Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы



Pdf көрінісі
бет4/65
Дата31.01.2023
өлшемі3 Mb.
#64220
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
Байланысты:
潫óá ìếñá¡¿´ - Çíá®

4. Төртінші сөз
Əрбір байқаған адам білсе керек: күлкі өзі бір мастық екенін, əрбір мас
кісіден ғафил көп өтетұғынын да, əрбір мастың сөйлеген кезінде бас
ауыртатұғынын. Бұлай болғанда, күлкіге салынған кісі не шаруадан, не
ақылдан, не ұят келерлік істен құр, ғафил көп өткізіп отырса керек. Осындай
ғафилдік көп өткізіп, елемеген кісінің не дүниеде, не ахиретте басы бір
ауырмай қалмаса керек.
Əрбір уайым-қайғы ойлағыш кісі не дүние шаруасына, не ахирет шаруасына
өзгеден жинақырақ болса керек. Əрбір жинақылықтың түбі кеніш болса керек.
Енді олай болғанда, үнемі уайым-қайғыменен жүре аламыз ба? Үнемі
уайым-қайғыға жан шыдай ма екен? Үнемі күлмей жүре аламыз ба, үнемі
күлмей жүруге жан шыдай ма екен? Жоқ, мен үнемі уайым-қайғыменен бол
демеймін. Уайым-қайғысыздыгыңа 
уайым-қайғы 
қылдағы, сол
уайым-қайғысыздықтан құтыларлық орынды харакет табу керек һəм қылу керек.
Əрбір орынды харакет өзі де уайым-қайғыны азайтады, орынсыз күлкіменен
азайтпа қайғыны, орынды харакетпен азайт!
Шығар есігін таба алмай, уайым-қайғының ішіне кіріп алып, қамалып
қалмақ, ол өзі де — бір антұрғандық жəне əрбір жаман кісінің қылығына күлсең,
оған рахаттанып күлме, ыза болганыңнан күл, ызалы күлкі өзі де — қайғы.
Ондай күлкіге үнемі өзің де салынбассың, əрбір жақсы адамның жақсылық
тапқанына 
рақаттанып 
күлсең, оның 
жақсылықты 
жақсылығынан
тап-қандығын ғибрат көріп күл. Əрбір ғибрат алмақтың өзі де мастыққа
жібермей, уақытымен тоқтатады.
Көп күлкінің бəрін де мақтағаным жоқ, оның ішінде бір күлкі бар-ау —
Құдай жаратқан орныменен іштен, көкіректен келмейді, қолдан жасап, сырты
менен бет-аузын түзеп, бай-бай күлкінің əнін сəндеп, əдемішілік үшін күлетін
бояма күлкі.
Адам баласы жылап туады, кейіп өледі. Екі ортада бұл дүниенің рақатының
қайда екенін білмей, бірін-бірі аңдып, біріне-бірі мақтанып, есіл өмірді
ескерусіз, босқа, жарамсыз қылықпен, қор етіп еткізеді де, таусылған күнінде
бір күндік өмірді бар малына сатып алуға таба алмайды.
Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ — өнерсіз иттің ісі. Əуел
Құдайга сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп еңбегіңді сау, еңбек қылсан,
қара жер де береді, құр тастамайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет