Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет389/464
Дата31.12.2021
өлшемі5,18 Mb.
#21079
1   ...   385   386   387   388   389   390   391   392   ...   464
Байланысты:
pednauki 2016.4

Түйін  сөздер:  Педагогикалық  үдеріс,  тұтас  педагогикалық  үдеріс,  тəрбие  үдерісі,  мақсаттылық,тəрбие 
бағыттары, мектеп - отбасы - қоғам, мектептегі қоғамдық ұйымдар, тəрбие ұстанымдары. 
 
 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: «Бір мақсат, 
бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауында барша қазақстандықтарды біріктіретін жəне 
ел  болашағының  іргетасын  қалаған  басты  құндылықтар  Қазақстанның  тəуелсіздігі,  ұлттық  бірлік, 
бейбітшілік  пен  келісім;  зайырлы  қоғам  жəне  жоғары  руханият;  тарихтың,  мəдениет,  тіл,  еліміздің 
ұлттық  қауіпсіздігі,  бүкілəлемдік,  өңірлік  мəселелерді  шешуге  жаһандық  тұрғыдан  ықпал  етуін  негізгі 
ұстаным деп қарастырады[1; 2]. 
Яғни,  біздің  алдымызда  тұрған  мақсат  жоғарыда  көрсетілген  құндылықтарды  тұлғаның  бойына 
қалыптастыруды  мақсат  етіп  қоюмыз  керек.  Мұны  іске  асыруда  үздіксіз  білім  беру  жүйесіндегі  тəрбие 
үдерісі негізгі орын алады. 
Тұжырымдамада  да  тəрбиенің  мақсатын  ұлттық,  дəстүрлі  жəне  жалпыəлемдік  құндылықтарды 
өзара кіріктіре отырып жүргізу тəрбие үдерісінің негізі екенін көреміз[3]. Тəрбие үдерісі – тұтас педа-
гогикалық үдерістің құрамды бөлігі болып табылады. Педагогикалық үдеріс толықтай мектептегі жан 
жақты оқыту, тəрбиелеу, əлеуметтендіру т.б. қамтиды жəне бұлар бірінсіз -бірі іске аспайды. Тəрбие 
үдерісі  оқыту  үдерісінде,  мектеп  -  отбасы  -  қоғам  байланысында  атқарылатын  жұмыстарды,  мектептегі 
қоғамдық ұйымдар, əртүрлі шараларды толықтай қамтиды. Бұл жерде мақсат нақты айқын жəне одан 
шығатын міндеттер алға қойған тəрбие бағыттарды ашуы, іске асыруы керек. 
Ғалым Ш. Майғаранованың зерттеуінде «мақсат - дегеніміз  алға қойылған биік мұратқа ұмтылу, 
оны  іске асыруға əрекет ету. Мақсат жас ұрпақтың болашағын алдын ала ойластырып, оларды өмірге 
əзірлеу  барысында  жүргізілетін  тəрбие  жұмысының  нəтижесінде,  жеке  басына  тəн  сапалық  қасиет-
терінің  дамуын  қамтамасыз  ету.  Тəрбиенің  мақсаты  мен  жүйесі  қоғамның  дамуына  тəуелді»,  -  деп 
атап көрсетеді. 
Осыған  байланысты  тəрбиеге  қойылатын  негізгі  мақсаттар:  жеке  тұлғаның  дүниеге  ғылыми  көз-
қарасын дұрыс қалыптастыру; жеке тұлғаның  даралық жəне дене қабілеттерін жан-жақты дамытып, 
эстетикалық талғамдары мен сезімдерін қоғамның талаптарына сай тəрбиелеу. 
Тəрбиелік мақсатқа сəйкес, тəрбие кешенді міндеттерді шешуді алға қояды: дүниетанымы кең, ой-
өрісі  жоғары,  жеке  тұлғалық  қасиеттері  дамыған  адамның  негізін  қалыптастыру;  еңбек,  таным,  қоғам, 
отбасы, уақытты тиімді пайдалана білу тəрізді əлеуметтік қызметтерді өз мəнінде қабылдап, оларды 
пайдалана  білуге  даярлау,  кəсіп  таңдау;  өз  тағдырын  өзі  шешуге  мүмкіншілік  жасау,  оқушылардың 
өзін-өзі тəрбиелеуіне, өз бетімен білім алуына мүмкіндіктер туғызу[4, 5-6 б.]. 
2015 жылы ұсынылған  «Тəрбиенің  тұжырымдамалық  негіздерінде»  тəрбие қағидасына жан  - жақты 
тоқталады. «Тəрбие қағидасы – тəрбиешілер міндетті түрде сақтайтын, тəрбиені ұйымдасытрудың аса 
маңызды ережелері, бастапқы ережесі дей келе, кағиданың барлық бағыттарына тоқталады: табиғилылық 
қағидасы, мəдени сəйкестілік қағидасы, гуманистік бағыт қағидасы, этникалық қағида, бiрлiк талабы 
мен сабақтастықты қамтамасыз ету қағидасы, тəрбиенің үздіксіздік қағидасы, əлеуметтік өзара іс-əрекеттер 
тиімділігі қағидасы, əлеуметтік барабар қағидасы, демократияландыру қағидасы, вариативтілік қағи-
дасы.  Ал,  мақстаттылық  қағидасына  мақсатты  талаптың  айқындығын,  ұжымдық сұранысқа  нақты 
есеп  жасауды,  тəрбие  қызметінің  басты  түрлерін  дұрыс  таңдауды  қарастырады»,  -  деп  нақты  анықтама 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(52), 2016 ж. 
261
 
берілген [3]. Тəрбие табиғи жəне əлеуметтік-мəдени үдерістердің өзара байланысының ғылыми түсі-
нігіне жəне балаларды тəрбиелеуде олардың жеке тұлғалық жəне жас ерекшеліктерін ескерудің қажеттігіне, 
жалпы  адамзаттық  құндылықтарға,  құндылықтарға  сай  дəстүрлер  мен  ұлттық  мəдени  нормаларға  жəне 
аймақтық  ерекшеліктерге  сəйкес  құрылады,  əрбір  жеке  тұлғаға  құрметпен  қарайтын,  оның  бостан-
дығын  жəне  əлеуметтік  құқын  мойындайтын  гуманистік  идеяны  жəне  бағытты  бірінші  орынға  қояды; 
педагогтың  білім  алушыларға  жəне  тəрбиешілерге  өздерін-өздері  дамытуға  жауапкершілікті  субъекті 
ретінде қарауын, сондай-ақ, субъектінің-субъектіге көңіл бөледі [3]. 
Расында  да,  мақсат  қою арқылы  біз  тұлғаны қалыптастырудағы  нақты  бағытттарды анықтаймыз, 
сол бағытттар негізінде оның бойындағы физиологиялық мен психикалық жетілуіне, рухани құнды-
лықтарды  дамытуға,  қалыптастыруға  бейімдейміз.  Тəрбиенің  мақсаты  қоғамның  тарихи  дамуына, 
қоғамның  сұранысына  сəйкес  болуы  қажетті  жəне  заңды  құбылыс.  Еліміз  егемендік  алғаннан  бері 
жалпы тəрбие мен ұлттық тəрбиеге аса мəн берілді. Тəрбие арқылы тұлғаның бойындағы тума қасиет-
термен бірге əулет, ата - ана, қоршаған ортаның ықпалына аса мəн берудің қажеттілігі де негізгі орын 
алады.  Зерттеу  жұмысында  барысында  баланың  дүниеге  келгендегі  темпераментін  нақты  зерттей 
отырып,  тəрбие  беру,  тұлғаны  əлеуметтендіру,  бейімделуіне  аса  мəн  бердік.  Темперамент  те  тұлға 
дамуының  негізгі  көрсеткіші.  Егер  мүмкіндігінше  тұлға  темпераментін  зерттей  отырып,  тұлғаның 
жетілуін педагогикалық - психологиялық тұрғыда кіріктіре отырып жүргізгенде ғана нақты нəтижеге 
жетеміз. Біз оқу - тəрбие жұмысында тұлғаны субъект тұрғысынан қарастыра отырып, субъект - субъект 
қарым  -  қатынаста  жұмыстарды  жүргізу  тиімді  педагогикалық    ұстаным  екенін  диагоностикалық 
жұмыстарда  байқадық.  Субьектінің  əрекеті  тұлға  дамуының  негізгі  факторы.  Субьектінің  дамуына 
сыртқы  орта  мен  ішкі  фактор  ықпал  ету  арқылы  олардың  белсенділік  əрекеттері,  қарым-қатынасы, 
өзін - өзі басқаруы, өзін - өзі түсінуі, өзін-өзі жетілдіру, басқаруы дамиды. 
Тəрбие мəселесіне байланысты алыс жəне жақын шетел ғалымдары П.И. Пидкасистый, В.С. Кукушкин 
т.б.,  қазақстандық  ғалымдар  Калюжный  А.А.,  Ұзақбаева  С.А.,  Төлеубекова  Р.К.,  Иманбаева  С.Т., 
Майғаранова Ш., Тажибаева С.Г. т.б. зерттеулерінде, ғылыми еңбектерінде тəрбиенің негізгі бағытттарын, 
тəрбие  үдерісінің  өзіндік  ұстанымдары  мен  тəрбиенің  қоғамда  атқаратын  қызметіне  қарай,  өзіндік 
ерекшеліктері  жан  -  жақты  ашылып  беріледі.  Яғни,  «тəрбие  -  қоғамдық  құбылыс.  Адам  қоғамнан 
тысқары  өмір  сүре  алмайды.  Қоғамның  дамып  өркендеуіне  байланысты,  тəрбиенің  мақсаты  жаңа 
жағдайға  байланысты  толығып  отырады.Тəрбие  -  біртұтас  процесс.  Тұлғаның  кісілік  қасиеттерін 
қалыптастыру  бірыңғай  жағдайда,  бір  уақытта  іске  асырылады.  Тұлға  жеке  адам  ретінде  тəрбиеленеді. 
Тəрбие – ұзақ, əрі күрделі процесс. Адам туып, есею барысында тəрбиенің ықпалында болады. Онан 
кейінгі  уақытта  өзін-өзі  тəрбиелеу  процесімен  жетіледі.  Тəрбие  мақсатының  нəтижесіне  дереу  қол 
жеткізуге  болмайды.  Мектепте  əр  оқу  сатысындағы  оқушылардың  тəрбиелік  деңгейіне  талаптар 
қойылып,  соған  қол  жеткізу  көзделеді.  Тəрбиеге  іштей  жəне  сырттай  ықпал  жасалады.  Тəрбие  – 
көпжақты процессМектеп оқушыларын тұлға етіп тəрбиелеу, қалыптастыру, дамыту, оларды қоғамдық 
өмірге даярлау барлық қоғам азаматтарының міндеті. Қоғамның тəрбиелік əрекетін  бірыңғай бағытта 
ұйымдастырып, оқушының тұлғалық қасиетін қалыптастыруды жүзеге асыратын мектептегі ұстаздар 
ұжымы  мен  отбасы»  [4].  «Тəрбие  –  жеке  тұлғаны  мақсатты  қалыптастыру  процесі.  Бұл  арнайы 
ұйымдастырылған,  басқарылатын  жəне  бақыланатын,  соңғы  нəтижесі  қоғамға  қажет  жəне  пайдалы 
тұлға қалыптастыру болып табылатын тəрбиешілер мен тəрбиеленушілердің өзара іс-əрекеті» [3]. 
Тəрбиенің  тұжырымдамалық  негіздерінде  анықталған  мақсаттар  мен  міндеттерге  қол  жеткізу 
тəрбие  жұмысының  басым  8  бағытын  ұсынады:  Қазақстандық  патриотизм  жəне  азаматтық  тəрбие, 
құқықтық тəрбие; рухани-адамгершілік тəрбие; ұлттық тəрбие; отбасы тəрбиесі; еңбек, экономикалық 
жəне экологиялық тəрбие; зияткерлік тəрбие; ақпараттық мəдениет тəрбиесі; көпмəдениетті жəне көркем-
эстетикалық  тəрбие;  дене  тəрбиесі,  салауатты  өмір  салты.  Тəрбие  жұмысын  іске  асыру  тиімділігін 
өлшеуші  ретінде  критерийлер:  олар  тұлғаның  қоршаған  əлемге,  қандай  да  бір  құндылықтарға  жəне 
құбылыстарға қарым-қатынастары арқылы байқалады. 
Тəрбие  үдерісінің  мақсаттылығы  жəне  оны  шешудің  жолдарында  мектептегі  жəне  сыныптағы 
тəрбие  жоспарында  əр  бағытттың  мақсаты  мен  мəндеттерін  нақты  аша  білдік.  Бірінші  бағыт  – 
Қазақстандық  патриотизм  жəне  азаматтық  тəрбие,  құқықтық  тəрбие.  Бұл  бағыттың  мақсаты:  Жаңа 
демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті  азамат  жəне  патриот  қалыптастыруға,  тұлғаның  саяси 
мəдениетін  дамытуға  ықпал  ету,  балалар  мен  жастардың  құқықтық  мəдениетін,  құқықтық  санасын, 
балалар мен жастар ортасында қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру. 
Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы): Отанға, мемлекеттік құрылысқа, мемлекеттік саясатқа, 
мемлекеттік  идеологияға;  ҚР  Конституциясына,  заңнамасына,  мемлекеттік  рəміздерге  (елтаңба,  əнұран, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   385   386   387   388   389   390   391   392   ...   464




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет