Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет238/464
Дата31.12.2021
өлшемі5,18 Mb.
#21079
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   464
Байланысты:
pednauki 2016.4

Түйін  сөздер:  тезаурус,  аналитикалық  оқу,  синтетикалық  оқу,  мазмұнын  жалпы  түсініп  оқу,  лингвистикалық 
жəне экстралингвистикалық тірек, мағына бойынша болжам, жоғары дəрежедегі түсіну мен қабылдау  деңгейі, 
шығармашылық деңгейі.
 
 
Қазақстан  Республикасының  əлеуметтік-экономикалық  дамуының  жаңа  кезеңге  өту  жағдайында 
кəсіптік білікті болашақ маман даярлауда, олардың жоғары білім сапасының деңгейін қамтамасыз ету 
күн тəртібінде тұрған мəселелердің бірі болып табылады. 
Қазіргі  жаһандану  заманында  қоғам  түрлі  маман  иелерін  дайындау  саласында  жаңа  тұрғыларды 
талап етіп отыр. Жоғары оқу орнының бітірушілері тек өз саласында ғана жақсы білім алып қоймай, 
сонымен  қатар  мобильді,  белсенді  жəне  шет  тілін  жетік  меңгерген  болуы  қажет,  айта  кететін  жайт 
қарапайым тұрмыстық жағдайда емес, кəсіби деңгейде игеруі шарт.  
Тілдік емес мамандық бойынша оқитын студенттерге шет тілін оқытудың мақсаты болашақ кəсіби 
іс-əрекетінде тілді тəжірибе жүзінде толыққанды қолдана алатындай дəрежеге жету болып табылады. 
Кəсіби-бағытта  оқыту  тек  оқу  материалы  мазмұнының  кəсіби-бағыттылығын  ғана  емес,  оған  қоса 
кəсіби  біліктілікті  қалыптастыратын  кəсіби-бағыттағы  іс-əрекетті  де  қарастырады.  Қазіргі  заманғы 
бітірушіге  кəсіби  мəтіндерді  жай  ғана  оқып,  аудару  жеткіліксіз,  ол  түрлі  қарым-қатынас  ортасынды 
шет тілін қолдана алуы қажет. Осыған орай студенттерді дайындауда олардың кəсіби-бағыттағы теза-
урусын қалыптастырудың маңызы жоғары. Келесі кезекте тезаурус ұғымына тоқталып өтейік. 
Тезаурус  термині грек тілінен  аударғанда  «қазына, қазына сақтайтын орын» деген мағынаны береді. 
Лингвистикалық энциклопедиялық сөздікке сүйенсек тезаурус бұл біріншіден тілдегі барлық сөздер-
дің  мəтінде  қолданылуының  мысалдары  толық  көрсетілген  сөздік.  Екінші  бір  мағынасы  бұл  лекси-
калық  бірліктердің  семантикалық  байланысы  көрсетілген  идеографиялық  сөздік.  Тезаурус  бірінші 
мағынасында  толық  көлемінде  өлі  тілдерге  қатысты  ғана  жүзеге  асады.  Бұл  сөздік  қатарына  «ХVI 
ғасырдағы поляк тілінің сөздігін» жатқызуға болады. Қолданыстағы тілдер үшін сөздердің толықтай 
мысалдарының дəйексөзін келтіру мүмкін емес. Екінші мағынасында тезаурустың құрылымдық негізі 
мағынадан  лексикалық  бірлікке  дейінгі  іздеуді  қамтамасыз  ететін  (яғни,  тұжырымдамасының  негі-
зінде  сөзді  іздеу)  ұғымдардың  иерархиялық  жүйесі  болып  табылады.  Қарама-қарсы  бағытта  (яғни, 
сөзден тұжырымдамасына қарай) іздеу үшін алфавиттік көрсеткіш пайдаланылады. Осы негізде 1852 
жылы  П.М.  Роженің  «Roget’s  thesaurus  of  English  words  and  phrases»  атты  сөздігі  құрастырылған. 
Теориялық  негізде  тезаурус  лексиканың  семантикалық  жүйелерінің  ықтимал  үлгілерінің  бірі  болып 
табылады.  лексика  жүйелер.  Іс  жүзінде  бұл  сөздік  жеке  тұлғанының  сөздік  қорын  байыту  құралы 
ретінде пайдаланылады [1]. 
Тезаурус  ұғымына  А.Г. Азимов  жəне  А.Н.  Щукин  əдістемелік  терминдер сөздігінде  толық  анық-
тама берген. Олардың көзқарасы бойынша тезаурус тілдің (ұлттық тілдің, нақты ғылым тілінің, т.б.) 
семантикасын білдіреді [2]. Ағылшын, француз, испан тілдеріне арналған жалпы тілдік, яғни белгілі 
бір  тілдердің  семантикалық  жүйесін  сипаттайтын,  тезаурустар  бар.  Тезаурусқа  əр  сөздің  негізгі 
семантикалық  параметрлерін  көрсететін  біртілдік  сөздіктер  жақын  келеді.  Мысал  ретінде  алып 


Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Педагогические науки», №4 (52), 2016 г. 
152
 
қарайтын болсақ С.И. Ожеговтың орыс тілі сөздігін осы қатарға жатқызуға болады. ХХ ғасырдың 70 
жылдарында ақпаратты іздеу тезаурустары кең етек жайды. 
Тезаурус  ұғымының  қолданылуы  Ю.А.  Шрейдер,  А.А.  Залевская,  В.Ф.  Петренко  жəне  басқа 
ғалымдардың  психологиялық  жəне  психолингвистикалық  зерттеулерінде  маңызды  орын  алған. 
А.Н.Леонтьев,  А.А.Леонтьев,  В.Ф.  Петренко  бойынша  тезаурус  əлем  үлгісі,  əлем  бейнесі  ретінде 
қарас-тырылады.  Ю.А.  Шрейдер  тезаурусты  семантикалық  сөздік  жəне  тілмен  бейнеленген  білім 
жүйесі  деп  атайды.  К.  Майтла  тезаурусты  белгілі  сала  бойынша  адамдардың  білім  кешенін 
көрсететін,  ұғымдар  жəне  олардың  түсіндірмесі  мен  байланысынан  тұратын  реттелген  терминдер 
жиынтығы, яғни семантикалық сөздік деп түсіндіреді [3]. Ю.Н. Караулов тезаурус ұғымын құраушы 
бірліктерінің  арасындағы  семантикалық  байланысты  анық  түрде  бекітетін  сөздік  ретінде  қарайды. 
Кейбір А.А. Леонтьев, Т.М. Дридзе, А.Р. Лурия сияқты ғалымдар тезаурусты тек сөздік ретінде ғана 
емес,  ақпарат  қабылдаушы  құрал  ретінде  де  қарастырады.  Осылайша  Т.М.  Дридзе  «тезаурус  бұл  – 
ашық  жəне  жылжымалы,  жеке  тұлға  жадында  сақталатын  жəне  жалпыдан  жалқыға  қарай  ұстанымы 
бойынша  белгілі  сала  бойынша  қолдануға  арналып  ұйымдастырылған  ұғымдар  жүйесі»  деген 
қорытындыға  келеді  [4].  А.А.  Залевская  тезаурустың  жеке  тұлғалық  əлем  бейнесі  ретінде 
қарастыратын мағынасын адамның сөздік құрамымен байланыстырады. 
А.А. Никитин тезаурустың келесідей деңгейлерін бөліп көрсетуді ұсынады: 
- категориалдық деңгей – тезаурус біріккен əлемдік кеңістік ретінде, мағына мен олардың арасын-
дағы байланыста көрініс беретін əлем бейнесі; 
- нақты-ғылыми деңгей – пəндік салаға кіретін ғылым тезаурусы, бұл белгілі бір ғылым саласын-
дағы синтаксистік анықталған ашық ақпараттық база ретінде сипатталады; 
-  оқу  пəні  деңгейі  –  оқу  пəндерінің  тезаурусы,  белгілі  бір  пəндік  аймақта  сəтті  бағдарлану  мен 
қызмет атқару мақсатында меңгеруді қажет ететін логикалық тұйық ішкі жиын; 
- жеке тұлғалық деңгей – кəсіби маман тезаурусы, тұлға бойындағы кəсіби білім, біліктілік, тəжірибе 
қорын құрайтын пəндік тезаурус. 
И.Р. Абдулмянова тезаурусқа адам жадындағы ұғымдарды жəне олардың байланысын еске түсіретін, 
ашық,  иерархиялық,  динамикалық  құрылымдауды  сипаттайтын,  адам  бойындағы  білім  мен  тəжірибені 
сақтауға,  жəне  де  жаңа  білім  алуға  қызмет  жасайтын  күрделі  көпдеңгейлі  ұғымдар  жəне  сөздер 
жүйесі деген анықтама береді. 
Кең  мағынасында  тезаурус  ақпарат  тасымалдаушы  тұлға  немесе  адамдар  тобы  қолданатын  шы-
найылық  туралы  білім  жүйесі  ретінде  қарастырылады.  Бұл  ақпарат  тасымалдаушы  тұлға  қосымша 
ақпарат  қабылдай  алады,  соның  негізінде  оның  тезаурусы  да  өзгереді.  Бастапқы  тезаурус  семан-
тикалық ақпарат қабылдау жағдайындағы ақпарат қабылдаушының мүмкіндігін анықтайды. Психологияда 
жəне жасанды  интеллект  жүйесін  зерттеуде  тұлға  тезаурусының  ақпаратты  түсіну  жəне  қабылдауда 
көрініс  беретін  қасиеттерін  қарастырады.  Əлеуметтануда  жəне  қарым-қатынас  теориясында  тұлға 
жəне ұжым тезаурусының қарым-қатынас жағдайында өзара түсіністікке мүмкіндік жасайтын қасиет-
терін  зерттейді.  Осылайша  тезаурустың  бірнеше  мағынасын  айта  аламыз.  Бұл  –  сөздер  мен  басқа 
тілдік  элементтердің  арасындағы  мағыналық  байланысты  көрсететін  сөздік.  Келесі  бір  мағы-насы 
белгілі  бір  ғылым  саласына  қатысты  ұғымдардың  кешенді  жүйесі.  Жоғарыда  айтылған  анықта-
маларға сүйене отырап біз кəсіби маманның тезаурусы деп когнитивтік жəне тілдік білім бірлігін айта 
аламыз.  Əдістемеде  бұл  термин  арнайы  берілген  тақырып  бойынша  сөйлесуге  қажетті  жүйеленген 
сөздік  қоры  ретінде  қолданылады.  Студенттің  кəсіби-бағыттағы  тезаурусын  қалыптастыру  мəселесі 
болашақ  маманды  дайындау,  оның  кəсіби  сана,  ойлау,  өзін-өзі  ұстау  деңгейі  мəселелерімен  тығыз 
байланысты.  Нағыз  маман  өз  мамандығы  төңірегінде  ғана  сөйлесуді  біліп  қана  қоймай,  сонымен 
қатар  кəсіби-бағыттағы  коммуникативтік  құзыреттілігін  дамыту  қажет.  Ал  осы  кəсіби-бағыттағы 
тезаурусты қалыптастыру жолдарының бірі – мəтінмен жұмыс жасау.  
Кəсіби-бағыттағы тезаурусты қалыптастыруда мəтінді нəтижелі оқуды үйрету негізгі орын алады. 
Мəтін тілді оқытуда негізгі құрал болып табылатындықтан, ол арқылы тіл əрекеттерінің бəрі жүзеге 
асырылады. Олар: оқу, жазу, тыңдау, сөйлеу. Тілді білу мақсатын жүзеге асыру үшін мəтінмен алуан 
түрлі жұмыс жүргізіледі.  Мəтінмен  жүргізілетін жұмыс  алуан  мақсатты  көздейді.  Оларды жинақтай 
келгенде,  екі  топқа  бөлуге  болады:  1)  студенттің  сөздік  қорын  байыту;  2)  шет  тілінде  сөйлеуге  үйрету, 
сөйлеу дағдысын қалыптастыру.  
Қай  тілде  болмасын  сөйлеу  –  адамның  белгілі  дəрежеде  сөздік  қорының  болуын  керек  ететіні 
белгілі  нəрсе.  Өйткені  сөздік  қорының  байлығы  адамның  сөйлеу  мүмкіндігін  арттырады.  Сөздік  қорды 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   464




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет