Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Педагогические науки», №4 (52), 2016 г. 262
ту), құқықтық тəртіпке;елдегі ұлтаралық жəне конфессияаралық келісімге, халықтар достығына; өз
елінің экономикалық жəне əлеуметтік мəдени даму саласындағы жəне əлемдік аренадағы жетістік-
теріне; басқа адамның құндылықтарына, құқықтары мен бостандығына; өз өлкесінің (ауыл, қала,
шағын аудан) табиғатына, мəдени-тарихи өміріне;құқықтық біліміне;заң талаптарына, құқықтары мен
міндеттеріне; құқықтың əлеуметтік құндылықтарына құрметпен қарауы,мақтаныш сезімінің болуы
жəне жауапкершілік танытуы.
Іске асыру механизмдеріне: сабақтар, оқу пəндері, сабақтан тыс іс-əрекеттер, қосымша білім беру,
дебат жəне пікірталас клубтары. патриоттық форумдар, акциялар, оқушылардың мемлекеттілік ны-
шандарын жəне Қазақстан Республикасының мемлекеттік рəміздерін білуге арналған байқаулар мен
олимпиадалар т.б. қамтылады.Тұлғаның бойындағы негігі қасиеттер: ерлік, намыс жəне абырой тағы-
лымдары. Қазақ халқының, Қазақстанда тұратын басқа да этностардың мəдени мұрасы, дəстүрлері мен
əдет-ғұрыптарын зерттеу бойынша өлкетану экспедициялары. Мемлекет, əдебиет, өнер, ғылым
қайраткерлері, соғыс жəне еңбек ардагерлері, қоғам қайраткерлерімен, құқық қорғау, əділет органдары
қызметкерлерімен кездесулер. Балалар мен жастардың бастамашыл жобаларын дамыту. Балалар жəне
жастар қозғалысымен, қоғамдық қорлармен бірлескен қызмет; əңгімелер, дəрістер, семинарлар,
тренингтер, саяхаттар; ақпараттық-құқықтық материалдар тарату; «сенім қызметтері», «Мен жəне заң»
акциясын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады [3]. Мектептегі тəрбие жұмысының, сыныптағы тəрбие жұмысының оқушылардың жас ерекшелігіне
байланысты нақты мақсаттары қойылады. Сыныптағы тəрбие жұмыс жоспарының мақсаты, мақсатқа
негізделген міндеттерге сəйкес тəрбие жəне сынып сағаттары нақты тақырыптарды қамтиды. Əр
тақырыпты ашуға байланысты мақсат қойылады. Тəжірибелік - эксперименттік жұмыс жүргізген мектептің
9 сыныпқа арналған тəрбие жоспарында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ə. Назарбаевтың
Жолдауларындағы тұлғаның рухани - адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға негізделген
шараларда негізгі мақсаты - жолдаулардың мазмұнын түсіну, тарихи маңызын білу, жолдаулардағы
қамтылған мақсаттың орындалуын ашып көрсету болды. Тақырыпты ашуға байланысты оқушылармен
төмендегідей сауалнама - тапсырмалар берілді:Жолдау дегенімізді қалай түсінесің? Алғашқы жолдау қай
мемлекетте халыққа жолданды? Оны жолдаған Президенттің аты жөні? Қазақстанда алғашқы жолдау
қашан жарияланды? Қазақтанда Президент халыққа қанша жолдау жолдады? Жолдаулардың негізгі
мақсаты неде?
Жоғарыдағы сауалнама - тапсырмаларға жауап ала отырып, нақты тақырып бойынша жолдаулардың
мазмұнын оқушылар аша білді. Əр жылғы жолдаудағы тұлғаның рухани құндылықтарын қалыптастыруға
негізделген бағыттарды нақты айқындады. «Тəрбиенің тұжырымдамалық негіздерінде» көрсетілген 8 бағыттың негізгісі мектепте оқушы-
лардың рухани - адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру. Рухани - адамгершілік құндылықтарын
қалыптастыруда негізгі мақсат - пəн сабақтарындағы білім мазмұны мен сыныптан тыс уақыттағы
жүргізілетін тəрбие жұмыстарын өзара байланыстыра, ұлттық жəне жалпы адамзаттық құндылықтардан
білім мен тəрбие бере отырып елін, жерін сүйетін жəне оны қорғай білетін, рухани құндылықтары
қалыптасқан патриот-азамат тəрбиелеу. Осы мақсатқа сəйкес төмендегідей міндеттер айқындалды:
- оқу-тəрбиені тұтас педагогикалық үрдіс деп қарап, пəн сабақтағы білім мазмұнымен сыныптан
тыс уақытта жұмыстарды біріктіре отырып, тұлғаның рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру;
−
ұлттық рəміздердің пайда болуы жəне олардың шығу тарихын біле отырып, Қазақстан Респуб-
ликасының рəміздеріне туына, елтаңбасына, əнұранына деген құрметін қалыптастыру;
−
Қазақстан Республикасының тұтастығын сақтайтын жəне халықтар арасындағы бейбітшілік пен
достықты нығайтатын азамат тəрбиелеу [4].
Дайындалған тапсырмалар негізінде оқушылардың тұлғалық қасиеті, білім мен тəрбие деңгейлері
сауалдамалар, тест тапсырмалары жəне тұлғаның əлеуметтік ортаға, жолдасына, үлкендерге, кішілерге,
т.б. қарым-қатынасы арқылы айқындалады.
Ғылыми - зерттеу жұмысымыз бойынша дайындалған тəрбие жоспарында тұжырымдамада берілген
тəрбиенің əр бағыты бойынша оның мақсаты, сол мақсатқа сəйкес міндеттері айқындалды. Тəрбие
мақсаты мен міндеттеріне сəйкес бүгінгі мектептегі тəрбие үдерісі қоғамның бүгінгі талаптарына сай
интеллектуалды, бəсекеге қабілетті, ұлттық санасы жоғары тұлғаларды қалыптастыруға толықтай
жауап бере алады. Тəрбие үдерісінің мақсаттылығы жəне оны шешуде педагогикалық үдеріс тұлғаның
ұстаздармен бірлескен, олардың басшылығымен жүзеге асатын əлеуметтік тəжірибені меңгеруге жəне
əрбір тұлғаны қалыптастыруға бағытталып, дамуға жəне қоғамдық өмірде жүзеге асыруға дайын
болуын қамтамасыз етеді.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(52), 2016 ж. 263
1 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақстан жолы -2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауы. Алматы. 2014. - 40 бет 2 «Қазақстан - 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Қазақстан Респуб- ликасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. //Ақиқат. №1, 2013. – 5-27 бб. 3 Тəрбиенің тұжырымдамалық негіздері. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 21 б. Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сəуірдегі № 227 бұйрығымен бекітілген. 4 Майгаранова Ш., Иманбаева С.Т., т.б. Мектептегі тəрбие теориясы мен əдістемесі. – Оқу əдістемелік құрал. - Алматы. 2009. - 260 б. 5 Кукушин В.С. Теория и методика воспитательной работы. Учебное пособие. – Ростов на Дону. Издательский центр «МарТ», 2002. – 320 с. Серия «Педагогическое образование». 6 Əбенбаев С. Тəрбие теориясы мен əдістемесі. Оқу құралы. – Алматы: Дарын, 2004. - 348 б. 7 Калюжный А.А., Тажибаева С.Г., Алимбаева А.А. Классный руководитель. – Алматы. АГУ им. Абая. 2000.