ТƏРБИЕ ҮДЕРІСІНІҢ МАҚСАТТЫЛЫҒЫ ЖƏНЕ ОНЫ ШЕШУДІҢ ЖОЛДАРЫ Джанзакова Ш.И. – Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Педагогика кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор м.а. Email: sholpan.dzhanzakova@mail.ru
Ермекова Ə.Е. – Х. Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің “Педагогика жəне психология“ мамандығының 2 курс магистранты. Email: E.aziza-2011@inbox.ru
Мақалада тəрбие үдерісінің мақсаттылығы жəне оны шешудің жолдарын ашу барысында тəрбие үдерісі
тұтас педагогикалық үдерістің бөлігі екенін нақтылай отырып, тəрбиенің мақсаттылығы, тəрбие үдерісі оқыту
үдерісінде, мектеп - отбасы - қоғам байланысында атқарылатын жұмыстарды, мектептегі қоғамдық ұйымдар,
əртүрлі шараларды толықтай қамтитыны, бұл жерде мақсат нақты айқын жəне одан шығатын міндеттер алға
қойған тəрбие бағыттарды ашуы, іске асыруы керек екеніне тоқталады. Тəрбие мəселесіне байланысты алыс
жəне жақын шетел, қазақстандық ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып тəрбиенің негізгі бағытттарын,
тəрбие үдерісінің өзіндік ұстанымдары мен тəрбиенің қоғамда атқаратын қызметіне қарай, өзіндік ерекшеліктері
жан-жақты ашылып беріледі.