33
орыс халқында табысқа жете алмаған адамдарға аяушылықпен қараса,
ағылшын мәдениетінде жаратпаушылық, жек көрушілік танытады» [58].
Қазақ халқы үшін бұл концептінің мән-мағынасы: «табысты болу –
белгілі бір салада өзгелерден артық болу, жетістікке жету. Табысты адам –
өзгелер қызыға қарайтын биікті бағындырған, өмірін, уақытын пайдалы
іспен
безендірген жан»; «Ерінбей еңбек қылса, түңілмей іздесе, кім бай
болмайды?»; «Ісім өнсін десең, ретін тап» (Абай); «Тартыспен түскен,
бейнетпен келген жақсылық қана , шын мәнінде, қымбат табыс» (М.Әуезов).
Яғни, қазақ лингвомәдениетінде ол, ең алдымен ,еңбекпен бағаланып
түсініледі.
Ал, «еңбек» концептінің үлгісі ауыр, қиын (әдетте) физикалық
жұмысты жасап жатқан адам бейнесі бар фрейм негізінде құрылады. Бұл
жұмыс өте ауыр, ұзақ, тұрақты (үдерістің объективтік сипаттамалары) болуы
мүмкін. Адам бір мәжбүрлікпен (сыртқы немесе ішкі) шыдамдылық,
ұқыптылық, төзімділік (субъективтік сипаттамалар) танытып еңбектенеді:
«Бұл кемпірдің перзент дегенде жалғыз баласы болыпты, мал дегенде он
шақты ешкісі болыпты. Бала ешкілерін
бағып жүреді» (Күн астындағы
Күнікей қыз); «Ол ау салып, балық аулап, тамақ асырапты» (Қаңбақ шал).
Және еңбек сапалы, табысты, жемісті атқарылады (нәтиженің объективтік
сипаттамалары). Жалпы, әрбір концепт ерекшелігіне зерттеуіміздің келесі
бөлімдерінде жеке-жеке тоқталатын боламыз.
Мәдениеттің сан-алуан түрлі аспектілерін тілтаным тұрғысынан
зерттеу тікелей «ғалам бейнесі» ұғымымен тығыз байланысты. «Ғалам
бейнесі» ұғымы лингвистикаға гносеологиядан келген. Бұл өте күрделі
құрылым және ол дәстүрлі лингвистикалық зерттеулер шеңберінен шығып
кетеді. Өйткені ол діни тәжірибеден, идеологиядан, өнердің тік
құрылымынан, ұжымдық санадан тыс және мифологиялық терең
қабаттарынан құралады. Г.В.Колшанский: «...тіл -ойлаудың айқындау
қызметін тіркеу тәсілі...тіл ойлаудың екінші формасы іспетті болып
саналады, абстрактілі ойлау формаларының субстанциясы болып саналады»,
- деп көрсетеді [59].
Ғалам бейнесі адамның әлем туралы білімдерінің жиынтығы ретінде
тілдегі ғалам бейнесімен алмастырылады, яғни «ғаламның тілдік
бейнесімен». Тіл ғалам бейнесінің негізгі элементтерін таңбалап, ғаламның
концептуалды бейнесінің экспликациялануын жүзеге асырады [60]. Нақты
бір тілді зерттеу, яғни ғаламның тілдік бейнесінің концептуалдану амал-
тәсілдерін қарастыру белгілі бір тілдік ұжымның өзінің ерекше мәдениетін
қалайша жүзеге асыратынын түсінуге мүмкіндік береді. Осы мәселеге
қатысты ғалым С.Г.Тер-Минасова түрлі тілдерді салғастырғанда «әрбір сөз
астарында ақиқат шындықтың бір бөлігі болады, ал бұл бөліктер әрбір тілде
өзгеше сурет қосындысын жасайды», - деп келтіреді [61].
Көптеген фольклортанушылар А.Н.Афанасьев, Е.М.Мелетинский,
В.П.Аникин, В.К.Гримм, Д.Джейкобс, М.Элиаде және т.б. ертегіні мифтің
үйлесімді жалғасы деп санайды. Ертегіде мифтегідей табиғи және жоғары
35
болып келеді. Осындай шекаралар тірілерді өлілерден, қаланы даладан,
көшпенділерді отырықшы халықтардан бөліп көрсетіп, мемлекеттік,
әлеуметтік, конфенссионалды, т.б. сипатта болуы мүмкін» [65, 174 б.]. Бұл
тіресім кез келген халық ертегінің орталықтық өзегін құрайды, себебі ,ол
әрекет етуші күштердің сәйкестігін көрсетеді [66]. Көбінесе ертегілерде өзге
кеңістікті репрезантациялауда нақты шекаралары жоқ концептілер
қолданылады:
«Мысыр шаһарының бер жағында бір шаһар бар», «пәлендей
Достарыңызбен бөлісу: