Aбaй aтындaғы Қaзaқ ұлттық педaгогикaлық универcитеті


  Ғаламның тілдік бейнесінің концептуалды сипаты



Pdf көрінісі
бет22/83
Дата12.04.2022
өлшемі1,77 Mb.
#30688
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   83
1.2  Ғаламның тілдік бейнесінің концептуалды сипаты  
Адам  таным  субъектісі  ретінде  ақиқат  болмыс  жайында  белгілі  бір 
пікірлер, көзқарастар, білімдер жүйесінің иесі болып табылады. Бұл білімдер 
жүйесі  әртүрлі  ғылымдарда  әр  қалай  аталып  (ғаламның  концептуалды 
жүйесі, 
ғалам 
үлгісі, 
ғалам 
бейнесі, 
т.б.),бірнеше 
аспектілерде 
қарастырылады.  Жоғарыда  атап  өткеніміздей,  ғаламның  тілдік  бейнесі 
концептуалды  бейненің  бір  бөлігі  және  оны  ғаламның  когнитивтік  үлгісі 
ретінде  қарастыруға  болмайды.  Ол  ғалам  туралы  адам  білімінің 
репрезентациясы, тілдік бейнелеудің негізі. Ғаламның қарапайым және тілдік 
бейнесін  тұрмыстық,  негізсіз  көріністер  деп  те  түсінетін  пікірлер  жоқ  емес. 
Ғаламның  қарапайым  үлгісінің  идеясы  мынадан  туындаған:  әрбір  табиғи 
тілдің белгілі бір ғаламды қабылдау тәсілі бар және барлық сол тіл иелеріне 
міндетті  болып  саналады.  Ғалым  Ю.Д.Апресянның  көзқарасы  бойынша, 
ғаламның  тілдік  бейнесінің  аңғал  болуы  көлемі  мен  мазмұны  бойынша 
ғылыми  анықтамалар  мен  тілдік  түсіндірмелердің  үнемі  сәйкес  келе 
бермеуінен туындаған [32]. 
Ғаламның  концептуалды  бейнесі  тілдік  бейнеге  қарағанда  әлеуметтік 
және  танымдық  қызмет  нәтижелерін  айқындап,  тұрақты  түрде  өзгеріп 
отырады,  бірақ  ғаламның  тілдік  бейнесінің  кейбір  жекелеген  үзінділері  де 


 
21 
 
адамдардың  дүние  құрылысы  туралы  өтпелі,  реликт  болып  саналатын 
көзқарастарын  ұзақ  уақыт  бойы  сақтай  алады.  Жалпы  алғанда,  ғаламның 
тілдік  бейнесінің  маңызына  қатысты  көптеген  түрлі-түрлі  пікірлер  ішінен 
даусыз  қабылданатыны  –    әр  халықта  ғаламның  тілдік  бөлінісі  әртүрлі 
болатыны.    Қызметі  барысында  адам  санасында  бар  дүниенің  субъективтік 
бейнесі қалыптасады. Адам тілді де қоршаған орта секілді игереді. Және бұл 
ретте ғаламның логикалық (ұғымдық) бейнесімен қатар тілдік бейне де пайда 
болады, ал ол логикалыққа қарама-қарсы келмейді, бірақ онымен бара-бар да 
бола  бермейді.  Ғаламның  концептуалды  бейнесі  индивидтың  дүниені  игеру 
үдерісінде  қалыптасады,  сол  себепті  де  онда  халықтың  ұлттық  рухани 
қызметі көрініс береді. 
Профессор А.Салқынбайдың пайымдауынша: «Тіл –тек қарым-қатынас 
құралы  ғана  емес,  адамзат  дүниетанымы  мен  сананы  қалыптастырып, 
дамытуға  қызмет  ететін  күрделі  құрылым»  [33].  Ғаламның  концептуалды 
бейнесінің  ұлттық  ерекшеліктерін  айқындайтын  концептілер  –  ақиқат 
болмыстың бір көрінісін бейнелейтін нәтиже ретіндегі когнитивтік құрылым 
болып  табылады.  Концептілерде  екі  түрлі  мазмұн  тіркеледі:  ұғымдық, 
вербалды 
және 
ассоциативтік, 
мәденитанымдық. 
Сондықтан 
да 
концептілердің  тіларалық  салғастырылуы  түрлі  тіл  иелерінің  концептуалды 
ғалам  бейнелеріндегі  ұлттық  пен  әмбебап  компоненттерін  айқындауға 
мүмкіндік  береді.  Ал,  менталды  айырмашылық  мәдениет  құрылымындағы 
ерекше ұлттық концептілер арқылы айқындалады [34]. 
Ғаламның  концептуалды  бейнесінің  ұлттық  ерекшелігін  қарастырған 
С.И.Драчева:  «Қоршаған  ортаны  танып  білу  тәсілдерінің  әмбебап  болуына 
орай түрлі тіл иелерінің ұғымдық компонентінің мазмұнында үлкен ұқсастық 
болуы  заңдылық.  Оның  үстіне  түрлі  мәдени  концептілердің  өзек 
компоненттері,  жалпы  алғанда,  бір-бірімен  сәйкес  келеді.  Ал,  ұлттық 
ерекшеліктер,  негізінен,  концептінің  мәдени  компонентінде  немесе  шеткері 
аумақтарында ғана көрініс береді» [35]. Сол себепті де ұғым базалық ретінде 
түрлі  тіл  мен  екі  тіл  иесі  (билингв)  білім  көзқарастырының  ерекшеліктерін 
айқындау  барысында  іріктеліп  алынады.  Ал,  тіл  иелерінің  қызмет 
ерекшеліктеріне  тәуелді,  яғни  мәдени,  географиялық,  т.б.  концептуалдық 
бейнесінің  ұлттық  сипатын  айқындауда  талдауға  тек  бірқатар  концептілер 
ғана  негізге алынады. 
Ғаламның  концептуалды  бейнесінің  ұлттық  сипаты  мәдениетке 
қатысты  белгілі  бір  концептілерде  ғана  көрініс  береді.  Мұндай 
концептілердің  жиынтығы  менталитет  ерекшелігін  айқындайды  және  оның 
маңыздылығы  тек  сөйлеу,  айтылымдарды  ұғыну  үшін  ғана  қажет  емес, 
сондай-ақ  мән-мағына  ,жасалым  өзгешелігін  көрсетуге  де  септігін  тигізеді. 
Концептілерді  тіларалық  салғастыру  барысында,  олардың  құрылымында 
идиоэтникалық  пен  әмбебап  компоненттердің  тұрақты  арақатынасы 
айқындалады және ақиқат болмыстың сол бір үзігіне, яғни әмбебап сипатына 
қатысты  түрлі  тіл  иелерінің  санасындағы  ұлттық-мәдени  ерекшеліктер 
концептінің басқа компоненттері арқылы анықталады.  


 
22 
 
В.А.Пищальникова: «...концептіде психологиялық та ,жеке тұлғалық та 
мән-мағына  болады»,  -  деп  тұжырымдайды  [36].  Бұл  құрылымның  өзегін 
ерекше  белгілері  бойынша  бір  топ  заттардың  қосындысы  ретіндегі  ұғым 
құрайды.  Концептінің  әрбір  компонентінде  интерсубъектік  бөліктің  болуы 
түрлі концептуалдық бейне иелерінің арасындағы коммуникацияға мүмкіндік 
береді.  Субъектімен  игерілген  сөздер  мен  басқа  да  тіл  бірліктерінің 
мағыналары  тиісті  концепт  жүйесіне  оның  бір  құрамдас  бір  бөлігі  ретінде 
қосылып, концептінің қалған компоненттерінде (визуалды, есту ,т.б.) секілді 
оны  тұтастай  айқындауы  мүмкін.  Сондықтан  да  тілдік  таңбаның 
қабылданымы  концептідегі  эмоционалды,  ұғымдық,  субъективтік  бейнелі 
ақпаратты  алға  тартып  және  керісінше  мұндай  ақпараттың  кез  келген  түрі 
таңбамен  ассоциацияланады    [37].  Мән-мағына  сананы  құраушы  болып 
саналады және «нысанның басқа да барлық мүмкін визуалды, тактильді, есту, 
талғам, вербалды сипаттамаларын біріктіреді» [36, 12 б.]. 
Сонымен,  ғаламның  концептуалды  бейнесі  –  нысандар  жайындағы 
ақпараттар  жүйесі.  Олар  жеке  тұлғаның  түрлі  тәжірибелік,  танымдық 
қызметінде  актуалды  және  потенциалды  түрде  орын  алады.  Бұл  жүйенің 
ақпарат бірлігі – концепт болып табылады. Оның негізгі қызметі – ғаламның 
концептуалды  бейнесінің  құрылымында  орын  алатын  ақиқат  болмыс 
нысандарының  эмоционалды,  ассоциативтік,  вербалды,  мәдениеттанымдық 
және басқа да мазмұндарды тіркеу мен актуалдандыру болып саналады.  
Бұл  реттегі  ұғыну  мәселесі,  ең  алдымен,  субъектінің  қызметінде 
объективтендірілетін  және  көрініс  табатын  өзінде  осы  кезге  дейін  бар  
ғаламның  концептуалды  бейнесінің  негізіндегі  дүниені  ұғыну  мәселесі 
ретінде  қарастырылуы  қажет.  Ғаламды  тіл  және  сөздер  арқылы 
концептуалдау мәселесі өте маңызды. Кезінде контрастивтік лингвистиканың 
негізін қалаушы ғалымдардың бірі Р.Ладо: «Мынадай иллюзия бар, ол тіпті 
оқыған адамдарға да тән келеді: барлық тілдердегі мағыналар бірдей, тілдер 
тек  сол  мағыналарды  берудегі  формасымен  ғана  ажыратылады.  Шын 
мәнінде,  біздің  тәжірибемізді  сипаттайтын  мағыналар  мәдениетпен 
айқындалады. Сондықтан да олар бір мәдениеттен басқа мәдениетке түрленіп 
өзгеру  ауыспалы  қасиетімен  сипатталады»  [38].  Осымен  байланысты  тек 
мағыналар  ғана  өзгеріске  ұшырамайды,  сонымен  бірге  лексика  құрамы  да 
түрленуге қабілетті болып келеді.  
Жоғарыда  атап  өткен  болатынбыз,  қоршаған  ортаны  қабылдау  нақты 
бір  тіл  иелерінің  мәдени-ұлттық  ерекшеліктеріне  тәуелді  болып  келеді.  Сол 
себепті  де,  этнология,  лингвомәдениеттаным,  т.б.  пәнаралық  салалар  үшін 
ғаламның  тілдік  бейнелеріндегі  аталған  айырмашылықтардың  себептерін 
анықтау  мәселелері  өзекті,  ал  мұндай  өзгешеліктер  шын  мәнінде  де  бар 
мәселе.  Бұл  сұрақтың  шешімі  лингвистикадан  тыс  болып  көрінеді,  өйткені 
басқа  бір  халықтың  дүниетаным  сырын  ашуды  меңзейді.  Аталған 
айырмашылықтарды түсіндірудің көптеген себептері бар, алайда олардың тек 
бірнешеуі  ғана  айқын  болып  көрінеді.  Сондықтан  да  олар  негізгі  болып 


 
23 
 
саналады.  Тілдік  айырмашылықтардың  себебін  үш  атап  көрсетуге  болады. 
Олар: табиғат, мәдениет және таным. 
Бірінші  фактор  –  табиғат.  Табиғат,  ең  алдымен,адам  өмір  сүруінің 
сыртқы  жағдайлары  және  ол  әр  тілде  сан  алуан  түрлі  көрініс  береді.  Адам 
өзіне  таныс,  өзі  сезінетін  табиғат  қалпына,  жан-жануарларға,  өсімдіктерге, 
аймақтарға атау береді. Табиғат жағдайлары адамның тілдік санасына белгілі 
бір  қабылдау  ерекшеліктерін  мәжбүрлейді.  Тіпті  түр-түс  қабылдау  секілді 
құбылыстарға  да  өз  әсерін  тигізеді.  Түрлі  түстердің  атаулары  қоршаған 
табиғат  заттарын  көру  арқылы  қабылдаудың  семантикалық  белгілерімен 
уәжделеді.  Әрбір  түс  түрі  нақты  бір    табиғат  нысанымен  ассоциация 
тудырады.  Осыған  орай,  әрбір  тілдік  мәдениеттерде  өзіндік  ассоциациялар 
тіркеледі,  олар  басқа  бір  тілдермен  сәйкес  келуі  мүмкін,  ал  кейбір  тұстар 
бойынша ерекше, өзгеше болады [32, 351 б.].   
Мысалы,  тіл  зерттеушісі  Қ.Т.  Қайырбаева:  «Түр-түс  әлемі  –  өзіндік 
ерекшелікке,  өзіндік  символдық  мәнге  ие  ұлт  мәдениетін  танытатын  бір 
тұғыр.  Ол  өз  тамырын  тереңге  жайып,  ата-бабаларымыздың  мифтік 
түсінігімен  де  астасып  жатады.  Сондықтан  да  қазақ  тіліндегі  ақ,  қара,  көк, 
қызыл,  ала,  сары,  қоңыр,  боз  түрлерінің  «киелі»,  «қасиетті»  мағыналары 
тілдік  деректер  негізінде  анықталады»,  -  деп  көрсетеді  [39].    Адам  өмір 
сүретін  дәл  осы  табиғат  о  бастан  тілде  өзінің  ассоциативтік  көріністерін 
қалыптастырады,  әрі  қарай  олар  тілде  мағынаның  метафоралық  ауысуы, 
теңеулер  мен  түрлі  коннотациялар  түрінде  беріледі:  «Табиғат  көрінісіне, 
жағдайына  икемделу  –  адамның  негізгі  қасиеті.  Жүздеген,  иә  мыңдаған 
жылдар  бойы  жалғасатын  бұл  икемделу  тек  материалдық  өндіріспен  ғана 
байланысты  емес,  ол  адамдардың  ой-өрісіне  де  әсер  етті.  Этнос  пен 
табиғатты  біртұтас  ұғым  деп  қарау  әсіресе  көшпенділер  мәдениетін, 
психологиясын  түсіну  үшін  ерекше  маңызды.  Себебі,  олар  көбінесе  осы  екі 
ұғымның (этнос пен табиғат) нәтижелік көрінісі» [40].   
Екінші  фактор  –  мәдениет.  Мәдениет  дегеніміз  –  материалдық  және 
рухани қызмет нәтижелері, тәлеуметтік-тарихи, эстетикалық, моральдік, т.б. 
нормалар  мен  құндылықтар  болып  табылады.  Олар  түрлі  ұрпақтар  мен 
әлеуметтік  бірлестіктерді  ажыратып,  ғалам  жайындағы  әртүрлі  тілдік  және 
концептуалды  көріністерде  орын  алады.  Мәдени  саланың  кез  келген 
ерекшелігі  тілде  тіркеледі.  Тілдік  айырмашылықтар,  сондай-ақ  ұлттық 
рәсімдермен, 
салт-дәстүрлермен, 
фольклорлық, 
мифологиялық 
түсініктермен, символдармен айқындалады. 
 Г.Ж.Снасапова:  «Дүние  бейнесі  мен  тіл,  мәдениет  өзара  күрделі 
байланыста  болады.  Тіл  әр  ұлттың  дүнитанымын,  болмысын  анықтап, 
дүниені  игерудегі  тәжірибесін  сипаттап,  бейнелеудің  тәсілі  қызметін 
атқарады.  Тіл  ұлттық  тәжірибені  тек  сипаттап  қоймай,  ұрпақтан-ұрпаққа 
жеткізіп  отырады.  Әр  ұлттың  өзіне  тән  мәдени-танымдық  ерекшеліктерін 
бойына жинақтау арқылы тіл шындық болмысты игереді. Яғни тіл ақиқатты 
сезіну, қабылдау тәсілдерінің бірі ретінде белгілі бір тілдік ұжым мүшелерін 
тек  тілдік  жағынан  ғана  емес,  мәдени-танымдық  жағынан  да  өзара 


 
24 
 
жақындастырады»,  -  деп  көрсетеді  [41].  Осымен  байланысты  белгілі  бір 
атауларда  концептуалданған  мәдени  үлгілер  әлемге  таралып,  сол  халықтың 
мәдениетімен  бейтаныс  адамдарға  да    белгілі  бола  алады.  Соңғы  кездері 
аталған  мәселеге  көптеген  тілтанымдық  зерттеулер  мен  жұмыстар  арналып 
жатқаны мәлім.  
Үшінші фактор – танымға қатысты дүниетанымның рационалды, сезу 
және  рухани  қабылдау  амал-тәсілдері  әрбір  адам  үшін  ерекше  сипатқа  ие 
болады.  Яғни  шындық  болмысты  игеру  тәсілдері  әрбір  адам  және  түрлі 
тілдер үшін ерекше болып келеді. Бұның дәлелі ретінде тілдік бейнелер мен 
түрлі  халықтың  тілдік  сана  ерекшеліктерінде  көрініс  беретін  танымдық 
қызметтің  нәтижелерінен  айырмашылықтарын  байқауға  болады.  Профессор 
Э.Д.Сүлейменова:  «Дүниенің  тілдік  бейнесі  жайлы  мәселе  көбіне  түрлі 
дүниетаным мәселесі іспетті қарастырылады. Бүгінгі таңда «дүниенің тілдік 
бейнесі» ұғымында екі деңгей бар. Оның алғашқысының нақты тілдерге және 
олардың  арасындағы  айырмашылықтарға  қатысы жоқ  болса,  екіншісі нақты 
ұлт  тілдерінің  қатысуымен  қалыптасқан  және  атаулар  жүйесі  тәрізді  тілдер 
арасындағы  айырмашылықтарға  бағыт-бағдар  жасаушы  «дүниенің  тілдік 
бейнесімен» байланысты», - деп тұжырымдайды [42].    
Белгілі  бір  жағдаятты  немесе  нысанды  игеру  тікелей  қабылдау 
субъектісіне  байланысты  екенін  ескеру  қажет.  Ол  оның  аялық  біліміне, 
тәжірибесіне, тіпті оның орналасуы, яғни оның назарына тікелей  түсуінеде  
тәуелді  болады.    Бұл  өз  кезегінде    сол  бір  жағдаятты  түрлі  көзқарастар 
тұрғысынан  сипаттауға  мүмкіндік  береді.  Сондықтан  да  «ғаламды 
құрылымдау» үдерісі қаншалықты субъективтік болса да,  жағдаяттың түрлі 
объективтік  аспектілерінде  есепке  алынады.  Осының  нәтижесінде 
«объективтік ғаламның субъективтік бейнесі» жасалады.  
Тілдік  аталымның  когнитивтік  негіздерін  зерттеуші  Е.С.Кубрякова: 
«Ғаламның  тілдік  бейнесі  ғалам  туралы  білімдердің  құрылымы  болып 
саналады.  Бұл  менталды  маңыздың  нақты  когнитивтік  сипаты  болады. 
Деривациялық  үдерістерді  когнитивтік  бағат-бағдарлау  тұрғысынан  зерттеу 
тек  қана  жеке  бір  тілдің  ғаламды  «бейнелеу»  ерекшелігін  айқындауға, 
сонымен  қатар  типологиялық  аспектіде  бұл  мәліметтерді  жинақтап 
қорытындылап, 
басты 
болмыстық 
категориялардың, 
дүниетаным 
өзгешелігінің,  ғалам  құрылысының  заңдылықтарының  адам  түсінігіндегі 
бірнеше  жалпы  ұстанымдарын  айқындауға  мүмкіндік  береді»,деп 
пайымдайды [43]. 
Сонымен, 
«ғаламның 
тілдік 
бейнесі» 
ұғымының 
түрлі 
интерпретациялары  барлық  тілдердегі  ғалам  бейнесінің  әртүрлі  болуымен 
түсініледі.  Бұл  дегеніміз  –  нақты  бір  тіл  иелерінің  шындық  болмысты 
қабылдап  игерудегі  мәдени-ұлттық  ерекшеліктерімен  айқындалады.  Әрбір 
ғалам  бейнесі  өзіндік  тілдік  бірліктерімен  сипатталып,  «ғаламның 
концептуалды  бейнесі»  мен  «ғаламның  тілдік  бейнесін»  ажыратып  көрсету 
маңыздылығын  меңзейді.  Сондықтан  да  лингвистиканың  қазіргі  кезеңдегі 
дамуы  ғаламның  тілдік  үлгілерін  зерттеуде  адам  туралы  кешенді  ғылымдар 


 
25 
 
тұрғысынан  қарастыруды  талап  етеді.  Кез  келген  тілдің  ғалам  бейнесі  тек 
фольклор,  мифология,  мәдениет,  тарих,  сол  халықтың  психологиясы  мен 
салт-дәстүрі тұрғысынан ғана емес, сондай-ақ тілтаным мәнмәтінде зерттелуі 
қажет.   
«Ғалам  бейнесінің»  феномені  адам  баласының  жаратылысы  секілді 
ежелгі  болып  саналады.  Бірақ  та  «ғалам  бейнесі»  реалиясы  ғылыми-
философиялық  зерттеу  нысаны  бола  бастағаны  кеше  ғана  десек  те  болады. 
Бұл  ретте  «ғаламды»  тек  көзге  көрінетін  бейне  ғана  деп  түсіну  қате. 
М.Хайдеггер:  «Ғалам  бейнесі  дегеніміз  –  не?  Жалпы  алғанда,  ғаламның 
суреті шығар. Алайда онда ғалам деген нені білдіреді? Бейне, сурет дегеніміз 
– не? Ғалам дегеніміз – космос, табиғат. Ғаламға тарихтың да қатынасы бар. 
Дегенмен,  ғалам  маңызын  табиғат  та,  тарих  та  толық  аша  алмайды.  Бұл 
ұғымның астарында ғалам негізі жатыр», - деп пайымдайды [44]. 
Ғалам  бейнесі  адам  концепциясының  өзек  ұғымы,  оның  өмір  сүру 
табиғатын  айқындайды.  Ғалам  бейнесі  ұғымы  адамзат  болмысының 
ерекшелігін  анықтайтын  ұғымдар  қатарына  жатқызылады  және  ғаламмен 
өзара  қарым-қатынасын  сипаттайды  да,  оның  ғаламда  өмір  сүруінің  басты 
шарты болып табылады. Ғаламның тілдік бейнесі соңғы кездері отандық тіл 
білімінің  ең  бір  өзекті  тақырыбына  айналғаны  белгілі.  Жалпы,  ғаламның 
тілдік бейнесі төмендегідей анықталады: 
1)  тілдік  таңбалар  мен  олардың  мағыналарында  берілген  ақиқат 
болмыс жайындағы түсініктер; шындық болмыс құбылыстары мен заттардың 
тілдік реттелуі
2)  белгілі  бір  тілдік  қауымдастықтың  қарапайым  (тілдік)  санасында 
тіркелген объективтік дүниенің берілу нәтижесі.  
Зерттеу  нысанымызды  айқындау  мақсатында  ғаламның  тілдік 
бейнесінің мынадай түрлерін ажыратып көрсетуге болады:  
-  Ғаламның  ғылыми  бейнесі  мен  ғаламның  қарапайым,  аңғал,  пәк 
бейнесі:  сол  тілге  тән  концептілердің  жекелеген  сипаттамалары 
қарастырылады;  ғылымиға  дейінгі  дүниеге  деген  көзқарастар  іздестіріліп, 
тілге тән қасиеттер реконструкцияланады.  
-  Ортақтандырылған  ғалам  бейнесі  және  ғаламның  индвидуалды 
бейнесі:  бұл  ғалам  бейнелері  жалпылама  деңгейі  бойынша  ажыратылады. 
Ортақтандырылған  ғалам  бейнесі  дегенде  белгілі  бір  ортақ  белгісі 
(әлеуметтік,  кәсіби,  т.б.)  бойынша  жинақталған  адамдар  тобы  түсініледі. 
Ортақтандырудың  ең  жоғары  сатысын  –  ғаламның  ұлттық  бейнесі 
айқындайды.  Бұл  ретте  тіл  иелерінің  жекелік  айырмашылықтары  мүлдем 
көрінбейді  және  маңызды  болып  басқа  бір  этникалық  тілдік  топқа  қарама-
қарсы қойылған тек жалпы белгілер үстемдік танытады [45]. 
Ал,  ғаламның  индивидуалды  бейнесі  адамның  сөйлеуінде  көрініс 
береді:  белгілі  бір  тілдік  бірліктерді  қолдану  немесе  қолданбау,  тұрақты 
тіркестер, жұрнақтар мен басқа тілдік элементтерді пайдалану, яғни адамның 
тілдік бірліктерге деген қатынасы. 


 
26 
 
-  Ғаламның  көркем,  поэтикалық  бейнесі  немесе  ғаламның  жеке 
тұлғалық-авторлық  бейнесі:  ғаламның  көркем  бейнесін  бір  жағынан, 
авторлық  ғалам  бейнесімен,  ал  екінші  бір  тұсында  жалпы  ұлттық  ғалам 
бейнесімен  де  салғастыруға  болады.  Н.А.Кузьмина  ғаламның  поэтикалық 
бейнесін:  «...физикалық,  шындық  болмыстың  поэтикалық  баламасы.  Ол 
суретші  санасы  арқылы  жасалған,  оның  рухани  белсенділігінің  нәтижесі. 
Ғаламның  поэтикалық  бейнесінің  өзгешелігі  тек  тілдік  формалар  арқылы 
айқынадалып  қоймайды,  ол  суретшінің  танып  игеру  талғамына 
байланысты»көрсетеді [46]. 
-  Ғаламның  қарапайым  бейнесінің  бір  үзіндісі  ретіндегі  ғаламның 
метафоралық  және  метафоралық  емес  бейнелері:  ғаламның  бұл  бейнелері 
берілу  тәсілдері  бойынша  сәйкестендіріледі  (ғаламның  метафоралық 
бейнесінде  концептілер  объективтенуінің,  концептуалдануының  жетекеші 
тәсілі ретінде метафора болып табылады). 
Сонымен,  ғаламның  тілдік  бейнелерінде  түрлі  семантика  болғанымен, 
олардың  барлығы  да  өзара  жүйелі  қатынастармен  бір-бірімен  тығыз 
байланыста  болып  келеді.  Біздің  зерттеуімізге  арқау  болған  ертегілер  әрбір 
халықтың  өмір  сүруінің  тарихи  және  табиғи  жағдайларын  бейнелейтін 
ауызша  халық  шығармашылығының  түрінің  бірі  болып  табылады. 
Ертегілерде  ежелгі  адамдардың  тұрмыс-тіршілігі  мен  болмысы  түрлі 
аспектілерде  суреттеледі.  Олар  халық  даналылығының,  халық  дарынының, 
халық дүниетанымының синтезі болып саналады.      
Ертегілер,  әдетте  ойдан  шығарылған  кейіпкерлер  мен  оқиғалар 
жайындағы  ғажайып,  фантастикалық  күштердің  қатысуымен  баяндалатын 
халықтық-поэтикалық  шығарма  деп  түсініледі  [47..  Ертегілер  деп  ауызша 
прозаның  не  бір  түрлерін  атайды,  сол  себепті  де  олардың  жанрлық 
ерекшеліктерінің  анықтамасында  бірыңғай  қалыптасқан  тұрақтылық  жоқ. 
Дегенмен,  қазақ  ертегілерін  зерттеген  бірқатар  ғалымдарды  атап  кетуге 
болады:  В.В.Радлов,  Г.Потанин,  И.Березин,  А.Алекторов,  П.Мелиоранский, 
Ш.Уәлиханов және т.б. 
Академик В.В.Радлов: «Өзге туыстас елдерде қазақтың ерекшелігі – сөз 
орамына  шебер,  тамаша  шешен»,  -  деген  қорытынды  жасайды  [48]. 
Фольклоршы,  этнограф  Ә.А.Диваев:  «Көпеев  бүкіл  дерлік  қазақ  даласын, 
Түркістан  өлкесін  аралап,  көптеген  адамдармен,  суырып  салма 
жыршылармен  кездесті...  Өзінің  белгілі  адамдармен  әңгімелерін,  олардың 
айтқандарын, маңызды нақылдарын, ұтымды өткір сөздерін өзінің дәптеріне, 
күнделігіне  жазып  отырады...  Оның  үстіне  ол  орыс,  татар  ғалымдары  мен 
жазушыларының қазақ жайындағы жазбаларын зейін қоя зерттеді. Қазақтың 
әдебиеті  мен  тарихы  жөнінде  бағалы  материалдар  жинады»,  -  деп 
М.Ж.Көпеевтің қазақ ертегілерін зерттеудегі рөлін атап өтеді [49]. 
Осымен  байланысты  М.Әуезов:  «Қазақ  ертегісі  көп.  Сол  ертегілердің 
ішінде  ең  ескіргенін  алсақ,  бұрынғы  заманғы  ескі  нанымды  білдіретін 
жалмауыздар  араласқан  ертегі  мен  кәсіптік  ертегілері  болады.  Кәсіптік 
ертегіге  көп  кіретіні  аңшылық.  Өте  ескі  ертегілер-«Еділ-Жайық», 


 
27 
 
«Құламерген»  сияқтылар  болса,  бұнда  иен  тау,  елсіз  жерлерді  жапа-жалғыз 
мекен еткен баяғының батыр аңшылары әңгімеге кіреді», - деп көрсеткен [50] 
және «...қазақ ертегілерін шартты түрде мынадай топтарға бөлеміз: 
а) қиял-ғажайып ертегілер; 
б) хайуанат жайындағы ертегілер
в) салт ертегілер; 
г) балаларға арналған ертегілер
д) аңыз ертегілер, күй аңызы», - деп жіктейді [50,  173 б.]. 
Осы  тұрғыдан  алғанда,  фольклортанушы  Ә.Қоңыратбаев:  «Қазақ 
ертегілерінің  қай  түрі  болса  да  замана  елегінен  өтіп,  халық  санасына  сіңіп 
кеткен  сюжеттер.  Онда  бірқатар  елдерге  ортақ  әрі  төл  сюжеттер  болып 
жүрген  мотив-образдар  аз  емес»,  -  деп  айта  келіп,  қазақ  ертегілерін 
тақырыбына қарай: «мифтік ертегілер, хайуанаттар туралы ертегілер, тұрмыс 
салт  ертегілері»,  -  деп  көрсетеді  [51].  Сонымен,  фольклордың  басқа 
түрлерінен  ертегілердің  айырмашылығы  баяндаушы  атып  береді,  ал 
тыңдаушылар  оны,  ең  алдымен,  поэтикалық,  қиыл-елес  шығармасы  ретінде 
қабылдайды.Ертегілер  осы  жағынан    ерекшеленеді

Алайда,  бұл    – 
ертегілердің  идеялық  мазмұнын,  тілін,  сюжеттер  сипатын,  уәждерін, 
бейнелерін айқындайтын ақиқат болмыспен байланысы жоқ деген сөз емес.   
Алғашқыда ертегі тарихында классикалық ертегілер сипатының басты 
белгісі болып табылатын саналы түрде ойлап шығару жайында сөз болған да 
емес.  Бірте-бірте  адам  баласы  өзін  табиғат  күштерінен  тәуелсіз  бола 
алатынын  сезінгеннен  бастап,  сондай-ақ  қоршаған  ортаны  танып  білу 
үдерісінің  тереңдеуіне  орай  ертегішінің  дүниетанымы  ежелгі  ертегілердегі 
мифологиялық көзқарастармен толық сәйкес келе бермейді деген де пікірлер 
де бар [52]. Бұл әрине ағылшын ертегілеріне қатысты көзқарас деп санаймыз. 
Шын мәнінде,  ертегілер сан түрлі болып келеді. Сондықтан да оларды 
толық  көлемде  зерттеу  мүмкін  емес  сияқты  көрінеді.  Ол  үшін  материалды 
міндетті түрде бөлшектеп, яғни жіктеп алу қажет: «Дұрыс жіктелім – ғылыми 
сипаттаудың алғашқы сатысы. Жіктелім дұрыстығы кейінгі зерттеудің дұрыс 
шығуына  тікелей  байланысты...  ертегілердің  ең  қарапайым  жіктелуі  – 
ғажайып  мазмұны  бар,  тұрмыстық  және  хайуанаттар  жайындағы  т.б. 
ертегілер», - деп көрсетеді В.Я.Пропп [53]. 
Жоғарыда  келтірілген  жіктелім  ертегілерді  бөлімдерге  ажыратып 
көрсетеді.  Әрине,  бір  қарағанда,  бұл  жіктелім  күмән  келтірмейді.  Алайда 
бірқатар пікірталас тудыратын тұстары да бар екені анық. Себебі, бөлімдерге 
бөліп көрсетуден басқа сюжетке негізделетін  жіктелімдер де бар. Бұл ретте, 
күрделі,  басы  ашылмаған,  бірнеше  анықтамасы  бар  сюжет  ұғымын  атап 
өткен  жөн.  Мысалы:  «Өмірдегі  шындықтың,  шынайы  әдеби  шығармаға 
айналуы,  әдебиеттегі  мазмұнның  мазмұнды  пішінге  көшуі,  тақырыптың 
идеялық-көркемдік  шешім  табу  процесінде  сюжет  пен  композицияның, 
атқарар рөлін еш нәрсемен ауыстыру мүмкін емес. Соған қарамастан, бір таң- 
ғаларлық нәрсе, осыларды әркім әр күйге түсіреді: сюжетті біреулер оқиғаға, 
біреулер құбылысқа, біреулер фабулаға теліп жатса, композицияны біреулер 


 
28 
 
жүйеге,  біреулер  архитектоникаға,  біреулер  конструкцияға  сайып  жатады» 
[54].  Түптеп  келгенде,  қиял
-
ғажайып  ертегілерін  сюжет  бойынша  бөліп 
көрсету мүмкін емес болып саналады. 
Әдетте,  «...ертегілер  авантюралық  та  деп  бөлінеді  бұл  ертегілерде 
кейіпкерлердің  ғажайып  оқиғалары  қиял,  фантастикасыз  баяндалады. 
Авантюралық ертегілердің кейіпкері тапқыр жылпос, қу болып келеді» [55]. 
Оларды  ағылшын  тілінде  «трикстер»  деп  атайды.  Ағылшын  ертегілерінде 
қазақ,  жалпы  басқа  елдердің  ертегілеріне  қарағанда  бәрі  шынайы  болып 
көрінеді. Басты кейіпкер өз өмірін құрбан етіп, жамандықпен, зұлымдықпен 
күреске арнайды. Алайда бұл үнемі жеңіске жететін ертегі батырының ерлігі 
емес,  ол  қарапайым  адамның  зұлымдықпен  шайқасы,  кей  жағдайда  ол  жас 
жеткіншек  те  болуы  мүмкін  және  оқиғаның  алдын  ала  «happy end»  болып 
аяқталуы сюжет барысында айқын емес. 
Ағылшын  ертегілерінің  кейіпкері  ертегі  батырларына  қарағанда  өз 
жеңісіне  үнемі  сенімсіз  болады,  бірақ  ол  шайқасқа  шығуға  міндетті,  себебі 
оның  бақытты,    әл-ауқатты  болуы  осы  шайқастағы  жеңісіне  байланысты. 
Ағылшын  ертегілерінің  кейіпкері,  басым  көпшілігінде,  бала  болып  келеді 
және батырлар мен рыцарьлар жайында әңгіме жоқ. Әдеби ертегі көп қырлы 
құбылыс,  бір  жағынан  қарағанда,  жанр  ерекшелігін  сақтап,  халық 
ертегілеріне  ұқсас  келеді,  екінші  бір  қырынан,  тарихи  кезең  мен  авторлық 
интенциясына тәуелді [56]. 
Әдеби  ертегілерін  де  күрделі  құрылымы  бар  көркем  шығарма  деп 
тұжырымдауға  әбден  болады.  Ғылыми  әдебиеттерде  бұл  құрылымның 
элементтері  жайында  біркелкі  қалыптасқан  пікір  жоқ.  Дегенмен  ғалымдар 
пікірінің көбі оның негізгі төрт элементіне тоқталады: 
1)  идеялық немесе идеялық-тақырыптық мазмұны
2)  сюжеті мен композициясы; 
3)  бейнелі жүйе; 
4)  тіл (сөйлеу стилі) [56, 98 б.]. 
Халық  ертегілеріндегі  ертегі  бейнесінің  ерекше  құрылымы  мынадай 
белгілер арқылы сипатталады: 
1)  кейіпкерлер  бейнелерінің  типтік  мазмұнын  жалпылау  мен 
абстракциялау амалы арқылы ашу үрдісі; 
2)  кейіпкерлер тұрақтылығы; 
3)  кейіпкерлер қызметтерінің тұрақтылығы; 
4)  мінез құлықтары мен диалогтары арқылы ашылатын кейіпкерлердің 
портреттік және психологиялық сипаттамаларының қысқа әрі нұсқа болуы
5)  сюжет  құрылымының  екі-үш  басты  кейіпкермен  шектелуі  [56,  36 
б.]. 
6)  басты  рөлдегі  кейіпкердің  қиял-ғажайып  жағдаятқа  құрылуы 
арқылы,  кейіпкер  ертегіде,  ғажайып  іс-әрекеттерді    атқарады.  Дәл  осы 
ертегінің  негізгі  заңдылығы,  ал  сюжеттің  кейіпкерлердің  іс-әрекеттері  мен 
диалогтарында орын алуы оның құрылымдық маңызы болып табылады  [57]. 
Сонымен, әдеби ертегі фольклордың дереккөздеріне негізделіп, оның белгілі 


 
29 
 
бір  сипаттамаларын  қабылдап  алады.  Дегенмен,  әдеби  ертегінің  басты 
ерекшелігі оның авторлығы – жазушы өз туындысын жасау барысында халық 
шығармашылығының элементтерін қолданады.  
Қазақ  және  ағылшын  ертегілеріндегі  ғаламның  концептуалды 
бейнелерін 
салғастырмас 
бұрын, 
ағылшын 
ертегілерінің 
негізгі 
ерекшеліктерін  анықтап  алған  жөн.  Ертегідегі  ғалам  бейнесін  ертегі  тілінде 
берілген  ғаламның  тұтас  бейнесі  деп  түсінген  дұрыс.  Ол  фольклор  ғалам 
бейнесінің  бір  бөлігі.  Алайда  оның  ертегі  жанрына  тиісті  белгілері  болады 
және  ертегі  ғалам  бейнесінің  басқа  да  фольклор  жанрына  қатысты  ақиқат 
шындық бейнелерімен ортақ тұстары да бар.  Мысалы, ағылшын «Lazy Jack» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет