Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы



Pdf көрінісі
бет30/65
Дата31.01.2023
өлшемі3 Mb.
#64220
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   65
Байланысты:
潫óá ìếñá¡¿´ - Çíá®

41. Қырық Бірінші Сөз
Қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі түрлі нəрсе керек.


Əуел — бек зор өкімет, жарлық қолында бар кісі керек. Үлкендерін
қорқытып, жас балаларын еріксіз қолдарынан алып, медреселерге беріп, бірін
ол жол, бірін бұл жолға салып, дүниеде есепсіз ғылымның жолдары бар, сол
əрбір жолда бір медресе бар, соларға тоздырып, бірін сен бұл жолды үйрен,
сен ол жолды үйрен деп жолға салып, мұндағы халыққа шығынын төлетіп
жіберсе, хəтта қыздарды да ең болмаса мұсылман ғылымына жіберіп, жақсы
дін танырлық қылып үйретсе, сонда сол жастар жетіп, бұл аталары картайып
сөзден қалғанда түзелсе болар еді.
Екінші — ол адам есепсіз бай боларға керек. Аталарын паралап, балаларын
алып, бастапқы айтқандай жолға салып, тағлым берсе, сонда түзелер еді.
Енді мұндай халықты еріксіз корқытып көндірерлік күш-қуат ешкімге
бітпейді. Ол баланы қазақтың бəрін паралап көндірерлік дəулет бір кісіге
бітуге мүмкін де емес.
Қазақты я қорқытпай, я параламай, ақылменен, не жерлеп, не сырлап
айтқанменен еш нəрсеге көндіру мүмкін де емес. Етінен өткен, сүйегіне
жеткен, атадан мирас алған, ананың сүтіменен біткен надандық əлдекашан
адамшылықтан кетірген. Өздерінің ырбаңы бар ма, пыш-пышы бар ма, гуілдегі
бар ма, дүрілдегі бар ма — сонысынан дүниеде ешбір қызықты нəрсе бар деп
ойламайды, ойласа да бұрыла алмайды, сөз айтсаң, түгел тыңдап тұра алмайды,
не көңілі, не көзі алаңдап тұрады.
Енді не қылдық, не болдық!


42. Қырық Екінші Сөз
Қазақтың жаманшылыққа үйір бола беретүғынының бір себебі —
жұмасының жоқтығы. Егер егін салса, я саудаға салынса, қолы тиер ме еді? Ол
ауылдан бұл ауылға, біреуден бір жылқының майын мініп, тамақ асырап,
болмаса сөз аңдып, қулық, сұмдықпенен адам аздырмақ үшін, яки
азғырушылардың кеңесіне кірмек үшін, пайдасыз, жұмыссыз қанғырып
жүруге құмар. Дүниелік керек болса, адал еңбекке салынып алған кісі ондай
жүрісті иттей қорлық көрмей ме? Өзінің кəсібін тастап, кезегендікке салына
ма?
Малдылар малын өңкей малшыларға, бала-шағаға тапсырып, қолдағы
Құдай берген азды-көпті дəулеті қызықсыз көрініп, оның ұры-бөріге жем
болып, қарға-жарға ұшырауына шыдайды. "Пыш-пыш" кеңестен қалып, бір
ауылдан бір ауылға барып қулық, сұмдық жасап жүріп, тегін тамақ жеп,
ыржаңдасуды қысыратуға шыдамайды. Не үшін десең, халықка əдет сол
болған соң, шаруаға пысық, мал бағуға, мал табуға пысык ол өнерлі кісіге
қосылмайды, я өзі пəле шығаруға пысық, я сондайлардың сөзін "естігенім,
білгенім" деп елге жайып жүріп, ырбаңдауға пысық өнерлілерге қосылғандай
көрінеді.
Сол үшін осы қазақтың іске жараймын дегені өзінің азды-көптісін біреуге
қоса салып, "көре жүр, көздей жүр" деп басын босатып алып, сөз аңдып, тамақ
аңдып, ел кезуге салынады.
Бұл күндегіге байлық та мақтан емес, ақыл, абырой да мақтан емес, арыз
бере білу, алдай білу — мақтан. Бұл екеуі қолынан келген кісі салт атты, сабау
қамшылы кедей де болса, аз да болса орны төрде, майлы атқа, майлы етке қолы
жетеді. Желекпелеу, мақтаншақ байларды: "сіз айтсаңыз, отқа түсуге бармын"
деп желдендіріп алып, шаруасын қылмай-ақ, малын бақпай-ақ содан алып
киімін бүтейтіп киіп, тəуір атын мініп алып, қатарлы бір құрметке жетіп жүре
береді.
Ол бай өз тыныштығын да білмейді. Бос шығынданғанын да ескермейді.
Бір кісімен сөйлессе, мұны қайтеміз деп бағанағы антұрғанмен ақылдасады.
Ол сиырдың жорғасы секілденіп, қарайғанда жалғыз өзім болсам екен
дейтұғын ниетімен жəне де ақылдасар досы көбейсе, қадірім кетіп қалады деп
"Ой, Тəңір-ай, соны білмей тұрсыз ба? Ол ана қулық қой, бұл мына қулық қой
деп, оған бүйдей салсаң болмай ма!" деп бар оңбаған жауапты үйретіп,
амалшылықтың жолын үйретем деп, ол байдың өзін кісіге сенбейтұғын
қылады. Жəне байдың өзіне де адам сенбейтұғын болады. Байдың өз жауабы,
өз мінезі оңбай тұрған соң, бағанағы кісі бұзылса, əлгі антұрған байға, "мен
айтпап па едім, онікі қулық сөз деп, міне көрдің бе?" деп, екіншіде тырп
етпейтұғын қылып алады. Ендігі жұрттың ақылы да, тілеуі де, харекеті де —
осы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет