Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы



Pdf көрінісі
бет20/65
Дата31.01.2023
өлшемі3 Mb.
#64220
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   65
Байланысты:
潫óá ìếñá¡¿´ - Çíá®

28. Жиырма Сегізінші Сөз
Ей, мұсылмандар! Біреу бай болса, біреу кедей болса, біреу ауру, біреу сау
болса, біреу есті, біреу есер болса; біреудің көңілі жақсылыққа мейілді,
біреудің көңілі жаманшылыққа мейілді — бұлар неліктен,— десе біреу, сіздер
айтасыздар: Құдай Тағаланың жаратуынан, бұйрығынша болған іс деп.
Жə, олай болса, біз Құдай Тағаланы ғайыбы жоқ, міні жоқ, өзі əділ деп
иман келтіріп едік. Енді Құдай Тағала бір антұрғанға, еңбексізге мал береді
екен. Бір Құдайдан тілеп, еңбек қылып, пайда іздеген кісінің еңбегін
жандырмай, қатын-баласын жөндеп асырарлық та қылмай кедей қылады екен.
Ешкімге залалсыз бір момынды ауру қылып, қор қылады екен. Қайда бір ұры,
залымның денін сау қылады екен. Əке-шешесі бір, екі баланың бірін есті, бірін
есер қылады екен.
Тамам жұртқа бұзық болма, түзік бол деп жарлық шашып, жол салады екен.
Түзікті бейіске шығарамын, бұзықты тозаққа саламын деп айта тұра,
пендесінің біреуін жақсылыққа мейілдендіріп, біреуін жаманшылыққа
мейілдендіріп, өзі құдайлық қүдіретімен біреуін жақсылыққа бұрып, біреуін
жамандыққа бұрып жіберіп тұрады екен. Осының бəрі Құдай Тағаланың
ғайыпсыз, мінсіз ғафур
23
рахимдығына, əділдігіне лайық келе ме? Жұрт та,
мүлік те — өзінікі. Бүл қылганын не дей аламыз? Өз мүлкін өзі не қылса қыла
береді.
Оны ғайыпты болды дей алмаймыз десең, ол сөзің Құдай Тағаланың
ғайыбы, міні жоқ емес, толып жатыр, бірақ айтуға бата алмаймыз дегенің емес
пе? Олай болғанда, пенде өз тырысқандыгыменен не табады? Бəрін
қылдырушы өзі екен. Пенде пендеге өкпелейтұғын еш нəрсе жоқ. Кім
жақсылық, кім жамандық қылсадағы Құдайдан келген жарлықты қылып жүр
екен дейміз бе?
Əрбір ақылы бар кісіге иман парыз, əрбір иманы бар кісіге ғибадат парыз
екен. Жəне де əрбір рас іс ақылдан қорықпаса керек. Жə, енді біз ақылды еркіне
жібермесек, Құдай Тағаланың ақылы бар кісіге иман парыз дегені қайда қалады,
"Мені таныған ақылменен таныр" дегені қайда қалады? Дініміздің бір жасырын
тұрган жалғаны жоқ болса, ақылды, оны ойлама дегенімізге пенде бола ма?
Ақыл тоқтамаған соң, діннің өзі неден болады? Əуелі иманды түзетпей жатып,
қылған ғибадат не болады? Жоқ, сен жақсылық, жамандықты жаратқан —
Құдай, лəкин қылдырған Құдай емес, ауруды жаратқан Құдай, ауыртқан Құдай
емес, байлықты, кедейлікті жаратқан Құдай, бай қылган, кедей қылган Құдай
емес деп, нанып, ұқсаң болар, əйтпесе — жоқ.
23
кешіруші




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет