Абай қҰнанбаевтың Әлемі мен шығармашылығына жастардың КӨЗҚарасы


ӘКЕ МЕН БАЛА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет24/84
Дата02.12.2023
өлшемі1,97 Mb.
#132414
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   84
ӘКЕ МЕН БАЛА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 
АСПЕКТ: 
АБАЙ МЕН ҚҰНАНБАЙ 
(«Абай жолы» романындағы образдар негізінде) 
Саржаев Олжас Тілебалдыұлы 
Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті, оқытушы. 
Тараз қ., Қазақстан. 
osmantarazi@gmail.com 
Балғабайқызы Перизат 
Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 2-курс студенті. 
30 


«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция 
Тараз қ., Қазақстан. 
Аннотация. 
Бұл ғылыми мақалада қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы мен
 
әкесі Құнанбай Өскенбайұлының арасындағы әке мен бала қарым-қатынасы 
психоаналитикалық негізде қарастырылған. «Абай жолы» романындағы екі тұлғаның 
образдарынан мысал келтіре отырып, әке-бала қарым-қатынасындағы өзгешеліктер 
суреттеледі. 
Тірек сөздер. 
Әке,
 
бала,
 
Абай,
 
Құнанбай,
 
Құран,
 
Жақып пен Жүсіп,
 
Османлы,
 
Бәдиүззаман. 
Abstract. 
In this scientific article, the relationship between the great poet of the Kazakh 
people
 
Abay Kunanbayuly and his father Kunanbay Uskenbayuly is considered on a 
psychoanalytic basis. Taking an example from the images of two personalities in the novel" The 
way of Abai", the differences in father-child relations are described. 
Key words. 
Fathet, Son, Abay, Kunanbay, Kuran, Yakub and Yusuf. Ottoman,
 
Bediuzzaman. 
«Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп те бере алмайды», – дейді чех ойшылы Ян Амос 
Коменский. Шындығында да, ошақтай орны бар отбасы үшін әке тәрбиесінің жөні бөлек. 
Өйткені, тыста жүріп тіршілігіміздің қамын ойлайтын – әке, шытулы қабағымен шектеуді 
үйреткен – әке, қатқыл үннің астарлы қамқорлығын көрсетін де – әке. Отбасының кез 
келген мүшесі әке шапағатын, әке мейрімі мен тәрбиесін қажет етеді. Әсіресе, әке мен 
бала арасындағы жіпсіз байланысты көзге ілмеу мүмкін емес. 
Әр бала ес білген сәттен бастап, алдымен әкені үлгі тұтып, оған еліктеп, ер жеткенде 
әкесіне ұқсауды арман етеді. Тіпті әкенің қатулы қабағына қарамастан, әке салған жолмен 
жүру оның мақсатына айналады. Қазақ шаңырағының қайсын алға тартсақ та, әке анаға 
қарағанда балаға суықтау болады. Онысы да жөн. Себебі жасқанар жан болмаса бала өз 
бетімен кетуі де мүмкін. Орынсыз орағытқан баланың әке айбатын сезген кезден-ақ өз 
орнын біліп, бар еркелікті жиыстырып, тартыншақтауын кез келген қазақ үйінен көруге 
болады. Осы тұста «балаңды аясаң, аяма!» – деген халық даналығы еске түседі. Бұл әке 
салқындығы баланы шыңдайды деген ойдан шықса керек. «Әкелі бала – жау жүрек, әкесіз 
бала – су жүрек», – деп XVII ғасырдағы қазақ ойшылы Бұқар жырау айтқандай, әкесі бар 
бала артында асқар тауы бар болғандықтан, еш кімнен қымсынбай жұрт алдында сөз 
бастай алады. Қиыс басса, пана болар тірегі жоқ бала топ жарып, жүрек түкпіріндегі ойын 
ортаға салып, өзін толық бақыт иесі ретінде сезіне алмайды. 
Әрбір адам – өзіндік әлемі бар жеке индивид екені мәлім. Кейінгі дәуірлердегі 
психологиялық зерттеулерде әке мен бала арасындағы қарым-қатынастың әртүрлі қыры мен 
жекелеген қоғамдарға қарай өзіндік ерекшеліктері қарастырыла бастады. Психологтардың 
айтуы бойынша, әке баламен не дос болады, не қарсылас болады. «Өз қаны емес пе? Баламен 
қалайша бәсекелестік қарым-қатынас қалыптастыруға болады?» – деген секілді сұрақтардың 
айналасында ой қозғасақ. Бұл жағдайды психологтар әкенің балаға деген қарсылығы бала ана 
жатырында болғаннан басталады деп топшылайды. Баланың анасы бұрындары тек баланың 
әкесіне ғана көңіл бөлетін. Енді ол іштегі сәбиін көбірек ойлап, қамқорлық истинкті арқылы 
баланы көбірек ойлай бастайды. Бір жақтан ойлап қарасаңыз, бала тіпті әкенің құмарлық 
сезіміне де «тосқауыл» болады екен. Онымен қатар, жүктілік мерзімінде әйелдің оқшаулануы, 
көңіл-күйінің күрт өзгеру симптомдары (стресс тағы басқа психологиялық өзгешеліктер) 
байқала бастайтыны медициналық сараптамалар арқылы мәлім құбылыс. Мұның барлығы да, 
бұрын тек өздері үшін өмір сүрген әке мен ананың, енді балаға да өз өмірлерінен, 
сезімдерінен «орын» бөліп беру 
31 


«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция 
кезеңіне бейімделуді талап етеді. Психологиялық зерттеулерге сүйенсек, бұл процесс – 
әкенің ішкі сезімдерінде «жарақат» (травма) қалдырады екен. 
XIX ғасырдың соңында әлемдік ғылым кеңістігінде өзіндік теория қалыптастырған 
австриялық ғалым Зигмунд Фрейдтің психоанализі арқылы қарастырар болсақ, жоғарыда 
айтылған мәселені негізсіз деп айта алмаймыз. Өйткені, адамның психикасын үшке бөлген 
ғалым, «Саналы» (сознательное) өмірдегі шектеулер «Бейсаналы» (безсознательное) 
сезімдердің қанағаттануына кедергі болғанда, ол сезімдер «Ішкі таным» (предсознательное) 
арқылы көрініс береді дейді. Біздің ойымызша,, әкенің ішкі сезімдеріндегі балаға деген 
жасырын «бәсекелестікті» осы теория арқылы түсіндіруге болады [1, б.183]. Онымен қатар, 
Мағжан Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» атты прозалық шығармасында суреттелетін 
Шолпанның ішкі ойлары – сол уақытқа дейін қазақ менталитетінде кездеспейтін құбылыс деп 
бағаланғандықтан, Шолпан – өзгеше «бунтарь» кейіпкер ретінде қарастырылды. Ол ой қандай 
еді? Шолпан күйеуі мен өзінің арасындағы ыстық махаббатқа бала кедергі болады деп 
ойлағандықтан, Құдайдан жүкті болмауды, жатырына бала бітірмеуін сұрайды! Тіпті, мейірім 
қаһарманы саналатын ананың психологиясында осындай құбылыс мүмкін деп қарастырылса, 
жалпы әке мен бала туралы ассосиацияда «әке мен бала – қарсылас» деген түсініктің аясында, 
әкенің психологиясында ондай құбылыстың болуы мүмкін ба деген сұрақтың өзі артық деп 
ойлаймыз. 
Әке мен бала арасындағы бәсекелестікті тудыратын факторлар көп. Бала ер жеткен сайын 
өзіндік ойлары, өмірге деген өзіндік көзқарастары қалыптаса бастайды. Тіпті, кей 
мәселелерде әкеден оза шауып, ұтқыр шешімдер қабылдай бастайды. Бұл тұста да, 
жаратылысында ұлының өзінің жолымен жүруді қалайтын әкенің ішкі қарсылығы күшейе 
түседі. Біздің ойымызша, әке мен бала арасындағы бәсекелестікті тудыратын барлық 
себептерді жинақтай келе негізгі екі мәселені атауға болады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет