бейне, тең, секілді сөздер арқылы жасалады (Қайғың болар шермен тең, Қара көңілім жермен тең (Абай).
Қазақ әдебиетіндегі «сарын» деген сөзге жақын: Мотив.
Мотив әдеби термин ретінде 20-жылдардан бері зерттеле бастады: А.Веселовский, В.В.Пропп еңбектерінде.
Эпопея мен авантюралық романдардағы сарындар: Саяхатқа шығу, кеменің күйреуі, көреген қарға, өліктің тірілуі.
Кейіпкердің мінез бітімі, көркем образдың өзегі, негізгі арқауы: Мінездеу.
Мінездеу түрлері: Тура және жанама.
Автор мінездемесі: Тура мінездеу (сараң – Қарабай, аңқай – Мырқымбай, өтірікші – Судырахмет). Кейіпкерге қатысты құбылыстар мен заттарды суреттеу арқылы қаһарман бейнесін ашып көрсету: Жанама мінездеу.
Белгілі бір өлшеммен, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін поэзиялық жанр түрі: Өлең.
Өлеңнің құрылымдық жүйесі: Тармақ, бунақ.
Өлеңнің ырғағын құрайды: Бунақ.
Тармақтардың соңғы сөздері үндесіп келіп, өлең ұйқасына әсер етеді, олардың барлығы жеке жүйе құрап...аталады: Өлең шумағы.
Белгілі бір мекеннің, жердің, табиғаттың көрінісі: Пейзаж.
Әдеби шығармаларда жаратылыстың, яғни, табиғаттың әсем көрінісі, көркемдік бейнесі: Пейзаж. Пейзаж сөзі француз тілінен аударғанда беретін мағынасы: Мекен, өлке.
Француздың «бейнеленген» деген сөзінен алынған, өмірдегі немесе өмірде болған бір адамды немесе адамдар тобын бейнелеу, суреттеп жазу: Портрет. Әдеби кейіпкердің сырт көрінісін, кескін кейпін, бой тұлғасын суреттеу: Портрет. Портреттің негізгі белгісі: Нақты адамның түр-сипатын бейнелеу. Орта көлемді эпикалық түрге жататын, өмірде болған, не болуға тиіс күрделі құбылыстар мен келелі оқиғаларды, алуан алуан адамдар тағдыры мен заман шындығын көлемді, желілі, эпикалық не лирикалық сипаттағы өлеңмен суреттейтін жанр: Поэма. Поэмалар бөлінеді: Екіге(сюжетті, сюжетсіз). Поэма образдарын бөлуге болады: