Абай қҰнанбаевтың Әлемі мен шығармашылығына жастардың КӨЗҚарасы



Pdf көрінісі
бет25/84
Дата02.12.2023
өлшемі1,97 Mb.
#132414
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   84
Ілім
және 
Билік.
Біріншісіне 
– ілімнен шыққан менмендіктің әке тұрмақ Құдайдан асқысы келетінін (түрлі 
философиялық мектептер мен түсініктерде бұл мәселе толығымен қарастырылады) және 
қазіргі замандағы құндылықтардың ауысуы кезеңіндегеі әке мен баланың ақпараттық 
текетіресін («әкенікі – ескі, баланікі – модерн» ассосиациясы) мысал ретінде көрсетуге 
болады. Біздің талқылағымыз келіп отырғаны – әке мен баланың билік мәселесіндегі 
бәсекелестігі. 
1876-1960 жылдары аралығында өмір сүрген Ислам ғұламасы Бәдиүззаман Саид Нұрси 
өзінің «Рисале-и Нұр» атты Құран тәпсірінде таухид (Алланың бірлігі) мәселесін 
дәлелдей отырып, мынандай пікір айтады: «...биліктің болмысы – өзге біреудің араласуын 
қаламайды. Ең қарапайым әміршінің өзі, билігіне ұлының араласқанына қарсы болады. 
Тіпті, билігіне араласуы мүмкін деген күмәнмен кейбір діндар патшалар (ислам халифасы 
бола тұра), жазықсыз ұлдарын өлім жазасына кескен. Бұл «билік – ешкімнің араласқанын 
жақтырмайды» деген қағиданың қаншалықты өзекті екенін көрсетеді. Бір ауылды екі әкім 
басқармайтыны сияқты, бір мемлекетте де екі басшы болмайды. Билік жалғыздықты 
қалайтыны, ал билікке өзге біреудің араласуы – қырғын соғыстарға себеп болатыны 
адамзат тарихынан белгілі» (османлы түркі тілінен аударған – О.С.) [2, б.188]. Мұндағы 
ғалымның айтып отырған – тарихи факт. Ұлы Османлы мемлекетінің (Devlet-i aliyyeyi 
Osmaniye) 10-шы патшасы – Кануни Сұлтан Сүлейменнің ұлы Мұстафа ханзаданы 
өлтіртуі (бұл оқиғаға қатысты әртүрлі интерпретациялар бар, дегенімен біздің ойымызша, 
Саид Нұрсидің «халифа бола тұра» деген сөздері Сұлтан Сүлеймен туралы айтылғанын 
меңзейді), 9-шы османлы патшасы Явуз Селим Сұлтанның билік үшін өз әкесі Баязит 
Сұлтанмен соғысуы және басқа да көптеген тарихи оқиғалар жоғарыда айтылған пікірдің 
ақиқат екеніне дәлел бола алады. Біздің мысал ретінде османлы сұлтандарын 
келтіруімізге себеп – ғалымның пікірне себеп болған уақыт пен кеңістік (хронотоп) 
мәселесі. Әйтпесе, билік үшін әке мен баланың соғысуы барлық ұлттардың тарихында 
кездесетіні – дәлелдеуді қажет етпейтін тарихи факт. 
32 


«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция 
Діни мәтіндерде әкенің Алла алдында да баладан жоғары тұратыны, баланың әкенің 
әміріне бағыну керектігі айтылады. Ал баланың әкеден асып түскісі келетіні де мәлім 
жайт. Тіпті, әкесінің белгілі бір салада атағынан именетін ұлдың басқа саланы 
таңдайтыны көптеп кездесетін құбылыс. Бұл жердегі баланың психикасы – әкенің 
«көлеңкесінде» қалып қоюдан немесе ел таныған әкесімен үнемі салыстыратынынан 
туған қорқыныш оны басқа жолды таңдауға иетермелейді. 
Әке мен бала арасындағы бәсекелестіктің болатынын ешкім жоққа шығара қоймас. Ол 
ашық көрініс таппаса да, ішкі психикада (З.Фрейд - «предсознательное» ) өмір сүреді. 
Тіпті, Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбардың әкесі Абдулланың баласының жүзін де көрмей, 
ерте қайтыс болуының хикметін қарастырған ислам ғалымдары былай деп жауап береді: 
«...ата-аналық мақамынан, баласына айналу дейтін мақамға дейін түсірмеу үшін Алла 
олардың жандарын ерте алды. Мысалға, атақты бір генералдың жүзбасы (сержант делік – 
О.С.) мақамындағы әкесі болса, екеуінің арасында екі түрлі сезімнің (баласы генерал, ал 
әкесі сержант болғаны үшін әкесі баласына бағынуы керек, ал әкесі – әкелік мақамда 
болғаны үшін бәрібір баласы оған бағынуы керек) текетіресі пайда болады. Мұны білетін 
патша әлгі сержант-әкені, генерал-ұлдың қарамағындағы әскерге орналастырмайды» [3, 
б.386]. Яғни, пайғамбардың әкесі тірі болғанда, үмбет қатарына кіретін еді, ал 
пайғамбарлық міндет жақтан үмбеттің барлық мүшесіне Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбар – 
рухани «әке» болып табылады. Пайғамбардың әкесі Хазреті Абдулла өзінің әкелік 
мақамында бола алмай қалар еді. Осы екі қарама-қайшылықты болдырмау үшін Алла 
Тағала өзінің мейірімділігінен, оның жанын ерте алады, бірақ рухани үмбет мәртебесін 
нәсіп етіп, иманын кәміл қылады. Абсолютті ақиқат діни қайнарларда деп білетін адам 
үшін, мұнда келтірілген мысалдағы (біздің интерпретациялауымыз бойынша) әке мен 
баланың арасында белгілі бір мақам, дәреже бәсекелестігі болатыны көрініп тұр. 
Жақсылық пен жамандық қашан да бірге жүреді емес пе? Баласын билікке 
айырбастаған әке бар да, баласы үшін жан қиюға дайын әке бар. Психологтар мұны әке 
мен бала арасындағы мейрімділіктен туған достық ретінде қарастырады. Әкенің асқар 
таулығы, әкенің қамқорлығы осы достықта сезілетін болса керек. Бұл достық бала кезден 
басталады. Ол үшін әке мен бала арасында комплекс болмау керек. Әке мен бала 
арасындағы сүйіспеншіліктің үлгісі ретінде Құрандағы Жақып пен Жүсіп (а.с.) 
пайғамбарлардың қиссасын мысал ретінде қарастыруға болады. Қиссада, Жақып 
пайғамбардың баласы Жүсіпті басқа 11 ұлына қарағанда ерекше жақсы көріп, қаралы 
хабар келгенде жылай-жылай көз жанарынан айырылғаны айтылады. Бұл оқиғаға 
қатысты ғалымдар арасында мынандай сұрақ туындайды: Хазреті Жақыптың Жүсіпке 
деген ыстық сезімінің астында қандай себеп жатыр? Бұл сұраққа атақты Имам Раббани 
сияқты ғалымдар: «...өйткені, Жүсіптің сұлулығы – Жұмақтың сұлулығынан болғаны 
үшін, Жақыптың сол сұлулыққа деген махаббаты (яғни, Жұмаққа деген ғашықтығы) 
қатты жақсы көруіне себеп болды» десе, Саид Нұрси сияқты кейінгі дәуірдің ғалымы: 
«...бұл жерде екі сезімді салыстырып тұр. Бірі – Зылиханың Жүсіпке деген сезімі 
(ғашықтық, Алланың Уәдуд есімінің көрінісі), екіншісі – Жақыптың Жүсіпке деген сезімі 
(мейірімділік, Алланың Рахман және Рахим есімдерінің көрінісі). Құранның бұл қиссасы 
мейірімділіктің ғашықтықтан қаншалықты жоғары екенін көрсетіп тұр» деп жауап береді. 
Шынында да, егер әке мейірімділікпен қарай алса, жоғары сезімдері толық кемелденсе 
– шынайы мейірімділікке ұласады. Мұндай жағдайда, бәсекелестікке, текетіреске орын 
қалмайды. Ал егер, әкенің өзінде психикалық комплекстар болса, яғни өмірдегі жетістігін 
әлсіз әйелі немесе ұлы арқылы дәлелдегісі келетіндей сезімдері хайуандық дәрежеде 
қалып қойған болса, онда кішкентай кезінен бастап баласын өзіне қарсы қойып, жасырын 
бәсекелестік арқылы үнемі онымен кереғар «майданда» болады. Біздің ойымызша, екі 
түрлі нәтиженің қалыптасуына да – әке мен баланың тұлғалық кемелдігі (Абайдың 
«толық адам» ұғымы), адамға тән ұлы сезімдердің немесе хайуандық инстинктке тән 
құмарлық сезімнің оянуы себеп болады. 
33 


«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция 
Біздің зерттеу мақаламыздың ғылыми нысаны – Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың 
«Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абай мен Құнанбай арасындағы «әкелік-сәбилік» 
қарым-қатынастың кейбір көріністері. Романда «әке – әмірші» қағидасының көрінісін 
байқауға болады. Әрине, оған Құнанбайдың сол қоғамдағы рөлі (аға сұлтан болуы) де 
әсер етеді. Дегенімен, қазақ отбасындағы ер адамның қашанда биік екендігі, қашанда 
әкенің орны бөлек екендігі Абайдың оқудан сағынып келіп, анасына қарай жүгіре 
адымдап келе жатқан баласына анасы Ұлжанның айтқан сөзінен білінеді: 
-
Әй, шырағым балам, әуелі ар жағыңда әкең тұр... Сәлем бер, - деп әкесіне бірінші 
амандасуын талап етуінен көрінеді [4, б.9]. Романдағы бала Абайдың әкесінің есімін ести 
салысымен, жақын жерде жүргендігін біле салысымен бірден бойын жинап, балалығын 
тыйып, әдеппен ғана ересектерше сөз бастауын – автор Абайдың әкесі Құнанбайдың сыни 
сөздерінен келген «қорқыныш психикасы» реткнде көрсетеді. Абайдың әкесінен үнемі 
именіп тұратынын – қазақи тәрбиенің көрінісі ретінде суреттеген. Бұғанасы бекімеген 
бала жаста әкенің ырқына көніп, оған қарсы сөз айта алмауы кез келген қазақ отбасында 
болатын құбылыс. Ал романдағы оқиға желісінің алғашқы кезеңдерінде Абай – әкенің 
айтқанын екі етпейтін бала Абай болса, бұл жат Абай ер жете келе өзгереді. 
-
Тағы бар жайды айтуға рұқсат етіңіз. Ол мына Бөжейдің асы туралы. Бұл жөнінде біз 
ада қылмаған ағайын міндеті көп. Жалғыз-ақ, енді мынау ас жалғыз Жігітекке сын емес. 
Бірнеше дуанның еліне сауын айтып отыр. Ағайынмын, адаммын дегеннің бәріне сын. 
Өлімінде оқшау қап ек, енді тым құрымаса, мынау асына ат салысайық! – деді. 
Құнанбай өткен күннің ызасын еске түсіріп: 
-
Мен қайтейін! Кел демесе кимелеп барам ба? Барып тұрып былтырғыдай кеудеге 
қақтырам ба? – деді де бұл сөзді жақтырмағанын сездірді. 
-
Ендеше, сіз бармаңыз. Бірақ бізге рұқсат етіңіз. Біз барамыз да, араласамыз. Сол 
жетеді. Қарсы болмасаңыз мен өзім ада қылайын. Тек қасыма ызғұттыны беріңіз. Және 
азын-аулақ мал-дүниеңіздің шығынын осы үйдің, мына шешелер мен біздің ырқымызға 
беріңіз! – деп Құнанбай шешімін өзгертіп, келісімін алып, Құнанбайдың пікірімен 
келіспей, өзгеше шешім айтуы - бұрынғы бала Абайдың образынан басқа, жетілген, 
толысқан Абайдың бейнесі [4, б.193]. Біздіңше, автор романдағы Абай мен Құнанбай 
арасындағы текетірестің кульминациясы (шарықтау шегі) ретінде – «Қодар мен Қамқа» 
оқиғасына қатысты әке мен баланың көзқарастары арқылы береді. Сол оқиғадан кейін, 
Абайдың образында әкесі Құнанбайдың істеріне сыни қарауы көбірек орын ала бастайды. 
Тіпті, кейде әкенің үлкен істі қолға алғанында өзгемен ақылдаспай өзі шешім 
шығарғандығына наразы болады, мінейді, ренішін ашық білдіреді: 
«Ұлжан өзі естіген хабарды Абайға айтқан еді. Сонда Абай біртүрлі қатты тіршігіп, 
жиреніп кетті. Әкесі туралы өте қатал сөйлеп, сынап келіп: «Әке деп сый көруден қалсын. 
Біржолата жат болсын деген мінез ғой. Осыншалық қыруар жанды адам құрлы санамағаны 
ғой. Шешемен неге ақылдаспайды? Өмір бойғы жолдасы – сендермен неге ақылдаспайды? 
Бізден кіші қыз алып отырып, солар ұялады-ау деп, бізді неге ойламайды? Құптамаймын! 
Қайта кінәлаймын! Сен де мақұлдама!.. Әйтеуір бізді адам санамаған жан ғой. Отқа түссе 
жалғыз өзі барып түссін. Ренжітіп кеткенін біліп кетсін! Айтып жібер!» деп, шешесіне 
Жұмабайды өзі жеткізіп берге», - дейді [4, б.233]. Мұнда, автор Абайдың Құнанбайға 
наразылығының себебі ретінде тек әкесінің мінезін ғана емес, орыс мектебінде оқыған 
«орысшыл» Абай мен қазақ сахарасындағы «көнерген» салт-дәстүрдің қорғаны Құнанбай 
арасындағы дүниетаным айырмашылығы арқылы көрсетеді. Бұл дүниетанымдағы 
айырмашылықтан туындаған конфликт көбіне тұрмыстық оқиғаларға қатысты орын алып 
келсе, романның мына бір тұсында сол дәуірегі фундаментальды дүниелерге қатысты әке мен 
баланың (ескі мен жаңаның) екі түрлі көзқарасы арқылы тағы да көрініс береді: 
« - Ең әуелі, арзан мен қымбаттың парқын айырмайсың. Өзіңдегі барыңды арзан 
ұстайсың. Бұлдай білмейсің. Көп күлкіге, болымсыз еңбекке асылыңды шашасың. 
Жайдақсың! Жайдақ суда ит те, құс та жалайды. Екінші, дос пен қасты сараптамайсың. 
34 


«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция 
Досқа досша, қасқа қасша қырың жоқ. Ішіңде жатқан сыр ұшығы жоқ. Жұрт 
бастайтынадамондай болмайды. басына ел үйірілмейді. Үшінші, орысшылсың. Солай 
қарай ден қойып бара жатсың. Дін мұсылман жат санайтынынн ескермейсің! – дегенге 
Абай ойлаңқырап: 
-
осы үш айтқаныңыздың үшеуіне де дау айтамын, әке. Өзімдікі дұрыс деп айтамын. Ең 
әуелі жайдақ суға тең көрдіңіз. Қолында құралы бар жалғыз ғана пайдасы тиетін 
шыңыраудағы су болғанша, құралды, құралсыз, кәрі, жасқа пайдасы тиетін жайдақ су 
болғанды артық санаймын. Екінші, ел алатын тәсілді айттыңыз. Ел билейтіндердің мінезін 
айттыңыз. Менің білуімше, ел бір заманда қой сияқты болған. Бір қора қойды жалғыз қойшы 
«ай» десе өргізіп, «шайт» десе жусататын болған.бертінкеле, ел түйе сияқты болды. 
Алдына,тас лақтырып, «шөк» десең, аңырып барып бұрылады. Ал қазіргі ел бұрынғы 
көлбалалықтан, нашар момындықтан сейіліп, көзін ашып келеді. Ендігі ел жылқы сияты 
болды. Аяз бен боранда жауын-шашында топ не көрсе, соны көруге шыдаған, жанын аямаған, 
қар төсеніп, мұз жастанған, етегін төсек, жеңін жастық қылған бақташы ғана баға алады... 
Жанашыры бар, жақсылық пайдасы бар ғана кісі бағады... Үшінші, орысты айттыңыз халық 
үшыін де,өзім үшін де дүниенің ең асылы білім-өнер. Сол өнер орыста. Мен барлық тірліктен 
ала алмаған асылды сода алатын болсам, ондай жер жатым бола ма?.. Жатырқап, қашықтауым 
надандық болса болар, бірақ қасиет болмас...- деді» [4, б.282]. 
Қорыта айтсақ, «Абай жолы» романындағы Абай мен Құнанбай образындағы 
қарсыластық арқылы автор – ескі әдеп-ғұрып пен заманауи білімнің текетіресіне көбірек 
мән береді. Абай әкесіндегі болыстық билікке таласпағанымен, отбасында, әулетте шешім 
шығаратын Құнанбайдың әкелік «билігіне» бәсекелестік танытады. Бұл тақырып әлі де 
зерттеуді қажет етеді. Кейінгі ғылыми ізденістерімізде Абай мен Құнанбайдың 
прототипіндегі қарым-қатынасындағы ерекшелікке маңыз беретін боламыз. 
Әдебиеттер: 
1.
Зигмунд Фрейд. Введение в психоанализ. – Харьков: Издательство «Клуб 
семейного досуга», 2012. – 480 ст. 
2.
Bediüzzaman Said Nursi. Lemalar. – İstanbul: Envar Neşriyat, 2010. – 450 sh. 
3.
Bediüzzaman Said Nursi. Mektubat. – İstanbul: Envar Neşriyat. – 524 sh. 
4.
Мұқтар Әуезов. Абай жолы: роман-эпопея. – Алматы: Жазушы баспасы, 1961. – 803 
бет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет