Абай қҰнанбаевтың Әлемі мен шығармашылығына жастардың КӨЗҚарасы



Pdf көрінісі
бет47/84
Дата02.12.2023
өлшемі1,97 Mb.
#132414
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   84
Байланысты:
thesis180613

 
көзқарастары,
 
мерейтой. 
Аннотация 
В
этом году во всем мире отмечают 175-летие Абая Кунанбаевича. Основное 
содержание статьи - показать, что Абай Кунанбайулы - человек, который никогда не 
потеряет своей значимости для своего народа. В статье рассматриваются следующие 
вопросы: произведения Абая Кунанбаева, стихи, слова назидания , религиозная 
грамотность, отношение к ней, содержание и просветительская ценность перевода. 
Раскрыта сущность философии и взглядов Абая, проанализированы его произведения. 
Ключевые слова
:
 
Абай,
 
переводческие работы,
 
творчество,
 
слова назидания,
 
взгляды,
 
юбилей. 
Abstract 
This year all over the world celebrate the 175th anniversary of Abai Kunanbayuly. The 
main content of the article is to show that Abai Kunanbayuly is a person who will never lose his 
significance for his people. This article addresses the following issues: the works of Abai 
Kunanbayuly, poems, words of edification, religious literacy, attitude towards it, the content and 
educational value of the translation. The essence of Abai's philosophy and views is revealed, his 
works are analyzed. 
Key words: 
Abai, translation work, creativity, edification words, views, anniversary. 
Абай Құнанбайұлы әлем халықтарының арасында үлкен мәртебеге ие болып, әрбір 
қазақтың санасында идеал ретінде қалыптасқан ұлы тұлға. «Жақсының аты өлмейді, 
ғалымның хаты өлмейді [1]» демекші, Абай атамыздың бірегей ойы оның 
шығармашылығы арқылы көрініс табады. Міне, биыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдық 
мерейтойын тойлап жатырмыз. Бір жарым ғасырда әлемде көптеген тарихи әрі ғылыми 
өзгерістер болды, алайда оның халыққа қалдырған өнегелі өсиеттері қазіргі жаңа заманда 
да өз өзектілігі мен қадірін жоя қоймады. Оның себебін Абайдың шығармашылығымен 
таныс әрбір адам білетін шығар. Себебі оның өлеңдерін алсаң да, қара сөздерін алсаң да, 
барлық шығармашаларынан оның халқына деген жанашырлығы мен уайымын тікелей 
байқауға болады. Заманның үлкенді-кішілі мәселелерін шешіп, ел басқарудағы 
тыңғылықтардан арылып, халықтың рухани дамуына үлесін қоса отырып, сол уақыттағы 
надандықтың тар қақпасынан алып шығатын сәулелі жолды іздеуге өзінің бар өмірін сарп 
қылған Абайдың өмірлік миссиясы осы болса керек. 
Абайды өз көзімізбен көрмесек те, жақсы көреміз, идеал тұтамыз. Оның адами 
өнелегелік қасиеттері жайлы ауыз толтырып айтамыз. Бұл әлемде ұлы ақынды өз көзімен 
көрген әрбір жанның арманы жоқ-ау сірә?! Ал біз Абайдың бейнесін қалай елестетеіміз? Біз 
тек оның сөздерінен оның тұлғалық қасиеттерін көз алдымызға келтіре аламыз. Оның 
шығармаларының бүгінгі күнге дейін жеткенінің өзі біз үшін қаншалықты құнды. Абайдың 
өлең-сөздерін оқып отырғанда Абайды дәл алдыңда сенімен сөйлесіп отырғандай сезінесің. 
77 


«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция 
Бұның өзі оның шығармашылығының рухани құндылығының дәлелі. Ал жастайынан ел 
арасында туған кез келген даулы мәселелерді шешуде барынша әділетті шешімдер 
қабылдап, халқының басына түскен қиындықтарын шешуде жан аямағаны - оның 
заманынан кемел интеллектісінің айқын көрінісі. Бірақ оның барлығы Абайға туа біткен 
дарын деп қабылдағанымыз дұрыс бола ма? Әр ғасырда бір данышпан дүниеге келеді 
деген рас болса, онда Абайдың жай ғана миллионның ішінде бағы жанған болғаны ғой. 
Әйтсе де дарын адамға жайдан жай беріледі деу ағат айтқанымыз болар еді. Абайдың 
бойына дарыған ақылы мен мінез-құлқы - оның ізденіс жолымен өз эгосын басқару 
арқылы қол жеткізген нәтижесі. Әйтпесе ойын баласының ел ісіне араласпай, әрі ғылым 
қумай, басқаларымен бірге «ұйқыда» оянбай жүрсе керек еді. Бірақ Абай өз жасына сай 
емес істермен айналысып, өз заманындағы үлкен мәселелермен жекпе жекке шықты. Оны 
үлгі алатын тұлға ретінде қабылдауымыздың бір себебі осы. 
Біз ұлтты сүюді Абайдан үйренуіміз керек. Он үш жасынан ел ісіне араласқан Абай 
әділетті қоғам құруды армандады. Билер әулетінен шықса да, оның жүрегі халқының 
жұрегімен қатар соғып түрды. Өз қара сөздерінде халқының надандығын қатты сынаса да, 
оның бар мақсаты – өз елін заман төріне шығару еді. Елдегі әлеуметтік теңсіздік, 
патриархарлық пен теріс әдет-құрып зардаптарын Абай өте жақсы түсінді және соларға 
қарсы күресуге бел буды. Қарамола съезінен кейін үш күнде қылмыстық істерге қарсы заң 
құжатын жазып, әкімшілік-құқықтық реформаларға белсене араласса да, тіпті болыс 
басшысы болып сайлауға түсіп, еліме әділ басшы боламын десе де, ел арасындағы қатігез 
шонжарлардың тарапынан қатты қарсылыққа ұшырайды [2]. Халқының пайдасы үшін 
қандай ерлік істерге барса да, заман кертартпалығы өз алдына дес бермеді. Ескі санамен 
тек өзі ғана күресе алмайтынын түсінген Абай ендігі интеллектуалды ел қалыптастыру 
идеясымен халықтың санасын оятамын деген мақсатпен шығармашылыққа бет бұрды. 
Қазіргі заманда да, ол заманда да өзекті саналатын Абайдың әлеуметтік, моральдық, 
қоғамдық тақырыптардағы даналық сөздерін өскелең ұрпақтың санасына сіңіру –халықтың 
қалыптасу жолының бірден-бір щарты. Абайдың «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, 
ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де – 
ақымақшылық [3.1. 18-қара сөз] », деген сөздерінен оның білімге, тануға ерекше көңіл бөлуін 
көре аламыз. Даму жолында білімді адамның жан азығы деп санайды. Бұл ұғым оның жетінші 
қара сөзінде кездеседі: «Сол өрістетіп, өрісімізді ұзартып, құмарланып жиған қазынамызды 
көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді». Дәл осы жердегі Абайдың бейнесін қалайша 
елестетіп көрмейміз? Жастайынан сауатын ашып, оқу қуып қана қоймай, сол алған білімін ел 
пайдасына жаратуды көздеді. Абайдың бұл қасиетін неге өзімізге де алмасқа? Отыз сегізінші 
қара сөзінде Әл-Фарабидің үлгісімен сала – салаға бөліп, ұстаздарға ғылыми негізін 
жоспарлы, жүйелі түрде бала түсінігіне ұғымды, қызықты етіп, білімді өмір талабымен 
ұштастыра білуге кеңес береді. Біз тіл үйренуші болашақ ұстаздар ретінде, қазіргі ел 
болашағы – “көкірегі сезімді, тілі орамды [4]” жастар ретінде, бойдағы бар білімімізді ел 
пайдасы үшін жұмсап, өзім ғана білейін демей, басқаларына да үйретіп, оны өмірлік азық 
қылуды өзіміздің басты міндетіміз ретінде санауымыз тиіс. Абай өз елінің қараңғылығы мен 
надандығын сынай тұра, безіп кеткен жоқ, біздің де басқа елде өмір жақсы екен деп безбей, 
жиған бар жан азығымызды халықтың санасына сіңіруіміз қажет. Сол ғана Қазақ елінің 
рухани бай болашағына кепілдік болады. Абай өз заманында қандай ағартушылық әрекет 
қылды? Өзі батыстың Гете, Спенсер, Спиноза, Дрепері тәрізді ғұламарының 
шығармашылықтарымен жақсы таныс болды, орыс әдебиеті мен қазақ әдебиетінің 
жақындасуына үлкен әсер еткен бірден бір тұлға. Лермонтов пен Пушкиннің еңбектерін қатар 
қойып, орыстың дана ақындарын өз халқының жанына рухани серік болсын деп, көптеген 
бірегей аударма жұмыстарымен айналысты. Оның аудару шеберлігіне қарап болашақ 
аудармашылар ретінде де қызыға қараймыз. Себебі ол өз аудармаларын халқының салт-
санасына жақын, түсінікті етіп, өлеңдердегі ұйқас пен түпнұсқадағы негізгі айтылған 
мазмүнды бұлжытпай сақтай отырып дәлме-дәл «қазақи» 
78 


«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция 
тілде жеткізе білді. Абайдың осындай ізденімпаз қасиетін өз бойымызға алайықшы. Ол 
жастық шағында ойын-күлкіні қоя тұрып, уақытының көп бөлігін кітап оқуға, 
шығармашылыққа арнады. Өмірдегі қойған мақсаттары мен армандары биік болды. 
Қазіргі тілмен айтқанда, әр күнін белсенді әрі пайдалы істермен өткізіп, болашаққа мықты 
іргетас құйды. 
Абайдың аударма жұмыстарымен қатар, өзінің жеке шығармашылығы жайлы қалай 
айтып кетпеске?!. Ал ондағы шығармалардың мазмұны қандай? Олар не себепті әлі күнге 
дейін өзекті? Абай шығармашылырында масылдықпен күрес, өмір және адам 
философиясы, ағартушылық, табиғат лирикасы тәрізді көптеген тақырыптарды негізге 
алады. Оның қайсыбірін алсаң да, барлығы адам жаны үшін рухани азық: оқып отырған 
жанды әр қырлы мақсатта үндейді, бағыт-бағдар береді. 
Әр заманда достық пен қастың қатар жүретінін, дос болғандай көрініп, қиянат 
жасайтындардың, адал дос емес, амал дос болатындардың көптігі жайлы ой қозғайды. 
«Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым, 
Етек басты көп көрдім елден бірақ [5]», - деп кейбір адамдардың мал үшін, атақ үшін 
жағымпазданып жүретіндігін, жалған достықтан, жаман қылықтан сақтандырады. 
Екіжүзді достардың бетіңе күліп, өзің жоқ жерде жамандайтын адамдарды қатты сынға 
алып, жора-жолдастарын жаман қылықтан сақтандырған. 
Абай атамыз еңбек жайында, баланы жастайынан еңбекке, білімге баулу туралы көп 
айтқан. Жас кезінен ғылымға қызығып, ілім іздеп, талпынып, оқыған баланың еңбекке де 
жақын болып, тек пайдалы іспен айналысуға баулыған. Біреудің ала жібін аттамай, өзінің 
білімімен, адамгершілігімен,әділдігімен еңбек етуге шақырған. 
«Өзің үшін еңбек қылсаң, 
Өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың, 
Адамшылдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, 
Алланың сүйген құлының бірі боласың [3:2. 37-қара сөз]», - деген өсиет сөздері бар. 
Ал ұрлықпен, алдаумен тапқан малдың жағымсыз екенін ұқтыру үшін: 
«Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас, 
Қардың суы сықылды тез суалар [6]» деген екен. Еңбек етуге талпыныс, төзімділік 
керектігін ескертті. Адал еңбекпен тапқан малдың ғана берекесі болатындығын, тек әділ 
жолмен, қажырлы еңбекпен істеген іс тауға өрлейтіндігін жеткізген. 
Абайдың көркемдік, дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Абайдың 
қара сөздері яғни ғақлиялары - ұлы ақынның сөз өнеріндегі публицистикалық стильде 
жазылған прозалық шығармасы. Тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан 
қырық бес қара сөздері бар.. Оның кейбір үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн 
жағынан ауқымды болып келеді. Қазақ халқының бойынан әрі күнделікті өмірінен 
табылған кемшіліктерді Абай атамыз жіпке тізгендей сынға алып жазады. «Кімде-кім 
ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім 
де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ [3.3. 1-қара сөз]",- деп, 
осындайдан жиреніңдер деп өсиет етеді. Одан басқа имандылыққа, ізденушілікке, 
еңбекқорлыққа, әділеттілік пен бауырмашылдыққа үгіттейді. 
Мысалға оның он бесінші қара сөзін алайық. Онда: «Егер есті кісілердің қатарында 
болғың келсе, күніне бір мәрте, болмаса жұмасына бір, ең болмаса айына бір, өзіңнен есеп 
ал [3.4]», - деп, қуат барда оны қайда жұмсадың, не ғылымға, не дүниеге қандай пайдаңды 
тигіздің, өкінбейтіндей өткіздің ба деп сұрақ қойып, дұрыс жолда, дұрыс бағытта келе 
жатқандығыңды саралау үшін өзіңе әрдайым есеп беру керектігін жеткізген. Абай өзінің 
қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, 
логикалық мәніне зер салған. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына 
ортақ асыл сөзге айналды. 
Абайдан еңбектерінен тағы оның діни көзқарасын саралауға болады. Терең діни 
сауаты бар адам ретінде ол адамгершілік мінез-құлқында кез-келген адамның діни таза 
79 


«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция 
көзқарасы болу қажеттілігін біледі және түсінеді. Дінді тануда ол ең алдымен 
жалпыадамзаттық, гуманистік мәселелердің шешімін қарастырады. Ол өзінің «Тасдиқ» 
деп аталатын 38-қарасөзінде өзінің діни көзқарастағы ойларын жеткізеді. Алланың өзі де 
рас, сөзі де рас [7] деп мойындайтын Абай, әйтсе де, діни фанатизмге қарсы. Аллаға деген 
сүйіспеншілік өзін-өзі жетілдіруді білдіреді, ақын адамгершілікті оның басты 
қағидаларының бірі деп санайды. Абай адамның бұл дүниеге жайдан-жай кездейсоқтық 
нәтижесінде ғана келмейтіндігін, белгілі бір қасиеттерге ие болып, ғылымды игеру үшін 
алдына мақсат қоюы керегі жайлы айтады. Бір сөзбен айтқанда, сіз өміріңізді тек өзіңізге 
ғана пайда көрумен өмір сүрмеуіңіз керек, өйткені сіз кемелді адам ретінде 
балаларыңызға, туыстарыңызға, достарыңызға осы жолда нұсқау беріп, сол арқылы бүкіл 
адамзатқа деген қамқорлықты көрсетсеңіз, сен нағыз мұсылман боласыз. 
Абай ақынның ойлаганы өз ұрпағының санасына тек қана жанның пайдалы 
азықтарын сіңдіру еді. Дүниеқоңыздыққа салынбай, білім іздеген дұрыс деп жеткізген. 
Абай бұл бағыттағы ойларын өзге сөзбен барлығымыз білетін "Ғылым таппай 
мақтанба" өлеңімен жеткізген. 
«Ғылым
таппай
мақтанба, 
Орын таппай баптанба. 
Құмарланып шаттанба, 
Ойнап босқа күлуге... [8]», - деген өлең шумақтарында ақын адамгершілікке, ғылым-
білім үйренуге шақырып, жаман нәрседен аулақ болып, тек жақсы қасиеттерді бойға 
жинаған дұрыс екенін білдірген. 
Байқанымыздай, Абайдың әрбір шығармасы – өз алдына бірегей туындылар. 
Олардың әрқайсысы психологиялық, философиялық сарында ой толғайды. Заманның кез 
келген мәселесіне Абай мән беріп, оның шешу жолдарын әлдеқашан ұсынып қойғандай... 
Абай – бір ғасырда бір туған ұлы дарын иесі. Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» 
роман-эпопеясын оқып отырып-ақ, оның бойындағы бір жамандық табылмайтын асыл 
қасиетіне, ішіндегі ерік-жігері мен ерекше ойлау қабілетіне қарап сөзсіз қызығып, тағлым 
аласың. Бір бойына барша адамзаттың жақсы қасиеттерін жинап алғандай... 
Абайдың 175 жылдық мерейтойының ел аумағында ғана емес, әлем бойынша атап 
өтілуі бекер емес. Жылдар бойы ұлы Абайдың рухына тағзым етуге халықаралық, 
облыстық және жергілікті маңызы бар шаралар өткізіліп келуде. Ғылыми және 
ағартушылық конференциялар, дөңгелек үстелдер, симпозиумдар, мектепте сыныптық 
сағаттар, поэтикалық және әдеби конкурстар ұйымдастырылып келеді. Олардың 
барлығына сан алуан ғылыми ізденушілер, әдебиетшілермен қатар қарапайым мектеп 
оқушыларына дейін белсенділікпен ат салысады. 
А
байдың адам және табиғат, білім мен 
дін, тіл пен мемлекет туралы айтқан даналықтары ғасырлар өтсе де, барша халық үшін 
маңызын жоғалтпайды. Себебі, Абай мұрасы – бүкіл адамзат баласының рухани азығы. 
Оның өмір жолы мен шығармашылығы тек қазақ халқына ғана емес, жаһан жұртына да 
үлгі-өнеге болып табылады. 
Қазіргі жаһандану дәуірінде де Абайды жастар мінсіз тұлға ретінде құрмет тұтады. 
Оның шығармаларын өскелең ұрпаққа сіңіре өсіріп, оның рухани бай мемлекетті 
қалыптастыру жолындағы іс-әрекеттерін аяқсыз қалдырмауымыз қажет. Абай - өз 
ғұмырын халқына пайда келтіру үшін сүрген халық жанашырының бірі, сондықтан оны 
оқудан, ақын өлеңін жаттаудан жалықпаған жөн. 
Әдебиеттер: 
1.
Бұқар жырау. Асқар таудың өлгені [Элект.ресурс] URL: https://bilim-
all.kz/olen/2803-Asqar-taudyn-olgeni 
2.
Бағалиев Б. Абай өмiрбаяны архив деректерiнде : Оқулық / Б. Бағалиев. - Алматы: 
Арыс, 2001. - 134 б 
80 


«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция 
3.
Шығармаларының екі томдық толық жинағы Құнанбаев, Абай (ИбраҺим) ; Қазақ 
ССР Ғылым академиясы ; М. О. Әуезов атын. әдебиет және өнер институты- Алматы : 
Ғылым, 1977 . 2-том. . Аудармалар мен қара сөздер 
4.
Құнанбаев А. Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін. URL: 
https://bilim-all.kz/olen/531-
Men-zhazbaimyn-olendi-ermek-ushin 
 
5.
Құнанбаев А. Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма? URL: 
https://m.wikisource.org/wiki/%D3%A8%D0%BB%D1%81%D0%B5%D0%BC,_%D0%BE% 
D1%80%D0%BD%D1%8B%D0%BC_%D2%9B%D0%B0%D1%80%D0%B0_%D0%B6%D0 
%B5%D1%80_%D1%81%D1%8B%D0%B7_%D0%B1%D0%BE%D0%BB%D0%BC%D0% 
B0%D0%B9_%D0%BC%D0%B0%3F 
 
6.
Құнанбаев А. Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей? URL: 
https://sites.google.com/site/abai1845/-le-der/as-karyn-z-bana-ma-majly-as-zemej 
7.
Құнанбаев А. Алланың өзі де рас, сөзі де рас. URL: 
https://abai.kz/post/7320
 
8.
Мұқанов С. Таңдамалы шығармалар. Он алты томдық. Он бесінші том. Халық 
мұрасы. Әдеби портреттер. – Алматы: Жазушы. 1979. Ғылым таппай мақтанба. 
9.
Ахметов З. Абай и Лермонтов: Эссе / З. Ахметов. - Алматы: Арда, 2008.- 160 с. 
10.
Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 
«Атамұра» баспасы 
11.
Әуезов М. Абай жолы: Роман-эпопея / М. Әуезов. - Алматы: Жазушы. – 2004 2-кітап. 
-
432 б. 
12.
Тажибаев Т. Т. Философские, психологические, педагогические взгляды Абая 
Кунанбаева. - А., 1957. Психологические и педагогические взгляды – 216-248 б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет