Абай қҰнанбаевтың Әлемі мен шығармашылығына жастардың КӨЗҚарасы


ДУЛАТ ПЕН АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ҮНДЕСТІК



Pdf көрінісі
бет72/84
Дата02.12.2023
өлшемі1,97 Mb.
#132414
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   84
ДУЛАТ ПЕН АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ҮНДЕСТІК 
Усенова Балнур Еркинқызы 
ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ-ГУМАНИТАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ, 
ТАРАЗ ҚАЛАСЫ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 
auditor.59@mail.ru 
Ғылыми жетекші: Пертаева Эльмира Құлибайқызы- ф. ғ.к., доцент. 
АҢДАТПА. 
Мақалада Дулат пен Абай өлеңдеріндегі үндестігі тақырыптық,
 
идеялық,
 
мазмұндық тұрғыдан талданып, Дулат пен Абай өлеңдеріндегі дәстүр жалғастығы 
нақтылы мысалдармен дәлелденген. ХІХ ғасырдың ірі тұлғалары Дулат пен Абайдың 
қазақ әдебиеттану ғылымында алатын орны көрсетілген. 
Кілтті сөздер: 
әдеби сарын,
дәстүр жалғастығы,
 
зар заман. 
АННОТАЦИЯ. 
В данной статье рассматриваются гармонии в творчестве Дулата и
 
Абая, проанализированы с точки зрения тематики, идеи и содержания. Преемственность 
Дулата и Абая доказано в конкретных примерах их творчества. Значительную роль 
играют имена Дулата и Абая в казахском литературоведении XIX века. 
Ключевые слова: 
литературное направление,
 
гармония,
 
скорбная поэзия. 
ABSTRACT. 
This article considers the harmony in the works of Dulat and Abay , analyzes
 
in terms of themes, ideas and content. The continuity of Dulat and Abay proven in specific 
examples of their creativity. A significant role is played by the names Dulat and Abay in the 
Kazakh literature of the XIX century. 
Key words: 
literary movement, harmony, mournful poetry. 
119 


«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция 
Кемеңгер Абай өзіне дәуір артқан, тарих жүктеген міндетін ұлан-ғайыр кеңдігін де, мән-
маңызын да мейлінше терең ұққан. Абайдың өмір сүрген ортасы, ақындық айналасы, батыс 
пен шығыс әдебиетінің ойшылдарына қатысты мәселелердің көпшілігінің басы ашылып, 
дәлелденіп жатыр. Біз Абайды шығыстың, әсіресе, орыстың классикалық әдебиетінің 
творчестволық тәжірибесі мен реалистік принциптерінен тағылым ала отырып, бүкіл әлемдік 
поэзияның деңгейіне көтерілді. Сөйтіп ол туған халқының мәдени тарихында тұтас дәуір 
құрады деп келдік. Ақынның алдында кімдер тұр деген сұраққа жауапты алыстан іздедік. 
Олар батыстың Гете Байрон, Пушкин, Лермонтовтары мен шығыстың Фердоуси, Науаи, 
Шамси және тағы басқалары. Әлем әдебиеті классиктерінің қатарындағы ақынның батыс пен 
шығыс әдебиетін жете меңгеруі логикалық заңдылық. Ал оған топырағынан әсер еткен 
ақындар болмады деу үлкен қате пікір. Абайға ең бірінші әсер еткен жыраулар поэзиясы. Ал 
жыраулықтан ақындыққа өткен дәуірден мысалға алатын болсақ, өзінен бір буын бұрын өмір 
сүрген Дулат, Шортанбай, Мұраттардың отты жырлары. Әсіресе, Дулат Бабатайұлының 
айшықты жырлары деп айтуымызға болады. Себебі, Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-
эпопеясының алғашқы нұсқасы «Абай жолы» романында Дулат деп беріп, оны Абайға 
ақылшы аға ретінде әдемі суреттеген. Оны көркем шығарма дейін десек, М.Әуезов өз сөзінде: 
«Абай өмірі мен «Абай» романының айырмашылығы жоқ. Романдағы адам, жер, су, уақиға 
бәрі дәлме-дәл. Сөйтіп, роман шын тарихшыға қосымша. Шын тарих 
– тарихи романға қосымша беріп отырады» [1, б.14]. Бұның өзі біздің сүйенген 
негізіміздің бір дәлелі. Дулат пен Абай жайлы сөз қозғағанда, біздін келіп тірелетін 
жеріміз Абайдың «Біреудің кісісі өлсе, қаралы–ол» деген өлеңіндегі: 
Шортанбай, Дулат пенен Бұқар жырау, Өлеңі 
бірі – жамау, бірі – құрау. Әттең, дүние-ай, сөз 
таныр кісі болса, Кемшілігі әр жерде-ақ көрініп 
тұр-ау! – [2, б.66] 
деген тіркестер. Осыны негізге алған кейбір ғалымдар Дулатты Абайға маңайлатқысы 
келмейді. Бұл сауалға сыншы Т.Шапай былай деп жауап береді: «Абай – Шортанбай, 
Дулат пенен Бұқар жырауды бекерге ауызға алмайды. Бұлар – сарай ақындары емес. Абай 
жек көретін, ел ақтап өлең айтқан, сөз қадірін кетірген қатардағы өлеңшілер емес. Бұлар 
күмәніңіз болмасын 

Абай үшін, өзінің алдында өткен қазақ ақындарының ішіндегі ең 
қадірлі есімдер. Бұқар, Дулат, Шортанбайды – «мансұқтау» – таза эстетикалық тұрғыдағы 
«терістеу». Бұл айталық, Шортанбай, Дулат шығармаларының әлеуметтік сипаттарын, 
өзіндік шындығы мен әсемдігін жоққа шығару емес. Жаңа поэтиканың туғанын жариялау. 
Осы фактіні жұрт санасына сіңіру үшін нақ солардың беделдері қажет болды деп түсіну 
керек» [3, б.153]. 
Әрине, Абай – сыншы. Ол тек жекелеген ақындарды ғана емес, бүкіл қоғамды сынайды. 
Қазақ әдебиетіне жаңаша жол салып, рухани төңкеріс жасаған Абай өзінің алдындағы 
ақындарға былай сын айтуы заңдылық. Осы арада басын ашып айта кетер бір мәселе, Абай 
өзінен бұрын өмір сүрген ірі ақындардың өлеңдерінің «бірі – жамау, бірі – құрау» дегенде, 
осы күнгі кейбір зерттеушілер айтып жүргеніндей оларды жоққа шығарудан аулақ. Бұл бар 
болғаны кімге болсын, неге болсын сын көзімен қарайтын, өлеңді «сөз патшасы» деп түсінген 
Абайдың, сол патша сөздің мәртебесі төмендемей, бөгде сөзбен арасы былғанбай, саф 
тазалығын сақтауын қалаған қатал сыншылдықтан туған талғампаздық талабы, әр өлеңнің 
«тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, жұп-жұмыр тегіс келсін айналасы» деген ақындық тілегі. 
Абай бұл ақындардың қай-қайсысын да жоғары бағалаған, солардан үйренген. Салыстырып 
көріңіз, сөз сенімділігі үшін мысал келтірелік: 
Дулат ақынның: 
Мөңіреп жұртқа ой қайтты, 
Бұзауы өлген сиырдай [4, б.105] 
немесе Саудагер сарттай 
қайтты өмір, 
120 


«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция 
Құмар ойнап ұтылған [4, б.105] 
сияқты образға толы тіркестерін Абайдың: 
Адасқан күшік секілді, 
Ұлып жұртқа қайтқан ой [2, б.72] 
деген өлең жолдарынан ажырата алмаймыз. Абай Дулат тапқан ойдың жалғаушысы, 
дамытушысы іспетті. Дулаттан бір бұл ғана емес, осы тәріздес бірнеше ой алып, оны өз 
шығармасьнда өзгеше өң беріп, құлпырта пайдаланып жатса, Абай ондай ақынды қайтіп 
жоққа шығармақ. 
Дулат: 
Жыршының аты жыршы ма, 
Әркімнен өлең жаттаса. 
Сөз – жібек жіп, жыр – кесте, 
Айшығы айқын көрінбес, 
Өрнексіз қылып баптаса ...[4, б.72] 
десе, Абай: 
Өлең –сөздің патшасы, сөз сарасы, 
Қиыннан қиыстырар ер данасы. 
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, 
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы – [2, б.63] 
деген талап қояды. Бірақ «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиген» сөз патшасын қалың 
жұртшылық түгел қабылдап жатыр ма? Абайдың: 
Айтушы мен тыңдаушы көбі надан, 
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы [2, б.63] 
деп зар илегені және белгілі. 
Кім жалғыз, бұл жалғанда 

есті жалғыз, 
Мұңдасар болмаған соң бір сыңары. 
Жалтаңдап жалғыз Абай өткен жоқ па ? 
Қазақтан табылды ма соның нары ? 
Өлеңімен жұбатты өзін-өзі, 
Еңбегі еш, іші беріш, жүзі сары. 
Сөзін ұғып, ақылын алмаған соң, 
Патша қойса, не керек қазақ шары 

[5, б.130] 
деп Шәкәрім айтқандай, ұлы Абай «сөзімді айналама жеткізе алмадым, ұғып тындар 
адам аз» деп күңіренсе, осы ойды Дулаттан да көреміз. Ол бірде: 
Бәрі тегін, жер тезек, 
Қайсысын таңдап алайын, 
Асыл сөзден бұл кетті... [4, б.106] 
дей келіп, сол асыл сөзді айтатын да, тындайтын да кісі жоқ ылғи «қылығың, қылжақ 
туысқан, қырт пен мылжың ағайын десе, тағы бірде: 
Ел құлағы саңырау, 
Кімге айтамын сөзімді... 
Бәрін айт та, бірін айт, 
Ұғынар мұны ел қайда? 

[4, б.109] 
деп заман жайын толғап, ел билеген ұлықтар мен қадірі асқан жақсыларды сынап, 
«қармайтұғын талы қалмай, тереңге сүңгіген елі» туралы «түнде ұйқы бермеген көзінен 
төккен арманын айтады. Бұл Дулат пен Абайдың ортақ зары, заманы, ортасы тудырған 
шындық үні. 
Сонымен қатар Дулат пен Абайдың бір-бірімен ұштаса, ұласып жатқан көзқарастары – 
Дулаттың «Май, май дейсің, май дейсің», «Қымыз құмар, сор құмар», Абайдың «Аш қарын 
жұбана ма майлы ас жемей», «Осы қымыз қазаққа» атты өлеңдерінде өрнектелген. Екі 
ақынның да шүйлігетіні 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет