Монолог.
Монологтың ерекшелігі:Бір адамның ойы, сөзі көрініс табуында.
Ауыз әдебиетіне жататын жанр: Дастан.
Дастан ... арасында кең тараған: Орта Азия, Таяу Шығыс халқы мен қазақ халқы.
Қазақ дастандарын тақырыптарына қарай қалай бөлуге болады?: Тарихи жырлар, батырлар жыры, лиро-эпостық жырлар, қиссалар.
Жанр ... болып үш топқа бөлінеді: Эпос, лирика, драма.
Сөздерді қарама-қарсы мағынада, кекесін мағынасында қолдану: Ирония.
Шығарма кейіпкерлерінің мінез-құлықтарын жан-жақты көрсету үшін астарында зілді кекесін жататын мақтау, мадақтау сөздерді қолданған шығармалар бар. Бұл – әдебиеттегі ... тәсілі болып табылады: Ирония тәсілі.
Көркем шығармада суреттелетін адам, әдеби образ: Кейіпкер. Көркем шығармада жан-жақты толық суреттелетін негізгі тұлға: Басты кейіпкер.
Кең көлемді эпикалық жанрға жатады: Роман, эпопея.
Ойдан өрбіте баяндалған тарихи дәуір ұғымын береді: Роман.
Көлемі үлкен, мазмұны қат-қабат, сюжеті мен композициясы өте күрделі кең көлемді эпикалық жанр: Роман.
Романның түрлері: тарихи роман, авантюралық роман, ғажайып оқиғалы роман, детективті роман, психологиялық роман, тұрмыстық роман, педогогикалық роман, сатиралық роман.
Белгілі бір тарихи оқиғаға байланысты туған шығарма: Тарихи роман. Оқиғаның дәлдігі сақтала бермейді, әр кезеңнің тарихи-әлеуметтік, қоғамдық-саяси бет-бедері көркемдік тұрғыдан қорытылып бейнеленеді: Тарихи романда.
Тарихи роман кейіпкерлері: өмірде болған адамдар. Күрделі, ірі оқиғаларды ұлттық-тарихи тұрғыдан суреттейтін, өмірді, оның әр алуан құбылыстарын, адамдар арасындағы қарым-қатынастарды кең қамтып, терең бейнелейтін роман – Роман-эпопея.
Кейіпкерлері қауіп-қатерлі аса қорқынышты халдерді басынан өткізеді және ол қиыншылықты жеңіп шығады: Авантюралық роман.
Оқиғасы тез дамып, қиыннан шарықтап, оқиғасы барған сайын шиеленісе беретін роман түрі: