Түйіндеме Нурсапинова М.К. – п.ғ. магистрі, аға оқытушы
Ең үздік оқытушыларды білім жүйесіне тарту жəне түбегейлі қалдыру Экономикалық ынтымақтастық жəне даму ұйымының ақпараты бойынша, Қазақстандағы жалпы білім беру
жүйесі басқа елдермен салыстырғанда неғұрлым əділ болып табылады. Алайда, оқыту нəтижелері TIMSS жəне
PISA халықаралық бағдарламалар бойынша өлшенетін жалпы білім беру мектебінің нəтижелері орта деңгейден
төмен.
Басқа елдердегі секілді, Қазақстан мұғалімдері де өз мəртебесін төмен сезініп, өздерін төмен бағалағандай
сезінеді. Қазақстан мұғалімдерінің қаржылық жағдайлары да өте төмен.
Əлемдегі көптеген білім жүйелерінін жетістіктері мен табыстары – мұғалімдердін дамуына, түбегейлі
қалуына жəне көмек көрсетуге едəуір қаражатты инвестициялауға байланысты.
Түйін сөздер: мұғалімдер, оқыту, табыс, тарту, көмек көрсету, даму.