Aбaй aтындaғы Қaзaқ ұлттық педaгогикaлық универcитеті



Pdf көрінісі
бет51/83
Дата12.04.2022
өлшемі1,77 Mb.
#30688
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   83
қызыл түлкісі, мен сайдың ақ түлкісімін. Баяғыда бұл баланың әкесі аң аулап 
жүргенде, мені қуып, соға жаздаған болатын. Сондықтан бұл балада менің 
кегім бар, – дейді. Жалмауыз кемпір түлкінің сөзіне сеніп, тағы да кетпенді 
түлкіге  беріп,  өзі  ұйқыға  кіріседі.  Түлкі  тағы  да  кетпенін  суға  лақтырып 
жібереді  де  шұқырды  бітеп,  өзі  қашып  кетеді.  Кемпір  тұрса,  тағы  да 
кетпені де ,жоқ, түлкі де жоқ. «Алда, ойбай-ай, алдаған екен ғой» деп, тағы 
да  бір  тісін  суырып  кетпен  қылып,  бәйтеректің  түбін  қаза  береді.  Сонда 
кемпір  аузын  ашса,  бір-ақ  тісі  қалыпты.  Кемпір  бәйтеректің  түбін  қаза-
қаза  құлатуға  жақындайды.  Бір  заманда  баланың  төбесінен  бір  топ  қарға 
өтеді.    Бала  қарғаға:  -  Ау,  қарғалар,  қарғалар,  қанатымен  жорғалар. 
Жайлаудағы  бес  төбетіме  хабар  айта  кет,  мені  жалмауыз  кемпірден 
арашалап алсын, – дейді. Сонда қарғалар «қарқ-қарқ» етіп ұшып кетеді. Бір 
мезгілде  үйректер  төбеден  ұшып  өтеді,  бала  оларға  да  айтады.  Олар  да 
үндемей  ұшып  кете  береді.  Бір  мезгілде  бір  қарлығаш  бәйтеректің 
төбесінен әрлі-берлі ұшып жүреді де, баланың төбесіне келіп қонады.  Бала 
жылап  тұрып,  бұған  да  тапсырады.  Бұрын  бала  қыстауындағы  ұя  салған 
қарлығаштың  балапандарына  тимей,  бұларды  жақсылап  өсіріп,  ұшырып 
жібереді екен. Сондықтан бала қарлығашпен дос екен. Сонымен, қарлығаш 
баланың  төбеттеріне  тапсырғанын  айтып  барады.  «Осындай  пәлен 
жердегі  бәйтеректің  басында  бала  тұр,  бәйтеректің  түбін  жалмауыз 
кемпір  қазып  ,  енді  құлатуға
 
жақындатқан,  таяу  тұр»,  –  дейді,  қарлығаш 
баланың  төбеттеріне.  Мұны  естіген  соң  төбеттер  шапқаннан  шауып 
отырып, бәйтерекке келеді. Сол кезде бәйтерек те жерге құлайды. Баланың 
төбеттері  жалмауыз  кемпірдің  қолын  қол,  бұтын  бұт  қылып,  жүн-жүнін 
шығарып, талап тастайды» («Алтын сақа») т.б. 
Жалпы,  қарастырылып  отырған  мүмкін  болатын  ғаламдар  жиынтығы 
қалайда  біліммен  сәйкес  келуі  .  Сондықтан  да,  біздің  ойымызша,  терең 
құрылымдар  деңгейінде  фреймдер  мен  сценарийлерді,  жоспарлар  мен 
мақсаттарды  іріктеу  барысында  ол  міндетті  түрде  пропозиционалды 
ұстанымға тікелей байланысты. Себебі, интерпретация мен ұғынып түсінудің 
жетістігі  жеке  тәжірибе  мен  тарихи  уақытқа  тікелей  тәуелді.  Осыған  орай, 
ақиқат дүние мүмкін болатын ғалам концепциясына кірігіп кетеді.   
Уақыт  категориясы  –  параллель  ғаламдарды  құрылымдаудың  негізі, 
өйткені  «қарапайым  көзқарас,  сондай-ақ  ғылыми  тұрғыдан  да  уақыт 
синтезінің  де,  кеңістік  синтезінің  де  шарты  баяғыдан  мойындалып,  сана 
қызметі  екені  дәлелденген»  және  синхронды  да,  диахронды,  сонымен  қатар 
ертегі уақытының біртұтастығына қол жеткізу үшін «синтезделуші уақыт пен 
жеке тәжірибе уақытының арасында белгілі бір үйлесімділік қажет» [227 б.]. 


 
85 
 
Сонымен,  қорыта  келгенде,  ертегі  әлемімен  танысу  дегеніміз  –  бұл  ойын, 
оның  үдерісінде  білімдер  жинақталады.  Ертегі  балалардың  бейнелі  ойлау 
жүйесін дамытып, күнделікті мәселелердің қарапайым шешімдерін ұсынады: 
сөз  ғаламды  екі  есе  ұлғайтып,  адамға  ой  арқылы  олар  нақты  осы  сәтте 
болмаса да заттармен іс-әрекет етуіне мүмкіндік береді, себебі бізді қоршаған
 
бүкіл дүние сөздермен айқындалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет