«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция
жақындастыра түседі [1, б.25]. Тіл үйрену арқылы адам жаңа бір әлемнің,
әлемдік
өркениеттің есігін ашып, сол ортамен таныса бастайды. Бірінші кезекте адамның
ақпараттық, мәдени және экономикалық кеңістігі кеңейіп, таным-түйсігі арта түседі.
Ақын Абайдың келешек ұрпағына қалдырып кеткен өсиет сөздері бүгінгі күнде өз
құндылығын жоймай, керісінше одан әрі өзекті болып отыр.
Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа қарқынды енуі — инновациялық-индустриалдық
экономика, қоғамның ақпаратануы, білім кеңістігінің сәйкестілігі
және халықаралық
стандарттың енгізілуі адамның санасын және мінез-құлқын түбірінен өзгертеді, адам
баласы осылардың көмегі арқылы өзін қоршаған ортаны өзгертеді және өзі де өзгереді.
Мұндай жағдайда уақыттың қажеттіліктері мен шындықтарына жауап беретін шет
тілдерін оқытудың жаңа тәсілдері қажеттілігі ерекше өзекті болып отыр. Негізгі назар
коммуникацияны дамытуға, оқушылардың
қарым-қатынас жасау қабілетіне, қарым-
қатынас процесінде тілді меңгеруге аударылады [2, б.20]
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың "Қазақстанның Үшінші
жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Қазақстан халқына Жолдауында: "біздің
міндетіміз — білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына
айналдыру. Оқу бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және ақпаратты өз бетінше іздеу
дағдыларын дамытуға бағыттау қажет ... Қазақ тілі өзінің басым позициясын сақтап
қалады. Оның одан әрі дамуына көп көңіл бөлінеді. Сонымен бірге, бүгінде ағылшын тілі
жаңа технологиялар,
жаңа өндірістер, жаңа экономика тілі болып табылады... ағылшын
тілін меңгермей, Қазақстан жалпыұлттық прогреске жете алмайды"
Достарыңызбен бөлісу: