Aбaй aтындaғы Қaзaқ ұлттық педaгогикaлық универcитеті



Pdf көрінісі
бет49/83
Дата12.04.2022
өлшемі1,77 Mb.
#30688
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   83
ГРАММАТИКАЛЫҚ 
АМАЛ-
ТӘСІЛДЕР 
Негізінен  шақ,  сан  есім  категориясы  арқылы  беріледі: 
болыпты; жүре беріпті;  айлық жерді алты-ақ аттайды; 
көріп тұр екен; екі жылдай келмедің т.б.
 


 
79 
 
бағынышты; 
-  ертегіде  үнемі  іс-қимыл  сәтінің  өзі  нақты  сипатталмайды,  ол  тек 
екі-үш сөзбен ғана келтіріледі: «Түлкінің қорлығына шыдай алмай, шал бір 
күні  екінші  жерге  көшем  деп,  дүние-мүлкін  арқалап,  жолға  шығыпты. 
Шаршаған  соң,  оны  бір  жерге  көміп  кетіпті;  бір  жерге  елдің  сойған 
малынан  жинап  алған  ішек-қарнын  көміп  кетіпті;  бір  жерге  қарындағы 
айранын  көміп  кетіпті.  Жүктің  салмағымен  Қаңбақ  шал  ұшып  кетпей 
келеді. Жүктен арылған соң, желмен ұшып, бір жерге түсіпті. Қараса, бір 
дәу екі тауды біріне-бірін шақпақ қылып, ұрып тұр екен». Яғни жолдың өзі 
сипатталмайды, ол композицияда болғанымен, нақты деректер  ретінде орын 
алмайды;  «Шалқұйрықтың  құйрығына  қазандай  қара  тас  орала  кетеді. 
Шалқұйрықтың  шапқан  салмағына  шыдамай,  қара  жер  қақ  айырылады. 
Шалқұйрық  пен  Ер  Төстік  жер  астына  түсіп  кетеді»  -  жер  үсті  мен  жер 
астының  арасында  үлкен  кеңістік  орын  алады,  бірақ  ол  бір  сәтте  өтіп 
кетеді. Осыдан ертегіде кеңістік екі түрлі рөл атқарады деген қорытынды 
жасауға  болады.  Бір  жағынан  қарағанда,  ол  ертегіде  бар,  қажетті 
композициялық  элемент  екені  анық.  Ал,  екінші  бір  қырынан  қарасақ,  ол 
мүлдем жоқ сияқты болып та көрінеді.  
Сонымен,  ертегі  дискурсындағы  уақыт  концептісі  синхрония  мен 
диахрониядағы,  сондай-ақ  ертегі  уақытындағы  кеңістіктік  өзгерістердің 
жиынтығы  ретінде  анықталады.  Аталған  халық  қиял-ғажайып  ертегі 
«кеңістігінің үш бағыты» көрнекі түрде төмендегідей суретпен сипатталады: 
 
 
                       
       Y 
 
                                                 
 
 
 
 
 
                                                                                               

 
Сурет 6 - Қиял-ғажайып ертегінің кеңістігі 
Байқағанымыздай, бұл сұлбада үшінші өзгермелі шама пайда болады 
–  ертегі  уақыты  және  сол  арқылы  ертегі  дискурсының  көлемі  жағынан 
 
                                                                   
 Z 
ди
ах
ро
ния
 
синхрония 
Үстіңгі құрылым 
Тереңдік 
құрылымы 


 
80 
 
дамуын  да  айқындауға  болады.  Барлық  қиял-ғажайып  ертегілерінде  ертегі 
уақыты  нақты  уақытқа  сәйкес  келмейді.  Ол  абстрактілі  бірлік  болып 
табылады  және  белгілі  бір  тілдік  ормандар  арқылы  сипатталады: 
«Ерназардың  сегіз  ұлы  сол  кеткеннен  хабарсыз  кетеді,  айлар  өтеді  – 
келмейді, жылдар өтеді  – келмейді»  («Ер Төстік»); «Кемпір-шалға аң мен 
құстың  етін  қақтап  үйіп  береді  де,  Төстік  жолға  шығады.  Беліне  садақ 
байланады, қолына темір таяқ алады, аяғына темір етік киеді. Ай жүреді, 
жыл  жүреді,  талай  елді,  талай  жерді  аралайды.  Жолдасы  да  садағы, 
азығы  да  садағы,  жолында  кез  келген  аңды  атып  жеп  отырады»  («Ер 
Төстік»); «Бала мың ділдәні алып, киік астына қоятын тақты жасайтын 
Мысыр  шаһарының  жанындағы  шеберге  жүреді.  Бірнеше  күн  жүріп, 
шеберге  келеді»  («Күн  астындағы  Күнекей  қыз»);  «Бір  күні  ол  әкесінен 
бата  алып,  құлындарды  іздеуге  шығады.  Іздеп  күн  жүреді,  ай  жүреді» 
(«Үш  батыр»);  «Ата-анасына  бір  жылдық  азық  дайындап  беріп,  сауыт-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет