Aбaй aтындaғы Қaзaқ ұлттық педaгогикaлық универcитеті



Pdf көрінісі
бет54/83
Дата12.04.2022
өлшемі1,77 Mb.
#30688
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   83
апара жатқанда, хан ордасының жанында уәзір көреді де: - Мұныңды ханға 
апармай-ақ  қой,  маған  сыйлап  кет,  –  дейді.     Бала:  -  Жоқ,  саған  әкеле 
жатқаным  жоқ,  ханның  өзіне  апарам,  –  деп  уәзірге  бермейді.  Бала  алтын 
мүйізді шұбар киікті ханға тарту қылады. Хан уәзірін шақырып алып: - Бұл 
баланың  тартуына  сыйлық  беруге  бола  ма?  –  дейді.   Сонда  уәзір:  -  Жоқ, 
бұған сыйлық беруге болмайды. Бұл киіктің астына қоятын бір тақ болады, 
оның екі қанаты болады; бірі алтын, бірі күміс. Бірі алтын суына малынған, 
бірі  күміс  суына  малынған.  Киік  сол  алтын  тақтың  үстінде  тұрып 
ойнағанда,  дүниенің  қызығын  көргендей  боласыз.  Сіздің  салтанатыңыз 
сонда  келіседі.  Бала  соны  тауып  әкелсін,  сонда  сыйлық  беруге  болады,  – 
дейді».  
Терең  құрылым  деңгейінде  –  «кейіпкерге  өтініш  жасайды  немесе 
жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін жібереді» сценарийі орын алып, оның 
қатысушылары  «хан»,  «бала»  және  «уәзір».  Ханның  мақсаты  –  дүниенің 
қызығын көру. Ол үшін хан баланы сол тақты алып келуге жұмсайды.  
Келесі  «Б»  қызметі  «іздеуші  келісімін  береді  немесе  қарама-қарсы 
әрекетке жүгінеді» сценарийіне сәйкес келіп,  оған қатысушылар: хан, бала, 
баланың шешесі, кемпір. Баланың мақсаты – өмірін сақтап қалу: «Бала мұны 
естіп,  жылап  шешесіне  келеді.  Шешесі:  -  Ойбай,  балам!  Бұған  бола 
жыламай-ақ  қой,  өзім  іздеп  тауып  әкелейін,  –  деп,  жолға  шығады.  Бір 
жерлерге  келсе,  бір  топ  киік  далада  жайылып  жүреді.  Топ  киіктің  ар 
жағында  жердің  жарығын  жамап  бір  кемпір  отыр  екен,  бұған  келіп, 
жұмысының  мәнін  айтады.  Сонда  жер  жамап  отырған  кемпір:  -  Мысыр 
шаһарының  бер  жағында  бір  шаһар  бар.  Киіктің  тағын  істесе,  сонда 
істейді, баланың қолына мың ділдә беріп, соған жібер, – дейді».       
Элементарлық  сюжетті  үстіңгі  құрылымның  №11  қызметі 
жалғастырып,  терең  құрылымның  дискурсы  «кейіпкер  жолға  шығады» 
сценарийіне сәйкес келеді. Сценарий екі іс-әрекет етуші тұлғадан тұрады: 
баланың  шешесі  және  бала.  Баланың  мақсаты  тақты  ханға  әкеліп  беру: 


 
89 
 
«Сонан  баланың  шешесі  үйіне  қайтып  келіп,  барлық  дүние-мүлкін  беріп, 
ешкілерінің  барлығын  да  беріп,  оның  үстіне  өзі  неше  жыл  мал  бағуға  бір 
байға жалданыпты. Сөйтіп, баласына мың ділдә құрастырып береді. Бала 
мың  ділдәні  алып,  киік  астына  қоятын  тақты  жасайтын  Мысыр 
шаһарының  жанындағы  шеберге  жүреді.  Бірнеше  күн  жүріп,  шеберге 
келеді». 
Келесі  қызмет  –  бала  «сынақтан»  өтіп,  аман-есен  тақты  алып 
оралады:  «Сонымен,  мың  ділдәсін  шеберге  беріп,  киік  астына  қоятын 
тақты істетіп алып, бала үйіне қайтады. Келе жатса, жолында бір үлкен 
бәйтерек  тұр  екен,  оның  түбіне  келсе,  екі  құдық  бар  екен,  біріншісінде 
алтын  су,  екіншісінде  күміс  су  бар.  Бала  сол  арада  алып  келе  жатқан 
тақтың  бір  қанатын  алтын  құдыққа,  екінші  қанатын  күміс  құдыққа 
малып-малып алады. Бала тақты алып, үйіне келеді». 
 Қазақ  ертегілерінде  жиі  кездесетін  «бәйтерек»  символы  өлім  мен 
өмірді  теңестіретін  әлемдік  мифтік  танымға  негізделіп,  ал  қазақ 
мифологиясында  космос  ағашы  мазмұнында  қолданылады.  Көне 
ұғымында ол «өмір ағашы» деген мағынаны айқындайды.  
Аталған  қызмет  үш  рет  орын  алады:  екінші  сынақ  «Енді  пәлендей 
жер  астында  өскен  бір  сұлу  алтын  ағаш  бар,  соны  әкеліп,  сіздің  есік 
алдына  орнатса,  сән-салтанатыңыз  мұнан  әрі  келісер  еді.  Бала  соны 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет