Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет239/464
Дата31.12.2021
өлшемі5,18 Mb.
#21079
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   464
Байланысты:
pednauki 2016.4

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(52), 2016 ж. 
153
 
байыту тіл үйретудің барлық сатысында, тіл үйретуге байланысты жұмыстың барлық түрінде жүргі-
зіледі.  Ал  сөздік  қорды  байыту  жеке  сөздерді  жаттату  арқылы  жүргізілмейді,  өйткені  ол  пайдасыз, 
ұмытылады,  есте  сақталмайды.  Студенттің  сөздік  қорына  қосылып  отыратын  жаңа  сөздер  жаттығу-
ларда,  мəтінде,  сұхбатта,  яғни  сөйлем  ішінде,  тілдегі  қолданыстарда  үйретіледі.  Ал  жаңа  сөздердің 
көбі  мəтінмен  байланысты  беріледі,  сондықтан  сөздік  қорды  байытуда  негізгі  қызметті  мəтін  атқа-
рады деуге де болады. Олай болса, мəтінмен байланысты жүргізілетін маңызды жұмыстың бірі сөздік 
жұмысы болып саналады. Əр сабақта үйретілетін жаңа сөзді студенттің кəсібіне байланысты қарым-
қатынаста  қолданатын  белсенді  сөздігіне  айналдыру  студенттің  сөздік  қорын  байытудағы  негізгі 
мақсат болып саналады жəне осы мақсатқа жету үшін, қажетті жұмыс түрлерін, көңіл аударуға тиісті 
негізгі  мəселелерді  атап  өткен  жөн.  Олар:  1)  жаңа  сөздің  мағынасын  студентке  анық  түсіндіру;  2) 
жаңа сөздің студент есінде сақталуын қамтамасыз ету; 3) жаңа сөзді қолданыста меңгерту, яғни сөзді 
қолдану  дағдысын  қалыптастыру;  4)  жаңа  сөздің  айтылуы  мен  жазылуын  меңгерту;  5)  сөздікпен 
жұмысқа үйрету.  
Жаңа  сөздің  мағынасын  түсіндіруде  көбіне  аударма  əдісі  қолданылады.  Бұл  ең  көп  тараған  əдіс, 
бірақ ол жалғыз емес. Мəтіндегі жаңа сөздің синонимі бұрын студентке таныс болса, оны студенттің 
есіне  түсіріп,  жаңа  сөздің  мағынасын  оның  синонимі  арқылы  үйретуге,  түсіндіруге  болады.  Сөз 
мағынасын  түсіндіруде  кестелерді,  перфокарталарды,  видеоларды,  мүмкін  болған  жағдайда  заттың 
өзін де көрсетуге болады.  
Мəтінді  оқу  –  мəтінмен  жүргізілетін  негізгі  жұмыстардың  бірі.  Мəтінді  оқу  мəтінге  берілген 
хабарды  білуге  бағытталады.  Ол  бірімен-бірі  байланысты  екі  мəселеден  тұрады.  Олар:  1)  жазылған 
мəтінді қабылдау; 2) мəтіннің мазмұнын түсіну. Мəтінді оқуда түрлі мақсат көзделеді. Мəтінді талдап 
оқу бар жəне мəтіннің мазмұнын түсінуге бағытталған оқу бар.  Ғылымда ол аналитикалық оқу  жəне 
синтетикалық  оқу  деп  аталып  жүр.  Мəтінді  талдап  оқу  мəтіндегі  тілдік  тұлғаларды  ажыратуға 
бағытталады.  Бұл,  əсіресе,  өтілген  тілдік  материалды  қайталау,  оның  тілдегі  қолданысын,  қызметін 
аңғарту  мақсатын  көздейді.  Мəтінмен  жүргізілетін  бұл  жұмыстың  түрі  тілдік  көрсеткіштердің  сөй-
лемдегі қызметін, қолданыстағы беретін мағынасын нақтылы анық көрсетеді. Сол арқылы студент тіл 
көрсеткіштерін дұыс қолданудың үлгісін меңгереді. Оқудың бұл түрі оқу сатысына қарай жүргізіледі, 
барған  сайын  ол  күрделеніп,  студенттің  өзіндік  жұмысы  арта  түседі.  Синтетикалық  оқытуда  мəтін 
мазмұнын  түсінуге  көңіл  бөлінеді.  Мəтіннің  мазмұны  неге  арналған,  ол  мазмұн  қандай  бөліктерден 
тұрады, неден басталған, немен аяқталған деген сияқты мəселелер мəтін мазмұнын түсінуде назарда 
болады. Мəтін мазмұнын əңгімелеу, мəтін бойынша сөйлесу, сұхбат құру, мəтін бөліктеріне тақырып 
қою,  жоспар  жасау  сияқты  мəтінді  сөйлесу  құралына,  шығарма  жұмыстарына  айналдыруға  синте-
тикалық оқу өте пайдалы. 
Мəтінді оқуды үйретуде В.А. Вотинов өзінің əдістемесін ұсынған. Əдістеме оқытудың дедуктивті 
жолы  қағидасы  бойынша  жасалған,  яғни  мəтінмен  жұмыс, сөйлеммен  жұмыс, жеке сөздер  жəне  сөз 
тіркестерімен  жұмыс  [5].  Мəтінді  оқуды  үйретудің  негізгі  қағидаларына  сүйене  отырып  тəжірибеде 
мəтін  деңгейіндегі  жаттығуларды,  сөйлем  деңгейіндегі  жаттығуларды,  сөз  жəне  сөз  тіркестері  дең-
гейіндегі  жаттығуларды  қолданамыз.  Мəтінді  оқуды  үйретуді  мəтіннің  жалпы  мазмұнын  түсінуге 
арналған жаттығулардан бастаймыз. Себебі студенттерде мəтінді оқу барысында негізгі мазмұнды бөліп 
алуда қиындықтар туындайды. Олар мəтінді сөзбе-сөз аударуға тырысады. Берілген мəтіннің мазмұнын 
жалпы  түсініп  оқуда,  лингвистикалық  жəне  экстралингвистикалық  тірек  сөздерді  тауып,  қолдануда 
кедергілер кездеседі. 
Біз  мəтін  деңгейінде  келесі  жаттығуларды  қолданамыз:  жалпы  мазмұнын  түсіну  мақсатындағы 
жаттығулар, яғни мəтінді оқу жəне мəтіннің əр бөлігінен сол бөліктің негізгі идеясын білдіретін сөй-
лемді таңдау, мəтінді оқу жəне бөліктерді логикалық тəртіппен орналастыру; ақпарат іздеу мақсатын-
дағы  жаттығулар,  яғни  мəтінді  оқу  жəне  бөлікті  дұрыс  орнына  қою,  себебін  түсіндіру;  мəтінді 
логикалық бөліктерге бөлу; мазмұнын айтуға байланысты жаттығулар.  
Сөйлем деңгейінде сөйлемнің жалпы құрылысын түсіну, сөйлемдегі тірек сөзді тауып оның мағы-
насын ашу тəрізді жаттығулар қолданылады. 
Сөз  жəне  сөз  тіркесі  деңгейінде  сөздің  мағынасын,  оның  құрылымын  анықтауға  байланысты 
жаттығулар қолданылады.  
Мəтінмен жұмыс жасау барысын келесідей кезеңдерге бөліп көрсетсек болады:  
І. Мəтінмен алдын-ала жүргізілетін жұмыс 
ІІ. Мəтінді оқу 
ІІІ. Оқып түсінгенін тексеру 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   464




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет