mb.
#30688
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   83
2.2  Қиял-ғажайып  ертегілер  құрылымының  (үстіңгі  және  терең) 
синхронды және диахронды сипаты 
Жоғарыда атап өткеніміздей, В.Я.Пропптың пікірінше, жалпы барлық 
қиял-ғажайып  ертегілерінің  құрылымы  бірдей  болып  келеді  [106]. 
Ғалымның    анықтауы  бойынша,  «Тот  Tit  Tot»  атты  ағылшын  ертегісін 
талдап  көрейік.  Ертегінің  сюжеті  бойынша  көмекшінің  аты  «Тот  Tit  Tot». 
Ол ертегі желісінде сақалды ергежейлі, қортық немесе әзәзіл, жын-шайтан 
кейпінде кездесуі мүмкін. Бойжеткен көмекші атын біліп қояды. Ертегінің 
құрылымы төмендегідей: 
1)  Күрделі әрі қиын, орындалмайтын тапсырма
-  ханға  айттырылған  бойжеткен  қыз  сан-алуан  есепке  келмейтін  жіп 
иіріп беруі қажет немесе  өмірімен қоштасады. 
2) Көмекшімен келісім
-  сиқырлы көмекші қызға көмек беруге келіседі; 
-  немесе ол оған сиқырлы құрал береді, ал қыз оның орнына оған өз 


 
65 
 
баласын беруі тиіс; 
-  немесе егер ол оның атын, жасын таппаса, өзін табыстайды. 
3) Көмекші жеңіледі
-  бойжеткен кездейсоқ оның атын, жасын тауып қояды; 
-  көмекшінің  аты  мен  жасы  дауыстап  айтылады  да,  ол  жоқ  болып 
кетеді.  
Зерттеуші  Б.Кеберлитенің  пікіріне  сүйенетін  болсақ,  элементарлық 
сюжеттерді  айқындап,  әрі  қарайғы  талдау  жүргізудің  ассоциациялық 
сұлбасын жасауға әбден болады [107]. Сонымен, ертегінің басты кейіпкері 
жас  бойжеткен  қыз  ханға  тұрмысқа  шыққысы  келеді.  Яғни  оның  басты 
мақсаты  – өзінен әлде қайда жоғары мәртебесі бар адамға тұрмысқа шығу 
арқылы  өзінің  әлеуметтік  жағдайын  жақсарту  болып  табылады.  Аталған 
мақсат  негізінде  –  қоғамдағы  немесе  отбасындағы  жоғары  не  тең  құқылы 
жағдайға жету ниеті атты элементарлық сюжетті атап көрсете аламыз.  
Ертегі  басты  кейіпкерлерінің  қызметтерін  біле  тұра,  терең 
құрылымының  жоспарын  құрайтын  фрейм  мен  сценарийлерді  ажыратып 
көрсетуге  болады.  Мәселен,  үстіңгі  құрылымының  элементарлық  сюжетін 
терең  құрылымның  1  қызметі  «бастапқы  жағдаят»  фреймі  ашады.  Ол 
мынадай екі слот арқылы айқындалады:  «а woman» және «five pies»; «Well, 
once  upon  a  time  there  were  a  woman,  and  she  baked  five  pies».  Әрі  қарай 
бірінші  сюжет  2  қызметпен  жалғасады.  Ол  «тыйым  салу»  сценарийіне 
сәйкес  келіп,  анасының  өтінішін  білдіреді:  «Soo  says  she,  her  darter. 
«Maw’s,» says she. «put you them there pies on the shelf an’ leave:cm '.here a 
little, an' they’ll soon come agin». Басты іс-әрекет етуші кейіпкерлер- анасы 
мен қызы. Анасының мақсаты бәліштерді дайындап, піскенін күту.  
В.Я.Пропптың  пікірінше:  «Кейде  тыйым  салудың  әлсіз  формасын 
байқауға  болады.  Ол  өтініш  немесе  кеңес  түрінде  көрініс  табады:  анасы 
баласына  аң  аулауға  бармауын  жалынып-  жалбарынып  өтінеді  «сен  әлі 
кішкентайсың...»  т.б.  [106,  62  б.].  Бұл  ретте,  метафораға  негізделген  сөз 
құбылтудың  ерекше  түрін  байқауға  болады:    «gal  set  'um  on  the  shell',  and 
says she», «Lork! If they pies'll come agin, I'll ate ’um all now», «Soo she set to 
work and eat 'um all, first and last, that she did». 
Сценарийде  бір  ғана  іс-әрекет  етуші  кейіпкер  -  the  gal.  Анасының 
сөздерін дұрыс түсінбеген қыз бір ғана мақсатты меңзейді – бәліштерді жеп 
қою.  Әрі  қарай  ертегі  желісін  «алдау»  сценарийі  жалғастырады.  Бұл 
сценарийге  анасы  мен  хан  қатысады.  Ананың  мақсаты  –  алдау  арқылы 
қызын керемет етіп көрсету:   
 «Well,  the  woman  she  were  wholly  bate,  an'  she  took  her  spinnin'  to  the 
door to spin, and as she spun she sang, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет